Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
8-сынып. Қазақ тілі. Ұлттық байлық. Су ресурстары
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 13-сабақ
Бөлім: |
6-бөлім: Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ұлттық байлық. Су ресурстары |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау; 8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін, құрылымын салыстыра талда алады. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық - Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен жобаларға қатысу; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, -өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 10 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысуын бақылау. Психологиялық ахуал «Жел соғады...» жаттығуы 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; 1-тапсырма. Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау жасаңдар.
1-мәтін Ақындар мен өнерпаздар көктемде табиғат аясына шығып, содан әдемі шабыт алып, көптеген құнды туындылар тудырады. Адам – әсер қабылдағыш жаратылыс. Оның болмысы генетикалық факторлармен қатар, екі кеңістіктің әсеріне ұшырайды: бірі – отбасы, мектеп және достардан тұратын қоғамдық кеңістік, ал екіншісі – таулар мен қырлар, күн нұры, су мен ауаның сапасы, қоршаған ортаның географиялық жағдайы. Осының барлығы адамның жаны мен тәніне ерекше жағдай қалыптастырады. Атақты ибн Сина қоныстанған аймақтың таулы болуы адамның епті және ержүрек болуына себеп болады, тұрғылықты жердің ойпатта болуы жабырқаушылық пен ауруға шалдықтырады деп санаған. Сонымен қатар ылғалды аймақтың адамдарын сұлу жүзді болып келеді деп есептеді. Мәшһүр тарихшы Ибн Халдун да аптап ыстық пен қатты аязды бастан өткермейтін қоңыржай климатты аймақтың тұрғындарының мінез-құлқы, сыртқы келбеті мен өмір сүру тәсілдері де қалыпты болып келеді, оларда ысырапшылдық азырақ, ал аймақтарында абаттандыру мен көгалдандыру жақсы дамыған деп санайды. Жыл мезгілдерінің ауысуымен адамның жаны мен тәні өзгерістерге ұшырайды. Мәселен, көктем маусымындағы түстердің алуан түрлілігі адамдардың көңіл күйі мен қылығына әсер етеді. Көгілдір аспан, жасыл жер, түрлі түсті гүлдер адамның көңіл күйіне, тіпті тәніне де әсер ете алады. Шынында да, ағаштардың арасынан шығатын табиғат әуеніне құлақ түру немесе құстардың не ағып жатқан өзеннің үнін есту әр адамның көңілін көтеріп, оны қуанышқа бөлейді. (kazakh.irib.ir)
2-мәтін Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру — экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай — ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас. Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді: а) өндіріс — құрал жабдығына (еңбек құрал — сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын — жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал — сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал — жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды. Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар. Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады. Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді. 2-тапсырма Мәтінді оқыңдар. Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация жазыңдар. Қарағанды Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан әйел -еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына иірілді. Одан-бұдан жиыла-жиыла, кішігірім топ құралды. – Қарағандыны жүргізуге келіпті! – Донбастың мастерлері, – дейді. – Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді!». Көп ішінде сыбыр-күбір осылай жүріп жатты. Ермек қалтасынан бір уыс кілтті суырып, Щербаковқа ұсынды: – Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, енді зауыт кілтін өз қолыңызға алыңыз. Щербаков кілтті алған соң, тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды да, кішірек көкшіл көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңітіп жіберген тәрізді. Қолын көтере, сол далаға меңзей: – Жолдастар! – деді жуан дауыспен. Күдістеу кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты. – Осы далада Апақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жылдар өтіп барады. Содан бері орыс-ағылшын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бәрін ашамыз. Коммунистік партия, кеңес өкіметі жіберді бізді. Қазақ даласында сталиндік бесжылдық жоспарды орындауға көмекке келдік. Бұл бесжылдықта мешеу Қарағанды Кеңес Одағындағы ірі өндірістердің қатарына қосылады. Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, біз алмайтын қамал жоқ... 7-тапсырма (оқулықтан) «Ұлттық байлыққа не жатады?» деген сұраққа жауап беріп, сызбаны толықтыр.
Ұлттық байлық
Жер асты байлығы
Әдеби мұралар
Үйге: 5-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Жел соғады...» жаттығуы Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.
Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау жасайды.
Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация жазады.
«Ұлттық байлыққа не жатады?» деген сұраққа жауап беріп, сызбаны толықтырады.
Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды. |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандыра ды Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы мәтіндерді салыстырады : - ұқсастығы мен айырмашылы ғын ажыратады – 2 балл; -түрі мен стилін анықтайды – 2 балл; -тақырыбы мен құрылымын ажыратады – 2 балл.
Дарабоз 1) сабаққа қатысуы; 2) оған даярлығы; 3) тапсырма ны орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы
Дескриптор Білім алушы -мәтін мазмұнын сақтайды – 1 балл; -мәтіннің әр бөлігінен ақпарат алады -1 балл; -шығарма бойынша аннотация жазады - 2 балл.
Смайлик арқылы бағалау
|
Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 8-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|

