Материалдар / 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне арнаған мерекелік сценарийі.

1-маусым «Балаларды қорғау» күніне арнаған мерекелік сценарийі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар үйінің ұжымы және кішкентай бүлдіршіндер. Арманы бір, үні бір, Аға ардақты, іні гүл. Бақыт туын көтерген, Балалардың күні бұл. Бүгін бізде мереке, «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» - Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Астана қаласы Мамандандарылған балалар үйінің 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне арнаған мерекелік сценариі.

Өтетін күні: 2017жыл, 1-маусым

Өтетін орны: қысқы бақ

/Фанфар ойналады, жүргізуші шығады/

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар үйінің ұжымы және кішкентай бүлдіршіндер.

Арманы бір, үні бір, 
Аға ардақты, іні гүл. 
Бақыт туын көтерген, 
Балалардың күні бұл.
Бүгін бізде мереке,
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. 
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен деген тілекпен кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

/көңілді музыка ойналады, балалар шеңбер айналып орындарына отырады, ертегі музыкасы ойналады/

I - сюжет.Ертекші әже:

Ерте, ерте ,ертеде,

Ешкі жүні бөртеде.

Қырғауыл қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен. Ғажайып ертегі әлеміне қош келдіңіздер.

/Сахнаға велосипедпен почтален Атима шығады, есікті қағады/

-Сәлеметсіз бе әже. Менің сізге сәлемдемем бар.

/қолына сиқырлы құмыра береді/

Ертекші әже: рахмет саған пошташы Печкин.

/құмыраны ысқылайды, осы кезде Алладин кілеммен ұшып шығады/

Алладин: Менің атым Алладин. Кез келген 3 тілегіңізді орындаймын. Әміріңізге құлдық.

Ертекші әже: Менің бірінші тілегім ертегі кейіпкерлері Маша мен Аюдың мерекеге келсін.

/Маша ертегісінің музыкасы ойналады, сахнаға Маша мен Аю шығады/

Маша Мен Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгінгі мерекелерің құтты болсын. Біз сендерге ертегі әлемінен келдік. Сендермен ойын ойнап, өнерлеріңді тамашалап, мерекені бірге қарсы алғымыз келеді. Бола ма?

/Балалар иә деп жауап береді./

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,

Көркейтер күніңді ертеңгі.

Үйренген өнерін көрсетсін,

Бүлдіршін балалар белсенді.

Маша және аю. Біздің бүлдіршіндеріміз мерекеге арнап жаттаған тақпақтарын айтып берсін.

Жанарыс:

1.Ойыншықтар көп менде,

Бүлдірмеймін бұзбаймын.

Апай топтан кеткенде,

Кітаптарын сызбаймын.

2. Мысығым ұнайды,

Мяу-мяу деп сүт сұрайды.

Мысығым жақсы,

Доппен ойнайды.

Ратмир.

Отан - туған еліміз,

Отан - туған жеріміз.

Отан –ортақ үйіміз.

Көңілді ән мен күйіміз.

Айару:

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

А-деді, Б-деді,

Р-ға тілі келмеді.

Балжан:

Жел соғады бетіме,

Ағаштарды желпіді.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік-биік өседі.

Маша: Жарайсыңдар балалар.

Басқа қандай өнерлерің бар?

Достарымыз бар қуанып,  
Тамашалар кештерде  
Талшыбықтай бұралып,  
Биші боламыз өскенде.  

Ендігі кезекте біздің қыздарымызбен қосылып бір би билеңдер.

«Қыздар биі»

Маша мен Аю. Бәрекелді балалар. Қандай тамаша би билеп білесіңдер. Біз сендермен енді ойын ойнағымыз келіп тұр.

/Аю мен жемістер ойыны./

II-сюжет. /Алладиннің музыкасы ойналады./

Алладин:Енді сенде екі тілек бар. Екінші тілегіңді айта бер. Орындауға дайынмын.

Ертекші әже: Мен енді Гена мен Чебурашканы көргім келеді.

Алладин: Осы ғана ма тілегің. Қазір орындаймын.

/сахнаға Генаның әнімен, Гена және Чебурашка шығады./

Гена мен Чебурашка: Амансыңдар ба балалар. Бүгінгі мерекелерің құтты болсын. Біз де сендерді ертегі әлемінен мерекемен құттықтап, көңілдеріңді көтеру үшін келдік. Менің қасымдағы Чебурашка тақпақ жаттап келді.

Ильяс тақпақ:

Домала доп, домала.

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды.

Бүлдіресің қолыңды.

Жүргізуші: рахмет саған Чебурашка.

Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні.

Мақтап кетсін осы жұрт,

Балалар деп үлгілі.

«Балдырған» әнін қабыл алыңыздар.

1.Біз балдырған баламыз.

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.2рет



2.Біз балдырған баламыз.

Құлыншақтай шабамыз.

Балапандай талпынып ,

Көкке қанат қағамыз.2 рет.

Гена мен Чебурашка: Біздің де сендермен бір ойын ойнағымыз келеді.

Ойын «Жастықпен ойын»

Жүргізуші: Біздің балалар топтасып билегенді жақсы көреді. Қане барлығымыз бірге «Полька» биін билейік.

Балалар, ертегі кейіпкерлері сендер өте тамаша би билейді екенсіңдер. Орындарыңа отыра қойыңдар.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,  
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың.  
Қадамдарың сәтті болсын, балалар,  
Тілектерің қабыл болсын ағайын! Дей келе құттықтау сөз кезегін Астана қаласы Мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері береміз.

/құттықтау сөзі, келген қонақтардың құттықтау сөздері/

/сахнаға Алладин шығады/

Алладин: енді сенде соңғы тілек қалды. Айта бер.

Ертекші әже: менің 3-тілегім, балаларға сыйлық бер!

/ барлық кейіпкерлер сыйлықтарды таратады./

Жүргізуші: Ертегі кейіпкерлері сендерге көптеген сыйлықтар әкеліпті. Қабыл алыңдар.

Жүргізуші: Бақшаға біз гүл ексек,  
Балдырғаным, сен үшін,  
Бақытыңды жыр етсек,  
Балдырғаным, сен үшін  
Жігіт болар,күні ертең  
Балдырғаным, гүл еркем  
Бақытты бол,өсе бер,  
Құтты болсын мерекең! 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарамыз осымен аяқталмайды, алда балаларды қызықты ойындар мен кейіпкерлер күтіп тұр. Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек сау болыңыздар дейміз. 







Астана қаласы Мамандандарылған балалар үйінің

1-маусым «Балаларды қорғау»

күніне арнаған мерекелік сценариі.







Астана 2017 жыл

09 Шілде 2019
1179
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі