Материалдар / 11 сынып тәрбие сағаты ҚМЖ қыркүйек

11 сынып тәрбие сағаты ҚМЖ қыркүйек

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тәрбие дегеніміз не? Отбасындағы менің міндеттерім
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

БЕКІТЕМІН:


Тәрбие сағаты жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Тәрбие сағаты

Күні


Сабақтың тақырыбы:

Отбасындағы менің міндеттерім

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары:

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орынын және жанұядағы әкенің рөлінің маңызды екендігін көрсете отырып, мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.

Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.


Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Рессурсы

5мин








8 мин













12 мин










13 мин














Аяғы 7 мин







І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.

ІІ. Мұғалім сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады. Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.

. Отбасы деген не? 2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді? 3. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуіне кім жауапты?

5.Туыстық атауларды атаңдар? олардың атқтаратын қызметі қандай 4. Әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді

5.Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады ?

6. Өзің шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата- анаңмен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласың ба


Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды. Әр оқушы ОТбасына ашық хат жазады Ортаға шығып, өз отбасы туралы постер қорғайды.


V. Қорытындылау

Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Сәлемдесу




Жақсы көңіл күйде сабақты бастайды.




Белсенділік пен ұқыптылық сақталады;













Балалар мақалды бастайды, келесі оқушы мақалды аяқтау керек Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар). Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без). Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер). Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар). Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).





Оқушылар өз ойларын ортаға салады;

Отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтеді;





















Слайд, көрнекілер, оқушы рухын көтеретін нақыл сөздер








Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап













БЕКІТЕМІН:

Тәрбие сағаты жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:


Күні


Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық тәрбие дегеніміз не?

Мақсаты:

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.



Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Рессурсы

5мин




8 мин

















12 мин









13 мин























7мин

Сәлемдесу (жазғы демалыстары туралы бөлісу)

Психологиялық жағымды әсер қалыптастыру (5 мин)

Сергіту

( есімнің бас әріпі бойынша сын есім сөз айту)

«Халық пен халықты, адам мен адамда теңестіретін нәрсе – білім»- дейді ұлы жазушы М.Әуезов.
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .

  Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

        Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. 

 Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.

 Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын

 Ұлттық тәрбие:

1.      «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2.      «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.     «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.

       1. Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мысалы: Данагөй сөзі

Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие туралы сұрайды. Сол кезде қария:

-         Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар,-дейді.

Адамдар:

-         Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек,-деп шулайды.

-         Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы,-деген халыққа данагөй қария:

-         Қолдарыңнан келмейді, оны жоюға ешбіреулеріңнің арларың жібермейді,- дегенде:

-         Сонда кімдер?

-         Ол әрбіріңнің үйіңдегі теледидар,- деген екен

Мектептегі ұлттық тәрбиеге: «Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті», «Абай шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселелері»,«Өз халқыңның қадір-қасиетін ұқ»,  «Қазақ өнеріндегі ұлттық тәрбие»,  «Ұлт патриоты болайық» , «Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері», «Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәрбие және дін мәселесі» т.б қарастырылып келеді.

2.  Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.    

 Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.   Мысалы:

Жеті қазына                Жеті ата                            Жеті жұт

Ер жігіт                        1. Бала                          1. Құрғақшылық

Сұлу әйел                2. Әке                           2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім             3.Ата                            3.Өрт

Жүйрік ат               4.Арғы ата                   4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт         5. Баба                          5. Соғыс

Берен мылтық       6. Түп ата                     6. Топан су

Жүйрік тазы (ит  7. Тек ата                     7. Зілзала (жер сілкіну)

  Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді.  «Ұлттық тәрбие» пәнінің тиімділігі мен мазмұнын арттырудың ғылыми негізі толық қаланып, бүгінде ол жаңа тәжірибелермен байытылуда. 

 Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.

  Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.



Сәлемдесу

Жақсы көңіл күйде сабақты бастайды.



  • Тыңдалым






Сабаққа белсенді қатысады








.


















қанатты сөздер, қолөнер бұйымдары, слайд, шарлар.





Слайд, көрнекілер, оқушы рухын көтеретін нақыл сөздер. Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап









































Видеоролик


13 Тамыз 2024
201
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі