Тақырып бойынша 11 материал табылды

15-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясы бойынша қайталау сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет әрқашан еліміздің тарихымен өте тығыз байланысты екені белгілі..Сондықтан 15-18 ғасырлардағы жыраулар өмірі мен поэзиясының қазақ елінің тарихындағы алар орны мен маңызы жайлы сөз лицейіміздің тарих пәні Шайхиева Ұлмекенге беріледі. Ежелгі дәуір әдебиеті және 15-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясына байланысты қайталау сұрақтары бойынша жұмыс. Осы тақырыптар төңірегінде сандар негізінде сұрақтар жасырылған.Екі топ қалаған сандарын айтып, сұрақтарға жауап береді.Эксперт есептеп отырады.Соңынан жеңген топты анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: 15-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясы бойынша қайталау сабағы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9

Мақсаты: білімділік-жыраулар поэзиясы бойынша білімдерін жүйелеу, жинақтау,жыраулар шығармаларындағы мағынасы күңгірт тартқан немесе архаизмге арналған сөздер мағыналарына үңілу,тәуелсіз еліміздің тарихына байланысты білімдерін тереңдету;тәрбиелік-ұлтжандылыққа, елжандылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу;дамытушылық-білім мен біліктілік дағдыларын дамыту

Әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,РАФТ,екі тілек, бір ұсыныс

Типі: қайталау сабағы

Түрі: интеграциялық ,сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта,плакат,түрлі-түсті қағаздар, бейнематериалдар,суреттер

Пайдаланылған әдебиеттер: Сыздықова Р.«Сөздер сөйлейді»-Алматы,2004; «Бес ғасыр жырлайды»-Алматы,1989, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі-Алматы,2008

Пәнаралық байланыс: география,тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй жұмысы: қайталау

3.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.Б.Тілеухановтың орындауында Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын тыңдату.

4.Сыныпта 19 оқушы бар.Сынып старостасын эксперт етіп сайлау. Қалған 18 оқушыны 2 топқа бөлу үшін жыраулардың аты жазылған парақшаларды таратып,15 және 16 ғасырларда өмір сүрген жыраулардың бір топқа,17 және 18 ғасырларда өмір сүрген жыраулардың екінші топқа жинақталуына тапсырма беру.Сонда 1-топ-Асан қайғы,Қазтуған,Доспамбет,Шалкиіз, 2-топ Жиембет,Ақтамберді,Үмбетей,Шал ақын,Бұқар жыраудан құралуы тиіс.Әр топтың капитанын сайлау,топқа ат қою.

5.Әдебиет әрқашан еліміздің тарихымен өте тығыз байланысты екені белгілі..Сондықтан 15-18 ғасырлардағы жыраулар өмірі мен поэзиясының қазақ елінің тарихындағы алар орны мен маңызы жайлы сөз лицейіміздің тарих пәні Шайхиева Ұлмекенге беріледі.

6.Ежелгі дәуір әдебиеті және 15-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясына байланысты қайталау сұрақтары бойынша жұмыс.

Осы тақырыптар төңірегінде сандар негізінде сұрақтар жасырылған.Екі топ қалаған сандарын айтып, сұрақтарға жауап береді.Эксперт есептеп отырады.Соңынан жеңген топты анықтайды.

Ежелгі дәуір әдебиеті


100


200


300

400

500

Асан қайғы,

Қазтуған


100


200

300

400

500

Шалкиіз,

Доспамбет


100


200

300

400

500

Ақтамберді,

Үмбетей


100


200

300

400

500

Бұқар жырау


100


200

300

400

500

Жиембет,

Шал ақын


100


200

300

400

500



Сандар.Сұрақтар.Жауаптар

100.Ежелгі дәуір әдебиеті қандай ғасырларды қамтиды және неше кезеңге бөлінеді?

6-15 ғасырларды қамтиды. 3 кезеңге бөлінеді:

  1. 6-9 ғ. Көне түркі әдеби ескерткіштері

  2. 10-12ғ. Ислам дәуірі

  3. 13-15 ғ. Хорезм немесе Алтын Орда дәуірі

200.Онгин ескерткіші кімге қойылған еді?

Күлтегін мен Білге қағанның әке-шешесіне қойылған.

300.Күлтегін туралы дастанның авторы кім?

Авторы-Йоллықтегін.

400.Оғыз қағанның жанында жүрген кемеңгер адам кім?

Ол-Ұлы Түрік.

500.А.Йасауи дүниетанымының мәні не?

Мәні-«Адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты-ақиқатты тануы».

Асан қайғы.Жиренше

100.Асан қайғы мен Қазтуғанның әкелерінің есімдері қандай?

Асан қайғы Сәбитұлы, Қазтуған Сүйінішұлы

200.М.Әуезов пікірінше, Асан жайлы ең мағыналы әңгіме не?

Ол-Асан қайғының Жерұйықты іздеуі.

300.Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң...

Жалғастырыңыз.

...Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

400.Қазтуғанның «Мадақ»жырынан үзінді айтыңыз.

500.Асан қайғының қандай күйлері бар?

Күйлері :«Ел айырылған», «Асан қайғы»,«Желмаяның жүрісі», «Зар».

Шалкиіз.Доспамбет

100.Шалкиіз кімге толғау арнаған еді?

Шалкиіз Би Темірге толғау арнаған.

200.Доспамбет өзін қалай таныстырады?

Ол өзін «Ер Доспамбет» деп таныстырады.

300.Шалкиіз Би Темірді пір тұтып, аса қадірлегенін қандай сөздерінен байқаймыз?

Би Темірді «арабы торыға», «алдаспанға», «қағбаға» балауынан байқаймыз.

400.Доспамбеттің көргені, білгені көп адам екенін қайдан білеміз?

Толғауларынан білеміз.Толғаулары: «Айнала бұлақ, басы Тең» (Тең-Дон өзені), «Азаулының Стамбулдан несі кем».

500.Доспамбет қай рудан екенін үлкен мақтаныш етеді?

Аймадет руынан екенін мақтаныш етеді.

Ақтамберді.Үмбетей

100.Ақтамберді мен Үмбетейді әкелерінің есімдерімен атаңыз.

Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуұлы.

200.Ақтамберді кімнің қолында өсті??

Туысы Бердіке батырдың қолында өсті.

300....Өткіздің тоғыз ханды толғауменен...

Үмбетей кім туралы айтып отыр?

Үмбетей Бұқар жырау туралы айтып отыр.

400.Үмбетейдің Бөгенбайға арнаған екі ұзақ жыры бар. Олар қалай аталады?

«Бөгенбайды жоқтау» , «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту».

500. «Жантай батыр» дастаны, «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғауларының авторларын атаңыз.

«Жантай батыр» дастанының авторы- Үмбетей жырау, «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғауларының авторы-Ақтамберді жырау.

Бұқар жырау.

100.Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын атаңыз.

Бұқар жырау 1668-1781 жылдары өмір сүрген.

200.Бұқар жырау шығармаларын тақырыптарына байланысты қалай бөлуге болады?

Шығармаларын өмір, бірлік, ерлік, Абылай хан туралы деп 4-ке бөлууге болады.

300. Бұқар жайлы алғаш пікір айтқан кім?

Алғаш пікір айтқан-Шоқан Уәлиханов.

400.Бұқар жырау толғауларын жинап, мәлімет берген кім?

Толғауларын жинап, мәлімет берген - М.Ж.Көпейұлы.

500.Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» толғауының екінші тілегі қандай?

...Екінші тілек тілеңіз

Әзәзіл,пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа...

Жиембет.Шал ақын

100.Жиембеттің әкесінің аты және Шал ақынның толық аты-жөні қандай?

Жиембет Бартоғашұлы, Шал –Тілеуке Құлекеұлы.

200.Жиембет туралы құнды мәліметтер кімнің зерттеу еңбегінде бар,ол қандай?

М.Мағауиннің зерттеу еңбегінде бар.Қалмақтар Есім ханға сұлу қыз жібереді, оны Жиембеттің інісі-Жолымбет әкетеді.Дау туып, оған Жиембет араласады.

300.Шал ақынның анасы кімнің қызы еді?

Шал ақынның анасы-Төле бидің қызы.

400. «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» өлеңінің шығу тарихы қандай?

Бәйге атын хан қайтармай қояды,ал өзінің қозысына бола шыр-пыр болған хан әрекетін көргенде, осы өлең дүниеге келген еді.

500.Шал ақын бірлігі жарасқан ағайынды, ақылы жоқ надандарды,мектепте алған білімді неге теңейді?

«Бірлігі жарасқан ағайын отыз екі тіске, надан адамдар жүз болса да, бірмен тең, мектепте алған білім алуан шекер балмен тең» дейді.



7. «Сөздер сырына үңілсек». Жыраулар шығармаларындағы мағынасы күңгірт тартқан немесе архаизмге айналған сөздер мағыналарына талдау жасау.Мысалдар жазылған қағаздар қойылады,әр топ оларды кезекпен алып,жауап береді.

1.Доспамбет жырауда:

Азаулыда Аймадет ер Доспамбет ағаның

Хан ұлына несі жоқ?

Би ұлынан несі кем?

Азаулыда аға болған ерлер көп еді.

Шалкиізде:

Батыр жігіт жау бастар,

Аға жігіт қол бастар...

Ертеректе қазақ қауымында аға сөзі басшыға,оның ішінде әскери басшыға айтылатын дәреже мағынасын берген.

2.Алаш сөзі «ел,жұрт, қауым» деген жалпы мағынаны білдірумен қатар «қазақ елі,қазақ қауымы»деген нақтылы терминдік мәнде де қолданылған.

Шалкиізде:

Алаштан байтақ озбаса,

Арабыдан атты сайлап мінбен-ді,-

деген жолдарда екі сөз көне мағынада келген.Алаш-мұнда «жат ел, жат жұрт», байтақ- «өз жұрты, өз елі».

3.Шалкиізде:

Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға..

Алқалау сөзінің түбірі-алқа.Алқаның қазіргі мағынасы жиын,топ және коллегия екенін айтады «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде».Р.Сыздықова бұл сөз арабтың хәлқа сөзі, мағынасы- «дөңгелек», ал одан барып «адамдар тобы»деген ауыспалы мәнде қолданылғанын айтады.Шалкиіздегі алқалау сөзі «қоршау»деген мағынаны білдіреді екен.

4.Шалкиізде:

Алп,алп,алп басқан

Арабы торым өзіңсің..

Алп,алп, ал сақын.

Алп сөзінің көне түркі тіліндегібір мағынасы «ауыр, қауіпті,қорқынышты және маңызды» деп көрсетіледі.Арабы торыны алп басқан деп суреттеуі «аяғын ауыр басқан» дегенді білдіріп,маңыздылықтың,салмақтылықтың белгісін байқататындығын айтады зерттеушілер.Алп, алп,ал сақын дегенде «қорқыныш, қауіп бар,сондықтан сақтан (сақын)»деп отырған тәрізді.Сақын дегеннің өзі де көне , өте ертедегі бір мағынасы «ойлау, толғау, болжау және сақтану» екен.

5.Шалкиізде:

Тебіренсе ауыр жұртын тындырмас...

Ауыр қол, ауыр жұрт сөзі «көп, сансыз»деген мағынада келген.

6.Доспамбетте:

Көбелер киген өкінбес..

Шалкиізде:

Көбе бұзар жебе бар...

Көбе,кіреуке,жалаңқат-батырлар киетін сауыттың түрлері.

7.Ақтамбердіде:

Күдеріден бау тағып...

Күдері-жұмсақ иленген тері деген мағынаны білдіреді.

8.Бұқар жырауда:

Ханның жақсы болмағы-

Қарашының елдігі.

Қарашы сөзі «ханға қызмет етуші, соның құзырындағы адамы» деген мағынада қолданылған.

9.Асан қайғыда:

Ол күнде қарындастан қайырым кетер..

Қарындас-жалпы туысқандар,жақындар деген мағынада.

10.Шалкиізде:

Қоғалы көлдер, қом сулар

Кімдерге қоныс болмаған..

Доспамбетте:

Қоғалы көлдер,қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес...

Қом сөзі алтай тілінде «толқын» деген ұғымды береді екен.Сонда «қоғалы көлдер,толқынды сулар» болып бейнелі тіркес күйінде сақталған.

11.Қазтуғанда:

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып...

Қорамсақ,қылшан-садақ оғының қабы.

12.Бұқар жырауда:

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба...

Жаулық сағыну тіркесі жаулық ойлау дегенді білдіреді.

13.Доспамбетте:

Сақетер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма...

Сақетер-контекске қарағанда соғыс қаруының аты немесе «сақ етіп тиген оқ» дегеннің образды атауы. Сақсыр-не аяқ киімнің, не шалбардың атауы болуы мүмкін екенін айтады зерттеушілер.

14.Қазтуғанда:

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың...

Шалкиізде:

Жағы түкті жылқы айуан

Иесін қайда салмаған...

Салу етістігі «тастау, қалдырып кету»мағынасында келіп тұр.Дүние салу тұрақты тіркесіндегі салу сөзі де «тастау, қалдыру» мәнінде.

15.Шалкиіздің Би Темірге айтқан сөзінде:

Бұ халқыңды кімге сымарыш етерсің?

Мұндағы сымарыш сөзі асмарла сөзімен түбірлес екенін айтып, Р.Сыздықова

«өсиет етіп қалдыру, тапсыру» мағынасында екенін көрсетеді.

16.Шалкиізде:

...Сыпайышылық сүрмен-ді...

Дулығамның төбесі

Туған айдай болмаса

Батыршылық сүрмен-ді

Р.Сыздықованың пікірінше,сыпайышылық-парсының сипаһ «әскер,жауынгер» деген сөзінен жасалған дерексіз есім.Қазақша баламасы-батыршылық. Шалкиіз екеуін де қатар қолданған.

17.Шалкиізде:

...Ниет етсең жетерсің,

Жетсең тауап етерсің...

Тауап ету қағбаны тауап ету түрінде кездеседі.Р.Сыздықова пікірінше, тауап-арабтың тауаф «бір нәрсені айналу» ұғымындағы сөзі.

18.Шал ақында:

Тау толағай көрінер тасы кетсе...

Толағай сөзінде «жалаңаш,тақыр»деген мағына бар.Толағай сөзінің Марғасқа жырауда кездесетін басқа бір омонимдік мағынасы да бар.

Тоқтамай соққан толағай,

Толастар мерзім жеткен дүр.

Бұл жерде толағай-жел, желдің бір түрінің аты екенін айтады Р.Сыздықова.

19.Доспамбетте :

Толғамалы ақ балта...

Толғамалы ала балта қолға алып

Соғыс қаруларын ұстағанда, олардың сабы сусып, жылжып кетпес үшін былғары , қайыс,жіп сияқтылармен орап тастайтын болған немесе олардың саптарын орама (спираль) түрінде кертіп қоятын болған.Сондықтан оларда

толғамалы деген эпитет пайда болған.

20.Шалкиіз Би Темірге:

Шал сақалын жылаттың,-

дейді.Шал сөзі көне тіркі тілдерінде «ақ, бурыл,боз» деген мағынадағы сын есім.Шал сақал тіркесі-ақ сақал, бурыл сақал дегеннің көне варианты.

8.РАФТ әдісі бойынша жұмыс.

1-топқа. 2-топқа

Р-роль-оқушы Р-роль-жыраулар

А-аудитория-жырауларға А-аудитория-оқушыларға

Ф-форма-хат Ф-форма-хат

Т-тақырып-тәуелсіздік Т-тақырып-тәуелсіздік

9.Бейнематериал тамашалау.Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан

10.Оқушыларды бағалау: сайыс соңында қорытындысы шығарылады,жеңген топ анықталады. Екі тілек, бір ұсыныс бойынша сабақты қорытындылау.

11.Жыраулық өнер,жыршылық дәстүрдің бүгінгі өмірімізде де маңызы ерекше.Сыр елі –жыраулар мекені,сондықтан да «Сыр елі-жыр елі» деп бекерге айтылмаса керек.Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланбақшы.Сыр бойынан шыққан жырау Нұрсұлтан Жұбатовтың «Майданнан хат»термесін лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілеубергенова Гүлназдың орындауында тыңдау.

12.Үй жұмысы:шығармашылық жұмысқа дайындық































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
1178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі