Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 сынып Адал азамат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
|
|
Күні |
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 9-САБАҚ 6- сыныптар : «Халықаралық көмек көрсету белгілері» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Білім алушыларды адал еңбек етіп, адал табыс табуға үйрету. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіре отырып, тағылымды тәрбие мен адалдық қасиеттерін ұғындыру. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. |
|
Қауіпсіздік мақсаты |
Сабақтың мақсаты: оқушыларды көмекке шақыратын белгіқимылдарымен таныстыру. Негізгі міндеттер: 1. Көмек көрсету сигналдарын тану үшін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. 2. Өз өміріңізге және айналаңыздағыларға жауапкершіліктерін арттыружәне апат сигналдарын тану қабілетін дамыту. 3. Өз өміріңізге және айналаңыздағыларғажауапкершілік сезімін дамыту. |
|
Құндылық |
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау; -түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту; -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; -еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну; |
|
Дәйексөзі |
Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым! |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал -Мемлекеттік әнұран орындалады Бір түрлі қима қағаздар арқылы 1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлу. ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ № 9 САБАҚ. «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨМЕККЕ ШАҚЫРУ БЕЛГІЛЕРІ» Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, көмекшіқимылдармен еске түсіру. Сабақ барысы 1. Кіріспе (2 минут) Сәлемдесу: Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады Халықаралық көмек қимылдары туралы талқылау. 2. Негізгі бөлім(6 минут) Ұғымдарды түсіндіру: Халықаралық көмек сигналы адамдарға қауіп төніп тұрғанын білдіріп қана қоймай, өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе олардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардағы өмірін сақтап қалуға есте сақтау сигналы ұсынады. Апаттық сигналдар, оларды беру әдістері және оларға жауаптар. • Сигналдарды не үшін білу керек екенін және олар қандай жағдайларда қолданылатынын түсіндіріңіз. • Жалған сигнал беруге қатаң тыйым салынады. 3. Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау Сабақта алынған ақпарат сізге пайдалы болды ма? Ой қозғау -Адал, адалдық, адал еңбек дегенді қалай түсінесіңдер? Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал
Оқушылардың пікірі тыңдалады
|
Компьютер
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/ls8ZVr8Shtw?si=jTPGxiPDO_ClM5cr
|
Сабақ басы
|
Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз. |
Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі - ел бастар. (Жамбыл Жабаев) Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (Мұхтар Әуезов) Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. (Ғабит Мүсірепов) Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. (Максим Горький) Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. (Қаюм Насыри) Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. (Михаил Пришвин) Адалдық танытатын адамға да адал бол. (Плавт Тит Макций) |
суреттер
|
Ортасы |
Озық әрі табысты елге айналу үшін қоғамда қандай құндылық үстемдік құруы керек. Қоғамда адалдық үстемдік құратын болса жетер жетістіктердің көп болатынын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында. «Әрине, мұның бәрі қатып қалған қағида емес. Алайда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы негізгі бағыт-бағдар бола алады. Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Мен ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», - деді Мемлекет басшысы.
-Болашақта адал еңбекпен табыс тапқанды қалайсыңдар ма? Бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз. Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз.
1-топ: Мақалдарды жалғастыр: 1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет) 2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс) 3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер) 4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады) 5.Еңбек етсең ерінбей, ……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей) 6.Еңбек ердің – көркі, ……. …….. ……. . (Ер елдің көркі) 7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір) Еңбектін көзін тапқан,
Еңбек мұратқа жеткізер, 10.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар) 2-топ: — Бұл сөздерді кім
айтқан? Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай) Елге сіңірген еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев) Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов) —Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. /милиционер/ Бал тамған мәзір, Ол бар жерде әзір. /аспазшы/ Оқу-білім бағдары, Заманының бағбаны. /мұғалім/ Өскен шашты жаратпайды, Қайшысы бар жалақтайтын /шаштараз/ Келіп баған қасына, Өрмеледі басына. /монтер/ Еңбек орны-танабы, Сүйікті ән- дала әні. Егін салып, мәпелеп, Асырайды қаланы. /дихан/
2. «Біз –еңбекқор жастармыз» бір шумақ өлең шығару. «Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады |
-Оқиды
-Оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады.
Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады. |
|
Соңы
|
Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» — дей келе, жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз.
|
Рефлексия жасайды. жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шараны аяқтайды.
|