400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

№2 БЖБ әдебиет 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
№2 БЖБ әдебиет 9-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-тоқсан «Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

9-сынып қазақ әдебиеті пәні № 2 БЖБ

Оқылатын шығарма: Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым", Бұқар жырау

"Тілек","Әй, Абылай, Абылай", "Асқар таудың өлгені" өлеңдері,

«Біржан - Сара айтысы».

Оқу мақсаты:

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды

талдау;

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура)

түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Бағалау критерийі:

  • эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарға талдау жасайды;

  • шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін анықтайды;

  • шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Орындау уақыты: 20 минут

Тапсырма.

  • Сөз анасы не?

  • Су анасы не?

  • Жол анасы не? – деп сұрайды Бала би.

  • Сөз анасы – құлақ.

  • Су анасы – бұлақ

  • Жол анасы – тұяқ деп жауап береді Сырым.

1-тапсырма. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы Сырым Датұлы «Ана» сөзін не үшін қолданғаны жайлы ойларыңызды білдіріңіздер.

1.ПІКІР. _____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2.ДӘЛЕЛ. ___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

3. МЫСАЛ. __________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

4. ҚОРЫТЫНДЫ. ____________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2-тапсырма. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңін көркемдік ерекшелігіне талдаңыз.

Мысал

Көркемдегіш құрал атауы

Алпыс басты ақ орда,

Ардақтаған аяулың...


Үшінші тілек тілеңіз:

Үшкілсіз көйлек кимеске.


Желкілдеген ту келіп,

Жер қайысқан қол келіп...


Тоқсандағы қарт бабаң

Топқа жаяу бармасқа.


Иісі жұпар аңқыған,

Дауысы қудай саңқыған


3-тапсырма. «Біржан мен Сара» айтысының негізгі түйіні мен шешімін жаз.

Айтыстың шешімі қандай болды?

Негізгі түйінін анықта





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

- эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарға талдау жасайды;

1

«Ана» сөзін не үшін қолданғаны жайлы өз пікірін білдіреді;

1






Айтқан пікіріне дәлел келтіреді;

1



Ойын мысалмен дәлелдейді;

1



Қорытынды шығарады.

1

шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін анықтайды;

2

Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңін көркемдік ерекшелігіне талдайды;


1

1


шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.


«Біржан мен Сара» айтысының шешімін анықтайды;

1

1



Негізгі түйінін анықтап, жаңашылдығына баға береді.

1

1

Барлығы – 10 балл



Дұрыс жауаптар

Тапсырма.

  • Сөз анасы не?

  • Су анасы не?

  • Жол анасы не? – деп сұрайды Бала би.

  • Сөз анасы – құлақ.

  • Су анасы – бұлақ

  • Жол анасы – тұяқ деп жауап береді Сырым.

1-тапсырма. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы Сырым Датұлы «Ана» сөзін не үшін қолданғаны жайлы ойларыңызды білдіріңіздер.

1.ПІКІР. Ана – өмірдің бастауы, тіршіліктің алтын арқауы.

2.ДӘЛЕЛ. Әнет баба: «Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы - әйел», - деген.

3. МЫСАЛ. Сол сияқты Сырым Датұлы да «сөздің бастауын – құлақ, судың бастауын – бұлақ, жолдың бастауын – тұяқ» деп толғайды.

4. ҚОРЫТЫНДЫ. Қорытындылай келе, барлық тіршілік иесінің тамыры – оның анасы.

2-тапсырма. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңін көркемдік ерекшелігіне талдаңыз.

Мысал

Көркемдегіш құрал атауы

Алпыс басты ақ орда,

Ардақтаған аяулың...

Эпитет, ассонанс

Үшінші тілек тілеңіз:

Үшкілсіз көйлек кимеске.

Эпитет, ассонанс

Желкілдеген ту келіп,

Жер қайысқан қол келіп...

Эпитет, аллитерация

Тоқсандағы қарт бабаң

Топқа жаяу бармасқа.

Эпитет, аллитерация

Иісі жұпар аңқыған,

Дауысы қудай саңқыған

теңеу

3-тапсырма. «Біржан мен Сара» айтысының негізгі түйіні мен шешімін жаз.

Айтыстың шешімі қандай болды?

Негізгі түйінін анықта

Сараның ауыр күйзеліске түсіп отырғанын білген сезімтал ақын Біржан жығылған үстіне жұдырық болмасын деген оймен «Жиенқұлды алдырма, Сараның тырнағынан садаға кетсін», дей отырып, Есімбек пен Тұрысбекке: «Сараны жылатпай, теңіне қосыңдар, ардақты ақынның обалына қалмаңдар», деп ақыл айтады.

Айтыс – майдан, айтысқан адамдар майданның жекпе-жектегі батыры. Жеңу үшін қатты шабуылдар жасалса да мін емес. Ендеше, Біржан мен Сара бір-біріне тең ақын. Олар мақсаына жетті. Олай дейтініміз, Біржан ағалық қамқормен Сараға теңдік әпереді. Сара Біржанды аға деп сыйлайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12.12.2024
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі