Материалдар / «6-7жасар балалардың мектеп өміріне бейімделуіндегі атааналардың алатын орны»
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

«6-7жасар балалардың мектеп өміріне бейімделуіндегі атааналардың алатын орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жан- жақты дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне ата-аналардың жағдай туғыза білуі.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Page 1

Ақмола обылысы Целиноград ауданы
Қаражар ауылының орта мектебі






3- сыныбы
Сынып жетекшісі: Аязбай Күмісбек
Нөптуллаұлы

Тақырыбы: «6-7жасар балалар-
дың мектеп
өміріне бейімделуіндегі ата-
аналардың алатын орны»



Жиналыс 15-қыркүйек,сағат 11.30-да
№4 кабинетте өтеді.

Ата-анаға айтылар ұсыныс
«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла»
1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталаады.Ендеше
оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз.
Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы
түзетуге тырыспаңыз.
2.Таңертең сабаққа барарында баланы жайлап
қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-
ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып
жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны
ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр»,
«Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді
жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап,
жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға
алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың
астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды
көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап
келгенін ескеріңіз.
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз.
Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ
айтады.
7. Мектептен келе сала баланы отырғызып
қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3
сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап
тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің
сәтті кезі.
8.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай
балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып,
әңгімелесіп тұрыңыз.
9.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға
баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.




Page 2






Мақсаты: 6-7 жасар
балалардың психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып,
жан- жақты дамуына,
әлеуметтік ортаға бейімделуіне
ата-аналардың жағдай туғыза
білуі.
“6-7 жасар балалардың мектеп өміріне бейімделуіндегі ата-аналардың алатын орны “
Мектеп өміріне толыққанды
бейімделуі үшін ата-ана баланың жас
ерекшілігіне сай даму сатыларын
білгені жөн :
әлеуметтік ортасы өзгереді;
жаңа ортаға бейімделеді;
дос табуға қажеттілігі артады;
үлкендермен қарым-қатынас жасауға
талпынады;
өзінің іс-әрекетінің бағалануын қалайды;
топ мүшелерінің арасында белсенді
болуға тырысады;
қарым-қатынас түрлерін меңгере
бастайды;
жанұядағы орны өзгере бастайды;
көркем шығармалардағы кейіпкерлерге
еліктейді;
танымдық дамуы кеңейіп,
қызығушылығы арта бастайды;
ішкі эмоциялық көңіл-күйі қалыптаса
бастайды.





Ата – аналарға арналған
этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте
ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін
бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі
емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған
жағдай туралы анық-қанығына көз
жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға
таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін
түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін
деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-
аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс
уақыттағы өміріне аса үлкен
жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз
оған мектепке қажетті құрал-
жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке
басының тазалығына және киіміне
жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу
процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап
отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында
келсеңіз, сынып жетекшісін немесе
балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі