Түсінік
хат
Грамматика (гр.грамматике – әріп, жазу)
— тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі
мен сөйлем құрылысын зерттейтін
саласы.
Үлкен екі саласы бар:
Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік
категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер
негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл
элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім»
сияқты.
Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу
және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —
-
тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру,
сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену
формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз
тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
-
тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі
сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен
категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен
түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін,
сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір
саласы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де,
ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
-
сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз
тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сөз
байлығын молайту амалдары;
-
морфология — сөздің граммат.
мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол.
құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен
сипаты;
-
синтаксис — сөздердің бір-бірімен
байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің
құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің
мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің
ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс
жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың
айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс
қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика
шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа
сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу,
жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған
туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау,
аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б.
сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері,
олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып
кеткен сөздердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің
грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен
заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық
ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің
граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда
тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы
топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа
түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі
грамматикалық ұғымдармен сипаттапады.
Олар:
грамматикалық мағына,
грамматикалық
форма,
грамматикалық
категория.
Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық байланыста
және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да,
қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан
туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері
мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып
жарияланған Грамматикаларда сипатталады.
6-сыныпта өткізілетін «Қазақ
тілінің грамматикасы» факультативінің мақсаты - оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған
білімдерін үнемі қайталата отырып, қазақ тілі грамматикасын
меңгерту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін,
орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды
жеңе білуге баулу.
Күтілетін
нәтиже: Оқушылардың
бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтады
немесе жазып бере алады. Қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен
берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алады. Тілдің
грамматикалық заңдылықтарын жете меңгере отырып сынып оқушылары
жазу не сөйлеу барысында қателер
жібермейді.
Факультатив аптасына 1 рет өткізіледі, жылдық
сағат саны 34.
«Қазақ тілінің
грамматикасы» факультативінің жылдық
күнтізбелік-тақырыптық
жоспары
(аптасына -1 рет, жылдық
сағат саны – 34 с.)
№
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Үйге
тапсырма
|
Сағат
саны
|
Күні
|
1
|
Кіріспе. Грамматика
дегеніміз не?
|
|
1
|
|
2
|
Грамматиканың объектісі —
сөз.
|
|
1
|
|
3
|
Сөздің дыбыстық комплекс
жағы.
|
|
1
|
|
4-5
|
Сөздің дыбыстық жағы мен мағынасы арасындағы байланыс. Сөздің
лексикалық мағынасы.
|
|
2
|
|
6
|
Тілдің грамматикалық құрылысы жайында
ұғым.
|
|
1
|
|
7
|
Грамматикамен жазу
сабақтарының міндеті мен мақсаты
|
|
1
|
|
8
|
Грамматикалық
жаттығулар
|
|
1
|
|
9-10
|
Грамматиканың
салалары: морфология және синтаксис.
|
|
2
|
|
11
|
Грамматикамен жазу
сабақтарының түрлері
|
|
1
|
|
12
|
Морфология: жіктелуі
және мысалдары
|
|
1
|
|
13-14
|
Морфологиялық
талдау (жеке, жұптық, топтық жұмыс
түрлері)
|
|
2
|
|
15
|
Сөз құрамы: дара
және күрделі сөз
|
|
1
|
|
16
|
Қосымша: жалғау мен
жұрнақ
|
|
1
|
|
17
|
Сөз таптарына
түсінік
|
|
1
|
|
18
|
Зат есім.
Сын есім.
Cан есім.
|
|
1
|
|
19
|
Есімдік.
Етістік.
|
|
1
|
|
20
|
Үстеу.
Шылау.
|
|
1
|
|
21
|
Еліктеу
сөз.
|
|
1
|
|
22
|
Практикалық
жаттығулар.
|
|
1
|
|
23
|
Дыбыс үндестігі. Буын
үндестігі.
|
|
1
|
|
24
|
Сөздер.
Қосымшалар.
|
|
1
|
|
25
|
Жай және құрмалас
сөйлем.
|
|
1
|
|
26
|
Синтаксиске
түсінік.
|
|
1
|
|
27
|
Сөз
мағынасы.
|
|
1
|
|
28-29
|
Сөйлем. Сөйлем мүшелері. Сөйлем
түрлері.
|
|
2
|
|
30
|
Дауысты және
дауыссыз дыбыстар.
|
|
1
|
|
31
|
Практикалық
жаттығулар.
|
|
1
|
|
32
|
Омоним. Антоним.
Синоним.
|
|
1
|
|
33
|
Практикалық
жаттығулар.
|
|
1
|
|
34
|
Қорытынды сабақ. Мен
не үйрендім?
|
|
1
|
|
|
|
Барлығы:
|
34
|
|