Тақырып бойынша 11 материал табылды

4 сынып Әдебиеттік оқу М.Әуезов "Көксерек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың 4 класына арналған қысқы мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_________

Сабақ жоспары

Мерзімі

18.01.2018ж

Сынып 4

Мұғалімі: Жакупбекова Б.Б.

Пәні

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы

Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)

Жалпы мақсаты

Көксерек әңгімесін оқушылардың өз бетімен іздене отырып түсінулеріне мүмкіндік беру.

Міндеттері

- Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысынан ойлап,талқылауға үйрету.

- Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін,өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.

- Табиғатты қорғай білуге,қасқырға деген көзқарасты қайта қарау; адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

Оқыту нәтижесі

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, өз пікірлерін дәлелдей алады, шығармадағы кейіпкерлерді тани алады, өзін-өзі бағалай алады.

Қолданылатын модульдер

1

2

3





Дереккөздер мен жабдықтар

Компьютер,оқулық, бағалау парақтары, үлестірме парақтар

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау,бағалау парақшаларын беру.

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге осы сабағымызға сәттілік тілеймін. Бүгін біз сендермен, жұпта, 3 топта бір-бірімізбен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Ал, әр топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады. Олай болса, достарымызды бір қуантып алайық.

Психологиялық дайындық «Күн шуағы» ойыны.

Шарты: Қол шапалағы арқылы достарына жақсы көңіл-күй сыйлайды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: орындық артына стикер жапсыру арқылы сұрақтарға жауап алу.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

«Жедел жауап» Берілген сұрақтарға нақты, әрі жылдам жауап берулерің керек

1.Шығарманың авторы?

2. Баланың әкесінің аңға шығуына кімнің сөзі себеп болды?

3.Қансонар дегенді қалай түсінесің?

4. Әкесі мен баласы аңға шығуға қалай дайындалды?

5. «Баланың шешесі не деп ренжіп сөйледі?

6. Бала неліктен әкесімен бірге аң аулауға бара алмай қалды?

7.Бала өзі айтқандай «Еңбектің ең алғашқы қасиетін»сезінді?

8. Қазақстанда қандай аңдарды аулауға тыйым салынған?

9.Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?

10.Егер әкем түк әкелмесе,сонда біз не болдық?бала ойын жалғастыр

11.Әкелері аңнан оралғанда үй іші неге қатты қуанды?

12.Әр бөлімге атты қалай қояр едің?

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі (Жаңа жыл-Ит жылы)

  • «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға фильмнен үзінді көрсету. (Енді топ аттарымен таныстыру)Бағалау парақшасы,топ басшысы)

  • Жаңа тақырыбымызды сот сабағы ретінде өткізіп көрсек қалай болар екен?Онда «Адамзат»тобына бір сот төрағасын сайлап алайық.Ол кісінің міндеті сабақ бойы осы тақырыбызда қандай қылмыстық әрекеттер болды,соны саралап үкім шығаруға дайын отырсын,ал «Табиғат»тобына бір айыптаушы сайласақ,ол сабақ барысында қандай кейіпкерлерді айыптап,сотқа өз шағымынын айтсын,ал «Қасқыр»тобынан бір қорғаушы сайлап,шығарма кейіпкерлерін қорғап алып қалуға көмектесуін сұраймыз.


  • Бұл қай фильмнен үзінді? (Көксерек)

  • Фильмді көргендерің бар ма?

  • Сабағымызға мақсат қойып алайық; ол үшін осы шығарманы оқи отырып адам мен көкбөрілер арасындағы іс-әрекеттеріне баға беру.Адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдігін сақтау керектігін түсіндіру.

Шығарма бізге повестен үзінді түрінде берілген.Шығарма авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған.

ІҮ. Жаңа сабақ: Қазір біз сендермен «Жигсо» әдісі арқылы мәтінді 3 бөлікке бөліп өз тобымызда оқимыз. Тобымызда талқылаймыз. Болған топтар белгі береді.Сол топтың ішінен бір бала келесі топқа барып өз оқығаны бойынша түсіндіріп береді.Ондағы мақсатымыз. Мәтіннің әр бөлігін оқып келген оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, мәтіннің мазмұнын толық ашуға тырысады.

Осы топ құрамында топ мүшелері өз пікірлерін айта отырып, әңгімемізге композициялық талдау жасап көрелік. Балаларға сұрақтар:

  1. Оқиғаның басталуы. 1 бөлім

  2. Байланысы

  3. Дамуы 2 бөлім

  4. Шарықтау шегі

  5. Шешімі 3 бөлім

Міне әңгімеміздің негізгі құрылымы осылай болды.


Ал, енді дәптерімізді ашып, Әңгіме кестесін құрайық.

Әңгіме аты

Авторы

Кейіпкерлері

Немен аяқталды

Не үйретті






Сергіту сәті орындалады

Сөздікпен жұмыс.

«Қызықты мәліметтер» Мақал айту Повестің немен аяқталатынын бір баладан сұрау.


Ү. Білімді бекіту кезеңі

Кубизми әдісі бойынша мына кубикті әр топқа иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіңдер.


  1. Салыстыр: Көксеректің күшік кезімен,қасқыр болған кезін

  2. Зертте: Көксеректі жауыздыққа итермелеген де,Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай деп ойлайсың?

  3. Көксерек туралы ауыл адамдары не деп айтып жүрді?

  4. Дәлелде: Көксеректің ұрлық пен адал астың айырмасын ұқпауды дегенді қалай түсінесің?

  5. Талда: Көксеректің өзгергенін қай тұстардан байқадың?оқып бер

Жақсы балалар,

ҮІ. Ой ұшқыры «постер қорғау» кезеңі

1.Қасқыр тобы Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды.

2.Адамзат тобы Оқиды,күледі,т.б

3.Табиғат тобы

ТОп басшысының бағалауы

Қорытынды:

Енді сабағымызды қортындылайық ол үшін үш топтан сот,айыптаушы,ақтаушы келсін

(Аңшылар,жәбірленушілер)

Бағалау топтық және Бес бармақ жүйесімен бағаланады.

Үйге тапсырма: 177-179 бет оқу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11