Материалдар / 2.Тіл мерекесіне орай дайындалған сценарий

2.Тіл мерекесіне орай дайындалған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
2.Тіл мерекесіне орай дайындалған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
306
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ямышев жалпы орта білім беру мектебі



«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тілдер мерекесі.



Сынып жетекшісі: Жанпеисова М.Г.

Сынып: 3 «А»







2022-2023 оқу жылы

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тілдер мерекесі.

Мақсаты: ересектерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Ересектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
 
Жүру барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, кұрметті  қатысушылар! Біз бүгін Қазақстан Республикасының Тілдер күніне жиналдық.

Мемлекетіміз біреу. Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Сан ғасырлы тарихымыздың куәсі -  көпұлтты еліміз бар. Сол көпұлтты халқымыздың басын біріктіретін  - рәміздеріміз. Бүгінгі салтанатымызды Мемлекеттік рәміздерге құрметтен  бастайық.

Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

 І жүргізуші: Құрметті қатысушылар! Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған салтанатқа қош келдіңіздер! Сіздерді ұлттық мереке - Тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. 
22 қырқүйеқ күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қантарда елбасымыз Н. А. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жарияланды.

IІ жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  біздің алдымызға  ана тілімізді ұмыт қылмай 3 тілді меңгеруді міндет етті.

Көп тіл білу – өмірді жаңа қырынан ашу. Өйткені біз тілмен бірге сол халықтың салты мен дәстүрін. Мінез- құлығын, жан дүниесін ашамыз. Біздің мектебімізде де 20 дан астам ұлт өкілдері оқып, білім алады. Олар бір –бірімен бір үйдің баласындай тәрбиеленуде.

І жүргізуші: Елімізде 140- тан астан ұлттар мен ұлт өкілдері тұрыды. Әр ұлттың өз мәдениеті, тілі, тарихы, бір-бірімен байланысты тағдыры бар.

ІІ жүргізуші: Тілдер мерекесінің идеясы: тіл – халық мәдениетнің бір бөлігі. Ұлттардың мәдениеті - мемлекетіміздің өркениетінің бір бөлігі.

І жүргізуші: Сондықтан да мемлекетіміздегі әр ұлт өзінің тілін үйренуге, сақтап ұрпақтан–ұрпаққа беруге құқылы.

ІІ жүргізуші: Қазақ тілімен орыс тілінен басқа тілдеріміз де дамуда.

І жүргізуші: Елімізде ұлттық мәдени орталықтар,  ұйғыр, қазақ, татар, неміс, украин, түрік сыныптары бар мектептер жұмыс істейді.

ІІ жүргізуші: Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы.Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.: Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан.

І жүргізуші:  Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ол ғылым,саясат, экономика тілі. Сондықтан біз оны білуіміз қажет. Ел басымыз да біздің алдымызға осындай мақсат қойып отырғаны белгілі.
ІІ жүргізуші: біздің мектептің оқушылары осы міндетті қалай орындап жатыр екен.
      
І жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың, 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. 
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың. 
 Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде! 
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде! 
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! 
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде! 
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! 

Туған тілім - тірлігімнің айғағы 
Тілім барда айтылар сөз ойдағы 
Өссе тілім, мен де бірге өсемін 
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,-

Халқым- теңіз толқыған, тілім терең 
Мен мақтанам баршаға тілімменен 
Ең асылың не?- десе құрметтейтін 
Ойланбастан асылым тілім дер ем.

Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып,еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ