Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5 сынып тексеру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Табанды бала
(Аңыз әңгіме)
Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.
Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.
Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршілеріне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», - дейді.
Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.
Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.
Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.
Енді оған оқитын кітап керек болды.
Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етіңіз, мен тағы бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», - дейді.
Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.
Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.
Сұрақтар. «Табанды бала»
1.Аңызда Әлім деген баланың әкесі қайтыс болып кіммен бірге қалады?
______________________________________________________________________
2.Ол қандай отбасынан еді ?
Ауқатты отбасынан
Бай отбасынан
Кедей отбасынан
3.Күн артынан күн өте береді, баланың қайда баратын уақыты келеді ?
______________________________________________________________________
4 . Әлім не үшін арланады ?
Кедей отбасынан болғаны үшін
Жағдайы жоқ болғаны үшін
Әкесінің жоқтығына
Оқуға бармағаны үшін
5. Кішкентай Әлімнің көршілері қандай адамдар еді ?
__________________________________________________________________________
6 . Әлім көршілерінен не сұрайды ?
Тамақ сұрайды.
Көмек сұрайды.
Қызмет сұрайды.
Өзіне киім сұрайды.
7.Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда нені көріп тұрсам жеткілікті дейді ?
___________________________________________________________________________
8. Бай не үшін қуанады ?
Қызметші тапқанына
Тегін жұмысшы тапқанына
Еңбекақы төлемейтініне
9.Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға не істейді ?
Демалады
Бел жазбай жұмыс істейді
Сабақ оқиды
Кітап оқиды
10. Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын қалай тұрып тыңдаушы еді ?
___________________________________________________________________________
11. Әлім бір жылдан кейін нелерді ажырата алатын болды ?
Әріптерді ажырата алады.
Дыбыстарды ажыратады.
Сөздерді ажырата алады.
Буынды ажыра алады.
12. Анасымен бірге қайда тұрды? Сөздерді жазу үшін Әлім қандай әрекеттерге барды ? Мәтіннен мәліметтер келтіріңіз.
__________________________________________________________________
13. Енді оған оқитын кітап керек болды. Ол байға келіп, тағы не сұрауы мүмкін ?
Кітаптарды тегін оқуды сұрайды.
Ақысыз жұмыс істеп, кітап оқуды сұрайды.
Еңбекақысына төлем сұрайды.
14. Әлім ертеден қара кешке дейін жұмыс істесе, кітапты қай мезгілде оқуға тура келді ?
_____________________________________________________________________________
15. Әлімнің өз мақсатына жетуіне не себеп болды ? Әлімнің бойындағы қасиеттерді сипаттап жаз.
__________________________________________________________________
16. Әңгіме неліктен «Табанды бала» деп аталады ? Табандылық қандай іс-ірекеттер арқылы көрінді?
_____________________________________________________________________________
«Табанды бала» мәтінінің жауаптарын бағалау
1. Аңызда Әлім деген баланың әкесі қайтыс болып кіммен бірге қалады?
Дұрыс жауабы: Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады.
2. Ол қандай отбасынан еді?
Дұрыс жауабы: Кедей отбасынан
3. Күн артынан күн өте береді, баланың қайда баратын уақыты келеді?
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Қорытындыларды тиянақтау.
Дұрыс жауабы: Баланың мектепке барып оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды.
1-Дұрыс жауап
Жауапта Ертеде әлім деген баланың өмір сүргені, Әлімнің әкесі қайтыс болып жалғыз анасымен қалатыны туралы айтылады.
Мысалдар:
Жалғыз анасымен қалғандықтан олардың отбасылық жағдайы өте төмен болады. Әлім кедей отбасында өмір сүреді.
0 - Бұрыс жауап
Жауапта түсінбеушілік көрсетіледі немесе жауап мәтінге сәйкес нақты емес, немесе сұрақта келтірілген сөздерді қайталайды.
Мысалдар:
Мүмкін ол жалқау. Сондықтан да кедей болуы мүмкін.
4 . Әлім не үшін арланады?
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Қорытындыларды тиянақтау.
Дұрыс жауабы: Оқуға бармағаны үшін
Мысалдар:
Күн артынан күн өте береді. Бала өзінің мектепке бармағанына қатты ұялады. Себебі мектепке баруға оның қаражаты жетпейді.
Әлім өте намысшыл болады.
0-Бұрыс жауап
Жауап нақты емес болуы мүмкін, мәтінге сәйкес емес немесе сұрақта келтірілген сөздерді қайталайды.
Мысалдар:
Бала мектепке барғысы келмейді.
Мектепке баруға ұялады.
Себебі ол кедей болғаны үшін намыстанады.
5. Кішкентай Әлімнің көршілері қандай адамдар еді?
Дұрыс жауабы: Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді.
6 . Әлім көршілерінен не сұрайды?
Дұрыс жауабы: Қызмет сұрайды.
7. Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда нені көріп тұрсам жеткілікті дейді?
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Анық түрде берілген ақпаратты іздеу
2-Толық түсінік:
Еңбегіме көп ақы сұрамаймын.
Тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», - дейді.
1-Жартылай түсінік:
Жауапта жоғарыда келтірілген бір әрекет айтылады.
0-Түсініксіз:
Жауапта стратегияның табысы туралы айтылады немесе жауап дұрыс емес. Ол нақты емес болуы мүмкін, мәтінге сәйкес емес немесе сұрақта – келтірілген сөздерді қайталайды.
Мысалдар:
Менің еңбегіме ақы төлеңіз.
Менде сіздің ұлдарыңызбен анда-санда оқу оқиын.
Маған көмек керек.
8. Бай не үшін қуанады?
Дұрыс жауабы: Тегін жұмысшы тапқанына
9. Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға не істейді?
Дұрыс жауабы: Бел жазбай жұмыс істейді.
10. Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын қалай тыңдап тұрушы еді?
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Анық түрде берілген ақпаратты іздеу
1-Дұрыс жауап: Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді.
Мысалдар:
Әлім тығылып тұрып, мұғалімнің айтқанын үйренеді.
Сөйтіп оқу мен жазуды үйренеді.
Осылайша білім алуды жалғастырады.
0-Бұрыс жауап
Әлімнің тығылып тұрып, мұғалімнен үйренген білімі туралы айтылмайды.
Әлімнің мұғалімді бақылауы туралы ғана айтылыуы мүмкін.
Мысалдар:
Әлім мұғалімді бақылады.
Балалармен бірге болғысы келді.
Оларды тыңдады.
11. Әлім бір жылдан кейін нелерді ажырата алатын болды?
Дұрыс жауабы: Сөздерді ажырата алады.
12. Анасымен бірге қайда тұрды? Сөздерді жазу үшін Әлім қандай әрекеттерге барды? Мәтіннен мәліметтер келтіріңіз.
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Ақпаратты талдау және жалпылау
3-Кең көлемді түсінік:
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.
Себебі Әлім ақылды, тапқыр, зерек кез – келген жағдайда қиыншылықтан шығудың жолын біледі. Өз көздегеніне жеткенінше тоқтамайды. Шыдамды бала.
2-Қанағаттанарлық түсінік:
Жауап тиісті мысалмен мінез-құлықтың, сезімнің немесе қарым-қатынастың бір ерекше жақтарын келтіріп, Әлімнің шыдамдылығын түсінуді көрсетеді.
Мысалдар:
Әлім шыдамды бала.
Ойлағанын іске асыруда көп еңбек жасайды.
2-Минималды түсінік:
Жауапта мысал келтірмей немесе нақты мысал бермей, Әлімнің бір немесе екі мінез-құлық ерекшеліктері келтіріледі: (мысалы, батыл, шыдамды). Жауапта мінез-құлық ерекшеліктері айтылмайды.
Мысалдар:
Олтапқыржәнеақылды.Олқайта-қайтатырысады.
0-Жеткіліксіз түсінік:
Жауап мінез-құлықтың, шыдамдылық пен табандылықтың ерекше жақтарын келтірмейді, ол мінез-құлықтың сәйкес келмейтін жақтарын көрсетуі мүмкін, нақты емес немесе мәтінге қатысты емес, немесе сұрақтағы сөздерді қайталайды.
Мысалдар:
Олжақсы.
Олжақсыбала.
Олкөпжақсынәрселердіістейді.
Олқамқоршыл,ақылды,мейірімді,жақсыкөретін(өтежалпыұғымдар).
13. Енді оған оқитын кітап керек болды. Ол байға келіп, тағы не сұрауы мүмкін?
Дұрыс жауабы: Ақысыз жұмыс істеп, кітап оқуды сұрайды.
14. Әлім ертеден қара кешке дейін жұмыс жасаса, кітапты қай мезгілде оқуға тура келеді?
Дұрыс жауабы: Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
15. Әлімнің өз мақсатына жетуіне не себеп болды? Әлімнің бойындағы қасиеттерді сипаттап жаз.
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Ақпаратты талдау және сипаттау
2-Толық түсінік:
Әлімнің бойындағы қасиеттері; еңбексүйгіш, табанды, шыдамды, намысқой және төзімділігі туралы айтылады.
Мысалдар:
Байға ақысыз еңбек ету арқылы кітап оқуды үйренеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Кішкентай Әлім өте табанды, еңбекқор, төзімді болу арқылы өз мақсатына жетеді.
1-Жартылай түсінік:
Жауапта тек Әлімнің ертеден қара кешке дейін жұмыс істейтіні ғана айтылуы мүмкін.
Мысалдар:
Байға еңбек етумен болды.
Ертеден қара кешке дейін жұмыс істеді.
Адамдар Әлімді мақтайтын.
0-Түсініксіз:
Жауап нақты емес болуы мүмкін, мәтінге сәйкес емес немесе сұрақта келтірілген сөздерді қайталайды.
Мысалдар:
Әлім ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп шаршайтын.
Сабақ оқиды.
16. Әңгіме неліктен «Табанды бала» деп аталады? Табандылық қандай іс-әрекеттерден тұрады?
Мәтіннің түрі: Әдеби
Процесс: Ақпаратты талдау және жалпылау
1-Дұрыс жауап
Жауапта Әлімнің шыдамдылығы мен табандылығы туралы айтылады.
Мысалдар:
Кітап оқу үшін байдың үйінде ақысыз жұмыс жасайды.
Әлім білім алу үшін барлық қиындыққа шыдайды.
«Мен оқуым керек» деп арланады.
Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
0-Бұрыс жауап
Жауап нақты емес болуы мүмкін, мәтінге сәйкес емес немесе сұрақта келтірілген сөздерді қайталайды.
Мысалдар:
Әлім мен оқуым керек деп ойлайды.
Байдың үйінде жұмыс жасайды.
Әлімді табанды бала деп атайды.