Материалдар / 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы мақалада 12 жылдық білім беру жүйесіне қатысты біршама мәселелер айтылып кеткен. таптырмас материалдардың бірі деп ойлаймыз. Студенттер мен мұғалімдерге қажетті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дамудың жаңа кезеңдерін бастан кешуде. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде әдістемелік қызметті қайта қалыптастырып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі. Әдістемелік қызметтің мазмұнын үнемі жандандырып отыру білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнынан да анық аңғарылады. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екені де белгілі. Ал бұл тілді оқытудың алғашқы кезеңдерін негіздеу арқылы жүзеге асатыны да анық.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында көрсетілгендей, 12 жылдық мектепте окытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:

- жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;

- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;

- ашықтығы;

- интерактивтігі [2].

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы (үйрену) мен мүғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.

    Мұғалім кызметінің мақсаты (окыту):

- білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых) максаттарын ескере отырып, оқу процесінің накты мақсаттарын жобалау;

- оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;

- оқу материалдарын даярлау және оку мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;

- оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда акпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;

- оқушының оку материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;

- окушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жакын зонасына жетуі);

- құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта кұру;

- оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;

- ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уакытында түзету;

    Оқушы қызметінің мақсаты (үйрену):

- жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, карқыны);

- әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оку мен әлеуметтік кұзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

- оқу жағдайларын шешуге немесе кұзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;

- жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, интернет желісі және т.б.) берілген мүмкіндікті қолдану.

 Сабақты конструкциялауда кезек оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын модельдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.

12 жылдық мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық көрсетіп, дамытатын негізгі тәсілдердің бірі - әрекеттік тәсіл. Әрекеттік тәсілге сәйкес адамның дамуы кезінде осы жас кезеңіндегі жетекші әрекетке зор үлес қосады.

Әрекеттік қатынас оқушының әлеуеттік мүмкіндігін дамытуға және есепке алуға көзделген, әрекетті сабақтан тыс ұйымдастыру нысандарымен, саралау тапсырмаларымен, вариативті бағдарламарлармен жететін, жеке білім алу міндеттерін толығымен шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық – бағдарлық тәсілмен тығыз байланысты.

 Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын окушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы және М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы, А. Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы, Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы, Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы және М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы сияқты технологиялар білім беру үрдісін жаңғыртуға, жаңа бағыттарын айқындауға жол ашады және білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастырады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!