Облысы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде
«22 наурыз-Жыл басы» тақырыбында өтекен іс шараға
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Ұлттық киім-ұрпаққа мұра»
Мақсаты:
Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып,оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту.Эстетикалық тәрбие беру.
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Жауаптылар: ТЖО,сынып жетекшілер
Орындау мерзімі: Наурыз
Негіздемесі:
Бүгінгі сабақты осы тақырыпта өткізгелі отырған себебіміз:халқымызда ата-бабларымыздан қалған,қазіргі күнімізге де кәдемізге жаратарлық мұра жетерлік.Солардың бірі қазақты өзге халықтардан ерекшелеп,ажыратып тұратын ұлттық киімі.Жас есейіп,ер жеткен соң,кез келген ұлтын сүйген,саналы азамат халқымыздың ұлттық киімінің мәні мен мазмұнын терең түсініп,оны заман талабына сай өзгертіп,ықшамдап кигенін теріс деуге болмайды.Атадан бала ширек кем туатынын ескерсек,ата бабадан артық олардан озық мәдениет жасай алмағанымызды ұмытпағанымыз абзал.Осы тұрғыдан алғанда,халқымыздың өткен тарихына,өмір тіршілігіне үңіле қарасақ,оның салт-дәстүрінде,әдет-ғұрпындаүйренер,ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғкастырар талай тағылымды ұлағат бар.
Киім адамның мінез-құлқын,таным түсінігін,қоршаған ортамен қарым-қатынасын,беделін, жан-дүниесін айқындап,көрсетіп тұрады. Біздің халық киім үлгісінің адамның жасына,жыл маусымына,тұрмыс қажеттілігіне,сымбатына,үстіне қонымына,жүріп тұруына ыңғайлы болуына асқан жауапкершілікпен қараған.Қазақтың ұлттық қыз бала киімі,келіншек киімі,әсіресе,бас киімі бір-бірінен ерекше болса,ер адамдардың киімдері де бөлектенбегенімен, оның да өзіндік айырмашылықтары бар. Ұлттық киім барлық тарихи және қазіргі киімдердің бастамасы.Әрбір киімнің өзіндік мәні,мағынасы бар,соларға тоқталып өтейік.
Мектебімізде 22 наурыз Ұлттық киім-ұрпаққа мұра тақырыбында ұлттық киімдер шеруі өткізілді. Шараға мектеп оқушыларының барлығы толық қатыстырылды. Оқушыларға ұлттық киімдер туралы айтылып, шағын сұрақтар қойыла кетті.
Қорытынды ұсыныс:
Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор роль атқарады.Әсемдікті көре,сезіне,түсіне білу адамның рухани өмірін байтады.қызықты етеді.Оған ең жоғарғы рухани ләззат сезінуге мүмкіндік береді.Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат – оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатыстыру,тіл,сөз өнерін дұрыс меңгерту,әдепті сөйлеуге баулу,олардың бойында белгілі бір адамгершілік эстетикалық мәдениетті,көркемдік талғамды,шығармашылық қабілетті тудыру.Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп,заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе,сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса,ұлттық сәнге айналып,қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе,нұр үстіне нұр болар еді.
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары:

22 наурыз-Жыл басы тақырыбында өтекен іс шараға
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Амал келді – жыл келді»
Мақсаты: Баланы жан-жақты дамыту. Балаға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып,қадірлеуге тәрбиелеу. Балаларға қоршаған әлемнің тұтас бейнесін адамдар мен табиғат әлемінің арасындағы өзара байланыс пен тәуелділігін түсінуін қалыптастыру. Қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттыру, оны зерттеу үдерісі барысында танымдық құзызерттілігі қалыптастыру әрі дамыту.
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Жауаптылар: класс жетекшілер
Орындау мерзімі: Наурыз
Негіздемесі:
Амал да мерекеміз де келіп жетті. «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді. Балалар наурыз айының 14-ші жұлдызында қасиетті «Көрісу айты» мерекесі бар. Бұл күн өте қасиетті ай. Алысты жақындатып, өкпе-реніжді тарататын күн.Бір-біріне қарызын, борышын таратып,бір-бірін кешіретін күн. “Көрісу айтын” Қазақстанның батыс аймақтарында ғана,яғни біздерде тойлайды,14- наурыз жыл басы деп санаймыз, ал қалған елдімекендерде “Ұлыстың ұлы күні” 22-наурызда күн мен түн теңеліп, жаңа жылды тойлайды. Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде 14 наурыз күні барлық сыныпта бірыңғай «Амал келді Жыл келді» сынып сағаттары өткізілді.Оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, видео материал көрсетілді.
Қорытынды ұсыныс:Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы: «Тарихы терең,әз Наурыз»
Мақсаты: қушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету.
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Жауаптылар: Тарих пәні мұғалімі,кітапханашы
Орындау мерзімі: Наурыз
Негіздемесі:
Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, рухани құндылықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Осы бір құбылыстың өзі оның сипатын аша түскендей.
Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақыштартармен безендірілді, киіз үй макеті қойылып, кілем төселіп гүлдермен безендірілді. Ұстаздар,оқушылар көрмеден өздеріне қажетті мәліметтерді ала алды.
Қорытынды ұсыныс:
Наурыз елдің дәстүрінде ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың бастауы болып отырған. Бұл күн-жаңару, жасару, жасану уақыты.
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
-

Тақырыбы: «Бабамыздан қалған асыл мұра»
Мақсаты:
-
халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. -
ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру.
-
ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Жауаптылар: дене шынықтыру мұғалімдері
Орындау мерзімі: Наурыз
Негіздемесі:
«Бабамыздан қалған асыл қазына» қазақтың ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ойын басталмас- бұрын пән мұғалімдері оқушыларға ұлттық ойындармен таныстырып бейне жазба көрсетілді. Ұлттық ойындарға анықтама беріп кетсек.
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.
Аударыспақ ойыны. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады.
«Тоғызқұмалақ»
ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам
қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл
ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды,
айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі
ойын.
«Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар
берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер
алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға
арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені
тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді
талап ететін, аса қызғылықты ойын.
«Қыз қуу»
ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен
жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың
орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса,
қыз оны қамшының астына алады.
Қорытынды ұсыныс:
Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі. Сонымен ұлттық ойындар – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес.

Тақырыбы: «Жүрек жылуы», «Наурыз дастарханы» акциясы (жағдайы төмен отбасыларға азық түлік корзинасын ұйымдастыру
Мақсаты: көп балалы, аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы балаларының мектепке келмей қалуының алдын алу.
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Жауаптылар: ТЖО ,класс жетекшілер, мектеп психологі,Әлеуметтік педагог
Орындау мерзімі: Наурыз
Негіздемесі:
Жоспарды негізге ала отырып, жоспар бойынша акцияға қатысу туралы ұстаздарды демеушілікке шақырып, өтініштер жолданды.
Акция аясында демеушілердің мұқтаж балаларға көмектесуі ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайлары төмен оқушыларға, аз қамтылған, көп балалы отбасылары анықталып, оларға азық түлік үлестірілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғасытырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.
Қорытынды ұсыныс:
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.

Тақырыбы: «Қош келдің ,әз Наурыз»
Мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Жауаптылар: ТЖО, мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілер
Орындау мерзімі: Наурыз
Негіздемесі:
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
22 наурыз Жыл басы 22 наурызға анықтама өткізілген іс шараға

шағым қалдыра аласыз