18 наурыз – Ұлттық киім күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

18 наурыз – Ұлттық киім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
18 наурызда Қазақстанда Ұлттық киім күні атап өтіледі. Бұл мереке ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ ұлттық киімін сақтауға және насихаттауға арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Удербаева С.К.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Мукышева А.М. 2- курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


18 наурыз – Ұлттық киім күні

Shape1

18 наурызда Қазақстанда Ұлттық киім күні атап өтіледі. Бұл мереке ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ ұлттық киімін сақтауға және насихаттауға арналады.

«Адам көркі - шүберек» - дейді қазақта. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ,  қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.— қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады.

Киім-кешектер әрбір маңызды оқиға мен жағдайларға байланысты бөлінген. Мәселен, ер азаматтар жауға аттанғанда киген сауыттары соғысуға ыңғайлы, әрі қауіп-қатерден сақтануға қолайлы болған. Ал, әйелдердің негізгі киімдері – кимешек, көйлек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кебіс-мәсі. Әшекейлер де төрт топқа бөлінген. Олар — жас қыздарға, келіншектерге, орта жастағы әйелдерге, сонымен бірге бәйбішелерге арналған бұйымдар. Расында да, әлемдегі небір озық өнер туындыларын сарапқа салсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, философиялық көзқарасы, айтар ойы, барлық жерде ою-өрнектермен сипатталған.

Костюмнің әр элементінің өзіндік мағынасы мен мәні бар. Ұлттық киім әдемі ғана емес, сонымен қатар ыңғайлы болған. Ол көшпелі өмір салтына және қатал климаттық жағдайларға жақсы бейімделген.

Қазіргі уақытта да ұлттық киім маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Көптеген қазақстандықтардың гардеробынан қазіргі заманға бейімделген, бірақ ежелгі қазақ ұлттық киімінің ою-өрнектері мен элементтерін сақтайтын түрлі киімдер мен әшекейлерді табуға болады. Бүгінде прагматизмнің негізі болған ұлттылықты сақтау үшін әрбір қазақ тер төгіп жатыр. Ұлттық киім негізінде жаңа стильді көйлектер тігу, қазақтың ұлттық тамақ өнімдерінің негізінде ресторандар ашу жастар арасында сәнге айналуда. Осы мақсатта, еліміздегі озық университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті де бұл істе белсенділік білдіруде. Университетіміздің тарих факультетінің ұйымдастыруымен мереке қарсаңында ұлттық киімдер арасында сән байқауы ұйымдастырылды. Байқауда қазақтың ерлер мен қыз балаларға арналған сәнді әрі қымбат шапандарын, қазақи әшекейлерді бағалап, ұлттық асымыздан дәм тартты. Балалар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, домбырамен күй тартылды.

Ұлттық киім күнін тойлау - бұл сіздің өткенімізбен мақтануға, ата-бабаларыңызды еске алуға және ғасырлар бойы өз мәдениетіңізді алып жүруге тамаша мүмкіндік деп ойлаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2024
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі