8 – сынып «Қазақ әдебиеті»
пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау ІІ
тоқсан
-
– тапсырма. Тест тапсырмалары
[10 ұпай]
1. Мұрат Мөңкеұлы өмір
сүрген жылдары?
А) 1841 – 1906, Шығыс Қазақстан
облысы
Ә) 1843 - 1906 ж, Атырау
облысы
Б) 1846 – 1910 ж, Батыс
Қазақстан облысы
В) 1840 – 1901 ж, Оңтүстік
Қазақстан облысы
2.Мұраттың ақын деген
қадірліт атқа ие болуына ықпал еткен қай ақынмен
айтысы?
А) Жаскелен ақын Ә) Жылқышы
ақын Б) Жантолы ақын В) Ізім
ақын
3.«Үш қиян» шығармасында
«жаңа низамның жүріп» деген сөзі нені
білдіреді?
А) құбылыс Ә) дәстүр Б) заң В)
билік
Автор қолданған көркемдегіш
құралды табыңыз. ..Жайықтың бойы
–
А) майлы қиян Ә) қанды қиян Б)
шаңды қиян В) Үш қиян
4.
«Үш қиян» шығармасындағы
идеяны анықтаңыз.
А) Шұрайлы қоныстарды тартып
алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін
жырлау
Ә) Білімді игермеген елдің
өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып
айту
Б) Халыққа жайлы жер, шұрайлы
қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман
іздеу
В) Өмір мен өлімді, жастық пен
кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш
ету
5. Берілген өлең жолдары
Мұрат ақынның қай өлеңінен
алынған?
Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған
қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған
қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ,
Мамай,
Біз түгілі осыларды да алған
қоныс.
А) Үш қиян Ә) Сарыарқа Б)
Әттең, қапы дүние-ай В) Қазтуған
6.
«Сарыарқа» жырының тақырыбын
анықтаңдар
А) қазақ жері туралы Ә) тарихи
тұлғалар туралы
Б) отаршылдық туралы В) қазақ
жайында
7. Төмендегі үзіндінің
мазмұнына сай келетін мақалды
табыңыз
Бір күн біреу жалғанмен жүр
құтылып,
Біреу жүр айламенен үзіп –
жұлып.
Ертең көрсең, екеуі қолға
түсіп,
Кескектеген түлкідей тұр
тұтылып.
А) Біреуге ор қазба, өзің
түсесің
Ә) Өтіріктің құйрығы бір – ақ
тұтам
Б) Айран ішкен құтылады, шелек
жалаған тұтылады
В) Заманың түлкі болса, тазы
болып шал
8. Ш. Құдайбердіұлының
«Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден
басталды?
А) Кебектің аңда жүріп
Еңлікпен кездесуі
Ә) Кебектің Нысан абызға бал
аштыруы
Б) Еңліктің Кебекке бар сырын
ақтаруы
В) Матай аулында Кебектің
өзін таныстыруы
9. Еңлік-Кебек»
шығармасындағы оқиға немен аяқталды?
А) Екі жастың елден
қашуымен
Ә) Жастарды
өлтіру шешімімен
Б) Еңлік пен
Кебектің өлімімен
В) Ақынның түйінді
ойымен
10.
Шәкәрім «Жастарға»
өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік, Бір білімді
данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді
меңзеді?
А) ел жақсыларын Ә) орыс
ақындарын Б) ағартушы Ыбырайды В) кемеңгер
Абайды
2-тапсырма.
Шығарма үзінділерін сәйкестендіріңіз [4 ұпай
]
-
-
Байлап алып жөнелді
Ащысуға,
Тамам Найман жиылған қалың
дуға.
Қайран жастар қапыда қолға
түсті,
Елтіген бөрідей боп жеген уға
....
|
«Үш қиян»
толғауы
|
-
...Бұрын да адыра қалғыр құтсыз
еді,
Егескен ердің бәрі жер
тіреген.
Қонысқа таласасыз бұл
заманда,
Біз түгіл Асанқайғы
тентіреген...
|
«Еңлік – Кебек»
поэмасы
|
-
Адамның азған
белгісі:
Екі кісі
дауласса,
Тату бол деп
айтпайды.
|
«Жастарға»
өлеңі
|
-
Білмегенді білуге
тырысалық!
Жалқаулықты көңілден
сырысалық!
|
«Сарыарқа»
толғауы
|
3-тапсырма. «Үш қияннан» алынған мына
үзіндіде ақын нені суреттейді? Ойыңызды 6-7 сөйлеммен дәлелдеп
жазыңыз.
(6
ұпай)
Еділді тартып алғаны
—
Етекке қолды
салғаны.
Жайықты тартып алғаны
—
Жағаға қолды
салғаны.
Ойылды тартып алғаны
—
Ойдағысы
болғаны.
Маңғыстаудың үш
түбек
Оны-дағы
алғаны.
Үргеніш пен
Бұхарға
Арбасын сүйреп
барғаны,
Қоныстың бар ма
қалғаны?!
Мал менен басты
есептеп,
Баланың санын
алғаны
Аңғарсаңыз,
жігіттер,
Замананы тағы
да
Бір қырсықтың
шалғаны!
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма. «Тауда
қалған сәби». Ертегі түрінде дастанды жалғастырыңдар (6
ұпай)
5-тапсырма. Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде ақын
жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болуға
шақырады? (4 ұпай)
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.