Астана қаласы «Мамандандырылған
балалар үйі» МКМ
1-наурыз «Ризашылық» күніне
арналған іс-шара.
Өтетін орны: Қысқы
саябақ.
Басталуы:10.00.
Тақырыбы: «Алғыс айту
күні»
/фанфары ойналады, сахнаға
жігіт пен қыз жүргізуші шығады/
Жігіт: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы
күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір
жырын.
Татулығын жырға қоссам
ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың
бірлігін.
Қыз: Қуаныштан желпілдейді
түндігім,
Барлығына алғыс айтар күн
бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін
бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған
кіндігін!
Армысыздар құрметті қонақтар,
балалар үйінің ұжымы.
Қыз:Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде
тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық
қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған,
Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты
күні. Жігіт:Мемлекет басшысы Алғыс айту күні туралы:
«Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын
барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол
адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні
ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да
жақындастыра түспек.Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл
қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын
мерекесі бола алар еді», – деген
болатын.Ендеше татулық пен
достықтың, береке мен бірліктің, адалдық пен жақсылықтың басын
қосқан Алғыс айту мерекесі құтты болсын. Қазақстанда 130дан аса
өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Ендеше ортаға бүгінгі мерекенің
кейіпкерлерін
шақырайық.
/Фондық музыка шаңырақ астында қазақша киім
киген әйел, жан-жағында әр түрлі ленталарды ұстап балалар әр түрлі
ұлт өкілдерінің киімінде
шығады./
/Балалармен шаттық шеңберін құрады, балалар
/
Амансың ба алтын
күн,
Амансың ба жер
ана.
Амансың ба,
достарым
Шақырамыз
шаттыққа
Достық, бірлік
мереке,
Құтты болсын
баршаға.
/балалар орындықтарға отырады, шаңырақты алып
кетеді./
Грузин
Шыңғыс: Гамарджоба генацвали! Я
спустился к вам с высоких гор Грузии. Поздравляю вас с праздником
Ризашылық. В Грузии все умеют танцевать лезгинку. А вы
умеете?
Жүргізуші:
Әрине білеміз. Балалар қанекей лезгинка биін
билеп берейік.
-
«Лезгинка биі» Орындайтын Вали, Манат, Данил,
Дидар.
/Сахна сыртынан жылаған дауыс
шығады./
Жүргізуші
Жігіт: - Балалар тыңдаңдаршы, біреу
жылап келе жатқан секілді. /Осы кезде жүрек жылап ортаға
келеді/
Жүрек:- Ой балалар, мені достарым
ойнатпай қуып жіберді. Менің енді достарым жоқ. Маған дос болатын
сендер секілді әдемі, мейірімді балалар
керек.
Жүргізуші
Жігіт: - Сәлеметсің бе мейірімді
жүрек ! Сен жылама, сенің достарың тастап кетсе, мұнда өзің сияқты
көптеген балалар бар, олар саған қуана-қуана дос болады. Балалар,
мейірімді жүрекке дос боламыз ба?
Балалар: иә
Жүргізуші
Жігіт: - Міне көрдің бе, сенің енді
достарың көбейді. Біздің балалар сенің көңіліңді көтеріп, тақпақтар
айтып берсін. Ал сен тақпақ білесің бе?
Жүргізуші
қыз:
Алтын сәуле
арайлы
Біздің үйге
тарайды.
Қуанышпен шат
күліп
Қарсы алайық мәз
болып,
Тақпақшы
балаларды.
/тақпақтар
айтады./
1.Балдырған
баламыз,
Досты көп
табамыз.
Қашан да, қайда
да,
Достармен
боламыз. Гүлайым.
2.Достар бірге
жүреміз,
Бірге ойнаймыз,
күлеміз.
Міне біздер
қандаймыз,
Арайлап атқан
таңдаймыз.Вали
3.Достық –
шырағымыз,
Достық-ұранымыз.
Достық
туымыз,
Достық
әніміз.Манат
4.Дос болайық
бәріміз,
Жарасып тұр
әніміз.
Тыныштықты
сақтаймыз,
Атсын күліп
таңымыз. Данил
5.Сары, ақпыз,
қарамыз,
Бәріміз де
баламыз.
Шаңырақты
құрамыз,
Бір Отанда
тұрамыз. Аяулым
Жүрек: балалар сендерге рахмет,
қандай тамаша тақпақтар
білесіңдер.
Жүргізуші
Жігіт:
Бейбітшілік құсы, ақ
көгершін.
Биік ұшып,
самғасын.
Тілегімді жерге
жайсын,
Қанаттары талмасын. Астана қаласы орталық
циркінен келіп отырған бейбітшілік символына айналған көгершін мен
өнерпазды ортаға шақырайық.
/Көгершіндермен
номер/
/көңілді Лунтик музыкасы ойналады, Ортаға
үлкен Лунтик шығады/
Лунтик:
Сәлем балалар, сендер қандай мерекені тойлап
жатсыңдар?
Жүргізуші
Қыз: Лунтик бүгін бізде Ризашылық, алғыс айту
мерекесі.
Лунтик:
ааа мен көңілді әрі мейірімді ойынды білемін.
Ойнайық па?
/4 қадам алға, 4 қадам
артқа/
Жүргізуші
Жігіт:Біздің мемлекетімізде 130-дан аса өзге ұлт
өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Балалар сендер ән білесіңдер
ме?
Балалар:
Білеміз.
ЖүргізушіҚыз:
Көңілді өскен
балалар,
Күлім қағып
тұрады.
Ертеңгілікке сән
беріп,
Шырқатып әнге
салады.
Ортаға Аяулым есімді қызымызды
«Зеңгір көктем» әнімен қарсы алыңыздар»
1.Зеңгір
көктем
Нұрын
төккен
Ортақ біздің
үйіміз.
Жайнап
өскен
Жайдары
өскен
Біз - өмірдің
гүліміз.
2. Ал
достыққа
Жолдастыққа
Шақырады
әніміз.
Тыныштықта
Нұр
құшақта
Бақыттымыз
бәріміз.
Жүргізуші
Жігіт:Бүгінгі мерекемен құттықтап
келіп отырған
өнерпазымыз орындауында «
»әні. Қабыл алыңыздар!
/Белые ромашки музыкасысы
қойылады/
ЖаннаА:
Бүгінгі күн-нұрлы
күн,
Жарық шашқан
әлемге.
Ескеретін күн
бүгін,
Ризашылық қой әр елде. Біз де
сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтап келдік. Балалар менің
қолымдағы не?
Дұрыс бұл түймедақ гүлі. Осы
гүлмен бірге сендермен би билегім келеді.
/Жанна А. Аяулым, Гүлайым,
Карина, Даша/
/Әсем әуен орындалады сахнаға
көгершін шығады/
Жүргізуші
Жігіт:Балалар қараңдаршы бізге қонаққа мейірім құсы
ұшып келді.
Мейірім
құсы:Сәлеметсіздер ме қонақтар, кішкентай
бүлдіршіндер. Мен мейірім құсымын. Бүгін жылдар бойы көмек көрсетіп
келген демеушілерге, жаны жайсаң адамдарға алғыс айтуға келдім. Әр
бір адамның жүрегіндекішкентай ғана күн сәулесі бар. Ол сәуле -
мейірімділік. Әрқашан бір-бірімізден көмегімізді аямай,
мейірімділік танытып жүрейік. Мейірімділік жамандықты, зұлымдықты
жеңеді. Ендеше музыкалық аспаптарды қатты-қатты соғып жамандық
атаулыны қуып жіберейік.
Жүргізуші
жігіт:Келесі әсем әуенді назарларыңызға
ұсынамыз.
Жүргізуші
Қыз:
Жамандық Алла
бермесін,
Ұрпақтар соғыс
көрмесін.
Тілегіміз біздің
де,
Әрқашан күн
сөнбесін.
/Барлығы бірге шығып әнді
орындайды./
Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін Астана
қаласы әкімдігі Мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері
Кенжебаева Сәуле Кенжетаевнаға
беріледі.
/Құттықтау
сөзі./
Қонақтардың құттықтау
сөздері.
Балаларға сыйлық
таратады.
Жүргізуші:
Келесі
мерекеде кездескенше сау
болыңыздар
Қатысушылар.
1.Жүргізушілер –Аслан,
Жайна.
2.Ассамблея – Ирина
В.
3.Жүрек – Атима К.
4.Лунтик– Гүлзира Н.
5.Орыс биі – Жанна
А.
6.Грузин- Шыңғыс
7.Мейірім құсы – Сапия
Т.
Концерттік
бағдарлама.
1. «Лезгинка»
биі
2.
Тақпақтар
3.Көгершіндермен
номер
4.Ән «Зеңгір
көктем»
5. Ән
6. «Түймедақ»
биі
7.4 қадам алға, 4 қадам
артқа.
8.Саксафон
9.Әрқашан күн сөнбесін – 3
тілде.
Астана қаласы әкімдігінің
«Мамандандырылған балалар үйі» МКМ
Орындаған: Марат
Ж.
Астана қаласы 2018
жыл.