7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістері тақырыбында мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістері тақырыбында мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала арқылы биология пәнін 7 сыныптарда оқыту кезінде дидактикалық материалдарды қалай тиімді қолдану жолдары мен тәсілдері көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Тақырыбы: 7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістері






159 «Еңбекші» орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Пернебекова Т.Қ

Мазмұны



Кіріспе

1

7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерінің теориялық негізі

1.1

Биология пәнін оқыту әдістемесі

1.2

Өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу

2

7-сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдалану тәжірибесі

2.1

Эксперимент жұмысының мақсаты, кезеңдері мен әдістері

2.2

7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдалану


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі


Қосымша






























Кіріспе


Оқушылардың пәндер мен тірі табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту әдісіне байланысты болады. Оқыту әдіс-тәсілін таңдап алу, оқу материалының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері – репродукциялы (еске түсіру, иллюстрациялы) немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.

Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық үрдісі мүлде басқаша өтеді. Оқушының танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.

Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.

Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.

Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады [1, 25].

Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, көздеген мақсаттарына жететін, тұлға болып қалыптасатын, сонымен қатар болашақтың бүгінгі күннен де жарқын және нұрлы болуына әсер ететін адамзат өмірінің алға жетелейтін бір бөлшегі ол әрине — білім.

Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға. Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдердің сіңірген еңбегі ұшан- теңіз. Әлем елдерінің оның ішінде Қазақстан мұғалімдерінің ең басты проблемалары оқушыларды қалай және нені оқыту керек деген басты мәселе болып тұр. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз.

Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбын «7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістері» деп алдық.

Зерттеу объектісі – 7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу процесі.

Зерттеу пәні – 7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс үдерісі.

Зерттеу мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін айқындап, тәжірибе жүзінде 7-сыныпта пайдалану.

Зерттеу міндеттері:

1. Биология пәнінен оқытудың дидактикалық жұмыс әдістеріне талдау жасау;

2. Өсімдіктердің вегетативті мүшелеріне сипаттама беру;

3. 7-сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдалану тәжірибесімен бөлісу;

4. Дидактикалық жұмыс әдістерінің тиімділігін дәлелдеу

Болжамы: егер 7 – сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеуде дидактикалық жұмыс әдістерін жиі қолданар болсақ, онда оқушылардың биология пәні бойынша білімдері артады.

Зерттеу жаңалығы: алғаш рет Павлодар қаласының № 35 мектебінде 7-сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерінің тиімділігін дәлелдеуге бағытталынған эмпирикалық зерттеу ұйымдастырылды.

Зерттеу әдістері:

Теориялық әдістер: зерттеу бағытына сәйкес әдебиеттерге талдау жасау, құжаттармен танысу, білім беру саласындағы мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды талдау, зерттеудің педагогикалық тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру;

Эмпирикалық әдістер: тестілеу, бақылау, математикалық талдау.

Экспериментке 7 «А» және 7 «Ә» сыныптарының оқушылары қатысқан болатын. 7 «А»сыныбын эксперименттік топ деп, ал 7 «Ә» сыныбын бақылау тобы деп алған болатынбыз. Әр сыныптар 20 оқушыдан қатысқан болатын.

Практикалық негізі: дипломдық жұмыста қолданылған дидактикалық әдіс-тәсілдер биология мұғалімдеріне әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

Зерттеу құрылымы: Димломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


1 7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерінің теориялық негізі



1.1 Биология пәнін оқыту әдістемесі


Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.

Методика – оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.

Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.

Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.

Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады [2, 125].

Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.

Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.

Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде «.....білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.

Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.

Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.

Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.

Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады [3, 47].

Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.

Әдістеменің міндеттері:

- Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.

- Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді:

- Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.

- Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.

- Оқытудың әдістерін жасап береді.

- Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.

- Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды [4, 88].

Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.

Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.

Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.

Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.

Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.

Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:

1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;

2. Патриотттық тәрбие;

3. Еңбек және экологиялық тәрбие;

4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;

5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие [5, 98].

Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.

Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.

Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.

Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.

Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады [6, 25].

Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.

Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:

- Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;

- Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.

- Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу;

- мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.

- Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру [7, 68].

Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.

Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.

Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.

Еңбек тәрбиесін беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.

Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.

Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.

Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады [8, 68].

Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:

- оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;

- экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;

- дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;

- экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;

- оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;

- оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту [9, 111].

Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.

Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.

Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.

Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.

"Тәнтану" және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т.б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.

Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы - жыныстық тәрбие.

Жыныстык тәрбие - бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.

Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. "Тәнтану" курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады [10, 11].

Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.

Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.

Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.

Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.

Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.

Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек [12, 49].

Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.

Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.

Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.

Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.

Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады. Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде бірінші орынға өзінің табиғатка қатынасын қою керек.

Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.

Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.

Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? – деген сұраққа жауап) – бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.

Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет [13, 55].

Биологияны оқыту мақсаты қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.

Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады [14, 65].

Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.

Ботаника «Өсімдіктану» пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).

Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепетеңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.

Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.

Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.

Биологиядан білімді қорытындылаудың бастапқы ұғымы – тапсырмалар. Білім оқыту мен тәрбиелеудің адам,қоғам мемлекет игілігіндегі бір мақсаттағы үрдіс ретінде танылады.Сондай-ақ білімді өзіңізді және қоршаған әлемді тану жемісі деп те анықтауға болады.Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді белсенділігін арттырады,оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.Педагогикалық тапсырмалар тест және тестік емес түрде жасалады. Шет елдік білім беруде тестік түр екі тапсырмадан тұрады.Бірі-білім беруші-оқыту тапсырмалары оқу үрдісінде жеке адамды дамытуда,ал бақылау-білім басқармаларындағы оқу кезеңінің аяқталу барысында дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатында қолданылады.Тапсырмалардың көп бөлігі оқыту мен бақылау үшін қолданылады. Тест тапсырмаларындағы түр- элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың үлгілі принципі, ұстанымы сондай-ақ ол– тәртіптілікті реттейтін, топтастыратын ұстаным анықтамасы.

Әрбір тақырыппен әрбір тарауды өткеннен кейін, оқушылардың ойын, алған білімдерін тиянақтау,қорытындылау үшін тесттің тигізетін көмегі көп.

Оқушының логикалық ойлауын,жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алу-шылар категориясына қарай дәстүрлі(жалпы білім беру), орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.

Білімді қорытындылау сабағын жетілдіру әдістерінің дидактикалық негіздері. Дидактика - педагогиканың маңызды саласы.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А.Коменский пайдаланып,1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды.

Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Жаңа әлемдік білім беру жүйесіне көшу барысында оқушыларды жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру орта мектептердегі барлық пәндерге ортақ мақсат етіп қойылды. Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру,тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттары қойылады. Биология пәні де оқушыларға табиғат туралы ғылыми және технологиялық білім беру,ғылыми көзқарас қалыптастыру,солардың негізінде экологиялық,экономикалық, адамгершілік,еңбек, т.б тәрбиесін беру,олардың бақылау,қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қайталау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді.Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп,тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі.

Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша,жазбаша,графикалық,лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет,білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз Категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу,оқыту принциптері, оқыту процесі,мақсаты, міндеттері, мазмұны,түрлері,әдістері, құралдары оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі Оқыту процесі -білімді,біліктілік пен дағдыны меңгертетін,оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс- әрекет барысы.

Оқу барысында оқушының сана-сезімі,адамгершілік қасиеттері,эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктер іне назар аударайық. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты,әдістәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту - таным процесі.Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат,қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Оқушы дүние тануда Бұрын ғылымда белгілі болған,зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі,ғылым тарихымен,оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым -қатынаста,ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі,бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды.Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.Бұдан шығатын қорытынды:оқыту баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді;оқыту – бала дамуының алғы шарты.Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л.С . Выготскийдің баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады.Олбаланың кешегі күнгі дамуына емес,ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала дамуының ''екі зонасы'' болатынын айтады.''Бірінші зона'' -бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай,мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екінші зонаға'') жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады.Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.Оқыту -екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылы-ғы арқасында ғана жүзеге асады.Оқыту жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған,ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.Оқушы білімді қысқартылған,педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отырып меңгереді. Сөйтіп,оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.Оқыту- бұл күрделі процесс.Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас(комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.

Білім беру,біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен,қағида және түсініктермен,заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде,айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі - тәрбиелеу.Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып,жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады.Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады .Демек,тұлғаға білім бере отырып,оны тәрбиелейміз,тәрбиелей отыра білім береміз.Сөйтіп,тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі - дамыту.Оқыту барысында оқушы-ларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б.көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына,біліктіліктері шыңдалып,қабілеттерінің артуына оң әсер етеді.Демек,тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы,ойы,есі,қиялы секілді психикалық процестері деқарастырылады).Даму қызметінің ерекшелігі сол,ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан,дамудың қарқынды,жан-жақты әрі,терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді. Дидактикада ''Жетілдіре оқыту нәтижесі'' процесі 1960 жылдардан басталды. Осы негізде Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин еңбектерінде, оның жолдарын шешу үшін әртүрлі принциптерді ұсынды. Солардың ішінде Л.В.Занковтың оқу процесі арқылы білім беруді қарқынды, ұйымдастыру,оқушылардың оқуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін ұсынылды.Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуына да оңтайлы әсер етеді.

Білім беру технологияларының проблемасы педагогикалық инновациялардың,авторлық мектептер мен новатор мұғалімдердің мол тәжірибесі әрдайым жалпылық пен жүйелілікті талап етеді. Каркасты жүйелі түрде құратын негіз ретінде педагогика үшін жаңа ұғым «технология» және педагогикалық үрдістерді анализдеудің және жобалаудың жаңа жолын мақсатқа лайықты қолданған жөн



1.3 Өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу


Барлық тірі организмдер сияқты, әрбір өсімдік белгілі бір мүшеден тұрады. Оның белгілі бір құрылысы, атқаратын қызметі болады. Өсімдік денесінің атқаратын қызметіне, құрылысына қарай вегетативтік және генеративтік деп екіге бөлінеді:

Вегетативтік мүшесіне тамыр, сабақ, жапырақ, ал төменгі сатыдағы өсімдіктерде даму сатысына орай жіптесінді, тканьді қабатты, тамыр қызме,тін атқаратын ризоидар болады.

Генеративтік органдар көбеюге қызмет етеді. Оған: гүл, оның туындылары, жемісі, тұқымы жатады.

Негізгі вегетативтік мүшелердің бастамасы тұқымның ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетті температура, ылғал, және ауа жеткілікті болған кездерде тұқым бойына су тартып, ісініпөне бастайды.

Алдымен тамыр өседі, нәтижесінде жас өскін топыраққа бекінеді де одан су мен онда еріген минералды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында ол иілген болады, біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығарады. Тұқым жарнақтары көк түске боялып, біраз уақыт жапырақ қызметін атқарады. Бүршік жоғары тік өсіп сабақты, алғашқы жапырақты береді. Тамыр мен тұқым жарнағының шекарасын тамырдың мойны деп атайды. Тамыр мойны мен тұқым жарнақтарының арасын гипокотиль деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль деп атайды.

Ал дара жарнақтыларда бүршік ұрықтың жапырақ пен қоршалған яғни колеоптиль жарықшасы арқылы шығады.

Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі (1-сурет). Қызметі: а) тамыр – топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; ә) өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; б) қоректік заттарды қорға жинайды (сәбіз, қызылша, шалқан, шомыр және т. б.); в) көбеюге қатысады. Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.

Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.

Сурет 1 - Тамыр типтері

1. Негізгі тамыр. 2. Жанама тамыр. 3. Қосалқы тамыр. 4. Сабақ.


Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді (2-сурет).

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы: асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа және т. б.).

Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа қарағанда тез ұзарады. Себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура келеді.

Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың бірі – тірек, екіншісі – өсу, үшіншісі сору сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Ол сабақ сияқты ұшынан шектеусіз өсе береді.

Сурет 2 - Тамыр жүйелері: 1) кіндік тамыр; 2) шашақ тамыр.


1. Тамыр. Тамырдың негізгі қызметі-өсімдік денесін топырақта ұстап тұру және онан қоректік заттардың ерітінділерін қабылдау. Сонымен қатар тамырда кейбір органикалық заттар синтезделеді, қоректік заттардың қоры жиналады.(сәбіз, қызылша, шалқан).

Анатомия-морфологиялық жағынан алғанда негізгі тамырдың әрқашанда теріс фотопропизмдік, ал гидротропизмдік қасиеттері болады. Алғашқы қабықтың ішкі жағында эндодерма қабаты жатады, ол орталық қабықтан ішкі цилиндрді бөліп тұрады. Сабақ сияқты тамырда көпке дейін ұшынан ұзарып өседі. Жас тамырдың белгілі бір деңгейінен түктер пайда болады. Тамырдың өсу нүктесі өзінің сыртын қаптап жататын тамыр оймақшасы астында орналасады.

Гүлді өсімдіктердің тамыры тұқымның ұрығынан басталады, оны алғашқы тамыр деп атайды. әрбір өсімдік тамырының ұшында үш түрлі түзуші жіктелген өскін аймағы болады. Тамырдың үш түрі-негізгі, жанама, қосалқы тамыр.

Негізгі тамыр деп- тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрін, сабақтан тамыр аралығындағы бөлімінде тамыр мойыны деп аталатын бөлік бар.

Негізгі тамыр әр түрлі болып өзгереді:

1. Жіп тәрізді тамыр (зығыр). Тамыр мойнынан бастап жіп тәрізді бұтақталған.

2. Шашақ тамыр. (астық тұқымдас өсімдіктер).

3. Кіндік тамыр (негізгі тамыр жойылмаған, бұршақ тұқымдас).

4. Қоректікзаттар жиналған тамыр өзгерістері (шалқан, сәбіз).

Жанама тамыр.

Негізгі тамырдың перецикл қабатынан өсіп, бұтақталып жанама тамыр шығады.

Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды. Тамыр системасының үш түрі бар: кіндік тамыр системасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Шашақ тамырлар жүйесі, ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады. Аралас тамырлардың жүйесі- ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.

2. Өркен бойында сабақ жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Бір тұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады. Өркенде төбелік-бүйірлік бүршіктер орналасқан . Олар өркенннің үнемі өсіп, өсу қабілетін жоғалтпайды. Сондықтан өркен үздіксіз өсіп, бұтақтанып өркендер жүйесі қалыптасады.

Өркенде пайда болған сабақ жапырақ қызметтері өркеннің қызметтерін құрайды. Мысалы:жапырақ фотосинтез, тыныс алу, транспирация т.б. Сабақ арқаулық, тасымалдаушы қызметті атқарады.

Бүршік-буынаралық өте қысқарған, түрі өзгерген, демек метаморфозданған өркен. Бүршік құрамында өсетін сабақ, оның өсу конусы (төбесі, ұшы) бірін-бірі жаба орналасқан бірнеше жас жапырақшалары болады. Бұл жапырақшалар қабыршақтар деп аталады.

Қабыршақтар негізінен бүршіктің өсу конусын құрғап кетуден, әр түрлі температурадан сақтайды. Жабық бүршіктер деп атайды (олар еменде – 20, талда – 2, дара жарнақтарда –1 ғана). Кейбірөсімдіктерде бұл жапырақшалар болмайды, бүршікті өсу конусын ескі жапырақтары жауып тұрады.

Ашық бүршікте қабыршақтар болмайды. Тропикалық субтропикалық ағаштарға цитрус тұқымдасына тән. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай:

1. Гүл бүршігі - қысқарған өркеннің бойында көлемі ірі.

2. Жапырақ бүршігі көлемі ұсақ.

3. Вегетативті- генеративті бүршік-метамерлер, гүл немесе гүл шоғыры өсіп шығады.(сирень, ырғай т.б.)

Сабақта өсуіне қарай:

1. Төбе бүршік- өсіп келе жатқан өркеннің дәл ұшына оның клеткаларымен көбеюі нәтижісінде негізгі өркендері бойлай өседі.

2. Жанама бүршік қолтық және қосалқы бүршік деп бөлінеді. Өсу конусында жас жапырақшалар болмауынан экзогенді жолмен қолтық бүршіктер пайда болады.

3. Қосалқы бүршік немесе адвентивті өсу конусының меристемасынан емес, қалыптасқан ересек сабақтан эндогендік жолмен дамиды (вегетативтік жолмен көбейе алады).

4. Бұйыққан, қыстаған бүршіктер. Қыстаған бүршіктер күзде пайда болып, қыстап келесі көктемде өркендейді.Бұйыққан бүршіктер жылдар бойы өспей, өсу қабілетін жоғалтпай, өзіне қолайлы кезеңде өсуге, өркендеуге бейімделген, сабақ ұлпаларына көмілген бүршіктер.

Өркеннің меристемасының құрылысы. Бүршіктің ылғалды камерасында өркеннің меристемалық төбесі –апексі (лат. Апекс-төбесі, өсу нүктесі) болады.

Апекс-өсу орталығы. Оның қайнар көзі иницианальды клеткалар.

Апекс төбесінде бірнеше клеткалар болады, одан (аналық клеткалар). Төменірек меристемалық клетка тобы болады. Орталық меристема- аналық, өзек меристема-сабақ өзегі қалыптасқан. Шеткі-сыртқы меристема-алғашқы жапырақ.

Инициальды клеткалардан- дерматоген-эпидерма пайда болады.

Сабақ.Сабақ- жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік бөлімі. Сабақ ұшында төбе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан, сол сияқты қыстырма меристемасынан да өсіп отырады.

Сабақ тамыр мен жапырақты байланыстырып тұрады. Сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар тамырға қарай, ал тамыр арқылы қабылданған су және одан еріген минералдық тұздар мен органикалық заттар жапыраққа қарай жылжиды. Сабақ бұтақтанып, онда жапырақтың ассимиляциялық беткейі жетіледі. Ол осы беткейді кеңістікте ұстап тұру, оны жарыққа бағыттап тұру қызметін, яғни тіректік қызмет атқарады.

Жоғарыда аталған негізгі қызметтер мен қатар көп жылдық өсімдіктердің сабағында қо заттары жиналады, шөптесін өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді және көптеген өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Сабақ морфологиясы. Сабақтың морфологиясы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында бірдей емес сондықтан олардың алуан түрлілігін еңсесіне, пішінінен, көлеміне бөліп қарастырған жөн.

Ағаштардың басым көпшілігі көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т.б. Шөптесін өсімдіктердің сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып, көтеріліп барып өсетіндері жиі кездеседі. Бұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады.

Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өсетіндіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің сабағының топырақ пен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төсемелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ жәнет.б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды.

Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таяныш пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі.Лианаларға сабағы жіңішке, механикалық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.

Сабақтың өсуінің ерекшелігі жертағанды өсімдіктерде байқалады. Бұлардың сабағының өсуі шектелген, буын аралықтары қысқа жапырақтары тамыр мойнына жиналған жертаған жапырақты болып келеді.

Жұмыр сабақтың көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек тәрізді. Өйткені сабақта механикалық ұлпа айнала шеңбер түзіп біркелкі орналасады.

Сабақтың қырлы, яғни үш қырлы көлденең кесіндісі-төрт бұрышты, көп қырлы сабақтың көлденең кесіндісі-көп бұрышты болып келуі механиакалық ұлпаның топтанып, орналасқан жерлерінің білеуленіп, қырланып кетуінен.

Өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне байланысты олардың сабағының тіршілік ету ұзақтығы, консистенциясы және көлем өлшемі әрқилы. Солтүстік америкадағы мамонт ағашы діңінің биіктігі 140м, диаметрі 10м жетсе, Орта Азияның сазды шөлдерінде өсетін қисық бөдене шөптің биіктігі не бары, 1,25 см дейін ғана.

Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді. Сүректі өсімдіктер сабағының сүрек клеткаларының қабықшасына лиглин сіңіп қатайған. Сүректі сабақты өсімдіктерге ағаштар және бұталар, бұташықтар мен жартылай бұталардың көбі жатады. Шөптесін өсімдіктер сабағы негізінен, қатаймаған жұмсақ шөптесін қалпын сақтайды.

Жапырақ-жоғарғы сатыдағы өсімдіктер денесіндегі фотосинтез, тыныс алу және трнспирация қызметін атқаратын өте маңызды вегетативтік органдардың бірі.

Жапырақтың ең негізгі бөлімі-жапырақ тақтасы.

Сағақты-сағақсыз, қондырмалы (бидай, жүгері, алоэ) қынапты (бидай, арпа, жүгері т.б) жапырақтар.

Көптеген өсімдіктердің нағыз жапырағының түбінен қосалқы жапырақтары өсіп шығады.

Барлық өсімдіктің жапырақтары жай және күрделі жапырақ болып бөлінеді.

Жапырақ тақталары пішіндеріне қарай:қылқан жапырақ, таспа тәріздес жапырақ (астық тұқымдастар), қандауыр немесе ланцет тәріздес жапырақ (талда), эллипс тәріздес жапырақ (ұшқат), жұмыртқа тәріздес жапырақ (тар тар жапырақ, шамшат), жүрек тәріздес жапырақ (жөке ағашы, қоғажай), ромба тәріздес (қара тал), стрелка тәріздес жапырақ (қымыздықта), жебе тәріздес жапырақ (шырмауықта), бүйрек тәріздес жапырақ, т.б. түрлері кездеседі.

Жапырақ тақтасының тілшеленуіне, жиегіндегі кедір-бұдырларына және тіліктеріне қарай:

- бүтін жиекті (терек, қарағай, сирень, жүгері т.б.)

Бүтін жапырақ тақталарының жиегінде кедір-бұдырларына қарай:

- үшкір тісті,

- ара тіс,

- жұмыр тісті немесе дөңес жапырақ,

- ойыс жиекті жапырақ,

Бір жапырақтың негізгі сағағына бірнеше жеке тақташалар орналасқан, бұлар өз алдына жеке-жеке түсіп отыратын болса, оларды күрделі жапырақ деп атайды. Күрделі жапырақ өсімдік түріне қарай әр қилы болады:

1. Үш қЅлақ -күрделі жапырақ -сағағының ұшына 3 тақташа орналасқан жапырақтар (беде, жоңышқа, соя т.б).

2. Салалы күрделі жапырақ- сағағының ұшына 3 тен артық тақташа орналасқан жапырақ (бөрі бұршақ, қара сора, қос табан т.б).

3. Қауырсын күрделі жапырақ -бір жапырақтың негізгі сағағын бойлап, оның екі жағына бірдей құс қауырсыны тәріздес орналасқан жапырақ. Сағағының ең ұшына орналасқан тақтаның санына қарай қауырсын күрделі жапырақ екі түрлі болады:

а). Жұп қауырсын-күрделі жапырақ (сары қарағай).

б). Тақ қауырсын-күрделі жапырақ (ақ қарағай).

Мұнан басқа: екі рет жұп қауырсынды- күрделі жапырақ, үш рет тақ қауырсынды-күрделі жапырақ.

Гетерофилия. Өсу ортасының алуан түрлі факторларына байланысты күн нұрының күшіне, сапасына, қоректі заттардың мөлшеріне, температураға, ылғалға байланысты өсімдіктің әр бір бұтақтарында немесе бір ғана бұтағында орналасқан жапырақ тақталарының түрліше пішінді болуы гетерофилия деп аталады.

Гетерофилияның болуына өсімдік сабағының ксерофиттік, гидрофиттік және мезофиттік деңгейлері, сондай-ақ сол жапырақтың өсіп тұрған ортасы үлкен әсер етеді.(Мысалы. Су сарғалдағы-суда ғана өседі, оның ішінде тұрған өркендерінің жапырақ тақталары қылқан тәрізденіп, яғни шашақталып келеді де, ал сол өркеннің су бетіне шығып тұрған бөліміндегі жапырақтары тақталанып бітеді.)

Сонымен қатар гетерофилия қасиеті құрғақта өсетін өсімдік түрлерінде де кездеседі. Мысалы: інжір, тұт ағашында, эвкалипті т.б. өсімдіктерде кездеседі.

Жапырақтың жүйкеленуі. Жапырақ тақтасындағы сосуд-талшық шоқтарының орналасу тәртібін жүйкелену деп атайды. Сосуд-талшық шоқтары топырақтан қабылдаған суды және ондағы түрлі минерал тұздарды жапырақ клеткаларына жеткізеді, жапырақтағы фотосинтез процессі кезінде пайда болып органикалық заттарды басқа органдарға таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет береді, жапырақты жыртылып кетуден сақтайды.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырақтары жүйкеленуіне қарай: параллель жүйкелену, доға жүйкелену, қауырсын жүйкелену, тор жүйкелену.

Жапырақтың орналасуы. Өсімдіктердіңі сабағына белгілі бір тәртіппен орналасады.

1. Кезекті орналасу(бидай, жүгері, емен т.б)

2. Қарама-қарсы орналасу: Сабақтың әрбір буынынан екіден жапырақ шығады да, олар бір-біріне қарама-қарсы орналасады. (бөдене, шөп, балқурай т.б)

3. Шоқтанып орналасуда сабақтың бір буынынан 3 немесе одан да көп жапырақ шығады.

Жапырақтың анатомиясы 3 –ке бөлінеді:

1. Жапырақтың сыртын қаптап жатқан алғашқы жабындық ұлпа эпидермис, (борпылдақ ұлпалары болады.)

2. Жапырақтың мезофилі.

3. Сосуд-талшық шоқтары.

4. Жапырақтың қызметі:

1. Фотосинтез.

2. Тыныс алу.

3. Транспирация.

Өсімдік денесінде болатын артық судың жапырақ арқылы булану қасиеті транспирация деп аталады.

Гигрофиттер (қамыс, құрақ, қоға) суды мейлінше көп қажет етеді.

Мезофиттер-суы жеткілікті жерде ғана жақсы өседі.

Ксерофиттер-құрғақ жерде өседі. Су жеткіліксіз болса да өсе береді. (тобылғы, қылша, жыңғыл, сексеуіл т.б).

Транспирация көбіне өсімдіктің лептестіктері арқылы жүреді.

Жапырақтың түсуі. Кейбір өсімдіктердің жапырақтары бірнеше жылдарға дейін түспей сабағында немесе бұтағын да жасыл күйінде тұра береді. Мысалы: қарағай қылқаны 3-5 жылда, шыршанікі 5-12 жыл, тисса ағашынікі 6-10 жыл, майқарағайдікі 3-10 жыл, вельвичиянікі (Африка) 100 жыл дейін түспей тұрады. Оларды мәңгі жасыл өсімдіктер деп атайды.

Өсімдік органдарының метаморфоздары.

Өсімдіктің негізгі органдарының айналадағы ортаға бейімделе келіп, құрылысы мен түрі өзгеруін және белгілі бір жаңа қызмет атқаруға бейімделуін метаморфоз деп атайды. Өсімдіктерде метаморфоз олардың тарихи даму кезеңдерінде пайда болады, кейін олардың тұқым қуалайтын түпкілікті белгісіне айналады. Өсімдіктің метаморфозданған органдарына, мысалы, сәбіз бен қызылшаның жем тамырлары, лианалардың мұртшалары, кейбір өсімдіктердің сояулары мен тікендері және т.б жатады.

1. Өркеннің метаморфозы. Өсімдіктің жапырақтары бар бұтағын (сабағын) өркен деп атайды. Капуста кагоны (басы)-жапырақ пен сабақ клеткаларына қоректік заттар жиналып түрі өзгеріп кеткен өркен.

Пиязшық (жуашық)- мұнда сабағы өте қысқарып түрі өзгеріп кеткен, жапырағы қабыршаққа айналып кеткен өркен. Сыртындағы сілдіреген қабыршақтарыда түрі өзгеріп, кеуіп қалған жапырақтар.

Сояу- түрі өзгерген өркен.

Филлокладия-жапырақтары редукцияланып, сабақтары немесе бұтақтары тақталанып, бір жапырақ тәрізді болып түрі өзгерген өркен. Мұны кейде кладодия деп те атайды.

Редукцияланған жапырақ қолтығынан филлокладия (кладодия) өсіп шығады да, оның бет жағынан гүлдер пайда болады. Филлокадиялары бар өсімдік түрлері көбінесе қуаңшылық аудандар да кездеседі. ( мысалы:филлаптус өсімдігі). Нағыз жапырақтан ешқашан да гүл өсіп шықпайды.

Жапырақ метаморфозы. Өсімдік жапырақтары өскен орталарының әсеріне, тіршілік ерекшеліктеріне қарай өзгергіш келеді. Мысалы: кейбір өркендермен бірге, өсімдік жапырақтарының да түрі өзгеріп, сояуға айналып кетеді. (бос қараған, ақ қараған, кактус т.б).

Кейбір өсімдік өркендерінің ең ұшында орналасқан жапырақтары түрін өзгертіп мұртшаға айналып кетеді. Бұл көбінесе сабағы ұзындау және жіңішке болып келетін өз денесінің салмағын өзі тік көтеріп тұра алмайтын өсімдіктерде көбірек ұшырайды.(бұршақ, сиыр жоңышқа, жүзім. т.б).

Бір сыпыра өсімдіктердің жапырақтары редукциялана келіп қабыршаққа айналып кетеді.Бұған інжугүл, бидай тамыр сабағының, пиязшықтарының қабыршақтары мысал бола алады.

Филлодия -үнемі жұмыр болатын жапырақ сағағының бірте-бірте өзгеруі салдарынан жапырақ тақтасы тәрізді болып өзгеріп кету. Ол фотосинтез, транспирация және тыныс алу процестерін жүргізіпжапырақ тақтасының қызметін атқарады. (түбіртек, бозкілем, алоэ, балдырған, агава, т.б).

Сабақтың метаморфозы. Негізгі вегетативтік органның бірі -өсімдік сабағы да метаморфозданып, түрі өзгереді. Сабақ метаморфоздарының түрлері:

1.Түйнектер-томпайып, түйнектеніп және ет-женді болып түрі өзгеріп кеткен сабақ. Систематикалық жағынан қарағанда жер үсті және жер асты түйнегі болып 2-ге бөлінеді:

1. Жер үсті түйнегіне мысалы:кольраби капустасы.

2. Жер асты түйнекке мысалы:картоп, жер алмұрты (топинамбур).

Тамырсабақ-өсімдіктің түрі өзгерген жер астындағы сабағы. Мұның сыртқы пішіні өсімдіктің тамыры сияқты болғанымен, тегі және ішкі құрылысы жағынан алып қарағанда-сабақ. Тамырсабақ бунақ-бунақ болып, топырақ астында көмулі болады.(калуен, бидайық, жыланқия т.б).

Кейбір өсімдіктің сабағы түрін өзгертіп ет-женді болып, немесе жапырақ тәрізденіп жасыл тақтаға айналып, фотосинтез, тыныс процесіне икемденіп кетеді. Мысалы: кактус.

Тамырдың метаморфозы. Метаморфозданған тамырдың жемтамыры және түйектамыр деген 2 түрі бар:

1.Жемтамыр (тамыржеміс)-кейбір өсімдіктердің бір тамырларының клеткаларына қоректік заттар көбірек жиналып, олар ет-женді болып жуандап түрін өзгертіп кетеді.(2 жыл. өсім.) қызылша, сәбіз, шалқан, тунепс, шолғам, шомыр т.б.

2.Түйнектамырлар-клеткаларына қор жинап, көлемі ұлғайып, ет-женді болып, түрі өзгерген жанама немесе қосалқы тамырлар оның ұшында бүршіктер болуы мүмкін. Сондай тамыр түйнектерінен келесі жылы жас өркендер өсіп, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюіне мүмкіндік береді. (георгина, қазықұрт, турненс, банан т.б ).

Өсімдіктердің вегативті жолымен көбею жолдарын толығырак 1-суреттен көруге болады.

Сурет 3 - Өсімдіктердің вегативті жолымен көбею жолдары


Өсімдіктердің вегативті мүшелерін толығырақ зерттеу процессі 7-сыныпта жүзеге асырылады. Осы процесті ықтималдандыру мақсатында дидақтакалық тапсырмалады қолданған жөн.












2 7-сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдалану тәжірибесі



2.1 Эксперимент жұмысының мақсаты, кезеңдері мен әдістері


Тәжірибеден өту кезімізде өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу мақсатында эмпирикалық зерттеу ұйымдастырған болатынбыз. Экспериментке 7 «А» және 7 «Ә» сыныптарының оқушылары қатысқан болатын. 7 «А»сыныбын эксперименттік топ деп, ал 7 «Ә» сыныбын бақылау тобы деп алған болатынбыз. Әр сыныптар 20 оқушыдан қатысқан болатын.

Эмпирикалық зерттеу 3 кезеннен тұрды:

1. Айқындаушы кезең;

2. Қалыптастырушы кезең;

3. Бақылау кезең.

Айқындаушы кезеңде 7 «А» және 7 «Ә» сыныптарында өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтаған болатынбыз. Ол әдіс «тест» әдісі қолданылды. Тест сұрақтары Қосымша А-да ұсынылды. Осы тест сұрақтарына жауап беруге байланысты 7 «А» және 7 «Ә» сыныптары оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейі анықталынды.

Тесті нәтижелері 1-кестеде берілді.


Кесте 1 – Анықтау эксперименті кезіндегі оқушылардың білім деңгейлері

Сынып оқушылары

Жоғары деңгейлі

оқушы саны

Орташа деңгейлі

оқушы саны

Төмен деңгейлі

оқушы саны

7 «А» сыныбы эксперименттік топ 20 оқушы

6 бала (30 %)

10 бала (50 %)

4 бала (20 %)

7 «Ә» сыныбы бақылау топ 20 оқушы

6 бала (30 %)

11 бала (55 %)

3 бала (15 %)

Бұл нәтижені 4-суреттен көруге болады.

Сурет 4 - Анықтау эксперименті кезіндегі

7-сынып оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейі


Бұл суреттен эксперименттік топ 7 «А»-сынып оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейі 30 пайызында – жоғары екендігін, 50 пайызында – орташа екендігін, 20 пайызында – төмен деңгейде екендігін көруге болады. Ал бақылау топ 7 «Ә»-сынып оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейі 30 пайызында – жоғары екендігін, 55 пайызында – орташа екендігін, 15 пайызында – төмен деңгейде екендігін көруге болады. Екі топта оқушылардың білім деңгейі бір-біріне ұқсас. Осы көрсеткіштерді жақсарту үшін қалыптастырушы кезеңге көшкен болатынбыз.



2.2 7 сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдалану


Қалыптастырушы кезеңнін мақсаты: эксперименттік топ 7 «А» сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдаланып, білім деңгейін арттыру.

Қалыптастырушы кезеңде эксперименттік топта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық тапсырмаларды пайдаланған болатынбыз. Ал бақылау топта сабақтар дәстүрлі түрде өткізілді.

Дидактикалық тапсырмаларды дайындау мына кезеңдерден тұрды:

- Сабақта оқыту мақсатын анықтау;

- Оқу материалының мазмұнын және оны оқыту әдістемесін іріктеу;

- Дидактикалық тапсырмаларды қолдану мақсатын, сондай-ақ аймағын анықтау;

- Дидактикалық материалдарды қолдану арқылы сабақтарды дайындау және таңдалған сабақтарға арналған дидактикалық тапсырмаларды жоспарлау;

- Дидактикалық тапсырманы ұсынудың қолайлы тәсілін таңдау;

- Дидактикалық тапсырмаларды дайындау;

- Әдістемелік материалдарды қалыптастыру;

- Әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

- Оқыту барысында қолданылатын тапсырмаларға бағалау крийтерийлерін дайындау;

- Білімді бақылау құралдарын және оларды қолдану тәсілдерін дайындау;

- Дидактикалық материалды дидактикалық құрал ретінде білім беру үдерісіне қосу.

- Алынған және бар нәтижелерді түсіндіру [16].

Сонымен қатар биология пәні бойынша дидактикалық тапсырмаларды қолдану барысында төмендегі талаптарды ескерген болатынбыз:

- Оқу жоспарына сай дидактикалық тапсырмаларды қолдану жолдары;

- Дидактикалық тапсырмалардың дамытушылық әсерінің себептері;

- Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;

- Дидактикалық тапсырмалар арқылы тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;

- Дидактикалық тапсырмаларды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;

- Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;

- Дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары [19];

- Биологияның заңдары мен заңдылықтарын дидактикалық тапсырмалар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге септігін тигізетіндігі.

Сонымен қатар, дидактикалық тапсырмалар жүйесі арқылы білім деңгейі мен дағдыларын дамыту үшін репродуктивті тәсілге де назар аударған болатынбыз. Біз өз кезігімізде дидактикалық тапсырмаларды ұсынамыз, ал білім алушылар оларды ешқандай сұрақтарсыз орындаулары үшін тапсырмалар жүйелі болуы қажет.

Биология пәнінде өсімдіктердің вегативті мүшелерін зерттеу бойынша дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында келесідей бағдарламаларды қолданған боатынбыз:

- Bilimland.kz — әмбебап білім платформасы. Bilimland сабақтары жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолданыла алады.

- Twigbilim.kz— Сыныпта да, үйде де пайдалануға ыңғайлы тамаша ресурспен таныс болыңыздар. Мектеп бағдарламасына сай бұл ресурс мыңдаған фильм, интерактивті көрнекілік және бақылау тапсырмаларынан тұрады. Plickers— статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша.

- Plickers мұғалімнің ұялы телефонын немесе планшетын білім алушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады.

- Kahoot — білім беру саласындағы педагогтар мен білім алушыларға арналған ойын платформасы. Яғни ойын арқылы білім беру. Kahoot бағдарламасы оқуды және кез-келген тақырыпты қызықты, ынталандырып, көрікті етіп береді. Kahoot бағдарламасы Kahoot.com сайтында орналасқан. Сонымен қатар оны кез-келген сандық құрылғыларға жүктеп алуға болады.

- ZipGrade — қас қағым сәтте тестерді тексеруге мүмкіндік беретін қосымша. Ол үшін мұғалім жауап бланкілерін басып шығару, білім алушыларға толтырту және өз смартфонынан жауап парақтарын сканерлеу қажет. Нәтижелер автоматты түрде пайыздарға қайта есептеледі және бағдарлама жадысында сақталады.

- Quizlet— жаңа сөздерді есте сақтау үшін тамаша платформа. Карточкалардың дайын желілерін пайдалануға немесе жасауға болады. Сондай-ақ, платформа түрлі тесттер, ойындар және қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Интербелсенді тақта бойынша барлық сыныптармен жұмыс істеуге немесе әр білім алушыға өз виртуалды сыныбында сілтеме бойынша жеке тапсырмалар беруге болады.


Кесте 2 - 7 «А» сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі қолданылған дидактикалық жұмыс әдістері

Сөздік

Көрнекілік

Практикалық

Оқулық пен жұмыс

Техникалық құралдармен жұмыс

1. Сұрақ- жауап

2. Әңгімелеу

3. Түсіндіру

4. лекция

5. Нұсқау беру

6. Пікірталас т.б.

Бейнелеу көрнекіліктерін демонстрациялау, тірі табиғи объектілер, тәжрибелер, кинофильмдер, таблица сызба- нұсқалар арқылы білім беру

Объектілерді танып білу, өз бетінше тәжрибе жүргізу, эксперимент қою, оқу өндірістік еңбек т.б.

Оқулыққа шолу жасау, қарап шығу , оқу, зерттеу, мазмұндау, конспект, реферат жазу.

Компютермен жұмыс жасау, техникалық құралдармен жаттығу, көру, зерттеу, қортындылау т.б.

Осылайша, оқытуда дидактикалық тапсырманы сауатты және тиімді пайдалану білім алушылардың оқу үдерісіндегі оқу мақсаттарна қол жеткізудің қолайлы құралы болып табылады.

Тәжірибе жүзінде қолданылған дидактикалық әдістерден мысал:

Гүлдік өсімдіктердің мүшелері туралы жалпы түсінік

1-зертханалық жұмыс. Гүлдік өсімдіктің мүшелері

Көрнекілік әдістер: Оқушыларға өсімдіктердің суретімен карточкалар таратылынды. Осы карточкалар бойынша тапсырмалар берілді.

1-тапсырма. Гүлдік өсімдік мүшелерінің аттарын жаз. Әңгімеле, түсіндір.

2-тапсырма. Қорытынды жаса. Түсіп қалған сөздерді жаз.

Гүлдік өсімдіктің жерүсті бөліктері _____________, ______________,

_________________________________ құралады.

Өсімдіктің ____________________ бар. _________________________

___________________________ болады. Олар өсімдікке ____________

__________________________ үшін керек. Өсімдіктің жерасты бөлігі

________________________ деп аталады.

Сөздік: сабақ, тамыр, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым, көбейеді.

Гүлдің құрылысы

3-тапсырма.

1. Гүл мүшелерінің аттарын жаз.

1. __________________________ ;

2. __________________________ ;

3. __________________________ ;

4. __________________________ ;

5. __________________________ .

2. Бұл мүшелерді бөлме өсімдігінен немесе гербарийдегі гүлден тап.

4-тапсырма. Аналық бөліктерінің аттарын жаз.

1. ______________________

2. ______________________

3. ______________________

5-тапсырма. Аталық бөліктерінің суретін сал және аттарын жаз.

1. _________________________

2. _________________________

13-тапсырма. Қорытынды жаса. Сөйлемдер құра.

Дамиды, гүл, гүлсабақта.

______________________________________

Күлтелерден, құралады, гүлдің тәжі.

_________________________________________________________.

Аналық, басты, гүлдің, аталық, бөліктері.

_________________________________________________________.

Аталық жіпшелер, аталықта, бар, тозаңқап.

__________________________________________________________

Аналық аузы, аналықта, бар, аналық мойны, түйін.

__________________________________________________________

Дамиды, жеміс, түйіннен.

_________________________________________________________.

7 «А» сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі қолданылған дидактикалық жұмыс әдістерін сабақ жоспарында көруге болады:

1-сабақ:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары /оқу бағдарламасына сілтеме/

7.2.1.2 Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Өсімдіктердің вегетативті көбеюін сипаттайды;

Кейбіреуі: Өсімдіктердің вегетативті көбеюін ажырата алады;

Басым бөлігі: Вегетативті көбейетін өсімдіктерді анықтайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Бағалау критерийі

Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер «Полиглот» ақпараттарды қолдана отырып сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Жасыл ел-жасыл экономика. Мәңгілік ел өсімдіктерді қорғау

Пәнаралық байланыс

Зоология, жаратылыстану, география

Алдыңғы білім

6 сынып. Жаратылыстану

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:


Үй тапсырмасын сұрау:

Ынтымақтастық атмосферасын орнату «Сиқырлы шеңбер» әдісі

«Доп лақтыру» әдісі

1 Телу дегеніміз не?

2 Түрі өзгерген өркен арқылы көбею

3 Бүршікті телу әдісі

4 Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы

5 Неліктен бақшалықта вегетативті көбеюді жиі пайдаланады.

Бағалау «Сенім білдіру» әдісі


ІІ топқа бөлу «Әр түрлі резиналар» әдісі

Мәтінмен жұмыс

І топ Вегетативті көбею түрлері

ІІ топ Вегетативті көбею тәсілдері

Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі

Сергіту сәті: «Кір жуу»

Топпен жұмыс

1.Төменде берілген дұрыс тұжырымды тауып белгілеңіз


Вег-ті көбею

Жынысты көбею

Жын-сыз көбею

1 Ең көп таралған көбею

2 Сұлатпа өркендер арқылы көбейтеді

3 Бүршікті телу әдісі

4 Түрі өзгерген өркен арқылы көбею

5 Қалемшелер –сабақ, жапырақ, толық түрінде болуы мүмкін

6 Тамыр атпаларынан көбею




2. Төменде берілген тапсырмада сөйлемдер аяқталмаған. Тиісті сөзді тауып, орнына қойыңыз.

1 Түйнекті әрқайсысына ... – болатындай етіп бірнеше ... ... және оны топыраққа отырғызады.

2 Сабақ қалемшелер арқылы /өркендермен/

традесканцияны, ... , ... , қазтамақты, ... , ... , көбейтеді.

3 Кейбіреулері тамырдан топырақ бетінен онша ... ..... ............. өседі.


Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс

1.«Сергітілген сұрақтар» жетонмен бағалайды

  1. Түйінде не жиналады?

  2. Жуашық пен тамырсабақта не болады?

  3. Қоянжем, ландыш, жатаған бидайық, жалбыз, қаражидек қалай көбейеді?

  4. Картопты қалай көбейтеді?


2.«Галерияға саяхат» әдісі суреттермен топтастыру арқылы топтық жұмыс жүргізу 191-192-193-ші суреттермен жұмыстану

3.185-ші бейнелі кестені көшіріп, оны толтырыңыз

«Әр түрлі жұлдызшалармен» бағалайды.


Сабақтың соңы

Үйге тапсырма:

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы бағалайды


Өсімдік вегетативті көбеюін сипаттап келу


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілді. Өсімдіктердің вегетативті көбеюін барлығы сипаттай алды.

Топтық жұмыста оқушылар бірін – бірі житон арқылы бағалады. Қалыптастырушы бағалауда бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Сабақта алған білімдері арқылы кері байланыс жасайды.


Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сергіту сәті «Кірпі биі»

Сабақ бойынша рефлексия

Кері байланыс : стикер арқылы

Сабақты меңгеруде не оңай болды?

Сіз болашақта білгіңіз, үйренгіңіз келетін нәрсе.

Сабақ оқу мақсаттарына жетті.

Бүгін оқушылар өсімдіктердің вегетативті көбеюін білді.

Сыныптағы оқушылар белсенді болды.

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.

Берілген уақытты тиімді пайдалана алдым

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе

1 Қысқа мерзімді жоспарды жасауды үйрендім

2 Оқушылар бірін-бірі бағалауда шынайылықты сақтады

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді

1Әлі де ынтымақтастық атмосферасын орнату

2Постер қорғауды дамыту

























Қорытынды


Бүгінгі таңда бірінші кезекте оқушының тұлғасын қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, дидактикалық тапсырмалар арқылы оның жеке қабілеттерін ашуға көмектесу керек.

Қазіргі кезде дидактикалық тапсырмаларға қойылатын талаптарды атап өтетін болсақ: мұғалім бірінші кезекте оқушыға өз бетінше жұмыс жасауға және өзін-өзі бақылау мен бағалауға, салыстыру үшін тиісті дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, көмек беруі керек.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ білім алушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет [15].

Қазіргі әлемде цифрлық технологиялар ел экономикасын дамытуда өте маңызды рол атқарады. Бүгінгі таңда әлм халықтарының 40 %-дан астамы интернетке қол жеткізсе, әрбір 10 адамның 7-еуінде ұялы телефон бар. Ал дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Сондықан қазіргі уақытта педагогтардың білім алушылармен жұмысында сандық сауаттылыққа назар аударылуда.

Дидактикалық тапсырмалар болашақта оқу қызметінің мәдениетін қалыптастырумен байланысты болуы тиіс, сондай-ақ зияткерлік және эмоциялық қызметтердің өзара әрекеттесуіне ықпал етеді, атап айтқанда, зерттеушілік, шығармашылық және оқу сияқты міндеттерді бірлесіп шешу кезінде.

Биологияның оқу курсын ақпараттандыру, ең бастысы, жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын, оның ішінде мультимедиялық құралдарды енгізу түрінде жүзеге асырылады. Білім беру барысында АКТ қолданудың мүмкіндіктері Е. И. Машбиц, В. М. Левина, В. С. Герушинский, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру үдерісінде АКТ-ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

Білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді. Ең алдымен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар дидактикалық тапсырмаларды вербалды және вербалды емес құралдардың жиынтығымен ұсынуға мүмкіндік береді.

Менің көзқарасым бойынша, ұсынылған дидактикалық тапсырманың психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ең алдымен оқушының назарын аударуға, танымдық қызығушылығын қолдауға, оқушының ойлану деңгейін дамытуға көмектеседі.

Біз дипломдық жұмысымызда атқарылған жұмыстар:

1. Биология пәнінен оқытудың дидактикалық жұмыс әдістеріне талдау жасалынып, әрқайсына жеке-жеке сипаттама берілді.

2. Өсімдіктердің вегетативті мүшелеріне сипаттама беріліп, вегетативтік мүшесіне тамыр, сабақ, жапырақ, ал төменгі сатыдағы өсімдіктерде даму сатысына орай жіптесінді, тканьді қабатты, тамыр қызметін атқаратын ризоидар болатыны анықталынды.

3. 7-сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдалану тәжірибесімен бөліскен болатынбыз. Тәжірибеден өту кезімізде өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық жұмыс әдістерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу мақсатында эмпирикалық зерттеу ұйымдастырған болатынбыз. Анықтау кезенде эксперименттік топ 7 «А»-сынып оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейі 30 пайызында – жоғары екендігін, 50 пайызында – орташа екендігін, 20 пайызында – төмен деңгейде екендігін анықтадық. Ал бақылау топ 7 «Ә»-сынып оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейі 30 пайызында – жоғары екендігін, 55 пайызында – орташа екендігін, 15 пайызында – төмен деңгейде екендігін анықтады. Қалыптастырушы кезеңде эксперименттік топта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі дидактикалық тапсырмаларды пайдаланған болатынбыз. Ал бақылау топта сабақтар дәстүрлі түрде өткізілді. Дидактикалық әдістер қолданылған сабақтарда 7 «А» сыныбы оқушыларының қызығушылығы артып, белсенділік танытқан болатын.

4. Бақылау кезеңде 7 «А» және 7 «Ә» сынып оқушыларының өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеу бойынша білім деңгейін қайта анықтаған болатынбыз. Эксперимент соңында бақылау тобынының білім деңгейі өзгеріссіз қалса, эксперименттік топ оқушыларының білім деңгейінің біршама артқаның көреміз. Бұл 7 «А» сыныпта өсімдіктердің вегетативті мүшелерін зерттеудегі тәжірибе жүзінде қолданылған дидактикалық жұмыс әдістерінің тиімділігін дәлелдейді.











Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Мырзабаев А.Б., Биологияны оқыту әдістемесі, Қарағанды, 2016.

2. С.Г.Мамонтов, В.Б. Захаров, Н.И.Сонин, Ә.Қ.Қисымова «Биология. Жалпы заңдылықтар». Оқулық, А.2016.

3.Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2012.

4. Н.И.Сонин, Ә. Қ. Қисымова «Биология. Тірі организм». Оқулық, А. 2016.

5. В.Б. Захаров, С.Г.Мамонтов, Н.И.Сонин, Ә.Қ.Қисымова « Жалпы биология. Алматы, 2012.

6.Өстемиров К. Оқыту құралдарын пайдалану негіздері. Алматы, 2012.

7. Н.И.Сонин, М.Р.Сапин, Ә.Қ.Қисымова «Биология.Адам». Оқулық, А.2014

8.Юсупов Б.Ю. Мұғалімге тән педагогикалық қасиеттер. Алматы. 2019ж.

9. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2016. №6, 39-40 б.

10. Бозбаева Г. Оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2016. №5, 48 - 51 б.

11. «Мұғалімге арналған нұсқаулық». «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

12. Гора П. В. Повышение эффективности обучения в средней школе. М.: Просвещение. 2018. — 343 с.


















Қосымша А


Өсімдіктердің вегетативті мүшелері

1. Қысқарған сабақты өсімдік

A) терек

B) плющ

C) бақбақ

D) қарбыз

E) құлмақ

2.1920-1930 жылдары "Өсімдіктану" оқулығын жазған ғалым …

A) А. Жандеркин

B) Б. Мусин

C) X. Досмұхамедов

D) Ж. Күдерин

E) Н. В. Павлов

3.Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын

қабықша ...

A) борпылдақ жасушалар

B) өң

C) өткізгіш шоқ

D) жүйкелер

E) бағаналы жасушалар

4.Жас өркеннің сыртқы қабаты ...

A) өң

B) өзек

C) сүрек

D) тоз

E) тін

5.Өркен мен тамырлардың бойлай өсуiн тоқтату үшiн - ...

A) қалемшелеу әдiсiн қолданады

B) шырпу әдiсiн қолданады

C) телу әдiсiн қолданады

D) қопсыту

E) түптеу әдiсiн қолданады

6.Органикалық тыңайтқыш ...

A) азот

B) фосфор

C) калий

D) қи

E) күл

7.Мыналар органикалық тыңайтқышқа жатады ...

A) қи, күл, құс санғырығы

B) азот, шымтезек, қи

C) қарашірік, қи, күл

D) азот, фосфор, күл

E) шымтезек, қи, қарашірік

8.Ең маңызды органикалық тыңайтқыш ...

A) құс саңғырығы

B) қарашірік және құс саңғырығы

C) көң

D) ағаш шірінділері

E) күл

9.Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны - ...

A) күл

B) шымтезек

C) саңғырық

D) көң (қи), қарашірік

E) құм

10.Минералды тыңайтқыш ...

A) қи

B) шымтезек

C) қарашірік

D) құс саңғырығы

E) азот

11.Минералды тыңайтқыштарға жататындар - ...

A) селитра

B) шымтезек

C) көң

D) саңғырық

E) қарашірік

12.Негізгі тамырдың дамуы ...

A) ұрық тамыршасынан

B) сабақтан өсіп шығатын тамырдан

C) жанама тамырдан

D) ұрық бүршікшесінен

E) қосалқы тамырдан












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі