22 наурызға арналған ертеңгілік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

22 наурызға арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды тобының 22 наурызға ертеңгілік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Галактика2» бөбекжай бақшасы



«Наурыз -жыл басы!»

Мектепалды «Зерек» тобы

Ересек «Қарлығаш»тобы







Өткізген: Лукпанова И.А

Ахболатова А.Б















Атырау-2025



Бекітемін: директор Тлебалиева А.А

Күні: 19.03.25ж

Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы!»

Мақсаты:Қазақтың мейрамдары Наурыз мейрамы туралы балаларға түсінік беру,ұлтжандылыққа,дәстүрлерді қастарлей білуге тәрбиелеу,ұйымшылдыққа,өнерге баулу.

Көрнекіліктер: Киіз үй макеті.Ұлттық бұйымдар,бесік,сандық,дорбадағы асықтар.

Қатысқандар:Ата әжелер,балалар,















































Залда қазақтың ұлттық күйі ойнап тұрады,балалар орындарына орналасады.

Бірінші Әже: Армысыздар, ағайын! Бүгінгі күн барша қазақ халқы үшін ерекше күн!Көктемнің күн шуағын ала келген, Жаңа жылымыз – әз-Наурыз құтты болсын!Бүгін біздің ауылда немерелерімнің тілашар тойы.Соған бүгін Қарлығаш ауылы қоңаққа келеміз деген өміздері қайда екен.Міне міне өздеріде келе жатыр. Бүгін біздің ауылда немеремнің қырқынан шығару тойы және ұлкен немеремнің тіл ашар тойы болғалы жатыр.Көрші ауылдын балалар тойға шақырғам.

Қарлығаш ауылы қоңаққа келеді.

Жүргізуші Зерек: Біз – "Зерек" ауылы,

Достықпен біз жиналдық.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ақ тілекпен ән салдық!



Жүргізуші Қарлығаш: Біз – "Қарлығаш" ауылы,

Бірлік пенен татулық.

Наурыз тойын қарсы алайық,

Достық бізге жақындық!

Тақпақ Зерек тобы



Жүргізуші Зерек: Балалар әжелерімізге арнап өлен шумақтарымызды арнап бериік.

Ән: Дастархан Зерек әні

Жүргізуші Қарлығаш: Балалар бізде өнерімізді көрсетеиік.Ортаға шығып би билеп бериікші.

Би: Батырлар

Жүргізуші Қарлығаш: Балалар отырып шаршаған шығарсыздар ортаға шығып ойын ойнайық.Ол үшін ортаға екі жақтан бір бірден шығып қол күресеміз.

Ойын: Қол күрес.

Жүргізуші Қарлығаш: Біздің балалар шетінен өнерлі біздің балалар аспаптардан әдемі әсем әуен шығара алады.

Оркестр: Қарлығаш

Әже Зерек: Бүгін біздің ауылда Тілашар тойы сіздерге Тілашар тойы қандай салт дәстүр екенің түсіндіре кетейін.

Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.

Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.

Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.

Әже Зерек: Балалар сіздерге тағыда мағұлмат бере кетиін.

Ертоқым – 10-30 литрлік сыйымдылықта теріден өңделіп жасалған қапшық. Тері ішінен шелмен тігіледі. Бұл ыдысқа сусын құйылады. Торсықты малдың терісінен жасайды. Оның жан торсық, мүйіз торсық, тағы басқа түрлері көп. Мүйіз торсықты қазақтар киелі заттардың біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз, қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді. Мүйіз торсықтың тағы бір құпиялы сыры бар. Оның екі жақтағы иілген мүйізінің бұрышына қымыз сақталып қалады. Оны қанша жұсаңда кетпейді, биенің сүтін құйып қойса болды қымызды өзі-ақ ашытып тұрады. Сондықтан оны қымыз ашытатын ыдыс ретінде де пайдаланады. Теріден жасалған ыдыстардың күннің ыстығынада да, суығында да бір қалыпты температурады сусын сақтайтын қасиеті бар. Мұндай ыдыстарға құйылған сусынды алыс сапарға шыққан жолаушылар қоржынға салып немесе қанжығаға байлап алып жүреді.

Жүргізуші Зерек: Біздің қыздар шетінен өнерлі ортаға шығып әжелеріміз бен аналарымызға өнерлерімізді көрсетейік.

Би: Зерек (Торсық)

Әже Қарлығаш: Бүгін менің немеремнін қырқынаң шығару сол рәсімді сіздің ауылға келіп жасау бұйырыпты.

Қырқынан шығару– сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткенде орындалатын ғұрып. Бұл ғұрыпты көбіне әділдігімен аты шыққан, көркем мінез-құлықты кісіге жасатады. Қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестенің қарын шашын ер кісі алған, ұрпағы өсіп-өнген қария әже 40 қасық суды баланың үстіне құйып тұрып “30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын” деп тілек айтқан. Баланы Қырқынан Шығару тойына жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырған ыдысқа “Күні күмістей жарқырап тұрсын” деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі. Қария анаға көйлектік мата, шашын алған ер кісіге тақия, т.б. сыйлықтар беріледі. Қарын шашты шүберекке түйіп, бөбек киімінің иығына қадап қояды. Өнерлі әйелдердің біріне “Он саусағы майысқан шебер, өнерлі болсын” деп баланың тырнағын алғызады.











Әже Қарлығаш: Көшпелі қазақ халқы құртты қалай жасаған?

Көшпелі қазақ халқының құрт жасау әдісі бойынша алдымен айран-шалапты сабаға жинайды. Оған сүтті пісіріп құяды, кейде шикілей де құя береді. Саба толған кезде пісіп, майын алады.

Құрттың жасалуы мынадай:

  • Айран-шалапты сабаға жинау;

  • Іркіт пен майды пісу;

Май алынғаннан кейін қалғанын іркіт деп атайды. Іркіт қайнатылады. Оәбден қайнап қоюланған соң және сары суы шыққаннан кейін қапқа құйылады да, сары суынан ажыратылады. Содан соң суын әбден сорғытып, кептіреді. Осыны құрт деп атайды.

Жүргізуші Зерек: Көрші ауылдан келген қыздарымыздың қандай өнерлері бар екен.

Жүргізуші Қарлығаш: Біздің қыздар шетінен өнерлі.

Би:Кесе

Жүргізуші Қарлығаш: Бүгін бізде мереке мерекеге арнап ән шырқайық.

Ән: Наурыз

Әже Зерек: Қыздарым мына киіздің оюын тігіп әдемілеп кестелейік. Ал ұлдарымызды екі топқа бөліп арқан тартысайық.

Ойын: Киіз тоқу,Арқан тартыс.

Жүргізуші Зерек: Балалар біздің ауылдын тойы сіздерге ұнадыма.Қазақ халқы қонақжай халықтардын бірі.Сол үшін қонаққа келген ата-әжелерімізден бата сұраймыз.

Әже Қарлығаш: Балалар не отырыс біздің ауылда да,той болып жатыр тойды біздің ауылға барып жалғастырайық.

Музыка әуенімен балалар шығып кетеді.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі