16 желтоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

16 желтоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаларға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №63 «Әсем – Ай » балабақшасы ,

«Алпамыс» ,«Ақбұлақ» шағын орталығы

Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна




Тақырыбы: « Тәуелсіз егемен ел»

Мақсаты:

1.Балаларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.

2.Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

4.Потриоттық сезімге және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:желтоқсан қаһармандарының суреттері ,мақал-мәтелдер,Тәуелсіздік ескерткіштерінің суреттері. слайдтар

Мерекелік тәрбие сағаты өтетін залға балалар музыка әуенімен кіреді.

Жүргізуші: Алаулаған алыбында нұр тұнып,

Қазақ елің бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағы желбірейді төріңде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.

Әнұран орындалады.

Құттықтау сөз әдіскерлерге беріледі.

Жүргізуші: - Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз елдің ұлағатты ұрпағы. 16желтоқсан Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылып өткізгелі отырған «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастауға рұқсат етіңіздер.16 желтоқсан еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Міне, биыл тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 26 жыл толды. Осы елінің тәуелсіздігі жолында күрескен аға-апкелеріміздіҚайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Азанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді.Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Жүргізуші: Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан Республикасы.

Жүргізуші:Біз елімізді жақсы көреміз бе?

Балалар: Ия жақсы көреміз.

Жүргізуші: Олай болса ,осы өзіміздің ,жерімізге қандай тілек білдіре едіңдер?

-Елімізде тыныштық болсын!

-Еліміз бай болсын!

-Соғыс апаты болмасын!

-Бейбітшілік болсын!

Жүргізуші: Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?

-Ту,Елтаңба, Әнұран.

-Қазақстан жалауының авторы кім?

Балалар: Шәкен Ниязбеков.

-Елтаңбамыздың авторы кім?

Балалар: Шота Уалиханов ,Жандарбек Мәлібеков.

-Әнұранымыздың авторы кім?

Балалар: Шәмші Қалдаяқов,Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Жүргізуші:Балалар әнұран бізді отансүйгіштікке сезімге бөлейді.Өйткені еліміз, жеріміз туралы сезімдер осы әнұранда жырланған.Елтаңба мен Туды көзбен көріп,қолмен ұстауға болатын болса,ал Әнұранды құлақпен естиміз. Олай болса бәріміз слайдқа назар аударайық.

Жүргізуші:Қазақстан Республикасының жалауының түсі көк ашық, тартымды, табиғатқа жақын, көңіліне сенім ұялататын кемпірқосақтағы жарқыраған жеті түстің бірі,аспан мен судың түсі.Көк түс шындықты тазалықты,адалдықты белгілейді. Жалаудағы күн-Әмір күші.

Қыран құс бүркіт -еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі..Желбіреген жалау туралы бүлдіршіндеріміздің жылы лебіздерің тамашалайық.



1- Айнымайды аспаннан

Біздің тудын бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда -қызыл күн

Көк аспанда –жас қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған

Біз қарамай өтпейміз

Сол көк тудың астында

Көгереміз,көктейміз.

2- Желбіресе көк туым

Көтерілер шоқтығым

Қазақты әлем таныды

Егеменді ел бүгін

Таңдай қаққан шартарап

Көк туымда барша бақ

Қыран самғап барады

Күнді иыққа арқалап

3- Көтерем жоғары

Келмейді түсіргім

Бақшаға барғалы

Бір сырын түсіндім.

Тартымды тамаша

Мәнісін ұғынам

Аумайды жалауша

Елімнің Туынан!

4- Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын

Астында оның қалықтаған,

Қыран түстің бейнесі.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі деп білерсің

5- Есте белгі ұландар,

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғылы қыранда,

Алтын түске қапталған.

Сол жағында матаның,

Қызыл түсті жолақ бар.

Мұратындай атамның,

Әсем өрнек ол ұлттық!

6- Атама ілесіп

Аланға келемін.

Ағылған гулесіп

Халықты көремін.

Құлпырған алауша

Алаңда жүр бәрі

Қолымда жалауша

Көтерем жоғары.

7-Тәуелсиздік туымыз

Тәуелсіздік сырымыз

Арналады тек саган

Ән менен күй жырымыз.

Жасасын жаса,азат күн

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел.

8- Тәуелсіз еркін елде біз

Дүниеге келгенбіз.

Көк ту мен елтаңбамыз,

Бар біздің ол теңгеміз

Орындайтын бәріміз

Біздің ата-анамыз

Жиында тұрып айтатын

Бар біздің әнұранымыз.

9- Жасасын жаса,азат күн

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел.

Менің туған жеріме

Тілімізбен дініміз

Қайта келді еліме.

10-Атам маған әрдайым

«Оқы-дейді,-құмартып».

Тәуелсіздік туралы

Айтып берді былай деп:

«Тәуелсіздік» деген сөз

Бар асылың,қарағым

Азаттықтың жолы ол,

Тағызым етіп қарағын.

Тәуелсіздік- тарихын

Тәуелсіздік-тілің ол.

Тәуелсіздік- салт-дәстүр

Тәуелсіздік-дінің ол.

11-Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қасыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жалына,

Менің Қазақстаным.

Жүргізуші: Ал мемлекетіміздің Елтаңбасы-геометриялық пішін-дөңгелекке ұқсас.Елтаңбаның ортасында шаңырақ,бұл әрбір отбасының бірлігі тыныштығы тәріздес. Киізүйге жарық сәулесін шашыратып тұрғандай. Көкпеңбек көгілдір таза аспан жарқырап тұр.Бейбітшілік шаңырағын көтерген уықтар,төгілгенкүн сәулесі,киелі қос тұлпар адам баласының досы.Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған, достықты ұстап тұр.Ал бес жұлдыз-барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді. «Қазақстан» деген жазу, «Қош келдің,бізге»дегенді айтып тұрғандай.Еліміздің белгілері елдікке, бірлікке,өмір мен достыққа шақырыды.

Жүргізуші:Кәне онда осы Елтаңба және Әнұран туралы тақпақтар кім біледі?

1- Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жәй белгі емес ұғып ал!

Көгілдір түс аясы,

Бейбіт бала елесі.

Шаңырақ – жұрт панасы,

Уықтар – күннің сәулесі.

2- Жоғарға түсер көз –

Бес бармақты жұлдызға,

«Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл – қызға

Мағыналы сымбатты,

Бар осындай белгіміз,

Маған саған қымбатты

Елтаңбасы ол – еліміз!

3- Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі .

Мұнда бар ерлігім ,

Мұнда да бар жер күнім

4- Еліміз бар –Егемен

Алып едік не деген

Батыр десе,батырмыз

Ақын десе,ақынбыз

Тәңір желеп-жебеген

Әрбір істе батылмыз

Қала салып жатырмыз

Елбасы өзі демеген!

«Ұш!» десе

Ұшып кетеміз

Жұлдызға да жетеміз,

«Қазақ» деген кемемен!

5-Тәуелсіз Қазақстан! 
Әнұраным - жан ұраным, 
Айтар әнім - сөйлер сөзім, 
Туған жерім сағынарым, 
Мәңгі бақи шырқалады, 
Республика әнұраны.

Жарқырашы Қазақстан!

Жайна сен де Астанам

Әрқашан да гүлдене бер

Тәуелсіз ел Қазақстан

6- Менің елім,менің жерім…»

Шалқы,шарлы қыран белін

Әнұранды бастағаннан,

Ұялайды жарқын сенім.

Айтсам болды айбаттанам,

Жігерленем, қайраттанам.

Бізді күткен болашаққа,

Бұлбұлымдай сайрап барам.

7-Құтты болсын тауелсиздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті болып халықымыз әрқашанда

Кетпесін туған жердің берекесі.

8- Көк майсалы жерім менің,

Егеменді елім менің

Бас имеймін ешкімге,

Тәуелсізбін мен бүгін.

Егемен болмай ел болмас,

Етек – жеңі кем болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас

9-Біз қазақ деген ел мал баққан елміз

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Жау аяғын басылмаған елміз.

Басымыздан намысын асырмаған елміз

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.

10-Тәуелсиздік елім менің қазағым

Сыйласқанға құл болып

Шындасқанға сөз беріп

Тиянақ елгетұлғасың.

Сағынып келіп бұл күнді

Егеменді ел болдық.

Тәуелсіздік қазақ жерімде

Тарихқа ізін тастаған.

11- Мереке бүгін ұлы күн

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Мереке бүгін бақ күні

Егеменді елімнің

Желбірейді көк туы.

Түсіндей боп көгімнің.

Жүргізуші:Ал кәне балалар

Жас ұландар ұраны:

Біздің Қазақстан

Алтай Жайық арасы

Жарты әлемдей даласы

Ол біздің Қазақстан.

Кенге толы қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол біздің Қазақстан.

Жастан сүйіп аңсаған

Тәтті күймен кәусар ән

Ол біздің Қазақсатан.

Анамыздай тілеуі-ақ

Отан бізде біреу-ақ

Ол біздің Қазақстан.

Жүргізуші: Әйнегі күн, шатыры- аспан

Кең дала ,

Төсі толған егін,

Көлдері күміс шашқан

Қазақстан Республикам менің.

Ән «Жаса Қазақстан»орындалады.

Айтыс .Бір күні үш дос : «Мемлекеттік рәміздерді кім жақсы біледі?» деп жарысыпты. Олардың біреуі-Елтаңба, екіншісі-Әнұран, ал үшіншісі ту болып ойнапты.

Ту айтты: -Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымдарында желбіреп тұрамын.

Барлық үлкен жиналыстарда ,салтанаттар да,ерекше орын аламын.

Елтаңба:-Әрине,ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұрамын.Мен бағалы қағаздар да тиындарда суретім салынған.

Сонады Әнұран:-Босқа таласпаңдар. Ең мықты мен боламын. Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін. Мен сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.

Жүргізуші: -Үшеуін де дұрыс айтасындар.Сеңдер болмасаңдар, ешбір елдің,ешқандай халықтың қадір-қасиеті болмайды.Ешкім ол елді құрметтемейді.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ән «Туған жер»орындалады.

Жүргізуші: Желтоқсан құрбандары туралы слайдтар тамашалайық.

Ойын: Орамал тастамақ»

Мақал –мәтелдер

1-Ер — елінде, гүл — жерінде

2-Өз елінде көртышқан да батыр.

3-Өз елінің иті де қадірлі.

4-Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

5-Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

6-Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

7-Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.

8-Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.

9-Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

10-Отан — отбасынан басталады.

11-Опасызда oтан жоқ.

12-Отан оттан да ыстық.

Би: «Алға Қазақстан» орындалады

Көрініс. «Ата, әже, мен бала».

Әже мен ата қолдарына немересін ұстап,залға кіріп жайғасады.

Баласының ұйқысы келіп,әже ән әуенімен немересін ұйықтатады.

Періште: Балақай тұршы, тұршы, таң атып қалды.Мына жанып тұрған шыраққа қарашы. Бұл саған берілген бақ құсы, еркіндік пен тәуелсіздік құсы. Балзия шашқан шырақты ұсынып өзі кетіп қалады.

Немере: әже,әже біз шырақты ұстап алайықшы.

Әже: Не болды құлыным!.

Немере: Әже ,ата мен түс көрдім. Түсімде жап-жарық күнді көрдім.

Ата: Айналайын, ол сенің елінің бақыты,тәуелсіздіктің мәңгі жарық күні .

Ата : «Ақ бата»

Басшыларымыз алысты көрсін,

Жекешелеріміз табысты болсын!

Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,

Ұлдарымыз қамысты болсын!

Қалада, мейлі қырда болсын!

Келген-кеткен ырза болсын!

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!

Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!

Халқымыз ғасыр табалдырығын,

Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!

Аумин.

Жүргізуші: Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көк байрағы.

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Әрқашан, әрқашан,

Көк байрағым желбіресін.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші:

Міне құрметті қонақтар, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды.Қазақстан Республикасы – бай да бақытты, болашағы зор тәуелсіз, егеменді ел.Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын!

Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты -дей отырып Қазақстан көркейіп, жайнай берсін деген үмітпен– ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



































Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Мақсаты : Балаларда мерекелік көңіл-күй тудырыу, шыршаның әдемі де, сәнді безендірілгеніне , балалардың Аяз Атаның Ақшакардың, ертегі кейіпкерлерінің киімдеріне назар аударту.Балаларды мейрімділікке, достыққа шақыру.Бірлескен ойындар ойнату арқылы ой-өрісін,қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Қатысушылыр: Аяз Ата,Ақшақар, Буратина, Сыйқыршы.

Жүргізуші:

-Құрметті ата-аналар келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын.Міне, көптен күткен жаңа жыл босағаны аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2018 ит жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз.Қошеметпен «Самал»мектепалды даярлық тобын ортаға шақырымыз. Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Ал, енді, құттықтау №63 Әсем-Ай балабақшасының «Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығының әдіскері Румхан Балғабайқызына беріледі.

Жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,

Келген жылға қарамаңдар тосырқап.

Жаңа жылың құтты болсын, аталар.

Сергек ұрпақ өздеріннен күш алар.

Жаңа жылың құтты болсын, аналар,

Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.

Ән: « Кел жаңа жыл» орындалады.

Жүргізуші: -Қане балалар бәріміз енді мерекеге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.

1-Түрлі ойыншық тағылган

Әсем біздің шыршамыз.

Жаңа Жылды сағынған

Жүрекке бір жыр тамыз.

Қызғалдақтай ұл мен қыз

Би билейміз, ән салып

Мәз боламыз, бүгін біз

Жаңа жылды қарсы алып.

2- Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

  Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз

3- Қанша заман өткенмен

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен,

Доссың ғой сен жасыл шырша.

Өзгермейсің қыс келсе де,

Бояуыңды оңдырмайсың.

Аяз шымшып тістесе де,

Жапырағынды тоңдырмайсың.

4- Жаңа жылда жаңартамын үй ішін

Жаңа жылдық жаңа көңіл күй үшін.

Шырша тігіп ойыншықтар ілемін,

Жарқыраты бөлменің бір бұрышын.

5- Безендірдік аулада

Өсіп тұрған шыршаны.

Әсемдеуге әр бала,

Бар өнерін жұмсады.

Жасап келді бірі-піл,

Бірі-барыс, арыстан.

Бірі-қораз, бірі-құр.

Бірі-бүркіт, сауысқан.

Шыршамыз тұр жасанып,

Ойыншықтар тізіліп.

Көз алмай біз,

Тамсанып,

Қарап тұрмыз қызығып.

6- Жаңа жылды бәрің мендей тойлаңдар

Туған елге тек жақсылық ойлаңдар,

Қаңтар айын жаңа жылдай қабылдап

Бұрқыраған боранымен ойнаңдар.

Жақсы жаңа жыл келді

Асқар таумен тұлғалас

Біз осылай жылды енді

Қарсы алайық бәріміз.

7- Біз думанды бастаймыз,

Қарсы аламыз ән салып.

Билеуден де қашпаймыз,

Қарасын жүр тамсанып.

Шыршамыз да шырайлы,

Жұлдызшалар жайнаған.

Шырша тойы ұнайды,

Думандатқан айналам.

Жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап,

Естіледі әніміз.

Жаңа жылды қарсы алып,

Шырша биін билейміз.

Би: «Шырша биі» орынадалды.

Сыйқыршы кіреді.

Салеметсиздер ме балалар,және қонақтар. Мереке құтты болсын. Неткен әдемі жер, шыршалары қандай әдемі балалар айтындаршы сендерде не болып жатыр?

-Балалар жаңа жыл мерекесі.

-Балалар бізге мерекені тойлауға бір нәрсе жетіспейтін сияқты.

Қалай ойлайсыңдар?

-Ия біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр.

Ааа мен сыйқыршымын гой қазір сыйқырлы создерімді айтып жиберсем болғаны.


Жүргізуші: Алақай, алақай

Қуанады балақай.

Күз ауды, қар жауды,

Күз кетті,қыс кепті.

Шығамыз топ бала

Соғамыз аққала.

Жалпы би: «Аққала» орындалады.

Жүргізуші: Балалар, міне ит жылын қарсы алдық, енді Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алайық! (Балалар Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырады.)

Аяз ата: Сәлеметсіңдер, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Бүгінгі көңіл-күйлерің жақсы ма?

Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем

Бәрінді де көріп ем,

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтындаршы

Мені тани алдыңдар ма?

-Балалар : Аяз Ата,Аяз Ата. Мен алыстан шаршап келдім, маған дайындаған қандай өнерлерің бар? Қане, ортаға салындар.

Ақшақар:- Салеметсиздер ме балалар. Жаңа жыл құтты болсын.

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын.

Сыйқыршы сөзі:АязАта,Ақшақар енді болмағанда мен шыршанын шамдарынын жағып коя жаздадым.мені кешіріңіздерші.

-Балалар хормен :Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Міне мен де келдім атаммен еріп.Сендердің өнерлерінді тамашалауға келдік.

Келесі ойын-жұмбақ!

1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң - қолың тонады.(қар)

2. Әсем ою ояды,

Көркем сурет салады.

3. Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (мұз)

4. Қанттай ұсақ, сүттей ақ.

Не екенін ойлап тап. (қар)

5. Түнде әйнекке қонады,

Әсем ою ояды. (Аяз)

6. Ең айлакер жануар? (түлкі)

7. Ең қорқақ жануар? (қоян)

8. Балды жақсы көретін аң? (аю)

9. Ең ұзын мойыңды жануар? (керік)

10. Ең ұзақ өмір сүретін жануар? (тасбақа)

Жүргізуші: Балалар, міне ит жылын қарсы алдық.

Ақша қар: Балалар, рахмет, сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер. Қуанатын шақ болсын, дастарханға ақ толсын! Бізге келген жаңа жылда құт-береке, бақ болсын! Аяз ата, енді сиқырлы сандығымызды ашатын уақыт жеткен сияқты, балалар өнерлерін көрсетті, енді сыйлықтарын таратайық. (Сыйлықтар таратылады.)

Аяз ата: Ал, енді, балалар, біз жолға шығайық. Бізді сендер сияқты басқа балалар тосып отыр. Рахмет сендерге! Жаңа жылдарың құтты болсын, сау болындар!

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, осымен «Кел жаңа жыл ,жаңа жыл» атты ертенгілігіміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын!















































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.07.2018
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі