ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ (МЕКТЕПІШІЛІК) КЕЗЕҢІ
(2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ)
9 сынып __ І _ тур
Жұмыс уақыты: Тапсырманың орындалу уақыты 120 минут
Эссені бағалау критерийлері:
1. Эссе тақырыбының ашылуы, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) – 10 ұпай;
2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 ұпай;
3. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге келтірілген дәйексөздің тақырыпқа қатыстылығы, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 ұпай;
4. Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету, қорытынды пікірдің салмағы – 10 ұпай;
5. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы– 10 ұпай.
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай
ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ (ойыңызды эссе формасында нақты дәлелдермен қысқа етіп талдап жазыңыз)
1. Ж. Баласағұнның "Құтты білік" дастанындағы ізгілік тәрбиесі
2. Билер шешендігінің медиациялық мәні
3. Отбасы – адамгершілік пен руханилықтың қайнар көзі
Эссе тақырыптарының біреуі –еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған. Ескерту: оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған эссе тақырыбына балл қоюда басымдық беріледі!

10 сынып __ І _ тур

1. «Болыс болдым, мінеки» өлеңінің тарихи құндылығы және сатиралық сарын
2. «Масғұт» поэмасындағы Абайдың өз бейнесі
3. Бейбіт өмірдегі батырлық
Эссе тақырыптарының біреуі –еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.
Ескерту: оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған эссе тақырыбына балл қоюда басымдық беріледі!

11 сынып __ І _ тур

1. «Қаһар» романындағы тарихи тұлғалар бейнесі
2. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?
3. Жауапкершілік – жетістіктің бастамасы
Эссе тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.

9 сынып __ ІI_ тур

Берілген жауаптарды бағалау тәртібі: Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 12,5 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
10-12,5 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
8-9 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-7 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Бұнда оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50.
|
№ |
Пән атауы |
Мазмұны |
|
1 |
Қазақ әдебиеті |
Жұлдызың туды оңыңнан, Жан біткен ерді соңыңнан. Он сан Алаш баласын Жусатып қойдай өргіздін, Жұмсап жүрсің қолыңнан..... Үзінді қай автордың өлеңінен алынған? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап, автор стиліне баға беріңіз. |
|
2 |
Қазақ әдебиеті |
Кеуделері кепедей, Мұрындары төбедей, Күрек тісі кетпендей, Кеңірдегі жүһіттің көріндей... 1. Өлеңде қолданылған ажарлаудың түрі және оның ережесін айтыңыз A) инверсия B) метафора C) аллегория D) ассонанс E) теңеу 2. Затты барынша ұлғайта суреттеу деген не және ережесін айтыңыз A) гипербола B) метафора C) аллегория D) ассонанс E) литота |
|
3 |
Қазақ тілі |
Жаһандану – жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени, ақпараттық жағынан тұтастық құру идеясы. Мұның екі жағы бар, біріншіден, жаһандануға бет бұрған елдердің экономикасы неғұрлым жедел дамиды, бірақ бұл елдер өзінің ұлттық құндылықтарынан алыстамаған жағдайда ғана өзінің ұлттық құндылықтарынан, яғни ұлттық идеясынан қол үзбеуіне мүмкіндік туады. Екіншіден, экономикасы жедел дамыған кез келген ел өз халқының ертеден қалған нышандарын халықтың топтасуына жұмсауы тиіс. Сонда ғана ұлттың қазіргісі мен өткені, болашағы көрініс табады. Бұл процестен шетін қала алмайтын қазақ қоғамы заман ағымына лайықты бейімделе отырып, ұлттық ерекшеліктерімізге жататын ұлттық дәстүр мен мәдениетімізді сақтаған жағдайда өміршеңдікке жол аша алады. Бүгінгі таңда жаһанданудың әсерінен жастар арасында батысқа еліктеушілік белең алып, олардың жүріс-тұрысы, ойлауы мен киінуінен, мінез-құлқынан өзгергіштік байқалады. Бұл өзгерістерге бұқаралық ақпарат құралдарының әсері болмай отыр десек қателесеміз. Себебі күнделікті басылымдардан, телерадио арналарынан батыстың кино, музыкалық туындылары көптеп беріледі. Қазақ халқының төл киносы мен ән-күй өнері жеткілікті дәрежеде уағыздалып, жастар санасына сіңірілуде, бірақ бұл жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылып отыр деуге әлі ертерек. Тек қазіргі таңдағы жастардың киім кию үлгісіндегі батыстық сарын көзге бірден көрінеді. Әсіресе, қыз балалардың денелерін жартылай жалаңаштап жүруі соңғы жылдары белең алған батыстан ауысқан сән үлгісі. Бұл сән түрінің қазақ қыздары мен әйелдеріне әкеліп жатқан зияны туралы дәрігерлер үнемі айтуда. Бұл қыздарымыздың жартылай жалаңаштанып жүретін құлқы жаратылысынан емес, өскен орта мен көрген үлгі-өнегесі, тәрбиесінің нәтижесі. Ол үлгі-өнегені жастар көбінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бойларына сіңіруде. Бұл күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселе. а) Мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ақпаратты анықта. ә)Мәтіннің стилін анықта. Стиліне тән жанрлық ерекшеліктерді айт. б)Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасыңды білдір |
|
4 |
Қазақ тілі |
а) Қалаған сөйлемге синтаксистік талдау жаса. ә) Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса. б) Мәтіннен ілгерінді және кейінді ықпал қатысқан 3 сөз тіркесін тауып, оларға фонетикалық талдау жаса. |
10 сынып __ ІI_ тур

Көп елді күтінбеген қырды, жойды, Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды. Жазасыз жақын жердің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты. Үзінді кімнің өлеңінен келтірілген? Шығарманың жанры, кейіпкерлер әлемі және негізгі идеясы туралы баяндаңыз. |
|
2 |
Қазақ әдебиеті |
Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар Қанды көр де, бетім көр. 1. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталуы, оның ережесін айтыңыз A) аллитерация B) метанимия C) литота D) гипербола E) эллипсис 2. Өлеңде қолданылған айшықтаудың түрі A) шендестіру B) метанимия C) аллегория D) гипербола E) полемика |
|
3 |
Қазақ тілі |
Бүгінгі күні Қазақстанның болашағы, Елдің ертеңі, ұлт ұрпағының алдағы уақытта саналы ғұмыр кешуі, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігі, қоғамның рухани тұтастығы, сондай-ақ жеке азаматтардың ұлтжандылығы мәселесі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Бұлар туралы зиялы азаматтарымыздың сан бағытта әрі сан түрлі идеологиялық тұрғыдан айтып, аянбай жазып жүрген ұлттық мәселелерін оқығанда, оларға баса көңіл бөлмесек болмайтындығы түсінікті болады. Олай дейтініміз, біздің қоғам өтпелі кезеңде өмір сүріп отыр. Бұл – болашағымыз туралы толғаныс. Өткеніміз бен болашақтың арасын қандай рухани күшпен жалғаймыз, болмысымызды қалай сақтап қаламыз?! Осының бәрі – мызғымас «рухани бірлік пен ұлттық тұтастық» мәселесі. Қазақстан Республикасының дамуы барысында білім беру саласының басты міндеті – дүниетанымы кең, ұлттық менталитеті мен көзқарасы толық қалыптасқан, ғылым мен білім, техникалық жаңалық саласындағы әрекетке бейім жас мамандар дайындау. Бабаларымыздың сөйлеу тіл байлығы, оның дыбысталу заңдылығы, ұлттық мәдениет пен дүниетанымның ерекшеліктері халық жадында толық сақталған. Кез келген ұлттың немесе мемлекеттің болашағы өзін-өзі қорғай білуіне байланысты. Бұл туралы Ә. Бөкейхановтың: «Бөтен кісі қазаққа ешқандай жақсылық артып әкеліп бермейді. Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр жүзінде бәйге алмайды», деген сөзі шындық. Ал мұның өзі сол тілде ғасырлар бойы жасалынған ұлттық рухани құндылықтар бойына сіңген адамның ғана қолынан келетін ұлттық патриотизмге байланысты. Ұлттық тілде ұлттық тәрбие алмаған адам өз ұлтына қызмет ете алмайды: қиынқыстау кездерде ұлтына қорған болып, ол үшін отқа күйіп, суға түсетін патриот бола алмайды. Демек, ұлт атаулының тағдыры тіл мен дін мәселесіне және соған сүйенген рухани құндылықтарына тікелей байланысты. а) Мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ақпаратты анықта. ә) Мәтіннің стилін анықта. Стиліне тән жанрлық ерекшеліктерді айт. б) Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасыңды білдір. |
|
4 |
Қазақ тілі |
а) Қалаған сөйлемге синтаксистік талдау жаса. ә) Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса. б) Мәтіннен ерін үндестігі қатысқан 3 сөзді тауып, оларға фонетикалық талдау жаса. |
11 сынып __ ІI_ тур

Тұрғандай көп сыр жиып. Шыңды айналған құзды шаттар, Құзды шаттар аққан су, Сылдырайды мұз бұлақтар, Үзінді қай ақынның өлеңінен алынған. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қызметін талдаңыз. Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз? |
|
2 |
Қазақ әдебиеті |
Ж.Әбдірашевтың «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасының немесе А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесінің тарихи құндылығына баға беріңіз. |
|
3 |
Қазақ тілі |
Дүниежүзілік саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени интеграция, яғни жаһандану үрдісінің әлем халықтары арасында қарқынды дамуы нәтижесінде бүгінгі күні мемлекетішілік, әлеуметтік өзгерістер ауқымы артуда. Сондай өзгерістердің бірі және маңыздысы ретінде зияткерлік миграция мәселесі күнделікті күн тәртібінен түсер емес. Тәуелсіздік тұғырын 30 жыл бұрын ғана құрған Қазақстан – жас, әлеуеті зор, болашақтың мемлекеті ретінде өз орнын айқындауда. Осындай жаңашыл мемлекетке қалайша осы мәселе тән болып тұр? Қазақстанда интеллектуалды мигранттардың артуына не түрткі болуда? Кез келген мемлекет үшін зияткерлік эмиграцияның келтірер шығыны, зияны орасан зор. Тек демография жағынан емес, халық сананың азаюы емес, мемлекеттің болашағына тікелей әсер етуімен маңызды. Еліміздің негізгі даму бағыты осынау жаһандану кезінде – ғылыми-технологиялық прогресс. Озық технологиялар мен инновациялық идеялар жарысы күннен күнге артуда. Яғни, қазір мемлекеттер жарысы әскери күшпен емес, ғылыми жетістіктермен өлшенуде. Жаңа технологиялар мен ғылыми ізденушілік жұмыстар, жаңа ғылыми жаңалықтар саны артып жатқан заманда бәсекеге қабілеттілік –мемлекеттің болашақта жаһанданумен жұтылып кетпеуінің, ғылыми сайыста артта қалып, дамыған елдер көшінің соңында қалып кетпеудің басты шарты. Ал, осы шарт еліміздің ертеңі болып, ел артқан үміт, халық алдындағы келешек үшін жауапкершілік, осы – қазіргі заман батырларының мойнында. Ал, қазіргі зияткерлік миграция – осы сенімді су сепкендей басуда. Күннен күнге шетел асып кетіп жатқан жастарымыздың саны артуда. Бір жағынан, шетелде білім алуы – олардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Шетелдің әдістерімен білім алу арқылы АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Канада сияқты ғылыми-технологиялық саладағы хас-шеберлердің қателіктері мен жетістікке жетудегі басты қаруларын білу арқылы, сол елдердің өзін озып кетуге әлеуетіміз жеткілікті болғандықтан, бұл өте маңызды стратегиялық шешім. Алайда, барлығы өзгеше болуы да мүмкін. а) Мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ақпаратты анықта. ә) Мәтіннің стилін анықта. Стиліне тән жанрлық ерекшеліктерді айт. б) Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасыңды білдір. |
|
4 |
Қазақ тілі |
а) Асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жаса. ә) Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса. б) Мәтіннен ілгерінді және кейінді ықпал қатысқан 3 сөз тіркесін тауып, оларға фонетикалық талдау жаса. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
9-11 сынып олимпиада. Қазақ тілі мен әдебиеті

шағым қалдыра аласыз