Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
3 деңгей мұғалімінің жыл бойы атқарған жұмысының есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Атбасар ауданы білім бөлімінің
Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі» КММ
дене шынықтыру пәні мұғалімі Нығмет Ержанның жылдық есебі
(III деңгей)
2017-2018 оқу жылы
III деңгей мұғалімінің міндетінің негізгі факторлары сыныптарды оқытуды басқару.
Ойлау жолдары: Оқу үдерісін білу,сын тұрғысынан ойлау,дарынды оқушыларды анықтау,қалай оқу керектігін үйрену.
Жұмыс әдістері: Оқыту үшін бағалау,диалогтік оқыту,тәжірибе туралы рефлексия.
Жұмыс құралдары: АКТ-ны қолдану,сандық технологиялар,қалыптастырушы бағалау,өзін өзі және өзара бағалау,орта мерзімді жоспарлау және бағалау.
2017-2018 оқу жылына арнап циклограмма жасадым.Жоспарыма шешуі табылмаған күрделі мәселелерді қамтуды ойластырдым.
Негізгі міндетім сыныпты оқытуды басқару болғандықтан алғашқы жұмысымды оқушылармен сауалнама жүргізуден бастадым.
Сауалнаманың мақсаты:
1.Оқушының мұғалімді бағалауы,оқушының өзін-өзі бағалу деңгейіне деген көзқарасты анықтау;
4 сынып оқушылары арасында өтілген сауалнамаға 25 оқушы қатысты.
1.«Мен ұстаздарды сыныпта мінезімен көре аламын»деген сұраққа сауалнамаға қатысқан 25 оқушы да «ешқашан»деп үн қатқан.Яғни ұстаз оқушылармен жақсы мінезбен қатынасып қалыптасқан.
2. «Мұғалім сабақта 50% өзі көп сөйлейді»деген сұраққа 2 оқушы «сирек»деп жауап берсе ,23 оқушы «ешқашан»деген жауапты белгілеп отыр.Оқытудың заман талабына сай қазіргі сабақтарда сөйлеудің көп пайызын мұғалім емес оқушы алуы керек.
3.Ал «мұғалім сабақта аз сөйлейді»деген сауалға 2 оқушы «жиі»деп жауап қатса,2 оқушы «сирек»деген жауапты белгілеген.Бұдан шығатын қорытынды 2 сұраққа сайма-сай келеді.
4. «Мен сабақты бар ниетіммен атқарамын»деген сауалға 25 оқушы бір дауыспен «ия»деп жауап қатыпты.Сөйтпегенде ше,ол оқушылардың ең сүйікті дене шынықтыру сабағы емес пе.Яғни сабақ өте тартымды өтеді деген мағына.
5. «Мен сабақтың мақсатының дұрыс қойылғанын қадағалаймын»деген сауалға 3 оқушы «жиі»деп жауап берсе,қалған 22 оқушы «сирек»деп жауапты белгілеген.
Қорытынды:оқушыларға сабақтың мақсаты емес,құрылымы қызықтыратыын болу керек.
6. «Маған әр сабақтың алдында қойған мақсаты түсінікті»деген сауалға
20 оқушы «жиі»деп жауап қатса,5 оқушы «сирек»деген жауапты таңдаған.
7. 8.«Маған өз достарымен бірге берілген тапсырманы талдауға мүмкіншілік беріледі», «Біз сабақ үстінде бір – бірімізге сұрақ қоя аламыз»деген сауалдарға 22 оқушы «жиі»деген жауапты таңдаған,ал 3 оқушы «сирек»деген жауапты белгілеген.Яғни мұғалім сирек деп белгілеген пайыз аз болса да оған көңіл бөлу керектігін аңғару керек.
9. «Сабақ үстінде кабинет ішінде қозғалыс жасап басқа оқушымен қарым-қатынас жасай аламыз»деген сауалға 25 оқушы түгелдей «жиі»деп жауап қатқан.Бір қарағанда бұл сұрақтың жауабы күдік ұялатуы мүмкін,бірақ бұл қозғалыс сабағы,яғни дене шынықтыру сабағы ғой.
10.11.12.13. «Сабақта біз сыныптасымызбен жұптасып тапсырма орындай аламыз», «Сабақ үстінде топтық жұмыс ұйымдастырылады», «Мен өз сыныптасымды және өзімді бағалай аламын», «Мұғалім сабақ үстінде көмектесіп кеңес бере алады»деген сауалдарға 25 оқушы түгел «ия»деген жауапты белгілегенінен ,мұғалімнің 3 деңгей идеясын сабақта сәтті іске асырып жатқанын көре аламыз.
14. «Мұғалім маған көмектеседі, конспекті жазуыма, таблица сызуға, жоспар құруға, қосымша материалдармен жұмыс жасауға»деген сауалға сыныптағы 25 оқушының 10 оқушысы «жиі»деп жауап қатса,15 оқушы «сирек»деген жауапты таңдаған.Одан шығатын қорытынды:өз бетінше жұмыс жасауға 40 % оқушы мұғалімнің көмегін қажет етеді.
Осы сауалнама негізіне сүйене отырып жоспар жасадым.
Жоспарыма келесі сұрақтарды қамтыдым.
1.Іскерлік топпен бірлесе отырып жақсы-қарым қатынас орнату құру.
2. Жеті модуль сабақта (Қоғамдастық мұғалімдері арасында)
3. Дарынды балалармен жұмыс.Оқытуда ҚБ элементтерін пайдалану
4. Әдістемелік керуен. Аймақтық кәсіби қоғамдастық мектептері арасында әдістемелік тәжірибе алмасу
5. Талдау құжаттарын толтыру.Мектеп сайтына жүктеу.
Іскерлік топпен және әдістемелік бірлестік мүшелерімен ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып дене шынықтыру сабағының ҰМЖ –ын жасау барысында арнайы нұсқаулықты басшылыққа алдық.
2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар оқытудың жаңа бағдарламасына көшті.Бұл сыныптардың ҰМЖ ,ОМЖ,ҚМЖ жасауда басқа сыныптарға қарағанда айырмашылығын қарастырдық.Және осы сыныптарда КБ жүйесінің енгізілгені де назарда болды.Бағалау,электронды журналды толтыруда нұсқаулыққа жүгіндік.
ҚМЖ жасауда ортақ тақырыпты назарда ұстадық.
Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты. Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті мәселе болып келеді.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың жүйке жүйесіне ықпал етіп, мазасызданудың пайда болуына итермелеп отыр. Сондықтан бүгінгі таңда осындай келеңсіз жағдайлардың болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдары қарастырылуда. Әрі бүгінгі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін білім беруде білімді бақылаудың дәстүрлі құралдары жеткіліксіз болып отыр.
ОүБ-ды оқыту мен оқу үдерісінде қолданған кезде өте тиімді.
Бұл мұғалімдерге мақсатқа қол жеткізуге арналған әр түрлі жаттығулар мен аспектілер арқылы көмек беру үшін әзірленген.
Қараша айында өз әріптестеріме әдістемелік көмек ретінде «Қалыптастырушы бағалау формасын денешынықтыру сабағында қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырдым.
Дөңгелек үстел барысында оқыту үшін бағалу құралдарымен таныстырып ғана қоймай,оның оқушы үлгерімініе қаншалықты әсер ететіндігі жайлы талқыладық.
Оқыту үшін бағалаудың түрлері өте көп,оның 70-тей түрін атап айтуға болады.
Соның ішінде денешынықтыру сабағына қолдануға қолайлы келесі ОүБ түрлеріне тоқталдым.Олар:1.Сыныптастарды бағалау.2.Топтық жауаптар.3.Өзін-өзі бағалау.
4.Ашық және жабық сұрақтар арқылы бағалау.5.Стикерлер арқылы бағалау.6.Блоб ағашы.7.Екі жұлдық ,бір тілек. 8.Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру (постерлер) 9.Дұрыс емес пікір.10.Күту уақыты.11.Оқушылар сұрақ құрастырады.
Осы тапсырмаларды практика түрінде көрсете отырып,тиімділігін талқыладық.
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.
Өзін-өзі бағалауда білім алушы nапсырманы орындауда нені жасау қажет? Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? Тапсырманы толығымен жеке өзі орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? деген сұрақтарға жауап іздейді.
Тәжірибеде жиі қолданыстағы өзін-өзі бағалау техникаларына сипаттама беруді жөн санадық.
Сұрақ қою әдісі. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
«Басбармақ» әдісі. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
«Бұны білемін, ол қолымнан келеді. Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. Бұны мүлде білмеймін, білуім керек» статегиясы.
«Бағдаршам» әдісінде түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді. Дегенмен бағалаудың өзіндік қиындықтары да бар. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда білім алушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
Өзін-өзі бағалау білім алушының танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі танымдық әрекет кезінде ол өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Әр баланың біліміндегі кемшіліктерінен гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқу керектігімен қалай оқу керектігін көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалуы, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі маңызды. Осы әрекеттер арқылы оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызады. Аталған әрекеттердің барлығы қалыптастырушы бағалау барысында жүзеге асады.
Сонымен, қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалаудың дәстүрлі бағалаудан келесі артықшылықтарын атап көрсетуге болады:
-
білім алушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
-
білімге деген ынтасын арттырады;
-
білім алушының өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді.
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.
Әдістемелік керуен. Аймақтық кәсіби қоғамдастық мектептері арасында әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында 3 базалық деңгей мұғалімдері арасында ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Ашық сабақты 2 сыныпта «Қозғалмалы ойындар»тақырыбында өткіздім.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың допты менгеруін арттыру, ойыны мәдениетін қалыптастыру.
Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту
Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін барынша қолданумен қатар,ҚБ элементтерін дене шынықтыру сабағында қалай тиімді қолдануға болатындығы жайлы сұрақты қамтуға тырыстым.
Сабақты жоспарлау барысында келесі бағыттарды ұстандым.
1.Мұғалімнің оқыту мақсатын дұрыс қоя білуі,оқыту мақсатына жетуі(мақсаттарды оқушылармен талқылау,тапсырмалар сол мақсатқа жетуге бағтталған ба,мұғалімнің қолдауы)
2.Сабақтағы ортақ тақырыптың көрініс табуы.
3.Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жоспарлауы және талдауы.
4.Саралау(тапсырма,нәтиже,жұмыс қарқыны,қолдау,ресурстар,топтау,рөлдер,үй жұмысы,диалог/сұрақтарды пайдалану)
5.Қалыптастырушы бағалауды қолдануы
-Сұрақты тиімді қою
-Өзара,өзін-өзі бағалауы
-Кері байланыс
-Мақсат+критерийлерімен оқушыларды таныстыру
-6.Оқушылардың әрекетке белсенді қатысуы (белсенді оқыту әдістерін қолдану)
7.Тілдік мақсаттардың жүзеге асырылуы.
8.Дағдылардың дамуы (қарым-қатынас,өзара әрекеттесу,ынтымақтастық)
Сабақ жоспарға сай тиімді өтті және әріптестер тарапынан жақсы бағаланды.
ҚМЖ құру барысында саралау тәсілдерін басшылыққа алып отырдым.
1.Сабақтың мақсаттарын саралау.
2.Ойлау дағдыларының деңгейіне қатысты жетістік критерийлері мен тапсырмаларды іріктеуді саралау;
3.Орындалудың әртүрлі нәтижесіне бағытталған тапсырмаларды қолдану;
4.Сараланған үй жұмысы
5.Саралауды есепке ала отырып оқушыларды топтастыру және топ ішінде рөлдерге бөлу;
6.ҚБ мәнмәтінінен саралау;
7.Әртүрлі деңгейдегі және қажеттіліктері бар оқушыларға мұғалімнің қолдау көрсетуі
8 .Ресурстарды саралау.
3 базалық деңгей мұғалімінің негізгі жұмысы сыныпппен болғандықтан,дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «Тоғызқұмалақ»тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағын өткіздім.
Мақсаты:Тоғызқұмалақ ойынын үйрету,білімін тереңдету,шапшаң ойлауға,нақтылыққа баулу;
2.Ойнау дағды біліктерін жетілдіру,өткен ұғымдарды жаңарту.
3.Ұлттық тәрбие мен салт дәстүрді құрметтейтін,ұлтжанды азаматты тәрбиелеу;
Зерттеу сабағына фок тобы мүшелері қатысты.Сабақ жүргізу барысында дарынды оқушыларды анықтау мақсатында жұмыстарды жандандыруды жөн көрдім.
Сыныпта топпен жұмыс ұйымдастырылды.Оқушыларды ұлттық ойындардың аттарына сай топтарға бөле отырып 3 топқа жұмыс ұйымдатырылды.
Сабақта қалыптастырушы бағалудың тәсілдерін қолдандым.
Сабақ басталғанда ҚБ-дың «Stop-кадр»тәсілі арқылы «тоғызқұмалақ»жайлы видео ролик көрсете отырып,кадрды тоқтату арқылы ары-қарай ойды оқушылар жалғастырып,сабақтың тақырыбын анықтап,мақсаттарын анықтады.
1 топ:«Дыбыстау»
Фильмнен «тоғызқұмалақ»ойынына байланысты немесе оқушылар деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсете отырып,оқушылар ары қарай жалғасын өздері толықтыру көзделді.
2 топ:
Серпілген сауал:Тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-бірі сұрақтарды «лақтыру»,мысалы «Асан,Айманның пікіріне қосыласың ба?» «Айна,Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан,айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»
3топ:
Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы өзінің жауабын беріп,өзінің сұрақтарын қояды.Егер оқушы сұрақтарға жауап бере алмаса допты басқа оқушыға береді.Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға,тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
Оқушылар әр топтарға берілген тапсырмаларға сай постер жасап,қорғады.Жасаған постерлері бойынша өзара бағалау тәсілі арқылы топтар өз бағаларын айтып,кері байланыс жасады.
2017-2018 оқу жылында мен қандай жұмыстар жоспарладым?Қандай жұмыстар атқардым? Жоспарлаған жұмыстарым өз деңгейінде мақсатына жетті ме?деген сұрақтар бойынша оқу жылындағы жұмыстарымды қорытындылай келе мынадай тұжырымдама жасадым:
-Оқу жылының басында оқушылардың ой пікірін білу мақсатында арнайы сауалнама жүргізе отырып жұмысымды жоспарладым.Ондағы мақсат сабақтарыма қандай жаңалықтар енгізгенім дұрыс,оны іске асыру жолдарын қарастыру болған.
Соның негізінде ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ сабақтарында оқытудың 7 модулін кіріктірдім,Блум таксономиясы арқылы ҚМЖ-ға оқушыларға тапсырмаларды деңгейлеп,саралап беру жолдарын қарастырдым,оны жүзеге асырдым.
Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында сыныптан тыс «Тоғызқұмалақ»секциясын ұйымдастырдым,оқушылардың жазғы демалысында ол өз жалғасын табады.
Сол сияқты Lesson Study зерттеу тақырыбында сабақ өткізуде де «Тоғызқұмалақ» тақырыбын таңдадым.
Әз әріптестеріме жаңашылдықты насихаттау ,үйрету мақсатында «Қалыптастырушы бағалау формасын денешынықтыру сабағында қолдану»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырдым.Ондағы мақсатым ҚБ-дың элементтерін дене шынықтыру сабағында қалай тиімді таңдай отырым,сабаққа қолдануға болатындығы жайлы мағлұмат беру болды.
Оқу жылының аяқталуына байланысты өз жұмысымды қорытындылау мақсатында әріптестерімнің пікірін білу үшін әдістемелік отырыста «баланс дөңгелегі»арқылы ой пікірлерін тыңдап,кері байланыс алдым.
Әріптестерімнің пікірінің оқытудың жаңа бағдарламасы бойынша көзқарастарының 80 % -ға дейін өскенін байқадым.
Оқушыларыма кіріс сауалнамасын бере отырып өз жұмысымды қорытындыладым.
Ол үшін келесі сауалнамалар ұсыныла отырып,қорытынды шығарылды.
Оқу жылының аяғынждағы сауалнама негізінде анықталған кемшіліктерді келесі оқу жылының басында ескере отырып жаңа жұмысты жоспарлаймын деген ойдамын.