Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Виртуалды тур және 3D панорама жасау тəсілдері және оларды экранға шығару туралы тың мәліметтер беру. Алғашқы көріністі 3D панорама арқылы қалай жасауға болатынын көрсету. Оқушыларға виртуалды тур және 3D панораманың жасалуы жолдарын бағдарламаларда қолданылуын үйрету;
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«Түркістан облысының адами
әлеуетті дамыту басқармасы» ММ
«Көпсалалы
индустриалды-техникалық колледжі»МКҚК
КЕЛІСІЛГЕН
Директордың
оқу-әдістемелік
ісі-жөніндегі
орынбасары
_________А.Ниязбеков
«_____»_______2022
ж
БЕКІТЕМІНДиректордың оқу
ісі
жөніндегі
орынбасары
_________У.Изтлеуова
«_____»_______2022
ж
Әдістемелік
талдау
Ашық
сабақ
Сабақтың
тақырыбы:3D – панорама және виртуалды
тур
Тобы:
1-21
Уақыты:
11:35
Аудитория: 7
кабинет
Информатика пәнінің оқытушысы:
Н.Қожахметов
«Ғылыми жаратылыстану пәндер»
ӘБ-да қаралған
"__" _____ 2022 ж №____
хаттама
Бірлестік
жетекшісі:____________Косманбетова Д.
__
(қолы)
Түркістан
2022
Сабақтың
тақырыбы:3D – панорама және виртуалды
тур
Модуль/пән
атауы:Информатика
Дайындаған педагог:
Кожахметов Нурлан
Күні:
1.Жалпы
мәліметтер.
Тобы: Курс: Оқу
жылы:
Сабақ
типі:теориялық
сабақ
2.Мақсаты,
міндеттері:Виртуалды тур және 3D
панорамажасаутəсілдеріжәне оларды экранға шығару
туралы тың мәліметтер беру. Алғашқы көріністі 3D панорама арқылы
қалай жасауға болатынын көрсету. Оқушыларға виртуалды тур және 3D
панораманың жасалуы жолдарын
бағдарламаларда қолданылуын үйрету;
3.Сабақты
жабдықтау:Интерактивтік тақта, слайд.
тест
4.Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Оқушылармен
сәлемдесу;
2. Аудитория тазалығына мән
беру;
3. Оқушыларды
түгелдеу;
4. Оқушылардың назарларын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
Тест
тапсырмасы
1. Техникалық құралдар және
программалық жасақтамалардың
көмегімен жасалынған,
адамға көру, есту, сезу т.б. сезімдері арқылы берілетін жасанды
әлем:
A) Виртуалды шындық
+
B) Кеңейтілген
шындық
C) Бұлттық
шындық
2.Барлық сезімдерді біріктіріп,
адамға әсер етуинтерактивті
әлемдеп
аталады.
3. Төмендегі тізімнен
виртуалды шындықтың қолданылатын салаларын
таңдаңдар:
Білім беру
+
Ғылым
+
Музей
Медицина
+
Газет-журнал
Сәулет және дизайн
+
Ойын-сауық
+
Кибертехнология
4. Тәуелділік пен
ойындар психологиялық тұрғыдан жеке тұлғаны Мен
шынайы және Мен
виртуалды деп екіге бөледі.
5.Зерттелетін құбылыстың үшөлшемді интерактивті
ортасына пайдаланушының«енуін» қамтамасыз ететін адам мен
компьютердің өзараәрекеттесутехнологиясы – бұл ...
A) мультимедиа;
B) мультимедиалық презентация;
C) виртуалды шынайылық; +
D) Интернет желі.
6.... – бұл ақпаратты қабылдауды жақсарту үшін
виртуалды элементтер мен сенсорлық деректермен шынайы әлемді
толықтыруды қамтамасызететін адам мен компьютердің өзара әрекеттесу
технологиясы:
A) мультимедиа;
B) мультимедиалық презентация;
C) кеңейтілген шынайылық;
+
D) Интернет
желі.
7.«Аrtificial intelligence»
сөз тіркесіндегі «intelligence» сөзі қандай мағынаны
береді?
A) Саналы түрде ойлана алу
білігі +
B) Автоматты түрде ойлана алу
білігі
C) Қарапайым ойлана алу
білігі
8.Күрделі деректерді
талдайтын, адам миын имитациялайтын және аппараттық және
программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті математикалық
модель:
A) Жасанды нейронды желі +
B) Жасанды интеллект
C) Синапс
9.Бос орынды
толтырыңдар:
Нейронды желі –
адаммиыныңәрекеті принципіне
негізделген, бірақ оның аналогі бола алмайтынмеханизм.
10.Бос орынды
толтырыңдар:
Синапс– нейрондар арасындағы
байланыс, олардың әрқайсысы өз кіріс салмағының дәрежесіне
ие.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Бүгінгі
сабақта:
виртуалды тур;
3D панорамасын;
виртуалды тур мен 3D панорама жасау үшін қандай
программа керектігін;
виртуалды тур мен 3D панорама қалай
жасалатынын білесің.
3D
панорама– компьютер мониторында
көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°-тық бейнесі. 3D
панорамада көру бағытын өзгертуге, суретті үлкейтуге, жеке
бөлшектерді қарауға болады.
3D панораманың
түрлері:
1. Жазық панорама – бірнеше
кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосу
рет.
2. Сфералық панорама. Сфералық
панорамалар көлденеңінен 360° және тігінен 180°-ты қамтиды. Ол
айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға
жабады және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама
(циклорама) – көлденеңінен 360°-ты, ал тігінен 180-нен төмен
градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы
және төменгі шекараларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда
қолданылады.
Панорама айналадағы барлық
көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады,
бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама
бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді
желімденеді.
4. Текшелі
панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады.
Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы:
дайындау, сақтау, тасымалдау қарапайымдылығы болып табылады, себебі
күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және
шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
Виртуалды турлар (3D тур) –
бір 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге
мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне
біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы. Мұндай турлар
музыкамен, кадрдан тыс дыбыспен, видеороликтермен, жазбалармен және
т.б. толықтырылуы мүмкін.
3D турларды жасау үш кезеңде
өтеді:
•
объектіні суретке түсіру, бірнеше суреттер
алу;
•
суреттерді өңдеу;
•
виртуалды турды жинау.
Фототүсірілім. Жоғары сапалы панорамалар жасау үшін мына
ережелерді сақтаған жөн:
•
камераны таңдалған диафрагма бойында сериядағы
барлық кадрлар фокуста (камера, түсірілетін шеңбердің дәл ортасында
тұрғаны жақсы) болатындай етіп орнату қажет;
•
желімденетін суреттердің жиынтығын, болашақ
сфералық панорама тігістерінің орындары бір түсті орындарда
(мысалы, үй объектілері жағдайында монолитті қабырғаларда) түсіру
керек;
•
штатив басы кеңістікте камераны қатаң орнықтыруға
арналған деңгейлермен жабдықталуы тиіс;
•
барлық үш сурет үшін камераны көлденең және
тігінен бағытта жазықтықтағы синхронизациясын жүргізу қажет –
камераны туралау деңгейлер көмегімен жүзеге
асырылады;
•
камераның айналмалы бұрылу бұрыштары 120°-қа тең
болуы тиіс, ол бұрылыс шкаласымен реттеледі.
Өңдеу. Бастапқы суреттерді бірыңғай фотопанорамаға
біріктіреді (бұрыштары бірдей проекцияға), онымен параллельді түрде
жөндеулер жүргізіліп, түске коррекция жасалып отырады.
Фотосуреттерді қолмен немесе арнайы желімдегішпрограммалар
көмегімен желімдеуге болады. Кейде проекцияны алтыбұрышты текшеге
өзгертеді және әрі қарай 3D панораманың қажетті форматына
түрлендіреді (Flash, HTML5 және т.б.). Сонымен қатар осы кезеңде
белсенді аймақтарды белгілейді, графиканы, жазбаларды, дыбыс және
т.б. элементтерді таңдап, қосады.
Турды жинау. Жеке фотопанорамалар бір-бірімен, бір панорамадан
екінші панорамаға өтуге және объектілер туралы қосымша ақпаратты
беруге жауап беретін белсенді аймақтар (фотопанорамадағы арнайы
облыстар) көмегімен, бірқалыпты ауысулармен байланысады. Белсенді
аймақтар технологиясы панораманың жеке бөліктеріне: интерьер
бөлшектеріне, сауда орталықтарындағы жаңа тауарларға, қызықты
сәулет ескерткіштеріне, көрмедегі нақты бір стендке және виртуалды
қолданушының назарын аудару қажет кез келген ақпаратқа көңіл бөлуге
мүмкіндік береді. 3D турға қолданушының орналасқан жерін көрсетіп
тұратын навигаторды да қосуға болады. Орын ауыстыру нүктелері
жоспарлы немесе автоматты түрде орындалуы мүмкін. Дайын жұмысты
қарау үшін, панорамалар қандай форматта жасалғанына байланысты
Интернет шолушылар қолданылады. Әдетте, ол Java-скрипті қолдайтын
немесе flash-ойнатқышы бар стандартты Интернет шолушы болуы мүмкін.
3D турлар көптеген салаларда қолданылады:
Жылжымайтын мүлік.
Жылжымайтын мүлік саласында 3D турды пайдалану
пәтерді, қала сыртындағы үйді, кеңсені толыққанды көрсетуге
көмектеседі. Клиент үйден шықпай, тәуліктің кез келген уақытында
объектіге виртуалды саяхат жасап, өзін қызықтыратын жерлерді
егжей-тегжейлі қарастыра алады. Виртуалды тур оның уақытын айтарлықтай үнемдейді.
Қонақүйбизнесі.
Болашақ клиент кез келген қаладан виртуалды турдың көмегімен алдағы демалыс немесе іссапар атмосферасына үңіліп,
өзінің тоқталатын орны туралы толық ақпарат ала алады. 3D
турда көрсетілген жайлылық оның қонақүй туралы пікіріне оң әсер етеді.
Мейрамханабизнесі.
Қонақтар тартуға және оларға мекеме жұмысының барлық аспектілерін көрсетуге көмектесетін виртуалды турды құру, мейрамхана/ кафе/ бар бәсекелестердің көп
санынан ерекшеленуге мүмкіндік береді. Қонақтар үстелдер мен бар
тіреулерінің орналасуымен танысып, әдемі интерьерді, залдардың саны
мен үй-жайлардың көлемін көреді. Егер қонақ салтанатты іс-шараны
өткізу үшін мейрамхана таңдайтын болса, ол үшін бұл ақпарат ерекше
маңызды болады және виртуалды тур оған
көмектеседі.
Өнеркәсіптік
объектілер
Виртуалды
тур–жабдықты, технологияны және
өндірістік процесті көрсетудің ең тиімді құралы. Оның көмегімен
кәсіпорынды одан әрі қаржыландыруүшін инвесторды қызықтыруға
болады.
Медициналық орталықтар,
клиникалар
Тазалық, жайлылық, статус,
заманауи жабдықтар клиниканы немесе медициналық орталықты таңдауда
үлкен рөл атқарады. Клиентке осы қасиеттердің барлығын толықтай
жеткізудің тамаша жолы – виртуалды тур
жасау. Виртуалды турлар мен 3D
панорамаларды қолдану аясы өте ауқымды. Автосалондар мен
автокөліктер, фитнес-клубтар, сұлулық салондары, сауда орталықтары,
жиһаз салондары және т.б.
IV.Бекіту
Сұрақ-жауап
1. 3D панорама дегеніміз
не?
2. 3D панораманың қандай
түрлері бар?
3. 3D панорамаларды қалай қолдануға
болады?
4. Виртуалды турды жасаудың қанша кезеңі
бар?
5. Виртуалды турларды қалай қарауға
болады?
Компьютерде
орындау:
Оқу кабинетінің 3D панорамасын
жасау үшін, қазір отырған оқу кабинетінің суреттерінің сериясын
жасаңдар және кез келген графикалық редакторда
өңдеңдер.
V.Сабақ бойынша
рефлексия
1.Қандай ақпарат
қызықтырды?
2.Қандай қиындық туындады және
оны кіммен талқылағың келеді?
3.Қазір қандай дағдыны қолдана
аласыңдар?
VI.Үйге
тапсырма:
1. Виртуалды тур жасауға
арналған программалық қосымшалар жарнамасының буклетін
жаса.
2. Өз колледжіңнің панорамасын
жаса.
3. «3D панорама мен виртуалды
турлар» тақырыбында ұғымдар мен анықтамалардың сәйкестігі бойынша
тапсырма әзірле.
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз