Тақырып бойынша 31 материал табылды

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жердің тарихын, соның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кенесары Қасымұлы (тұлға жəне саясаткер),

Кенесары хандығы





1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.

1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.

1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.

Кенесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.

2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.

3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.

Кенесарының қөйған екінші талаптары:

Әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату.

1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды.


Патша әкімшілігінің қойған талаптары:

1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу.

2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету.

3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.

Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).

Кенесарының хандық билігі

1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңесіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.

Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:

1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.

2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.

3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды.

4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.

5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.

Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.

Кенесарының ақырғы жорығы

Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды.

1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.

3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.

4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.

5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.

6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.

3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті.

5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.

6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.03.2022
345
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі