Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуы жағдайын зерделеу нәтижесі АНЫҚТАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
5-9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуы жағдайын зерделеу нәтижесі АНЫҚТАМА
Материалдың қысқаша нұсқасы



37 мектеп-лицейінің 5-9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуы жағдайын зерделеу нәтижесі

АНЫҚТАМА


Зерттеу объектісі: 5-9 сыныптардағы қазақ тілі және пән мұғалімдері, ҚМЖ


Зерттеу мерзімі: 09-31 қаңтар, 2024 - 2025 оқу жылы


Тексеру мақсаты: Оқушылардың танымдық дағдыларының деңгейін анықтау, мұғалімнің оқыту әдісін зерделеу.


Бақылау нысаны: Тақырыптық


Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Бақылау барысында анықталды:

37 мектеп – лицейінің мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2025 жылдың 09-31 қаңтар аралығында 5-9 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің берілуі тексерілді. Бұл пән бойынша 5-9 сыныптар бойынша А.Тауекелова, А.Жаңабай, А.Қозтаева, Э. Баймағанбетова, Г.Әбішева, Л.Ділдабекова, Ф.Әбенова, А.Қозтаева, Н.Ибрагимова, Г.Балтабаева сабақ береді. 

Жаңа мазмұнда сабақ беру – білім сапасын арттырудың тиімді жолы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың танымдық дағдыларының деңгейін және пән мұғалімдерінің жаңа технология әдістерін, жаңа жұмыс формаларын және заманауи технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу деңгейін бақылау мақсатында сабақтары зерделенді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

1) шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;

2) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;

3) туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;

4) оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

5) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

6) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

 Педагог-зерттеуші А.Жаңабай 7 «Ә» сыныбына М.Жұмабаев «Батыр Баян» поямасы тақырыбындағы сабағын 10 желтоқсан күні өткізді. Тақырыпқа сәйкесінше оқу мақсаттары таңдалып алынған. Сабақ жоспары нақты оқушылардың қажеттілігін ескеріп жасалған. Сабақ барысында бейнефильм, презентация қолданды, оқушылармен топтық, жұптық жұмыстары жүргізілді. Мұғалім сабақты жоспарға сай ұйымдастырған, оны мұғалімнің жаңа материалды ұсыну шеберлігі мен оны оқушыларға игертуде тиімді әдістерді қолдануынан байқауға болады. Мұғалім мен оқушылар арасында жағымды атмосфера орнады. 

Педагог – сарапшы А.Қозтаева 5 «В» сыныбына «Ағаштар неге ашуланды?» тақырыбындағы сабағын 15 қаңтар күні өткізді. сабақтарды жоспарлау мен өткізу әдістемесін меңгерген. Оқу материалын нақты түсіндіреді, сабаққа уақытты ұтымды бөледі. Барлық сабақтар қарқындылығымен, жақсы қарқынымен және сабақтың әр кезеңінің логикалық аяқталуымен ерекшеленеді. Оқыту сапасын арттырудың маңызды бағыты - оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін жетілдіру. Оқушылардың оқу үдерісіндегі өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін пән мұғалімдері жауаптар мен тапсырма карталарын таңдау арқылы тестілерді қолданды. Мұндай жұмыстарға мұғалім жаңа материал мен бұрын оқылған материал арасында байланыс орнататын сұрақтарды қосты. Оларды құрастыру кезінде деңгейлік саралауды қолданды.

Педагог – модератор Г.Әбішева 6 «Ә» сыныбына С. Мұратбеков "Жусан иісі" повесінен үзінді тақырыбы бойынша 24 қаңтар күні өткізді. Жаңа тақырып бойынша үзінді оқылып, талқыланды. Жаңа сөздерді мәтіннің ішінен белгілеп, аудармасы дәптерге жазылды.  Ауызша, жазбаша тапсырмалар орындалды. Тапсырмалар жалпы сыныпқа берілді. Формативті бағалау, үй тапсырмасы қоңыраудан кейін берілді. Жұптық, топтық тапсырмалар болған жоқ. Мұғалімге сабақ бойынша талдау жасалған кезде сабақтың жақсы ұйымдастырылған кезеңдері мен кемшіліктері айтылды.

Педагог-сарапшы Г.Балтабаева 8 «Б» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» тақырыбында 14 қаңтар күні өткізді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктерді атай отырып айтылды. Оқушылар оқулықтан мәтін оқып, жаңа сөздерді дәптерлеріне жазып алып, аударды. Сабақтың кезеңдері толығымен сақталды. Тайм менеджмент сақталып, уақыт үнемді пайдаланды. Оқушылармен кері байланыс жасалды. Сабақ барысында электрондық оқулық қолданып, тапсырмалар берілді. Үйге жаңа сөздерді жаттау, мақал – мәтелдер оқу тапсырылды. Мұндай жұмыстарға мұғалім жаңа материал мен бұрын оқылған материал арасында байланыс орнататын сұрақтарды қосты. Оларды құрастыру кезінде деңгейлік саралауды қолданды.

Педагог-сарапшы Н.Ибрагимова 9 «Б» сыныбына «Шұғаның белгісі» тақырыбы бойынша 30 қаңтар күні өткізді. Жаңа тақырыпқа шығу «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар шықты. Тақырып бойынша бейнефильм көрсетілді. Қойылған сұрақтарға оқушылар толық жауап берді. Сабақ бойы «Оқушы дауысы» байқалады.  Сабақ барысында берілген тапсырмалар тек жеке болды. Үйге тапсырма, формативті бағалау қоңыраудан кейін жүргізілді. Тайм менеджмент сақталмады.



Ұсыныс:

  • Оқушыларының танымдық дағдыларының деңгейін дамытуда саралап оқытудың тиімді әдістерін пайдалану пән мұғалімдеріне жүктеу;

  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын жақсарту мақсатында тиімді әдістерді жетілдіру.

 

 

 

 

Бақылауды жүргізген директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д

Молдажарова А



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12