8 класс ТЖБ Қ. тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 класс ТЖБ Қ. тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 класс ТЖБ Қ. тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы





















«Қазақстан тарихы»

пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып

2021-2022 оқу жылы




МАЗМҰНЫ

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып 3

  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

........................................................................................................Error! Bookmark not defined.

  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

  2. Модерация және балл қою 5

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Error!

Bookmark not defined.

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Error!

Bookmark not defined.

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ..Error!

Bookmark not defined.

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Error!

Bookmark not defined.

    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


    1. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып Білу:

  • отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;

  • тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің маңызды жетістіктерін;

  • тарихи деректердің түрлерін.


Түсіну:

  • тарихтың кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;

  • Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;

  • Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.


Қолдану:

  • тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;

тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде.


Талдау:

  • себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;

  • жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;

  • тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;

  • Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;

  • проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;

  • бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;

-түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.


Жинақтау:

  • жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;

  • қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.

Бағалау:

  • тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;

  • әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.


    1. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау, өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау.

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау, деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру, Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау, «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау, XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру, Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау, Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру, деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау, Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау, ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау, Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау, Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру, қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар


қосқан үлесін бағалау, Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу



    1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу



Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

0

0

100%

II

0

0

100%

III

20 %

0

80 %

IV

20%

0

80%

Барлығы:

10%

0

90%


    1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білімалушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білімалушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.


    1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут Балл саны - 25


Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларыны

ң деңгейі

Тапсырм а саны*

Тапсыр ма№

Тапсырман ың түрі

Орындал у

уақыты, мин

Балл

*

Бөлімге берілеті н балл

саны






ХХ

ғасырдың басындағы Қазақстан

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси

процестерге баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

9

6







25

8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың

рөліне баға беру

Жоғары деңгей дағдылары


1


2


ҚЖ


9


6

8.1.2.1 Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін

талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

9

6

8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті

жаңғыртудағы саясатын талдау

Жоғары деңгей дағдылары


1


4

ТЖ


18


7

Барлығы:



4

-

-

45

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Берілген сурет пен мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


«Патшаның тақтан құлағаны жөніндегі хабар Қазақстан аймағына тез тарады. Нәтижесінде Ресейде Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды қазақ демократиялық қоғамы қуанышпен қарсы алды...»

Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Б.Ғ.Аяған, 2009ж, 36-б


Мәтін және сурет бойынша тапсырма: Бұл қандай оқиға? Нәтижесі? Саси тұлғалары?

Shape1
Shape2
Shape3



[3]


Осы оқиға саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан қоғамға қандай өзгерістер алып келді?


Саяси өзгерістер

Экономикалық өзгерістер

Әлеуметтік өзгерістер





  1. Ақынның өлең жолдарын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

...Батырдың қала шапқаны Ноябрьдің алтысы.

Дүйсенбінің күні еді. Ызасына шыдамай, Қашаннан батыр жүр еді. Соңынан еріп көп әскер, Ақсұңқар құстай түледі.

...Жалтақтап тұрған хандарға, Ақырып батыр айқайлап, Қалаға жалғыз кіреді.

Солдатына патшаның Аш бөрідей тиеді.

[3]













Омар Шипин

Ақын, Омар Шипиннің негізгі идеясы

1.

Shape4
Shape5


2.

Shape6

[2]

1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің қызметі туралы жазыңыз.

Амангелді Иманов

Shape7
Shape8


Бекбдолат Әшекеев

Shape9
Shape10


[2]

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызына екі дәлел келтіріңіз.

Shape11
Shape12
Shape13



[2]

  1. Мәтін және сурет бойынша тапсырма:



«Қазақ жерінде қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс казактарының саны басым әрі олардың қолында қару бар. Және билік те солардың жағында. Біз әуелі оларды ішке тартып, біз сендерді ешқайда қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ, бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп әрекет етейік деп оларға түсіндірейік. Сосын барып, тәуелсіздікті жариялайық»

Shape14
Орынбор, Жалпықазақ съезі. 1917ж.


Қазақтың зиялы азаматтарын біріктірген қандай мақсат болды?

Shape15


Қазақ зиялылары ұстанымының қаншалықты маңызды екендігіне баға беріңіз.

Shape16

Ахмет Байтұрсыновтың қызметі:

. Міржақып Дулатовтың қызметі:

Shape17

Әлихан Бөкейхановтың қызметі:

Shape18

Қорытынды




Shape19
[6]


Shape20


  1. «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясаты тиімді болды» тақырыбында ПТМС формуласы негізінде талдау жасаңыз.

П (Позиция) Т (түсіндіру)

М (мысалы, 4 мысал келтіру) С (салдары, қорытынды)

[7]

Балл қою кестесі



Жауаптары

Балл

Қосымша

ақпарат







1

Суреттерге және мәтінге назар аудара отырып, Ақпан революциясы оқиғасы екендігін дұрыс атайды.

1

Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады

Нәтижесі: Ақпан революциясы жеңіске жетті. Монархия

құлатылып, патша тақтан тайдырылды.

1

Саяси тұлғаларын атап өтеді: Ә.Бөкейханов,

М.Тынышбаев, М.Шоқай. т.б.

1

Саяси өзгерістер: Төңкеріс нәтижесінде жаңа биліктің келуі, саяси партиялар санының артуы

1

Экономикалық өзгерістер: меншік түрлеріне қатысты өзгерістер

1

Әлеуметтік өзгерістер: әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздік мәселесінің қайта қаралуы

1








2

Бұл өлең жыраулар поэзиясы үлгісінде, батырлық рухта жазылған. 1916 жылғы көтеріліс барысындағы батырлардың ерлігін көрсетуге бағытталған.

2

Нақты түсінік қалыптастырат ын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады.

Амангелді батырдың екпінін ақын «ақсұңқар құсқа»,

«ашбөріге» теңейді. Халықтың мұң – мұқтажын басты мақсат еткен батыр болды.

Бекболат Әшекеев қазақ халқының тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты, дәстүрлі ел басқару

жүйесін қалыпына келтіруге қадам жасады.

2

1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс басылып тасталды. Бірақ ол тарихта ізсіз кеткен жоқ: халық бұқарасының ұлттық санасын оятты, отаршылдыққақарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы күрескер тобының өсіп шығуына тікелей ықпал етті.

2






3

Елді отарлық құлдықтан құтқару және саяси көзқарасты өзгерту;

1

Қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру жарияланды.

1

Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуына реформа жүргізудің қағидаларын белгілеп, бірініші қазақ әліппесінің авторы атанды. Ұлттын автономия алуы үшін күресті.

1

Міржақып Дулатов – Құқықтық мемлекет қағидатын ұстанды. «Оян, Қазақ!» атты өлеңдер жинағының авторы.

1


Әлихан Бөкейханов - Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс.

«Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс»

1



Қорытынды:

Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек

1

тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғалардың қазақ тарихында алар орны теңдессіз.


П: «Алаш» партиясының ұлттық жаңғыртудағы саясаты тиімді болды

мемлекеттілікті

1

Нақты түсінік



қалыптастырат



ын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен

жазылған

Т: Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы идеялары қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Өйткені ол қазақтың мәдениеті мен ділімен ұштастырылған болатын.

1


Мысалы: Алаш партиясының бағдарламасында


мүмкін


жарияланған әрбір бөлім қазақтың жүрегінен шықты.


болатын


Мысалы: Жерсіз Отан жоқ. Туған жердің құдіреті мен


жауаптар


4

қасиетін, балығын қазақтың әр баласы көру қажет.

Экономикалық тәуелсіз ел болу керек. Барлық өндірілген


4

қабылданады.


өнімнің қызығын қазақ халқы көру тиіс.Қазақ жерін қазақ




басқару қажет. Жеке, тәуелсіз ұлттық демократиялық




мемлекет құру керек.




Алаш партиясының бағдарламасынждағы негіхзгі

1



идеялар ішінара орындалды. Сол кездегі саясаттын




салдарынан ұтымды идеялардың жүзеге асуына




мүмкіндік берілмеді. Дегенмен қазіргі таңда Алаш




идеялары жүзеге асты деп айта аламыз.



Жалпы балл:

25



ІІ ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут Балл саны - 25


Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларыны

ң деңгейі

Тапс ырма саны

*

Тапс ырма

Тапсы рманы ң түрі

Орындал у

уақыты,

мин

Балл

*

Бөлімге берілетін балл саны




Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси

процестерге баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ҚЖ

10

6





25

8.1.2.1 Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Жоғары деңгей дағдылары


1


2

ТЖ

10

6

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық

автономиялардың маңыздылығына баға беру

Жоғары деңгей дағдылары


1


3

ТЖ

15

7

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының

зардаптарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары


1


4

ТЖ


10


6

БАРЛЫҒЫ:

-

4

-

-

45

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


    1. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің қандай уәделері әсер етті?

a)

b)

c)

d)

XX ғасырдың басындағы Қазақстанда Ленин бастаған үкімет қандай уәделерді орындамады? Неліктен?

Shape21

[6]

    1. Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасаңыз.


Алаш автономиясының жетекшілері

Түркістан автономиясының жетекшілері

Әлихан Бөкейханов

Жаһанша Досмұхамедов

Мұхаммеджан Тынышпаев

Мұстафа Шоқай

Қоғамдағы қызметі мен рөлі





Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

1.

2.

[6]

    1. Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуына қатысты терминдер мен цифрларға анықтама беріңіз. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.

1920 жылы 26 тамыз


1920 жылы 4 қазан


С. Меңдешев


В.А. Радус-Зенькович




Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.

1.

2.

3.


    1. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелеріне талдау жасаңыз.




[7]

Жаңа экономикалық саясат нәтижелері

Оң нәтижелері

Кемшіліктері



[6]

Балл қою кестесі




Жауаптары


Балл

Қосымш

а ақпарат

1

  1. халыққа бейбітшілік

  2. жұмысшыларға зауыт пен фабрика

  3. шаруаларға жер

  4. ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру


Ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру уәдесі орындалмады. Теңдік пен бостандық тек қағаз жүзінде ғана берілді. Ұлттардың құрған үкіметтері қудалауға ұшырады,

саяси жетекшілері кейіннен жазаланды.




6


2

Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.

Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты.

Жаһанша Досмұхамедов - Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары, Уақытша үкіметтің Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы туралы заң жобасын дайындайтын Мемлекеттік кеңестің мүшесі болған. Облыстық және жалпы қазақ съездеріне қатысқан. Алашорда үкіметінің құрамына сайланған. 1918 жылдың көктемінде құрылып, күзінде таратылған «Уақытша Ойыл Уәлаятын» және оның орнына құрылған Алаш автономиясының батыс бөлімшесін басқарған. Большевиктердің көсемдері В.И.Ленинмен және И.В.Сталинмен қазақ автономиясы туралы келіссөздер жүргізген.

Мұхаммеджан Тынышпаев 1917 жылдың ақпанында дүниеге келген Уақытша Үкiметтiң Түркiстан Комитетi құрамына мүше болып, халық трагедиясын шешуге барынша атсалысты. М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметiнiң келесi бiр өте маңызды кезеңi — Алашорда үкiметi тарихынан табылады. 1917 жылдың соңына таман Ресейдегі биліктің дағдарысы мен анархияға ұшырауы Алаш зиялыларының ұлттық автономия мәселесін көтеруіне ықпал етеді.

Мұстафа Шоқай бастаған мұсылмандар қозғалысының өкілдері шұғыл жиналып, төтенше съезд өткізді. Съезд шешімімен құрылған Түркістан-Қоқан автономиясының 54 адамнан тұратын уақытша халық кеңесінің құрамына сайланды. Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметтің төрағасы Мұхамеджан Тынышпаев қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына Шоқай сайланды. Мұстафа Шоқай автономияны сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Бірақ, өкінішке қарай автономияның ғұмыры ұзаққа созылмады.

Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?


















6



  1. Кенес үкіметінің саясаты автономиялардың идеяларының жүзеге асуын қиындатты.

  2. Ұлттық автономиялардың жетекшілері қудалауға

ұшыратылды












3

1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы

«Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді.

Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.


Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.

  1. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

  2. Декларацияда әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға толық құқығы бар деп көрсетілді.

  3. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.

7


4

Жаңа экономикалық саясаттың оң нәтижелері:

1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.

Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.


Жаңа экономикалық саясаттың кемшіліктері:

Саяси өмірде демократия бұрмаланды. Еркіндік мүлде болмады.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық

6


Барлығы

25


III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Балл саны - 25


Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Тапсы рма саны*

Тапсы рма№

Тапсыр маның түрі

Орындалу уақыты, мин

Балл*

Бөлімге берілеті н балл саны



Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде

8.4.2.1 Қазақстандағы

индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

Жоғары деңгей

дағдылары

1

3

ҚЖ

12

10





21

8.1.1.1 Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

Білу және түсіну


1


1


ҚЖ


8


5

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау


Жоғары деңгей дағдылары


1


2


ТЖ


15


6

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім

мен ғылым

8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау


Жоғары деңгей дағдылары


1


4


ТЖ


10


4


4

БАРЛЫҒЫ:

-

4

-

-

45

25

25


«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер.


    1. Бесеудің хаты кімге жолданды:

  1. И.Сталинге

  2. Ф.Голощекинге

  3. М.Молотовқа

  4. М.Кагановичке


    1. 1931 – 1933 жж республиканың 6,2 млн тұрғының қаншасы аштықтан қырылды?

  1. 2 млн

  2. 2,1 млн

  3. 3 млн

  4. 3,1 млн


1.3.1930 – 1932 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден халықтың қанша пайызы қырылды?

A. 25%

B. 30%

C. 35%

D. 40%


1.4.1929 – 1933 жж аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті органның үштігі қанша адамға ату жазасын шығарды?

A. 3385

B. 3386

C. 3387

D. 3388


1.5.1930 -1931 жж республикадан тыс жерлерге қанша адам жер аударылды? A. 6500

B. 6600

C. 6700

D. 6800

[5]


  1. Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының нәтижесінде орын алған өзгерістерді берілген салалар бойынша талдаңыз.

  1. Саяси өзгерістер:

Shape22
Shape23
Shape24



  1. әлеуметтік өзгерістер:

Shape25
Shape26
Shape27



  1. экономикалық өзгерістер:

Shape28

Shape29
Shape30


  1. ұлтаралық қатынастардағы өзгерістер:

Shape31
Shape32
Shape33




  1. мәдени өзгерістер

Shape34
Shape35
Shape36



Қорытынды: Ең көп өзгеріске ұшыраған сала қайсы? Неліктен?

Shape37
Shape38




[6]


  1. Қазақстандағы индустрияландыру саясатының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, қорытынды ой жазыңыз.


Индустрияландырудың жетістіктері

Индустрияландырудың кемшіліктері









Индустрияландыру саясаты тиімді болды ма? Неліктен?


[10]


  1. Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне дәлелдер келтіріңіз.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы

Қоғам қайраткері




Байтұрсыновтың болашақ ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы деп нені атар едіңіз? Дәлел келтіріңіз.

Shape39

[4]

Балл қою кестесі



Жауаптары


Балл

Қосымш

а ақпарат



1

В

1


В

1


D

1


B

1


D

1








2

саяси өзгерістер: қазақ халқының тілі мен тарихын

жою,саяси тәуелсіздігі, шыңайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру; т.б.


1

Басқа да дұрыс жауаптар қабылдан ады

әлеуметтік өзгерістер: қазақ халқын отырықшылыққа

көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; т.б.

1

экономикалық өзгерістер: Қазақстанды елдің шикізат

базасы ретінде дамыту; т.б.

1

Мәдени өзгерістер: ұлт зиялылары қуғынға

ұшыратылып, мәдениеттің дамуына кері әсерін тигізді.

1

ұлтаралық қатынастардағы өзгерістер: ассимилияция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық

әлеуетін «жақсарту»; т.б.


1

Менің ойымша, әлеуметтік сала көп өзгерске ұшырады:

адам шығыны, аштық, репрессия және т.б. саяси оқиғалардың салдары осы саланы айнадлып өтпеді.


1








3

Индустрияландырудың жетістіктері

  1. Көмір өнеркәсібі дамыған ірі орталыққа айналды

  2. Қазақстан қорғасын өндіруде 1-орынға шықты

  3. Химия өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамып, ірі өндіріс орындары салынды

  4. Жаңа жұмыс орындары ашылды Индустрияландырудың кемшіліктері 1.Ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі 2.Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты 3.Пайдалы қазбалардың өндірілуінің қиындығы

4. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі Индустрияландыру саясаты тиімді болды ма? Неліктен?

Менің ойымша, саясат тиімді болды. Еліміздегі ауыр

өнеркәсіптер қарқынды дамыды. Пайдалы қазбалар игеріле бастады.








10

Нақты түсінік қалыптаст ыра

тын, құрылым ы әртүрлі сөйлемме н жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылдан ады.





4

Қазақ тіл білімінің негізін салушы

Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. Ол туралы ойын «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде айтты.

Қоғам қайраткері

1. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды.




4



Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.

Байтұрсыновтың болашақ ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы деп нені атар едіңіз?

Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы тұлға. Алғашқы әліппенің авторы.



Жалпы балл

25



IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Балл саны - 25


Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.


IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларыны

ң деңгейі

Тапс ырма саны

*

Тапс ырма

Тапсы рманы ң түрі

Орындалу уақыты, мин

Балл*

Бөлімге берілетін балл

саны



8.4А Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы

рөліне баға беру


Жоғары деңгей дағдылары



1



1


ТЖ


8


7




12

8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау

Білу және түсіну


1


2


ҚЖ


8


5



8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан

үлесін бағалау

Жоғары деңгей дағдылары


1


3

ТЖ


17


7




13

8.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына

бейімделгендігін дәлелдеу

Жоғары деңгей дағдылары


1


4

ТЖ


12


6

БАРЛЫҒЫ:

-

4

-

-

45

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне дәлел келтіріңіз.



Әміре Қашаубаев

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Қорытынды

[7]

  1. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқадыңыз?

1.

2.

3.

4.

5.


[5]

  1. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігіне баға беріңіз.

Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар қатысқан шайқастардың үшеуін атаңыз. 1.

2.

3.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды жазыңыз және оның ерліктеріне дәлел келтіріңіз.

Батырлар

Ерліктері

1.


2.


3.


4.



[7]

  1. Қазақстанда «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

Тылдағы ерліктерге дәлел келтіріңіз

Тылда еңбек еткендер

Ерліктері

Ауыл шаруашылығында

1.

2.

Өнеркәсіпте

1.

2.

Өнер саласын

1.

2.

[6]

Балл қою кестесі



Жауаптары

Балл

Қосымша ақпарат














1

Әміре Қашаубаев:

  1. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ»,

«Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос

балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.

  1. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.

  2. Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.

Қажымұқан Мұңайтпасов:

  1. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.

  2. 1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос- Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.

  3. 1914 жылы Парижде әлем чемпионы атағын жеңіп алды Қорытынды

Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлыны ХХ

ғасырдың ең биік тұлғаларының бірі. Сол заманда қазақ халқын әлемге танытқан ең ірі тұлғалар болды.














7









Нақты түсінік қалыптастыра тын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады







2

1.1949 жылы М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

  1. Ақын жазушылар шындықты жеткізе білді.

  2. Қазақ өнер туындылары ЮНЕСКО көрмелеріне қойыла бастады.

  3. Тарихи фильмдер түсіріле бастады.

  4. Ресресия ұшыраған ақын жазушылардың туындылары жарық көрді.







5


Нақты түсінік қалыптастыра тын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады.

3

  1. Мәскеу шайқасы

  2. Сталинград шайқасы

  3. Берлинге шабуыл

3

Нақты түсінік қалыптастыра

тын,


  1. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.


  1. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты.


  1. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.


  1. Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке

ие болды.

4

құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады.


4

Ауыл шаруашылығында

1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты.

1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.


Өнеркәсіпте

1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды.


Өнерде

Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді.

6







Жалпы балл:

25


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі