Материалдар / 1-сынып. Сынып сағаты. «Буллингтен қорған» Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ»

1-сынып. Сынып сағаты. «Буллингтен қорған» Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ»

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып.Сынып сағаты. «Буллингтен қорған» Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ»
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады







«Буллингтен қорған»

Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ»




Сынып жетекшісі:

Сынып: 1 «А»






















2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы:

«Буллингтен қорған»

Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ»

Құндылық:

Бірлік және ынтымақ. Заң және тәртіп

Мақсаты:

Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болуы; Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу; Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу; Өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алу; Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу; Айналасындағыларға көмек көрсету.

Қауіпсіздік сабағы: төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болады; Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін біледі; Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын біледі; Өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алады; Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта біледі; Айналасындағыларға көмек көрсете алады.

Қауіпсіздік сабағы бойынша: төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйренеді.

Уақыты

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Гимн орындалады.

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo

Бейнематериал қарап, не түсінгенін сұрау

Мұғалімді мұқият тыңдайды.



Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.

Презентация

Жазба дәптері


Сабақтың ортасы

25 мин

Буллинг деген не?
Мұғалім буллингтің анықтамасын қарапайым тілмен түсіндіреді:
"Буллинг – біреуге әдейі жамандық жасау, мазақтау, кемсіту немесе қорқыту. Бұл сөздер арқылы да, қимылдар арқылы да болуы мүмкін."

Мысал келтіру:
Мұғалім буллингтің мектепте немесе басқа ортада қандай түрде болатынын қарапайым мысалдармен түсіндіреді:

    • Біреуді кемсіту, мазақтау.

    • Достарының арасына қоспау, шеттету.

    • Қорқыту немесе күш көрсету.

Талқылау: «Не істеуге болады?»

Оқушылармен бірге талқылау:

  • Буллингке тап болғанда не істеуге болады? (Мұғалімге, ата-анаға немесе сенетін досқа айту).

  • Егер біреу достарын мазақтап жатса, қалай көмектесуге болады? (Жанында болу, қолдау көрсету).

  • Қарсы әрекет ету – әрқашан күш қолдану емес. Достық пен мейірімділік маңызды.

Ойын: «Дос болайық!»

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа "қиын жағдайлар" беріледі. Мысалы:

    • Бір бала сыныпта өзін жалғыз сезініп жүр.

    • Біреуді басқа балалар киімі үшін мазақтап жатыр.

Қорытынды

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін тыңдау.
"Бүгін не үйрендік?" "Буллингтен қалай қорғанамыз?" деген сұрақтар қою.

Мұғалім: "Әрқайсымыз мейірімді болсақ, бір-бірімізді қолдасақ, бәрімізге жақсы болады" деп қорытынды жасайды.

-мұғалімді мұқият тыңдайды



























-Оқушылар бұл жағдайларды шешу жолдарын ойластырады және ойнап көрсетеді.









Презентация

Жазба дәптері









Үлестірмелі материалдар




































10 мин

Қауіпсіздік сабағы:

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы.

Күн сайын таңертең адам үйден шығып, қоршаған ортамен араласады, кездейсоқ қиын жағдайлар, апаттар болуы мүмкін. Бұл қиындықтар «Төтенше жағдайлар» деп аталады. Төтенше жағдай бұл адамның қиын және жағымсыз жағдайларға ұшырауын білдіреді.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Тіршілік қауіпсіздік негіздері туралы, қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер. Сақтықта қорлық жоқ Қауіп аяқ астында Үйдегі, көшедегі, табиғаттағы қауіпсіздік.

Тапсырма: 3 минут ішінде қауіпті жағдайларда қауіпсіздік ережелерін мүмкіндігінше көбірек еске түсіріңіз: үйде, көшеде, табиғатта…

Болжалды жауап нұсқалары:

Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Сіріңкелермен ойнамаңыз.

Тоқ көзінен ажыратарда сымынан тартпаңыз.

Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз. Мұз үстінде жүрмеңіз. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіңіз. Таныс емес саңырауқұлақтарды, жидектерді жеуге болмайды. Жолдың үстінде ойнамаңыз. Жолда жүру ережесін сақтаңыз.

Бейтаныс заттарды алып, үйге әкелмеңіз.

Досыңызға барғанда, ата-анаңызға хабарлаңыз.

Дәрі-дәрмектерден абай болыңыз. Терезеден шықпаңыз. Лифтіге бейтаныс адамдармен кірмеңіз. Даладағы тоқ сымдарын қолыңызбен

ұстамаңыз.

4. Тақырыпқа кіріспе. Әңгіме

Біздің ең маңызды міндетіміз – өзімізге және айналамыздағы адамдарға жауапкершілікпен қарау, қауіптерді болжай және тани білу, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау. Қауіп бізді барлық жерде күтеді: жолда, аулада,

үйдің кіреберісінде тіпті біз болатын кез келген жерде. Ата-анаңызбен бірге арнайы «құпия сөз» ойлап табыңыз. Бұл сөз құпия, оны ешкім білмеуі керек (тек қауіпті жағдайларда қолдану керек). «Қауіп», «қиындық» және т.б. деген сөздер болмау керек – шабуылдаушы сіздің ата-анаңызға сигнал жіберіп жатқаныңызды білмеуі керек. Егер бұл сөз тіркесі болса, өте қолайлы. Мысалы, «Жасыл шарф».

5. Білімді бастапқы игеру және түсінгендерін тексеру. Біздің сынып үшін «құпия сөз» ойлап табыңыз.

6.Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс

«ӘдебиЖетекші: Сіз көптеген ертегілерді білесіз. Бірақ, қазір сіз өмір қауіпсіздігі негіздерін бұзу, қайғылы салдарға әкеп соқтырған ертегілерді еске түсіріп, себебін түсіндіруіңіз керек.

1. «Бауырсақ», «Пиноккионың шытырман оқиғалары», «Қызыл телпек» – бейтаныс дамдарға шамадан тыс сенім

2. «Қасқыр мен жеті бала» – бөтен адамдарға есікті ашпаңыз.

3. «Ұр тоқпақ», «Қаздар-аққулар» – үлкендерге мойынсұныңыз.

4. «Ұйқыдағы ару» – үшкір заттардан абай болыңыз.

5. «Қар ханшайымы» – алда келе жатқан көлікке жабысуға болмайды.

6. «Мысық үйі» – отпен ойнауға болмайды.

7. Қорытынды


-мұғалімді мұқият тыңдайды.








.

Презентация

Жазба дәптерлері



Жадынама

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14


Сабақтың соңы

5мин




Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз










Жариялаған:
Алмаханова Аида
18 Қазан 2024
1586
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі