7 сынып алгебра Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып алгебра Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
7.4.2.4екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Бөлім:

Функция. Функцияның графигі

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.4.2.4екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Сабақтың мақсаты:

-Теңдеулер жүйесінің шешімдер саны неге тәуелді екендігін білу

- Теңдеулер жүйесінің шешімдер санын анықтау. Әр түрлі шешімдер саны болатын теңдеулер жүйесінің мысалдарын келтіру.

Құндылықтар:

Бірлік және ынтымақ

- Командада жұмыс істей білу ;

-Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу ;

- Айналасындағыларға көмек көрсету;

Әділдік және жауапкершілік

- Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну.

- Бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


5мин

Сәлемдесу;

Сыныптағы оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, жағымды ахуал туындату;

Оқушыларды түгелдеу;

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен сәлемдесу;

Сыныпта жағымды ахуал туындату, бір-біріне жақсы тілектерін білдіру;

Сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге ашу, сұрақтар туындаса мұғалімнің көмегіне жүгіну

Ауызша бағалауды қоданамын

«Өте жақсы»

«Жарайсың»

Тақта;

Оқулық;


Сабақтың

басы


10 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

П.24

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

ax + by = c

түрінде берілген теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. Мұндағы x және y – айнымалылар, a , b және c – қандай да бір сандар.

Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімі деп осы теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндер жұбын айтады.

Мысалы, x – y = 5 теңдеуі x = 8, y = 3 болғанда дұрыс теңдікке айналады: 8 – 3 = 5.

Айнымалылардың x = 8, y = 3 мәндер жұбын осы теңдеудің шешімі деп айтады. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шексіз көп шешімі бар.

Сонымен қатар x = 15, y = 10; x = 86, y = 81 жұбы да x – y = 5 теңдеуінің шешімдері болатынын тексеру қиын емес.

Кем дегенде бір айнымалысының коэффициенті нөлге тең емес екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі түзу болады. Егер екі айнымалысы бар екі сызықтық теңдеу берілген болса және бір уақытта екі теңдеуді де қанағаттандыратын айнымалыларды мәндерін табу керек болса, онда осы теңдеулердің жүйесін шешу керек болады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп жүйенің әр теңдеуін дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалылар мәндерінің жұбын айтады.

Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз – оның барлық шешімін табу немесе шешімдерінің жоқтығын дәлелдеу.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу үшін тек қосу тәсілін және алмастыру тәсілін ғана емес, теңдеулердің графиктерін де қолдануға болады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуді қарастырып отырмыз.

1 жағдай. у=0,5х+2 у=-1,5х+6 жауабы (2; 3) егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, онда теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады.

2-мысал

Мақтау, мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып, Алгебра, авторы АЕ Әбілқасымова..-Алматы,Мектеп 2017

Сабақтың

ортасы


25минут

Бекіту тапсырмаларын орындату


24.1

Теңдеу графигінің Ох осімен қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар

  1. x+y=8

  2. y-x=7

  3. 5x-y=2

  4. 6x-2y=1

  5. X+4y-5=0

  6. 2x+3y+1=0

Берілген есептерді шығару

24.2

Теңдеу графигінің Оу осімен қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар

1)x+y=13

2)x-y=1,7

3)x+8y=11,2

4)5x-y=3

5)8y-7x=14

6)9x+1,6y=3

Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып, Алгебра, авторы АЕ Әбілқасымова..-Алматы,Мектеп 2017


24.5

Теңдеулер жүйесін шешіңдер

24.4 Функцияның графиктерін салып,олардың қиылысу нүктелерінің координаталарын тап

1)y=x+4 және y=6-x

2) y=7x+9 және y=3+x

3) y+x=3 және x-y=1

ҚБ: Жұпта өзара бағалау «+», « - », қызықты

Слайд

Тақта

Бор


Кітап

Дәптер






Жеке тапсырма

1.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңіз:

а)   б)   в) 


Жүйенің шешімдер санын және салынған түзулердің өзара орналасуын жазыңыз.

  1. жүйенің а) _____________ шешімі болады, себебі түзулер________________________.

  1. жүйенің б) _____________ шешімі болады, себебі түзулер________________________.

  1. жүйенің в) _____________ шешімі болады, себебі түзулер________________________.

Сәйкесін тап» әдісі.

Тапсырма-2: Өтілген материалды бекіту, теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу дағдысын қалыптастыру.

Әрбір топқа жүйелерді графиктік тәсілмен шешуді ұсынамын, ал тез тексеру үшін алынған жауаптарды көрші бағандағы сандар жұбымен салыстырады.


1)

А(1; -2)

2) 

В(–3; –1)

3)

С(2; 1)

4) 

Е(1; 2)

5) 


К(3; -1)


ҚБ «Светофор»





Дескриптор:

-бірінші теңдеудің графигін салады

-екінші теңдеудің графигін салады;

-екі графиктің қиылысу нүктесін табады;

Ол нүктенің координаталарын табады

Жауабын жазады


Сабақтың

соңы

5

минут

Қорытындылау.

Рефлексия.

Тіркесті толықтырыңыз:

«Бүгін мен сабақта ... білдім»

«Бүгін мен сабақта ... үйрендім»

«Бүгін мен сабақта ... таныстым»

«Бүгін мен сабақта ... қайталадым»

«Бүгін мен сабақта ... бекіттім»

Үй тапсырмасын беремін

Сабақты қорытындылау:

Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедіңдер?

Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?


Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

1-10 баллдық жүйеде бағаланады.


Бағалау парақтары;

оқулық;










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі