Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

90 жылдық шежіре

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

90 жылдық шежіре!

Арайлап атқан таңы бар, кең жазыққа көсілген Тарбағатай тауы бар, кең байтақ жерді мекендеген мейірбан халқы бар -Үржар! Үржар жері үрлеп ауызға салғандай әсем де, көркем. Кіндік қаным тамған киелі жерім. Ол менің - Үржарым. Тәңірі өзіңе асты-үстіне байлыққа толып тұрған сондай өлкені қалай мақтамайсың?! Әр перзент үшін өзінің туған жері, туған ауылы оттай ыстық екені ақиқат.Дәлірек айтқанда, туған жерін жырламаған ақын кемде-кем емес пе?Ақын Кәбір Ғабдуллин былай деп толғайды:

Сайраған бұлбұл,

Гүлбағы бұл бір.

Түлеген түлеп Үржарым,

Тұрады лаулап,

Әніңдей баурап.

Бойыңда жігер бір жылан.

Ұшқының түскен,

Мұқалмас күшпен,

Алаулап менің тұр жаным!

Шынымен де жырлауға, жырға қосуға лайық. Әрине, тек қана өзінің табиғатымен ерекшеленіп қана қоймайды. Бұл жерден шыққан талай-талай дарындылар бар.Үржар дарындылар мекені десем, артық айтпаспын. Әсеттей әншісі бар, қайратты Қабанбайдай батыры бар, қалам құстар Қабдеш Жұмаділовтей жазушысы бар,Үржар өңірі - бақытты!

Мен де осындай қасиетті жерде туғаныма қуанамын. Тіпті, мақтаныш сезіммен айта аламын. Егерде осы өңірдің тарихына көз жүгіртетін болсам, сонау 1928 жылдан Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданының аудан орталығы болып келе жатыр. 1997 жылы оның құрамына Мақаншы мен Таскескен аудандары қосылды. Ауыл Тарбағатай жотасының батыс сілемінін оңтүстік етегін ала, Үржар өзені бойында орналасқан. Халқы-95312. Ауданының жер көлемі-23,4 мың шаршы км. Тағылымы терең, қойнауы қазынаға толы, 90 жылдық ойып алар тарихы бар мекен. Сонымен қатар батысы мен солтүстік-батысында Аягөз ауданымен, солтүстік батысында Алматы облысының Алакөл ауданымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Үржар шежіренің сандығы іспетті. Осыған орай ақын Жабайыл Бейсеновтың мына шумақтары еске оралады:

Туған жер сенің ерекше,

Өздеген көркем сымбатым,

Көргенде жүрек дір етсе,

Тартады тағы тым жақын.

-деген өлең жолдары ерекше әсер береді. Елімнің ертеңі, елімнің болашағы бүгінгі туған ауылымыздан бастау алады. Туған жер көркейсе, халқымызда мерейлене түседі.

Тәрбиеші Хасанова Жанар Жолдыбаевна

«Үржар ауданы әкімдігінің Балауса балабақшасы» КМҚК



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12