Материалдар / 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1986 жылғы желтоқсан оқиғалары

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылғы желтоқсан оқиғаларыың болу себептері мен тарихи маңызын туралы және сол кезеңдегі елдің саяси ахуалы туралы мәліметтер беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Тәуелсіздік жолындағы күрестің бастауы болған -1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы зор . Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ,әміршіл –әкімшіл саясатқа халық наразылығын білдіріп, алаңға шыққан жастардың толқуы Қазақстанның тәуелсіздікке ұмтылудағы алғашқы қадамы. Наразылықтың қозғаушы күштері- жастар,студенттер мен жұмысшылар болды.

Бұл оқиғаға түрткі болған :1986 жылы 16 желтоқсандағы Қазақстан Компартиясының V пленумының шешімі еді.Әміршіл-әкімшіл саясаттың жоғарыдан билеп ,Қазақстан халқының мүддесімен санаспай ,еліміздің өзіндік ерекшелігін білмейтін Ульянов облыстық партия комитетінің Бірінші хатшысы болған Г.В. Колбинді Қазақстан Компартиясы ОК Бірінші хатшысы етіп сайлауы және халыққа ерен еңбегі сіңген Д.А.Қонаевті республика Компартиясы Бірінші хатшысы міндетінен босатуы еді.Дегенмен наразылықтың бастауы тереңде ,елімізде сол кезеңде қалыптасқан әлеуметтік –экономикалық және саяси жағдайларға түбегейлі қарсылықтан туды. Қазақстан жері табиғат байлығының молдығына қарамастан елдің тұрмыс дәрежесі төмен болды,өндірістің шикізат өнімдерін өндіретін саласы басым дамып,экологиялық апат аймақтарының пайда болуы,халық тұтынатын өнімдердің 60% сырттан әкелінуі ,елімізде орыстану саясатының кең орын алуы,қазақ тілінің барлық салада ығыстырылуы ,қазақ тілді мектептердің өлкеміздің солтүстік және шығыс аймақтарында қысқаруы желтоқсан оқиғасының басты себептері болып табылады .Сол замандағы шындықты бұрмалап бағалаған : ұлтшылдық сипаттағы қозғалыс емес ,халықтың саяси сипаттағы бейбіт шеруі еді. Қойған талаптары ,жастардың ұрандары : «Тіліміз жойылмасын, жеріміз тоналмасын!» болатын.

Әкімшіл жүйенің қарулы күштерінің әскери әрекеттері алаңдағы наразы топты еріксіз қорғанысқа көшуге итермеледі. Орталықтың мақұлдауымен,КСРО ІІМ- нің басшылығымен алаңға жиналған халықты тарату үшін арнайы «Құйын-1986» операциясын іске асырды. Халық жасақшылары топталып ,оның қатарына 16 мыңдай адам топталды. «Халықты тарату үшін» деп ұйымдастырылған операция іс жүзінде алаңға жиналған жазықсыз жастардың ешқайсысын босатпай ,оларды тұтқындап жазалауды жүзеге асырып бастады. ХХ ғасырда қоғамдық даму деңгейі жоғары мемлекетте адам құқығы тапталып ,заңсыз әрекеттер орын алды. Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік басталды . Желтоқсанның 19-23 күндері Қазақстанның көптеген қалаларында Жезқазған,Талдықорған,Қара,анды,Арқалық ,Жамбыл, Павлодар қалаларында халықтың наразылық шерулері мен митингілер болды.Тарихи мәліметтергетерге сүйенетін болсақ желтоқсан оқиғасы күндері 8500 адам қамауға алынып,1720 адам жарақат алып, 110 адам сотталған.Қамауға алынған жастар арасында өзге ұлт өкілдері де болған.Бұл әміршіл –әкімшіл жүйеден жапа шеккен тек қазақ халқы емес ,басқа да кеңес халқы бар екендігін көрсетеді. Қатал басып –жанышталған наразылық шеруі Қазақстанның тәуелсіздігіне жол салды.Қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне ерекше ықпал етті, тұтас халықты ұлтшыл деп айыптау қазақ халқының топтасып бірігуін ,ұлттық кемелденуін күшейтті. Ұлттық рухты жандандырып , дербес мемлекет болу жолындағы күресті үдетті.

1991жылы 12 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы «1986жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлық шығарып,жауапкершілікке тартылғандар толықтай ақталды. 1990 жылы 24 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасы қаулысында «бейбіт және сан жағынан аз наразылық демонстрациясының жаппай тәртіпсіздікке ұласуы -республика басшыларының саяси дәрменсіздігінен ,қиын жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығынан және шыққысы келмегендігінен ,олардың ізгілікке емес күшке арқа сүйегендігінен»,-атап көрсетті.

-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!