№28 "Ақбай" жалпы орта мектебінде "Қамқорлық" акциясы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№28 "Ақбай" жалпы орта мектебінде "Қамқорлық" акциясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде «Қамқорлық» республикалық акциясы. № 28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясын өткізудегі мақсат - күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адхамова Дильфуза Юлдашбековна

Ақбай ауылы

28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогі.



28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде «Қамқорлық» республикалық акциясы.


28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясын өткізудегі мақсат - күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.

Міндетті жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау, оқумен қамтылмаған немесе дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды және мектеп жасындағы балалардың сабағын немесе олардың сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспауына ықпал ететін себептерді анықтау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Х.Абдугапирова, И.Мадалиев, әлеуметтік педагог – Д.Адхамова, әлеуметтік талдаушы А.Мамбетова, педагог – психологтар – Ғ.Абдурахманов, С. Казакбаева және сынып жетекшілері №28 «Ақбай» жалпы орта мектебіне қарасты мөлтек ауданға рейд жасап, ондай оқушылар жоқ екені анықталды.

Әлеуметтік педагог Д.Адхамова, әлеуметтік талдаушы А.Мамбетовалар тарапынан мектептегі жетім балалар, мүгедек балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың, материалдық жағдайы төмен отбасыда тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметіне барлық сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары тартылып, мектеп бойынша жалпы 46 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтсақ, 4 ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұл жетім балаларға, 7 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 5 аз қамтамасыз етілген, 8 толық емес отбасы, 7 жартылай жетім, 15 көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары И.Мадалиев және тарих пәні мұғалімі М.Абдимавланованың ұйымдастыруымен «ҚР – да бала құқықтарының қорғалуы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Қамқорлық» акциясын өткізуде мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге ниет білдіретін әлеуетті қайрымдылық көрсетуші ағаларымызға Сіздің Отбасыңызға бақ пен береке тілей отырып,көпке жылу сыйлаған мейірімді Жүрегіңіз бен қайырым қолын созған Аялы алақаныңызға Алланың нұры жаусын деп тілейміз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2018
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі