18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тұмаудың таралу жолдары мен белгілері туралы түсінік беру, алдын алу шараларын үйрету және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Күні


Сынып жетекші


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

18 қаңтар Тұмаудың алдын алу күні

Сабақтың мақсаты:

Тұмау туралы жалпы түсінік алады және оның алдын алу шаралары туралы біледі.

Құндылықтарды дарыту

- Денсаулықты қорғау және нығайту;

- Салауатты өмір салтын насихаттау;

-Жеке және қоғамдық жауапкершілік.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тұмау, инфекция, гигиена, иммунитет, алдын алу шаралары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:


Мұғалім оқушылармен амандасады, түгелдейді.


Сабақ тақырыбымен таныстырып, мақсаттарын түсіндіреді.


«Тұмаудан қорғану» бойынша қысқаша бейнеролик көрсетеді.



Тақырыпқа кіріспе: Оқушылармен «тұмау», «инфекция», «гигиена» мәні туралы әңгімелесу. Әр оқушы өз түсінігін ортаға салып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Сыныпты топтарға бөлу: Оқушыларды әртүрлі символдар салынған карточкаларды тарату арқылы үш топқа бөлу:

1-топ: Термометр суретін алған топ - «Иммунитет»,

2-топ: Вакцина суретін алған топ - «Денсаулық»,

3-топ: Дәрігер бетпердесін алған топ - «Гигиена».

Сынып сағатының мақсатын түсіндіру: Тұмау туралы жалпы түсінік алады және оның алдын алу шаралары туралы білетін болады.

Сабаққа белсене қатысып, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге және талқылауға қосылуға ынта танытқан оқышыларға «Жұлдызша » әдісі арқылы алдын-ала дайындалған арнайы белгілер береді.




Бейнеролик

https://youtu.be/hT_6yN4IdoE?si=sgrVohKLUn0cvAus


Миға шабуыл және пікірталас


Мұғалім ойтүрткі ретінде оқушыларға сұрақтар қояды.



Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына қызығушылықтарын арттыру:

  • « Тұмау дегеніміз не?»

  • « Тұмау қалай таралады?»

  • « Тұмаудан қалай қорғануға болады?»


Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңде тұмаудың таралу жолдары және тұмаудан қалай қорғануға болатыны жөнінде өз ойларын ортаға салады.


Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Платформасы

https://wordwall.net/ru/resource/69380587


Сабақтың ортасы

31 мин.

Топтық жұмыс


Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, топтық тапсырма береді.


Топтардың жұмысын қорғау критерийлері:


Әр топ постерін сынып алдында қорғап, өз тақырыптарын түсіндіреді. Қалған оқушылар сұрақтар қойып, топ жұмысын талдайды.









Топтарға берілетін тапсырмалар:


1-топ: «Иммунитет»

Тапсырма:

«Тұмаудың адам денсаулығына әсері және алдын алу жолдары» тақырыбында постер дайындау. Постерде тұмаудың денсаулыққа тигізетін зияны мен денсаулықты қорғау әдістерін көрсету.

Критерийлер:

• Тұмаудың денсаулыққа әсері қандай?

• Денсаулықты тұмаудан сақтау үшін не істеу керек?

• Тұмаудың алдын алу арқылы жалпы денсаулықты нығайту маңыздылығы.


2-топ: «Денсаулық»

Тапсырма:

«Иммунитет және оның тұмауға қарсы рөлі» тақырыбында постер дайындау. Иммунитетті күшейту әдістерін және оның тұмауға төтеп беру мүмкіндігін талқылау.

Критерийлер:

• Иммунитет дегеніміз не, ол қалай жұмыс істейді?

• Иммунитетті тұмауға қарсы қалай күшейтуге болады?

• Тұмаудың алдын алуда иммунитеттің маңызы қандай?


3-топ: «Гигиена»

Тапсырма:

«Гигиена және тұмаудан сақтану» тақырыбында постер дайындау. Тазалық шараларының тұмаудың алдын алудағы рөлі мен маңыздылығын көрсету.

Критерийлер:

• Гигиеналық тазалық тұмаудан қалай қорғайды?

• Қоғамдық орындарда және үйде тазалық сақтау шаралары.

• Гигиенаны сақтаудың қоғамға тигізетін пайдасы қандай?

Топтар бір-бірінің жұмысын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Әр топ басқа топтың постерін қарап, бағалағанда түстерді пайдаланады:

-Жасыл: Тапсырма толық орындалған.

-Сары: Тапсырма жартылай орындалған, жақсартуды қажет етеді.

-Қызыл: Тапсырма орындалмаған немесе түсініксіз.


Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.


Постер


Түрлі-түсті қалам


«Бағдаршам» әдісі



Жаңа тақырыпты ашу кезеңі



Ұжымдық жұмыс

Сұрақ-жауап



- Сұрақ-жауап бойынша оқушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.


1. Сұрақ-жауап бойынша оқушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау:

Сұрақтар:

-Тұмау дегеніміз не?

-Тұмау қалай таралады?

-Тұмаудың адам денсаулығына әсері қандай?

Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушылардың ойларын жинақтап, тұмаудың негізгі ұғымын түсіндіреді.


2. 3D-слайд көрсетілім:

Оқушыларға тұмау туралы 3D-форматтағы қысқаша бейнеролик немесе презентация көрсету.

Презентация барысында келесі мәліметтер қамтылады:

-Тұмаудың пайда болуы және оның түрлері.

-Тұмаудың қалай таралатыны туралы мәліметтер.

-Аурудың алдын алудың маңызды жолдары (вакцинация, дұрыс тамақтану, жеке гигиена).

-Тұмаудың салдарынан қоғамға келетін зиян (экономика, денсаулық сақтау жүйесіне әсері).


3. Денсаулық сақтау шараларын көрсету:

  • Оқушыларға мектепте тұмаудың алдын алу үшін жасалған шараларды көрсету:

  • Қол жуатын орындардың болуы.

  • Вакцинация туралы ақпарат беру.

  • Денсаулық сақтау апталықтарының ұйымдастырылуы.

  • Мұғалім адал еңбектің (дәрігерлер мен ғалымдардың жұмысы) арқасында тұмаудың алдын алу шаралары тиімді болып жатқанын мысалдармен түсіндіреді.

4. Талқылау:

- Оқушылардың топта талқылауына мүмкіндік беру:

-Неліктен тұмаудан алдын алу маңызды?

-Адамның денсаулығын қорғау қоғам үшін қандай рөл атқарады?

-Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

Мұғалім талқылау барысында оқушылардың ойларын бағыттап, негізгі тақырыпты ашады. Сабақтың негізгі идеясын түсіндіреді: «Тұмаудың алдын алу – әр адамның өз денсаулығына және қоғамға деген жауапкершілігі».

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.


Жеке жұмыс және талдау





















Талқылауды бағыттап, маңызды ойларды жинақтап айтады, оқушылардың эсселеріндегі тұмаудан сақтану шараларын, қоғамға пайдасын ерекше атап өтеді.

1. Жеке жұмыс:

Тапсырма:

Әр оқушыға «Тұмаудан сақтану және денсаулықты қорғау» тақырыбында шағын эссе жазу тапсырылады. Эсседе төмендегі сұрақтарды қамту ұсынылады:

• Тұмаудан сақтану үшін мен қандай әрекеттер жасай аламын?

• Денсаулығымды қорғау арқылы өзіме және жақындарыма қандай пайда әкелемін?

• Тұмаудың алдын алудың қоғам үшін маңызы қандай?

Мақсат:

Оқушылар өз ойларын жазу арқылы денсаулықты қорғаудың маңыздылығын түсінеді және жеке жауапкершілікті сезінеді.

2. Талқылау:

• Жазған эсселерін топ ішінде немесе бүкіл сыныпта оқып береді.

• Оқушылар бір-бірінің эсселеріне кері байланыс береді:

• Қандай идея жақсы әсер етті?

• Эсседе нені толықтыруға болады?

• Әр оқушы бір-бірінің пікірін тыңдап, денсаулықты қорғау және тұмаудың алдын алу туралы жаңа ойлар қалыптастырады.

Рефлексия және өзін-өзі бағалау әдісі


Әр оқушыға рефлексия жазуға мүмкіндік беру:

-«Менің эссемнің ең жақсы жағы қандай?»

-«Мен нені жақсарта аламын?»

-«Талқылауда өз белсенділігімді қалай бағалаймын?»



Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия.

Ой толғаныс:

Қорытындылау: Сабақта айтылған негізгі ұғымдарды талқылау арқылы сабақтың мақсатына жеткендіктерін анықтау. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін талдау.

Рефлексия: Оқушылар төмендегі сұрақтарға жазбаша немесе ауызша жауап береді.

Қорытындылау сұрақтары:

1. Маған сабақта қандай жаңа мәлімет түсінікті және қызықты болды?

2. Тұмаудан қорғану үшін қандай дағдыларды өзімде дамытуым керек деп ойлаймын?

3. Денсаулықты қорғау және алдын алу шараларының маңыздылығын қалай түсіндім?

4. Тұмаудың алдын алу арқылы мен өзіме және қоғамға қандай пайда әкеле аламын?

Оқушылардың жауаптары арқылы олардың сабақ барысында тұмау туралы алған білімдерін, түсінген құндылықтарын және өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін анықтау.

Бұл сұрақтар оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін, тұмаудың алдын алу шараларының маңыздылығын түсінгенін және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану дайындығын көрсетеді.

Өзін-өзі бағалау арқылы оқушы өз күшті және әлсіз жақтарын түсінеді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2024
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі