Материалдар / 3- сынып дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3- сынып дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2018
3947
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Мектеп: «Шекарашы» орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чажаев А.С.

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұжымда жұмыс атқару

Оқу мақсаттары

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігің керектігін түсінеді

Бағалау критерийлері

Түрлі дене қызметтеріне қатысу керектігін қарайды және түсінеді

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі

  • көшбасшылық ролдер, қорғаушы көмекші

  • кеңістіктнгі ойлау: сызық, бұрандық, кедергілер, шеңбер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма?

Сіздер айта аласыздар ма, неге біз ойын ойнайтын жерді мұқият таңдап аламыз?

Құндылықтарды даруыту




Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне әсер ету, қимыл дағдыларымен мен іскерліктерін қалыптастырау және жетілдіру, негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу, барлығын бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету.

Пәнаралық

байланыстар

Физика (доппен ойынау барысында допты лақтырып, ұшырған кезде, ұшу траекториясын анықтайды)

АКТ қолдану

дағдылары

АКТ, сурет арқылы көрсету.

Бастапқы білім


Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. Топтық және жұптық жұмыс істеу арқылы қозғалмалы және спорттық спектірлік қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар










Сабақтың басы

10 мин



І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сантики, Фантики, Лимпопо» ойыны. Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір оқушыны таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі оқушылардың ішінен бір оқушыны жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі оқушыларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі оқушылар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған ойыншы ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.










Сабақтың ортасы

25 мин.

(Т, К, ҚБ) «Кім күшті» - ойыны. Сыныпты екі командаға тең бөлу. Алаңнын ортасынан сызық сызылады. Осы сызықтан 2-3 м.жерге деиін оңға және солға параллель екі сызық сызылады.

Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрады. Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей болуы керек. Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіледі. Ойында екі команда бірін-бірі өз жағына тартып

бітірмейінше аяқталмайды. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады.

Ойынды күрделендіруге болады, яғни ек ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келіп, белдерінен ұстап, тартады.

Ережесі.

Тартысуды белгі берілгеннен кейін бастайды.

Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір немесе екі қолмен тартысуға болады

Ойыншы қарсыласын ортаңғы сьізықтан 2-3 метр

жердегі сызыққа тартып шығуы керек. Тартысу ыңғайы өзара келісіледі.


Дескриптор:

  • ойыншылар сызылған сызыққа келіп оң қолдарымен ұстасып өз жағына тартып алуды біледі;

  • сол қолдарын белдерінен ұстап тартуды түсінеді;

  • өз жағына ойыншыларды тартып алуды және қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау


Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Ысқырық, бор.

Балаларға арналған қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

Сабақтың соңы

5 мин.


Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою Кері байланыс үшін парақ




Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді

  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»

  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы

  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу

  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар

  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау

  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!