Материалдар / 16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІҢ СЦЕНАРИЙІ

16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІҢ СЦЕНАРИЙІ

Материал туралы қысқаша түсінік
16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІҢ СЦЕНАРИЙІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2024
185
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

КОНЦЕРТТІҢ СЦЕНАРИЙІ








































16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІҢ СЦЕНАРИЙІ


Пролог “Тарих ізі”

Сахнаның үлкен экранынан әр кезеңнің оқиғаларынан бейнеүзінділер көрсетіледі. Оқушылар әр тарихи оқиғаны әуенмен бейнелеп, сахнадан бірінен соң бірі әр кезең оқиғаларын қимыл-қозғалыспен көрсетіп кетеді.

Самалтау” әнімен сахнада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен бейнеүзінді қойылады.

Елім-ай” әнімен ашаршылық жылдар бейнеленеді.

Қапездің қоштасуы” әнімен қуғын-сүргін, репрессия жылдары, алаш көсемдері бейнеленеді.

Соғыс әндерімен” Ұлы Отан соғысы жылдарынан көрініс бейнеленеді.

Желтоқсан желі” әнімен 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен көрініс көрсетіледі.

Арайлап таңым” әнімен сахнаға тәуелсіздік алған қуанышты кезеңнен бірін-бірі құттықтаған халықтың қуанышты көрінісі суреттеледі.


Баяу әуенмен, сахнаға өлең оқуға қыз-жігіттер шығады.


1 Жігіт:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

1 Қыз:
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.


2 Жігіт:

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.


2 Қыз:

Қандай дүние жетеді балауына!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.
Жігіт:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім! (Барлығы бірге) сахнадан баяу кетеді


Фанфар

Жүргізушілер шығады


Жүргізуші:

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!


Жүргізуші:

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің! (бірге)


Ж: Қайырлы күн, қадірлі қазақ елі!

Ж: Армысыздар, азат елдің айбынды азаматтары!

Ж: Алаштың арманы болған, арда елдің айбары болған ұлы мереке - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ж: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік - ел ұраны” атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Ж: “Тәуелсіз ел болу, тек оны жариялау немесе мемлекет құрумен ғана шектелмейді. Оны сақтау, қуатты қылу күнделікті қажырлы еңбек, ұтымды саясат пен ел бірлігінің негізінде жүзеге асады” деп ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев айтқан сөздің маңызы аса зор.

Ж: Иә, егемендік - елдікпен, тәуелсіздік - тұрақытылығымен қымбат. Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов “тірі болсақ, алдымызда үлкен той. Алаштың баласы бүгін болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде жеке, бөлек мемлекет болар” деп сенімін айтқан екен.

Ж: Алаштың асқақ арманының көрінісі бүгін, міне, бейбіт елдің төрінде ұрпағы ұлы, кең байтақ жерде керемет, қасиетті мерекені тойлауда. Дарқан дала төсінде өрісін кеңейтіп, өркен жайған еліміз көркейе берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!


Әнұран орындалады


Ж: Осыдан тура 33 жыл бұрын, ұлы даламызға ата-бабамыздың арманына айналған ұлы өзгеріс келді. Ол еркіндіктің ернеуінен өрілген - егемендік. Тарихымыздың тұғырына бекіген - тәуелсіздік.

Ж: Дана басшысын дербес сайлаған жас мемлекетіміз содан бері қанатын кеңге жайды. Атын әлемге оздырды. Сондықтан бүгінгі күн біздің ұлы жолымызға бастау болған ең ұлық күн.


Рухты би орындалады


Ж:

Қазақ, осы: «Дала!» - дейтін, «Күн!» -

дейтін,

Қазақ, осы, «Өнер алды - тіл» дейтін.

Қазақ, осы, қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін
- деген екен Қадыр ағамыз.

Ж: Иә, шыныменде, құшағына бар әлемді сыйдырған бауырмал қазақтың жомарт жүрегін жақсы көрмеу мүмкін емес.


Патриоттық ән орындалады

Ж:

Ж:

Күй орындалады

Ж:

Ж:

Би орындалады


Желтоқсан құрбандарына арнау” поэтикалық композициясы

Хабарландырусыз сахнаға мектеп театр ұжымы шығады. Сахна қараңғылау, көлеңкелеу болып тұрады. Сахнаға қара классикалық үлгіде киінген оқушылар бір-бірден баяу жүріспен өлең жолдарын оқып шығады.


1 Жігіт:

Кешегі қара күндерде,

Жұлдыссыз,айсыз түндерде,

Жол таба алмай сенделіп,

Адасып алаш жүргенде-

Бұл күнгі көп көсемдер,

Сұраймын,сонда қайда едің?

2 Жігіт:

Ақыл таппай дағдарып,

Жанашыр таппай сандалып,

Барарын қайда біле алмай,

Жүрген бір күнде сан ғаріп-

Есепсіз көп шешендер,

Жөнінді айтшы, қайда едің?

3 Қыз:

Сарыарқа сайран жерлерім,

Көкорай шалғын көлдерім,

Бәрін жауға алдырып,

Асқар тау,биік белдерім,

Қысылып қазақ тұрғанда-

Данышпандар,қайда едің?

4 Қыз:

Атадан бала айырып,

Қанаты сынып қайырып,

Қасірет толып жүрекке,

Тұрған бір кезде қайғырып-

Толып жатқан қамқорлар,

Елде жоқ едің,қайда едің?

5 Жігіт:

Енді бүгін кім жаман?

Данышпан емес, кім надан?

Қамқор емес, кім жауыз,

Жомарт емес, кім сараң?

Көсем емес, кім жалтақ?

Шешен емес, жоқ адам!

Бәрі білгіш, бәрі би

Жеткіздің Алла Тағалам!



Фондағы әуен ауысады.


1 Жігіт:

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!

2 Жігіт:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

3 Қыз:

Өсер елдің қай сәтте де, бірлік болмақ қалауы,

Лаула-лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда, ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Боран, дауыл даусы қосылады. Сахнаға хор шығады. “Желтоқсан желі” әні орындалады. Ән соңында рухты мәнермен, өлең жолдары оқылады!


Жігіт: Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де!

Өзіңді-өзің етсең бақ,

Тәуелсіздік төріңде!


Қыз:

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа, суың да!

Халық болудың қамын ет,

Белді бекем буында!


Сахнадан жайлап шығып кетеді.

Оркестр күй орындайды

Ж:

Тұғырымда туым бар,

Орман менен нуым бар,

Сылдырлап аққан суым бар,

Бұл -менің Қазақстаным!

Ж:

Егінді далам бар,

Еңселі қалам бар,

Бұл менің Қазақстаным!

Ж:

Дарқан дала жырым бар,

Көктен құйылған нұрым бар,

Бұл -менің Қазақстаным!

Ж:

Өркениетке ілескен көшім бар,

Сүйенетін досым бар,

Бұл -менің Қазақстаным!

Ж:

Жазым бар, жаңбырым бар,

Тарихым, тағдырым бар,

Бұл -менің Қазақстаным! (бірге)


Қазақстаным” әні орындалады.

Ән соңына қарай сахнаға ту ұстап, барлық қатысушылар шығады.

Ж: Еліміздің басты қазынасы - еркіндік!

Ж: Қазақ елі қазынасынан айырылмасын!

Ж: Тәуелсіздік - бейбіт, еркін, азат таң!

Ж: Азат таң, мәңгілік болсын, қазақ елі!

Бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ