Тақырыбы:
«Ұстаз-мектептің жүрегі» ашық тәрбие
сағаты
Сыныбы:
7 «Г»
Мақсаты:
Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға
үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын
түсіндіру. Ұстаз еңбегін
әрқашан бағалай білуге
үйрету.
Көрнекіліктер:
Қанатты сөздер,
гүлдер, жалауша, шарлар.
Маңғыстау
облысы,
Жаңаөзен
қаласы
№23 орта мектебі
КММ
Биология-география пәні
мұғалімі
І
жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан
жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр
алған.
Шапағатты шуақ сепкен
ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар
арман.
Ұстаз ...
Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше
жылулық нұрын себетін
аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі
қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі –
Ұстаз.
ІІ
жүргізуші: Дұрыс
айтасың Назерке.
«Ұстаз» деген
сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан
тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген
сөздер « ана тәрбиесін
алған» деген сөздермен ұштасып
жатады.
І
жүргізуші: Иә,
Жеткізген.
Ұрпақ тәрбиесі
– ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны
сөзсіз. «Ұстаз» ұлағатты есім.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде
ұстаздың еңбегі зор.
ІІ
жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы,
көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық
лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз
ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара
жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала
отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат
етіңіздер.
І
жүргізуші: 1 қонаққа
сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай
келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға
себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
ІІ
жүргізуші: 2 қонаққа
сұрақ: «Ұстаз болу жүректің
батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай
қасиет адам бойынан табылу керек деп
ойлайсыз?
І
жүргізуші: 3 қонаққа
сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен
мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл
алыңыздар. «Тек қана,қыздар»
командасының дайындаған көрінісін
тамашалайық.
ІІ
жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім
нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына
дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі
зор. Шәкірттерге
білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз
әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді. Олай болса, қадірлі
ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз.
І
жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру
жолындағы еңбектеріңіз жана
берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт,
мерейлеріңіз үстем бола берсін
демекпіз. Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз –
мектептің жүрегі» атты ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат
етіңіздер. «Ардақты ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Орындайтын Назарбаева Динара
ІІ
жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән –
мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер,
тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға
қарыздар.
І
жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты
тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат
атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы
еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,
егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі
ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға
арналады.Олай болса келесі кезекте биге берейік. Қуанышкереева
Аружанды «Рухты ару» биімен қарсы
алайық.
ІІ
жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән
қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды
ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың
ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі
кезекте ортаға Аида,Мерген,Дариға және Мадинаны
шақырамыз.
І
жүргізуші: «Мектеп – білім
тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай,
Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола
алмайды.
ІІ
жүргізуші: Олай ойлауыңның
себебі неде?
І жүргізуші:
Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез –
келген адамға қона
бермейді.
ІІ
жүргізуші: Олай болса, шын
ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке
ұштастырылуы шарт.
Ұлжан,
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса
керек.
І
жүргізуші: Ұстаз деген –
жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген –
анасы ол адамның.
Бүкіл әлем
мойындайды еңбегін,
Сен де одан
адам болып жаралдың
Ортаға сыныбымыздың боксер ұлдарымызды
шақырайық.
ІІ
жүргізуші: Назерке, ұстаздық ету – уақыт ұту емес,
өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама
ағаларымыз. Назерке «Ардақты ұстазым» қара
сөз
І
жүргізуші: Дұрыс айтасың,
Жеткізген.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін
шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан
аяулы ұстаздарымыздың еңбегі
зор. Олай болса келесі кезекте
флешмоб
ІІ
жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ
басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа
шашпаған
Шаршаса да осы жолдың
бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей
келе ендігін мерекелік құттықтау сөзді мектеп басшысының мәдени іс
– шара жөніндегі орынбасары Джолдасова Замира Артыкбаевнаға сөз
кезегін береміз.
І
жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата –
анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр
алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі
бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа
тараған.
ІІ
жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге
толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты
болсын.
Білімімен суарған
шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты
болсын!
Ән:
«Ұстазым»
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз –
мектептің жүрегі» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп
жариялаймыз.
І
жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп
рахмет!