1-11 сынып. Қауіпсіздік сабақтары

Тақырып бойынша 25 материал табылды

1-11 сынып. Қауіпсіздік сабақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекші үшін кмж
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1




«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР

• Мектепалды даярлық (4-5 жас)
• Бастауыш мектеп (1–4-сыныптар)
• Негізгі мектеп (5–9-сыныптар)
• Орта мектеп (10–11-сыныптар) және ТжКБ (1–2-курстар)


Page 2



МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................ 3
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар. Мектепалды даярлық (4 жас) ........... 6
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар мектепалды даярлық (5 жас) ........... 20
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 1-сынып ............................................ 34
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 2-сынып ............................................ 58
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 3-сынып ............................................ 13
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 4-сынып ............................................ 11
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 5-сынып ............................................ 31
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 6-сынып ............................................ 12
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 7-сынып ............................................ 11
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 8-сынып ............................................ 26
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 9-сынып .......................................... 185
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 10-сынып ........................................ 204
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар 11-сынып ........................................ 233


Page 3

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік
сабақтары енгізіледі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылы 31 тамыздағы № 748
Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың
құқығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған
кешенді жоспар бекітілді, ол балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі алгоритм мен нұсқаулықтарды әзірлеуді қарастырады.
Осы жоспар аясында 130 жеке қауіпсіздік сабағы (бұдан әрі – Сабақтар)
әзірленді:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін 20 сабақ;
- орта білім беру ұйымдары және ТжКБ үшін 110 сабақ.
Сабақ мазмұнына мынадай элементтер енгізілді:
1. Жеке адам құқығы мен бостандығының қорғалуы, бұл зорлық-
зомбылықтың физикалық, психологиялық және моральдық нысандарын қоса
алғанда, балалардың құқығы мен бостандығын қорғауды білдіреді.
2. Тұлғаға қажетті сапа мен тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, бұл
балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі білім алуына, медициналық көмек,
тұрғын үй және басқа да қажеттi ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
3. Қоғам мен мемлекетте адамның тұлға ретінде дамуына жағдай жасау,
бұл балалардың білім алуға, мәдениетке, спортқа және өзіндік дамудың басқа да
нысандарына қол жеткізуін қоса алғанда, жеке тұлға ретінде дамуына жағдай
жасауды білдіреді.
Сабақтардың мақсаты – балаларға күнделікті өмірде қауіпсіздікке ықпал
ететін дағдыларды үйрету; жеке басын қорғау мен айналасындағыларға саналы,
жауапты көзқарас қалыптастыру.
Сабақ міндеттері:
- жеке қауіпсіздігін қорғау шаралары туралы хабардарлықты арттыру;
- өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту;
- жауапты мінез-құлықты қалыптастыру;
- психологиялық дайындық;
- әлеуметтік құзыреттілік;
- ақпараттық қауіпсіздік.
Сабақтардың мақсатты тобы:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілері;
- жалпы білім беретін орта мектеп білім алушылары;
- ТжКБ ұйымдарының білім алушылары.
Сабақтарды апта сайын сынып сағаттарында 10 минуттан өткізу
жоспарланып отыр.
Педагогтер мен сынып жетекшілері үшін тақырыптар 130 сабаққа бөлінген.
20 тақырыптың ішінен бір жас санатынан екіншісіне ауысатын тақырыптар
бар (Мысалы, тақырыптар: «Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер»: шұғыл
қызметтердің нөмірі, төтенше жағдайлар туындаған кездегі шұғыл қызметтерге
қоңырау шалу скриптері) бірақ, сабақтың мазмұны мен берілуі әртүрлі.
Сабақ балаларға интернетте және көшеде қалай қауіпсіз болу керектігін
жақсы түсінуге көмектеседі. Ол үшін Қазақстандағы TikTok, Instagram, Facebook,
Вконтакте және Youtube платформаларының өкілдерімен балалар үшін қауіпсіз


Page 4

контентті қалыптастырудан жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Өмірде болатын қауіптің алдын алуға, болдырмауға және қажет болса, әрекет
етуге көмектесетін қауіпсіздік ережелері маңызды. Бұл ереже ғаламторда да
маңызды, егер оны қалай сақтауды білмесеңіз, онда жаһандық байланыс қауіпті
болуы мүмкін.
Қауіпсіздік тек қауіп-қатерлерден қорғану туралы ғана емес, бұл адамның өз
өмірі мен басқа адамның өміріне саналы көзқарасы, бұл біздің табиғаттың бір бөлігі
екенімізді және біздің қауіпсіздігіміз қоршаған ортаның қауіпсіздігіне және біздің
барлық нәрсеге деген көзқарасымызға байланысты екенін түсінуге көмектесетін
экологиялық сананың бір бөлігі.
Өмірге деген саналы көзқарас өзін және басқа адамдарды, олардың жеке
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін жақсы түсінуге көмектесетінін есте сақтаңыз.
Бұл бізге рефлексивті болуға және айналамыздағы адамдарды терең түсінуге
көмектеседі.
Осылайша, жеке қауіпсіздік сабақтары балаларға интернетте өзін қорғап қана
қоймай, өмірде қауіпсіз болуды үйретеді, сондай-ақ экологиялық сана мен өмір мен
қоршаған ортаға деген саналы көзқарасты дамытады.
Сабақтарда пайдаланылатын ресурстар мен бейнероликтер,
таныстырылымдар, алгоритмдер, шұғыл құтқару қызметтерімен хабарласу
скриптері жағдайдың стандартты емес дамуы кезінде, төтенше жағдайлар кезінде
жедел эвакуация кезінде шешім табу қабілетін тұжырымдауға бағытталған.
Модельді жағдаяттар шынайы өмірге барынша жақын, бұл болашақтағы
жағдайларға жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.
Жеке қауіпсіздік сабақтарын өткізу форматы
Сабақтарды өткізудің бірнеше форматы ұсынылады: бейнедәрістер,
анимациялық дәрістер және мәтіндік дәрістер, бұл оқытудың әртүрлілігі мен
ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Білімді бақылау үшін озық білім беру
технологияларына негізделген тест, кейстік, жобалық және интерактивтік
тапсырмалар пайдаланылады.
Курс өтудің жеке траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл білім
алушыларға түрлі бағыттардан, техникалық бағыттан гуманитарлық бағыттарға
дейін олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім мен дағдыларды
дамытуға мүмкіндік береді.
Оқыту нәтижесінде балалардың мынадай дағдылары қалыптасады:
1) нақты жағдайдың өмірге және денсаулыққа қауіптілік дәрежесін бағалау;
2) қауіпті жағдайда жылдам әрекет ету үшін экстремалдық ойлау;
3) өз эмоциясы мен мінез-құлқын бақылау;
4) өз мінез-құлқының және айналадағыларға ықпал ету тәсілдерінің
алгоритмін құру, жауапкершілік таныту;
5) өз эмоциялық жай-күйін тұрақтандыру және іс-әрекеттерде қауіптілік
деңгейін байыпты қабылдау жөніндегі өз ролі мен функцияларын түсіну;
6) тез эвакуациялау немесе басқа да қауіпті, күтпеген, стресстік, стандартты
емес жағдайларда шешім қабылдау;
7) арнайы қызметтермен өзара әрекеттесу кезінде өз функцияларын түсіну.
Оқыту нәтижесінде балаларда мынадай құзыреттер қалыптасады:
1) қауіпсіз және қауіпті жағдайлар туралы хабардар болу;
2) даулы жағдайлар мен келіссөздерді шешу;
3) агрессия мен зорлық-зомбылықтан қорғау;


Page 5

4) эмпатия сезімін және басқа адамдарға мейірімділікті арттыру;
5) әлеуметтік бейімделу және жаңа жағдайларға бейімделу;
6) өз қорқыныштары мен фобияларын бағалау және еңсеру;
7) өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенімділікті арттыру.
8) қауіпсіздік сезімі және өзіне сенімділік;
9) жағдаятты талдау және дағдарыс жағдайларында шешім қабылдау;
10) өз әрекеттері мен денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыру;
11) сын тұрғысынан ойлау және жағдайды бағалау қабілеті;
12) басқа адамдармен қарым-қатынас және өзара іс-қимыл жасай білу;
13) қажет болған жағдайда көмек сұраудың маңыздылығын түсіну;
14) әртүрлі жағдайда өз-өзіне және өзара көмек көрсету;
15) эмоциялық басқару және басқарушылық.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

Мектепке дейінгі ұйымдар үшін (20 сабақ):
1. ТЖ кезіндегі әрекеттер: ТЖҚ нөмірлері, қоңырау шалу скриптері
2. Үй-жайдағы қауіпсіздік
3. Көшедегі қауіпсіздік
4. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік
5. Қауіпті заттар.

1–4-сыныптар үшін (40 сабақ):
1. ТЖ кезіндегі әрекеттер: ТЖҚ нөмірлері, қоңырау шалу скриптері
2. Үй-жайдағы қауіпсіздік
3. Көшедегі қауіпсіздік
4. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік
5. Қауіпті заттар
6. Судағы, мұз үстіндегі қауіпсіздік
7. Интернеттегі қауіпсіздік.

5–11-сыныптар мен ТжКБ үшін (70 сабақ):
1. ТЖ кезіндегі әрекеттер: ТЖҚ нөмірлері, қоңырау шалу скриптері;
2. Көшедегі, көліктегі үй-жайлардағы қауіпсіздік;
3. Құқықтары мен міндеттері;
4. Судағы, мұз үстіндегі қауіпсіздік
5. Интернеттегі қауіпсіздік
6. Жасанды интеллект: қауіптер мен тәуекелдер;
7. Қаржылық сауаттылық, жұмысқа орналасу кезіндегі қауіпсіздік;
8. Салауатты әдеттер.


Page 6











«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР . МЕКТЕПАЛДЫ
ДАЯРЛЫҚ
(4 жас)


Page 7

№ 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРІ»

Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: мектеп жасына дейінгі
балаларды тосын жағдайда қажетті жедел қызметтердің телефон нөмірлерін есте
сақтауға және дұрыс қолдануға үйрету.
Негізгі міндеттер:
▪ Балаларды «Жедел қызметтер» ұғымымен және олардың негізгі телефон
нөмірлерімен таныстыру.
▪ Қандай жағдайда жедел қызметтеріне хабарласу керек екенін түсіндіру.
▪ Балаларға жедел қызмет операторына ақпаратты дұрыс әрі нақты
хабарлауды үйрету.
Материалдар мен ресурстар:
Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбынан мысалдарды көрсетуге арналған
суреттер мен бейнелер.
Шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме
материалдар.
Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе
ойыншық телефондар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және дәрігерлер мен олардың
адамдарға қалай көмектесетіні туралы әңгімелесу.
Қайда және қалай телефон соғу керек: бейнеролик қарау.
Нұсқаулық:
- Қажетті телефон нөмірін теріңіз.
- Нақты әрі сабырлы сөйлесіңіз.
- Аты-жөніңізді, қай жерде тұрғаныңызды және не болғанын айтыңыз.
Сюжетті-рольдік ойын:
- Балаларды жұпқа бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екінші бала
төтенше жағдай қызметкерінің ролін сомдайды.
- Әртүрлі жағдаяттар берілген карточкаларды таратыңыз (өрт, адам құлап
қалды, біреу көшеде айқайлап жүр және т.б.).
- Бала қажетті нөмірді теріп, операторға ақпаратты жеткізуі керек.
Жедел қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау:
- Жедел қызмет телефон нөмірлерін ойын түрінде қайталау.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы, балалар үйде қайталау үшін
жедел қызметтерінің телефондары жазылған карточкаларды тарату.
Пайдалы сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-lj
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp
https://orken-instituty.kz/ru/roditelyam
https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtmGao7l
WQuIA-hK_6ODD&index


Page 8

№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ
ҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды шұғыл қызметтерге
дұрыс және тиімді қоңырау шалуға, жедел әрекет ету үшін қажетті ақпаратты
беруге үйрету.
Міндеттері:
• Балаларды жедел қызмет нөмірлерімен (полиция, өрт сөндіру,
жедел жәрдем, газ қызметі) таныстыру.
• Төтенше жағдай кезінде телефон соғу нұсқауларының негізгі
элементтерін көрсету.
• Әртүрлі төтенше жағдайларда телефон соғу скриптерін әзірлеуге
және есте сақтауға үйрету, жедел қызметтерге телефон соғу
жаттығуларын жүргізу.

Материалдар мен ресурстар:
Шұғыл қоңыраулар мысалын көрсетуге арналған суреттер мен
бейнелер.
Шұғыл қызмет нөмірлері туралы жадынамалар және үлгі қоңырау
скрипті берілген үлестірме материалдар.
Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары
немесе ойыншық телефондар.
Ұйымдастырылатын іс-әрекет:
Жедел қызметтерге телефон соғудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті 101
Полиция 102
Жедел жәрдем 103
Төтенше газ қызметі 104,112
Бірыңғай құтқару қызметі 112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
111
Қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету:
• Сәлемдесу және таныстыру.
• Оқиға мекенжайы мен орнын көрсету.
• Жағдайды сипаттау (не болды, қандай қауіп бар, зардап шеккендер бар
ма және т.б.).


Page 9

• Оператор сұрақтарына жауап беру.
• Оператор нұсқауларын орындау.
Қоңырауға дейін және одан кейінгі тәртіп ережелерін талқылау:
• Оператор тұтқаны қойыңыз деп айтпайынша, телефонды қоймаңыз.
• Оператордың нұсқауларын орындаңыз және мүмкіндігінше
көмектесіңіз.
Бекітуге арналған тапсырмалар:
Әртүрлі жағдайларға арналған телефон соғу скриптерін жасаңыз. Мысалы:
үйді өрт шалу. Жарақат немесе ауру. Газ иісінің шығуы. Ұрлық немесе шабуыл.
Пайдалы сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp
https://orken-instituty.kz/ru/roditelyam
https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtm
Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=1


Page 10

№ 3 САБАҚ. «ТОПТАҒЫ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға барлығына қауіпсіз
және жайлы атмосфераны құру үшін топтағы негізгі мінез-құлық ережелерін үйрету.
Міндеттері:
• Балаларды тәрбие процесі кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелерімен
таныстыру.
• Осы ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
• Рольдік ойындар арқылы мінез-құлық ережелерін бекіту.
Материалдар мен ресурстар:
• Мінез-құлық ережелерінің иллюстрациясы бар суреттер немесе карталар.
• Марапаттау стикерлері немесе шағын сыйлықтар.
• Сюжетті-рольдік ойындарға арналған ойыншықтар немесе заттар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Топтағы ережелер не үшін қажет екенін түсіндіру.
Ережелерді сақтау топты барлығына жағымды және қауіпсіз етуге қалай
көмектесетіні туралы қысқаша талқылау.
Топтағы тәртіп ережелерімен таныстыру:
1-ереже. Тәрбиешіні және басқа балаларды тыңда.
Түсіндіру: «Біреу сөйлегенде, біз мұқият тыңдап, түсінуге кедергі
жасамауымыз керек».
2-ереже. Барлық адаммен сыпайы сөйлес.
Түсіндіру: «Сөйлегенде сиқырлы сөздерді қолданамыз: «өтінемін, рақмет,
кешіріңіз».
3-ереже. Ойыншықтар мен заттарға ұқыпты бол.
Түсіндіру: «Ойыншықтар мен заттар жалпыға ортақ, сондықтан біз барлығына
жеткілікті болуы үшін ұқыпты қарауымыз керек».
4-ереже. Ұрыспа және ешкімді итерме.
Түсіндіру: «Бір-бірімізге мейірімді боламыз және бір-бірімізді ренжітпейміз».
5-ереже. Бөліс және бірге ойна.
Түсіндіру: «Бірге ойнау да қызық, ойыншықтармен бөлісу де қызық».
Иллюстрация мен мысалдар: ережелерді сақтаған немесе сақтамаған
балалардың суреттерін немесе көріністерін көрсету. Ережені сақтамағанда қандай
жағдайлар болуы мүмкін екенін талдау.
Сюжетті-рольдік ойын:
Балаларды жұпқа немесе кіші топтарға бөліңіз.
Олардан ережелерді сақтау көріністерін сомдауды сұраңыз (мысалы, бір- бірін
тыңдау, сыпайы сөйлеу, ойыншықтарды бөлісу).
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы.
Негізгі тәртіп ережелерін қайталау.
Пайдалы сілтеме:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 11

№ 4 САБАҚ. «ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙ ЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ
НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: төтенше жағдайда ақпаратты
бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін
есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.
Міндеттері:
▪ Балаларға үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білудің
маңыздылығын түсіндіру.
▪ Балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте
сақтауға және дұрыс айтуға үйрету.
▪ Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерін
бекіту.
Материалдар мен ресурстар:
мекенжайы мен телефон нөмірлері бар карталар. Ойынға арналған
ойыншық қағаз «хаттар».
Марапаттауға арналған шағын сыйлықтар немесе стикерлер.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу. Үй мекенжайы мен ата-ананың телефон
нөмірлерін білу неліктен маңызды екенін түсіндіру.
Егер бала жоғалған немесе көмекке мұқтаж болған жағдайда, бұл ақпарат
қалай көмектесетіні туралы қысқаша әңгіме.
Дидактикалық ойындар
Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету:
Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер).
Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер».
Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын
білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін
мекенжайлары бар карталарды пайдаланады.
Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте
сақтауды үйрету:
Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар
екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665»
Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды
сұрайды.
Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу.
Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады.

«Хат жолда» ойыны
Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат»
(ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын
немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді.

«Телефон» ойыны
Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай
немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше
тізбек бойынша сыбырлап айтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек.


Page 12

Бекітуге арналған тапсырмалар: Бекіту үшін мекенжай мен телефон
нөмірлері жазылған карточкаларды тарату.
Пайдалы сілтеме:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 13

№ 5 САБАҚ. «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!»

Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға жазатайым оқиғаларды
болдырмау үшін, терезелердің жанында өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Міндеттері:
▪ Балаларға терезелер неге қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру.
▪ Балаларға терезенің жанында өзін ұстау ережелерін үйрету.
▪ Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балаларды дұрыс
мінез- құлыққа баулу.
Материалдар мен ресурстар:
Терезелердің жанында дұрыс және дұрыс емес әрекеттерді көрсететін суреттер
немесе карточкалар. Рольдік ойындарға арналған ойыншықтар немесе заттар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Терезелердің жанында сақ болудың маңыздылығы туралы әңгімелеу.
Терезелер алдындағы қауіптер:
Педагог қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті болуы мүмкін
екенін түсіндіреді.
Мысалы, «Егер сіз ашық терезеге тым жақын болсаңыз, құлап кетуіңіз мүмкін»,
«Тереземен ойнауға немесе терезе үстінде/алдында секіруге болмайды».
Терезе маңындағы тәртіп ережелері:
1-ереже. Ешқашан ашық терезеге жақындамаңыз. Түсіндіру: «Егер терезе
ашық болса, одан аулақ болыңыз». 2-ереже. Терезе үстінде/алдында
ойнамаңыз.
Түсіндіру: «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлап қалуыңыз
мүмкін».
3-ереже. Ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз. Түсіндіру:
«Терезені ашпас бұрын үлкендерден рұқсат сұраңыз».
4-ереже. Егер сіз ашық терезені көрсеңіз, ересектерге айтыңыз.
Түсіндіру: «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу ересектерге
айтыңыз».
«Қауіпсіз терезелер» бейнеролигін көрсету
Бейнероликті талқылау және «Терезенің жанында не істеуге болмайды» ойынын
ойнау:
Тәрбиеші әртүрлі әрекеттерді атайды (мысалы, «Ашық терезеге бару»,
«Терезеде ойнау», «Терезеден қарау»), балалар аталған әрекеттерді істеуге
болатынын немесе болмайтынын айтуы керек. Болмайтын болса, «Болмайды!»
деп себебін түсіндіреді.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы.
Терезе жанында өзін ұстаудың негізгі ережелерін қайталау.
Пайдалы сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=w4ZO1NXCl9E&list=PLA5eCSY2FeoQFtm
Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=1
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp


Page 14

№ 6 САБАҚ. «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды үйдегі қауіпті заттарды
тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.
Міндеттері:
▪ Балаларға үйдегі қандай заттар қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру.
▪ Балаларға қауіпті заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерін үйрету.
▪ Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерін
бекіту.
Материалдар мен ресурстар:
Әртүрлі заттарды бейнелейтін суреттер немесе карточкалар (қауіпті және
қауіпсіз).
Сюжетті-рольдік ойындарға арналған заттар немесе ойыншықтар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгіме жүргізу.
Қауіпті заттармен әрекет ету ережелері Үйдегі қауіпті заттар:
Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді.
Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық
заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары.
1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткір заттарды ұстамаңыз.
Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан
ересектерден көмек сұраңыз».
2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз.
Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы
мүмкін».
3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз.
Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз».
4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр
құрылғыларымен ойнамаңыз.
Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе
қоспаңыз».
«Бола ма немесе болмай ма?» ойыны
Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты
ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл
әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе
«болмайды» деп жауап беріп, себебін түсіндіреді.
«Қауіпсіз затты тап» ойыны
Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді.
Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек
және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі қауіпсіздік ережелерін
қайталау.
Бекітуге арналған тапсырмалар: үйдегі қауіпті заттардың суретін салу.
Пайдалы сілтеме:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 15

№ 7 САБАҚ. «БӨТЕН АДАМ ЕСІК ҚАҚҚАНДА АШУҒА БОЛА МА?»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға есікті қағып жатқан
бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін
үйрету.
Міндеттері:
Бейтаныс адамдарға неге есікті ашуға болмайтынын түсіндіру.
Балаларға есікті кімдерге ашуға болатынын үйрету.
Балалардың білімін практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы бекіту.
Материалдар мен ресурстар: әртүрлі адамдарды бейнелейтін суреттер
немесе карточкалар (таныс және бейтаныс).
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Есікті кімге ашуға болатынын не болмайтынын білу неліктен маңызды
екендігі туралы қысқаша әңгімелеу.
Кімдерге есікті ашуға болады:
Тәрбиеші балаларға тек жақын адамдарға ғана (мысалы, ата-әжесі, анасы,
әкесі, көрші) есікті ашуға болатынын түсіндіреді.
Есікті ашпас бұрын, тіпті есіктің артында таныс адам болса да, әрқашан ата-
анаңыздан рұқсат сұрау маңызды.
Кімдерге есікті ашуға болмайды:
Балаларға таныстарыңнан келдім десе де, бейтаныс адамдарға есік ашуға
болмайтынын түсіндіру.
Егер бейтаныс адам есікті қақса, бұл туралы үлкендерге хабарлау керек және
ешбір жағдайда есікті ашпауды түсіндіру.
«Кімге есік ашуға болады» ойыны
Тәрбиеші суреттерді көрсетеді немесе әртүрлі жағдайларды әңгімелейді, ал
балалар есікті ашуға бола ма, жоқ болмайды ма туралы айту керек. Мысалы: «Әжем
есік қағып жатыр», «Формадағы бейтаныс адам», «Анамның құрбысы» және т.б.
«Қауіпсіз қоңырау» ойыны
Тәрбиеші біреу есіктен қоңырау шалған жағдайды бейнелейді. Балалар не істеу
керек деген сұраққа дұрыс жауап беруі керек (мысалы, «Алдымен ата-анадан сұрау
керек», «Бейтаныс адамға есік ашпау керек»).
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі ережелерді қайталау.

Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/5sLJO6RBTE0?si=WF002pUrFSXM3Psc
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 16

№ 8 САБАҚ. «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ
ҰСЫНЫСТАРЫНА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды көшеде бейтаныс
адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және
бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау
керектігін түсіндіру.
Міндеттері:
▪ «Бейтаныс адам» деген ұғымды түсіндіру.
▪ Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.
▪ Практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы балалардың білімін бекіту.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Бейтаныс адамдардың жанында өзін қалай ұстау керектігін білу неге маңызды
екендігі туралы қысқаша әңгіме.
Бейтаныс адамдар кімдер?
Тәрбиеші бейтаныс адамдар деп бала танымайтын немесе бірінші рет көріп
тұрған адамдар екенін түсіндіреді.
Бейтаныс адамдармен кездескендегі тәртіп (мінез-құлық) ережелері
Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе
тәттілерді қабылдамаңыз.
Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеңіз, тіпті ол ата-анаңды танимын
десе де бармаңыздар.
Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу
«жоқ» деп кетіп қалу керек.
Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы
келсе ата-анаңызға айтыңыз.
«Бола ма, болмай ма?» ойыны
Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды әңгімелейді, ал балалар
бұл ұсынылған әрекеттерді істеуге бола ма немесе болмай ма деп айту керек.
Мысалдар: «Бейтаныс адам кәмпит ұсынып жатыр», «Көрші алма ұсынып жатыр»,
«Бейтаныс адам жол сұрап жатыр».
«Егер ..., не істеу керек?» ойыны
Тәрбиеші қуыршақтармен немесе ойыншықтармен әртүрлі жағдаяттарды
ойнатады. Мысалдар: «Қуыршақ балаларға кәмпит ұсынып жатыр», «Ойыншық
сізді дүкенге баруға шақырады». Балалар ұсынылған жағдайларға дұрыс әрекет етуі
керек.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі ережелерді қайталау.
Пайдалы сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=ho7aj-
l1u3E&list=PLA5eCSY2FeoQFtmGao7lWQuIA-hK_6ODD&index=4
https://orken-instituty.kz/ru


Page 17

№ 9 САБАҚ. «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДА ҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға жазатайым оқиғалар
мен жарақаттардың алдын алу үшін ойын алаңдарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың
негізгі ережелерін үйрету.
Міндеттері:
Балаларға ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың
маңыздылығын түсіндіру.
Әртүрлі ойын жағдайларында мінез-құлықтың нақты ережелері туралы айту.
Практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы балалардың білімін бекіту.
Материалдар мен ресурстар:
Ойын алаңындағы әртүрлі жағдайларды бейнелейтін суреттер немесе
карточкалар.
Сюжетті-рольдік ойындарға арналған қуыршақтар немесе ойыншықтар.
Марапат ретінде шағын сыйлықтар мен стикерлер беру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау неліктен маңызды
екендігі туралы қысқаша әңгіме.
Тәрбиеленушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Ойын алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік ережелері:
- Құлап кетпеу және басқа балалармен соқтығыспау үшін тым жылдам
жүгірмеңіз.
- Құмды, тасты немесе басқа заттарды лақтырмаңыз.
- Итермеңіз, күреспеңіз, төбелеспеңіз.
Әткеншекте ойнау ережелері
- Әткеншекте ойнау ережелері арқандардан немесе тұтқалардан ұстап
тербелу керек.
- Әткеншек үстінде тұруға немесе одан секіруге болмайды.
- Түсер алдында әткеншек толық тоқтағанша күтіңіз.
Сырғымада өзін-өзі ұстау ережелері:
- Аяғыңызды алға созып, отырып сырғанаңыз.
- Сырғыманың көлбеу бөлігіне көтерілмеңіз.
- Төмен түспес бұрын сырғыманың төменгі жағында ешкім жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Карусельдегі тәртіп ережелері:
- Айналған кезде тұтқалардан ұстаңыз.
- Айналып жатқанда, карусельден түсуге тырыспаңыз.
Құм жәшігіндегі мінез-құлық ережелері:
- Басқа балаларға құм шашпаңыз.
- Ойыншықтарды немесе басқа заттарды тым терең жерге көмбеңіз.
«Дұрыс-бұрыс» ойыны
Тәрбиеші суреттерді көрсетеді немесе әртүрлі жағдайлар туралы әңгімелейді,
содан кейін балалар көргендері туралы дұрыс па, жоқ па деп айту керек. Мысалы:
«Бала әткеншекте тұр» (бұрыс), «Бала әткеншектегі тұтқалардан ұстап тұр» (дұрыс).
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі ережелерді қайталау.


Page 18

Пайдалы сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
https://youtu.be/6V3tSWZCptc?si=V-_WrYZRhRjt5-Ia



Page 19

№ 10 САБАҚ. «ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДА ЖӘНЕ КӨЛІКТЕ
ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Ұзақтығы: күні бойы
Топ: ересек (4 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға саябақтар,
кинотеатрлар, ойын алаңдары сияқты қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікті
пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Міндеттері:
▪ Балаларды қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерімен
таныстыру.
▪ Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
▪ Балаларды қауіпті жағдайларды тануға және оларға дұрыс әрекет етуді
үйрету.
Материалдар мен ресурстар: ойын-сауық орындары мен көліктің
иллюстрациялары немесе суреттері.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеленушілермен амандасу.
Қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердегі ережелерді білу және сақтау
неге маңызды екендігі туралы қысқаша әңгіме.
Балалардан қандай қоғамдық орындарды білетінін және қандай көлікті
пайдаланатынын сұраңыз.
Тәрбиеленушілерді қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерімен
таныстыру:
Саябақтар мен ойын алаңдарында:
Ешқашан ата-ана мен үлкендерден алыс кетпеңіз.
Егер адасып қалсаңыз, тұрған жерде қалып, көмекке шақырыңыз. Сынған
әткеншектерде немесе басқа қауіпті жерлерде ойнамаңыз.
Кинотеатрлар мен сауда орталықтарында:
Әрқашан үлкен адамның қолынан ұстаңыз.
Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз.
Егер сізді біреу шақырса, дереу үлкендерге айтыңыз.
Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері:
Автобустар, трамвайлар және метрода:
Көлік жүргізу кезінде тұтқалардан ұстаңыз.
Терезеден еңкеймеңіз.
Салонда жүгірмеңіз.
Тек ересек адаммен бірге кіріп-шығыңыз.
Сюжетті-рольдік ойындар:
Жағдаяттарды сомдаңыз: саябақта адасу, автобуста жүру және т.б. Әрбір
жағдайға сәйкес ережені талқылаңыз. Негізгі ережелерді қайталаңыз және
балаларға бекіту сұрақтарын қойыңыз.
Пайдалы сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=v35mrFKL1Sw&list=PLA5eCSY2FeoQFtm
Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=29
https://www.youtube.com/watch?v=VDTxhl7wPJE&list=PLA5eCSY2FeoQLLoc
S-IEuEG9KjOrJzvPM&index=4


Page 20













«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР .
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ (5 ЖАС)


Page 21

№ 1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ»

Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды тобы / сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: тәрбиеленушілерге төтенше
қызметтердің телефон нөмірлерін есте сақтауды және қажет болған жағдайда
дұрыс пайдалануды үйрету.
Негізгі міндеттері:
1. Балаларды «төтенше қызметтер» ұғымымен және төтенше қызметтердің
телефон нөмірлерімен таныстыру.
2. Қандай жағдайларда төтенше қызметтерге қоңырау шалу керектігін
түсіндіру.
3. Балаларды төтенше қызмет операторына ақпаратты дұрыс және анық
жеткізуді үйрету.
Материалдар мен ресурстар:
1. Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы бойынша мысалдарды көрсетуге
арналған суреттер мен бейнелер.
2. Төтенше қызмет телефон нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме
материалдар.
3. Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе
ойыншық телефондар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Өрт сөндірушілер, полицейлер және медицина қызметкерлері кім екені және
олардың адамдарға қалай көмектесетіні туралы қысқаша талқылау.
Қайда және қалай қоңырау шалу керек екенін үйрену:
- бейнеролик тамашалау;
- қажетті телефон нөмірін теру;
- анық және сабырлы (байсалды) сөйлеу.
- өзін таныстырып (аты-жөнін, қайдан екенін айту) не болғанын айту.
Сюжеттік-рольдік ойын:
Балаларды жұптарға бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екіншісі –
төтенше қызмет операторының ролін ойнайды.
Әртүрлі жағдайлар көрсетілген (өрт, адам құлап кетуі, көшеде біреу айқайлап
жүр және т.б.) карточкаларды тарату.
Қоңырау шалуға жаттықтыру. Ол үшін бала қажетті телефон нөмірін теріп,
операторға ақпарат беруі керек.
Төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау:
Ойын түрінде төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау. Телефон
нөмірлерін есте сақтау үшін ән немесе тақпақ (рифма) ойластыру.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Балаларға үйде қайталау
үшін төтенше қызметтердің телефон нөмірлері жазылған карточкалар немесе
жапсырмалар тарату.
Пайдалы сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp
https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtm
Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=12


Page 22

№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ»

Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды тобы/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды төтенше қызметтерге
дұрыс және тиімді қоңырау шалуға, жедел әрекет ету үшін қажетті ақпаратты
беруге үйрету.
Міндеттері:
• Балаларды төтенше қызметтердің телефон нөмірлерімен (полиция, өрт
сөндіру қызметі, жедел жәрдем, газ қызметі) таныстыру.
• Төтенше жағдайлардағы қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету.
• Әртүрлі төтенше жағдайларда қоңырау скриптерін есте сақтау және төтенше
қызметтерге қоңырау шалу бойынша жаттығулар өткізу.
Материалдар мен ресурстар:
Төтенше қызметтерге қоңырау шалу мысалдарын көрсету үшін қажетті
суреттер мен бейне жазбалар.
Төтенше қызметтердің телефон нөмірлері мен қоңырау скриптері бар таратпа
материалдар.
Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе
ойыншық телефондар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Төтенше қызметтерге қоңырау шалудың маңыздылығын түсіндіру:
«Есте сақта!»
Өрт күзеті 101
Полиция 102
Жедел жәрдем 103
Төтенше газ қызметі 104, 112
Бірыңғай құтқару қызметі 112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы
туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны
туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу
үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста.
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды.
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
111

▪ Қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету (1, 2, 3-қосымша):
Сәлемдесу және өзін сабырлы (байсалды) таныстыру.
▪ Мекенжай мен оқиға орнын көрсету.
▪ Жағдайды сипаттау (не болғанын, қандай қауіп бар екенін, зардап
шеккендер бар ма, жоқ па және т.б.).
▪ Оператордың сұрақтарына жауап беру. Оператордың нұсқауларын
орындау.


Page 23

▪ Қоңырауға дейін және қоңыраудан кейінгі тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін
талқылау:
▪ Оқиға орнында болу (егер бұл қауіпсіз болса). Оператор айтпайынша,
телефон тұтқасын қоймау.
▪ Оператордың нұсқауларын орындау және мүмкін болса, көмек көрсету.
Бекітуге арналған тапсырмалар:
Әртүрлі жағдайлар үшін қоңырау скриптерін құрастыру. Мысалы: үйдегі өрт.
Жарақат немесе ауру. Газ иісінің шығуы. Ұрлық немесе шабуыл.

Пайдалы сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-lij
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp
https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtmGao7l
WQuIA-hK_6ODD&index=1


Page 24

№ 3 САБАҚ. «ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС -ӘРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды тобы/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және қолайлы даму ортасын қалыптастыру мақсатында
ұйымдастырылған іс-шаралар кезінде тәртіптің (қауіпсіздік) негізгі ережелеріне
үйрету.
Міндеттері:
▪ Балаларды топта/сыныпта тәртіптің (қауіпсіздік) негізгі ережелерімен
таныстыру.
▪ Осы ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
▪ Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін бекіту үшін балаларға рольдік ойындар
ойнатып, жаттықтыру.
Материалдар мен ресурстар:
▪ Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін бейнелейтін суреттер немесе карточкалар.
▪ Ұйымдастырылған іс-әрекет кезіндегі әртүрлі жағдайлар бейнеленген
карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу
Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде ережелерді сақтаудың маңыздылығын
түсіндіру (мысалы, барлығының өз қызығушылығына сай әрекеттермен айналысуы
үшін жайлы орта жасау).
Ережелердің топты/сыныпты барлығына жайлы және қауіпсіз етуге қалай
көмектесетінін қысқаша талқылау.
Педагог ережелердің иллюстрацияларын пайдаланып, негізгі ережелерді
түсіндіреді:
Педагогті тыңдау және тапсырмаларды орындау: педагог сөйлеген кезде,
оны тыңдау және оның нұсқауларын орындаудың маңыздылығы.
Топта/сыныпта жүгірмеу: тек сыртта немесе спорт алаңында жүгіруге
болады.
Басқалардың заттарын рұқсатсыз алмау: достарыңның жеке заттарына
құрметпен қарау.
Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде айқайламау: басқа балаларға кедергі
келтірмеу үшін жай және сабырлы сөйлеу. Мейірімді және құрметті болу.
Үстел үстіндегі тәртіпті сақтау: заттарды/құралдарды өз орнына қою және
тазалықты сақтау.
Ұйымдастырылған іс-әрекет қорытындыларын шығару. Тәртіп (қауіпсіздік)
ережелерін қайталау.
Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/UMVKB4sqULE?si=eXG4pVrj6lVX9uBh
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 25

№ 4 САБАҚ. «ЛИФТІ (ЖЕДЕЛ САТЫ) МЕН КІРЕБЕРІСТЕГІ
(ПОДЪЕЗД) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды тобы/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды лифті мен
кіреберістегі тәртіптің (қауіпсіздік) негізгі ережелеріне үйрету, қауіпті
жағдайлардың алдын алу.
Міндеттері:
• Балаларды лифті мен кіреберісте тәртіптің (қауіпсіздік) негізгі
ережелерімен таныстыру.
• Балаларды қауіпті жағдайларды тануға және сол уақытта дұрыс әрекет етуге
үйрету.
• Төтенше жағдайларда өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын дамытуға
ықпал ету.
Материалдар мен ресурстар:
Лифті мен кіреберісте өзін-өзі ұстау ережелерін бейнелейтін иллюстрациялар
немесе суреттер
Әртүрлі жағдайлар бейнеленген карточкалар
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу.
Лифті мен кіреберісте қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын талқылау.
Лифтідегі мінез-құлық ережелерін талқылау:
Лифтіні күту: лифті келгенше есіктерінен алыс тұр.
Кіру және шығу: лифт есіктері ашылғанда тез кіріп, тез шығу, табалдырықта
тұрмау.
Түймешіктермен (кнопка) ойнамау: тек қажетті түймешіктерді басу, барлық
түймешікті басудың қажеті жоқ.
Лифтіге жалғыз кірмеу: ең дұрысы, лифтіге ересектермен немесе үлкен
балалармен бірге кіру.
Егер лифті тоқтап қалса: қорықпау, саспау, диспетчерді шақыру түймешігін
басып, көмек күту.
Кіреберістегі мінез-құлық ережелерін талқылау:
№1 бейнероликті қарау. «Кіреберісте»
Бейнероликті талқылау: егер кіреберісте бөтен адам болса, не істеу керек?
Кіреберісте: бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бейтаныс адамдарға есік ашпау,
баспалдақ мен қоршауларда ойнамау, ата-аналармен/ересектермен бірге болу.
Негізгі сұрақтар арқылы бекіту:
Бейтаныс адамдарға кіреберіс есігін ашуға бола ма? Неге? Егер лифті тоқтап
қалса, не істеу керек?
Кіреберісте баспалдақтар мен қоршауларда ойнауға бола ма? Лифтіге қалай
дұрыс кіру және шығу керек?
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=3B0fLh5HPR0&list=PLA5eCSY2FeoQFtmGao7l
WQuIA-hK_6ODD&index=3


Page 26

№ 5 САБАҚ. «ДАЛАДАҒЫ ҚАУІПТІ ОРЫНДАР»
(Ашық құдықтар, қаңырап қалған ғимараттар, септиктер, құрылыс
алаңдары, гараждар)
Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды тобы/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды көшедегі қауіпті
орындарды білуге және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзін қалай дұрыс ұстау
керектігін үйрету.
Міндеттері:
▪ Балаларды көшедегі түрлі қауіпті орындармен таныстыру (ашық құдықтар,
қаңырап қалған ғимараттар, септиктер, құрылыс алаңдары, гараждар).
▪ Балаларға бұл орындардың неге қауіпті екенін түсіндіру.
▪ Балаларға қауіпті орындардағы қауіпсіздік ережелеріне үйрету.
Материалдар мен ресурстар:
Қауіпті орындардың суреттері немесе иллюстрациялары (ашық құдықтар, қаңырап
қалған ғимараттар, септиктер, құрылыс алаңдары, гараждар).
Әртүрлі жағдайлар бейнеленген карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу
Көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын талқылау.
Балалармен көшедегі қауіпті орындар туралы әңгімелесу:
Ашық құдықтар:
Ашық құдыққа ешқашан жақындама, құлап кетіп, қатты жарақат алуың мүмкін.
Егер ашық құдықты көрсең, ересек адамға айт немесе құтқару қызметіне қоңырау
шал.
Қаңырап қалған ғимараттар:
Қаңырап қалған үйлерге немесе ғимараттарға кірме, олар өте қауіпті болуы мүмкін.
Онда сынған еден, құлаған заттар немесе қауіпті жәндіктер, жануарлар болуы мүмкін.
Септиктер:
Септиктердің қақпақтарына жақындама, олар бекітілмеген болуы мүмкін. Егер
ашық септикті байқасаң, ересек адамға айт.
Құрылыс алаңдары:
Ешқашан құрылыс алаңдарында ойнама, онда қауіпті заттар көп, жарақат алуың
мүмкін.
Әрқашан құрылыс алаңдарынан алыс жүр. Гараждар:
Гараждардың жанында, әсіресе олар жабық болса және ішінде ешкім болмаса,
ойнама.
Гараждарда қауіпті құралдар немесе химиялық заттар болуы мүмкін. Балалармен
көшедегі қауіпті орындардағы тәртіп ережелерін қайталау.
Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/oCPp_7Rbrao?si=9T6S-ouQesjEBGSc
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 27

№ 6 САБАҚ. «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»
Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды топ/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды үйдегі қауіпті
заттарды тануға және жазатайым оқиғалар мен улануды болдырмау үшін дұрыс
әрекет етуге үйрету.
Міндеттері:
Балаларды үйдегі әртүрлі қауіпті заттармен (дәрілер, тұрмыстық химия, газ
баллондары) таныстыру.
Балаларға бұл заттардың неге қауіпті екенін және тәртіпсіздіктің салдары
қандай болатынын түсіндіру.
Балаларды қауіпті заттардың жанында қауіпсіздік ережелеріне үйрету.
Материалдар мен ресурстар:
Қауіпті заттардың суреттері немесе иллюстрациялары (дәрілер, тұрмыстық
химия, газ баллондары).
Әртүрлі жағдайлар бейнеленген карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу.
Педагог балаларды қарсы алып, бүгін олар үйде қандай заттар қауіпті болуы
мүмкін екенін және олардың жанында қалай дұрыс әрекет ету керектігін түсіндіру.
Үйде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Үйдегі қауіпті заттар туралы әңгіме:
Дәрі-дәрмектер:
Дәрі-дәрмектерді тек ересектердің нұсқауымен қабылдау керек екенін
түсіндіру.
Дәрілерді ешқашан өздігінен алмау және тіпті олар кәмпитке ұқсаса да дәмін
көрмеу.
Тұрмыстық химия:
Жуу құралдары, ағартқыштар, тазалау құралдары және басқа тұрмыстық
химикаттар өте қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру.
Ешқашан тұрмыстық химияны ересек адамдарсыз ашып, қолданбау.
Газ баллондары:
Газ баллондары (мысалы, аэрозольдер) дұрыс қолданылмаса, қауіпті болуы
мүмкін екенін түсіндіру.
Баллондармен ойнамау және оларды әсіресе жабық орындарда шашпау.
Сюжеттік-рольдік ойындар:
Балаларды топтарға бөліп, қуыршақтар немесе ойыншықтар тарату.
Жағдайларды сахналау: бала дәрілерді, тұрмыстық химияны немесе газ
баллонын тауып алады.
Әр жағдайдағы тәртіп, қауіпсіздік ережесін талқылау.
Ережелерді қайталау:


Page 28

Балалармен үйдегі қауіпті заттардың жанындағы қауіпсіздік ережелерін
қайталау. Балаларға «Егер дәрілерді тауып алсаң, не істеу керек?», «Тұрмыстық
химиямен ойнауға бола ма?» т.б. сұрақтар қою.
Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/topPwzQFQlE?si=3xsiXpAbNDcb8zRp
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


Page 29

№ 7 САБАҚ. «МЕН АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ БЕС
ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕС»
Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды топ/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды адасып кеткен
жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Міндеттері:
Балаларды адасып кеткен жағдайда көмектесетін бес негізгі кеңеспен
таныстыру.
Адасып кеткен жағдайда қай жерде қалудың маңыздылығын түсіндіру.
Балалардың өздері туралы маңызды ақпаратты (толық аты-жөні, ата-анасының
есімдері, телефон нөмірлері) есте сақтауларын дамыту.
Материалдар мен ресурстар: әртүрлі жағдайлар, қабылдануы тиіс әрекеттер
бейнеленген карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу
Адасып кеткен жағдайдағы бес қарапайым кеңеспен таныстыру:
1-кеңес. Орныңда қал.
Егер адасып кетсең, ең бастысы – орныңда қалу. Бұл ересектердің сені тез
табуына көмектеседі.
Көмекті күтіп, орнында тұрған баланың иллюстрациясын көрсету.
2-кеңес. «Анашым/Әкем» деп қатты дауыстап, айналаға мұқият қара.
3-кеңес. Егер телефон болса, ата-анаңа қоңырау шалып, тұрған жеріңді айт
(немесе айналаңдағы нәрселерді сипатта). Телефон жоқ болса, ересек адамнан
қоңырау шалуды өтін. Егер анаңның/әкеңнің телефон нөмірін білмесең, біреуден
полицияға қоңырау шалуды өтін. Егер формадағы полицейді көрсең, оған барып,
адасып кеткеніңді айт.
4-кеңес. Егер көшеде/саябақта адасып кетсең, қауіпсіз жер тауып, сонда кір.
Мысалы, жақын жердегі дүкен, бутик немесе кафе.
Кассирге, сатушыға, әкімшіге, күзетшіге, даяшыға немесе тазалаушыға бару.
Адасып кеткеніңді айтып, көмек сұра.
5-кеңес. Бейтаныс адамдарға еріп кетпе
Ешқашан бейтаныс адамдарға еріп кетпе, тіпті олар көмек сұраса да.
Орныңда қалып, сенім артуға болатын адамдардың көмегін күт.
Бейтаныс адаммен кетпей тұрған баланың иллюстрациясын көрсету.
Ережелерді қайталау: Балалармен адасып кеткен жағдайда қолданылатын бес
қарапайым кеңесті қайталау.
Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/8rz3wsHhc0Y?si=ZHH-0Nn_TgQAIb91
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij



Page 30

№ 8 САБАҚ. «МЕН АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ БЕС
ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕС»

Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды топ/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды бейтаныс адам оларды
алып кетуге тырысқан жағдайда дұрыс әрекет етіп, өздерін қорғап, көмек шақыруға
үйрету.
Міндеттері:
Балаларды бейтаныс адамдармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.
Балаларға бейтаныс адамдардың ұсыныстарынан бас тартудың
маңыздылығын түсіндіру (балмұздақ, кәмпит, сағыз, ойыншық және т.б.).
Балаларды күмәнді жағдайларды тануға және мұндай жағдайларда дұрыс
әрекет етуге үйрету.
Материалдар мен ресурстар: әртүрлі жағдайлар бейнеленген
иллюстрациялар немесе суреттер, қабылдануы тиіс әрекеттер бейнеленген
карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу. Бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысса, қалай
әрекет ету керектігін түсіндіру.
«Бейтаныспен кездесу» графикалық бейнеролигін қарап, негізгі қауіпсіздік
ережелерін талқылау:
1-ереже. Ешқашан бейтаныс адамдарға ерме
Балаларға бейтаныс адамдарға еріп кетуге болмайтынын (тіпті олар қызықты
немесе тәтті нәрселер ұсынса да) түсіндіру.
Балаға бірдеңе ұсынған бейтаныс адам бейнеленген иллюстрацияларды
көрсету.
2-ереже. Сенімді ересектерге жақын бол
Балаларды әрқашан ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жанында болуға
үйрету.
Ересек адамның қолынан ұстап тұрған баланың суретін көрсету.
3-ереже. Дауыс шығарып, көмекке шақыр
Бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысса, балалар «Көмектесіңдер!» немесе
«Мен бұл адамды танымаймын!» деп қатты айқайлау керектігін түсіндіру.
Дауыс шығарып тұрған баланың суретін көрсету.
4-ереже. Қауіпсіз орынға қарай жүгір
Балаларды қауіпсіз орынға жүгіріп баруға мысалы, ата-анасына, педагогке,
полиция қызметкеріне немесе сенуге болатын басқа ересек адамға үйрету.
Қауіпсіз орындардың (дүкен, мектеп, полиция бөлімі) суреттерін көрсету.
5-ереже. Болған жағдайды ересек адамға айт
Балаларды кез келген күмәнді жағдай немесе бейтаныс адамның оларды алып
кетуге тырысқаны туралы ересек адамға міндетті түрде айтуға үйрету.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
18.11.2024
186
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі