Материалдар / 9-сынып қазақ әдебиеті Ғабит Мүсірепов "Ұлпан- әулие"

9-сынып қазақ әдебиеті Ғабит Мүсірепов "Ұлпан- әулие"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
640
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ұлпан – әулие


Бөлім:

«Адам жанының құпиясы» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Г.М.Сапарова

Күні:

19.02.2021 жыл

Сыныбы: 9 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлпан – әулие

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтай алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыра алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар шығарманың жаңашылдығына баға беріп,өз пікірін еркін айта алады

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық ахуал «Сағат достары» әдісі.


Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар.

Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.

Күлімсіреңіз

Қолын қысыңыз

Арқасынан қағыңыз

Комплимент айтыңыз

Қол бұлғаңыз

Көзіңізді қысыңыз

Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

Бір тілек айтыңыз.

Топқа бөлу: «Сиқырлы асықтар» арқылы


Ширату жаттығуы

«Жүзіп шығу» әдісі.

Топтық жұмыс.

1-топ: Ғ.Мүсірепов туралы не білесіздер?
2-топ:Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңыздар?
3-топ: «Ана» сөзін топтастырыңыздар

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындайды:

күлімсірейді,

қолын қысады,

арқасынан қағады,

мақтау айтады,

қол бұлғайды,

бір тілек айтады.




Асық түрлеріне қарай үш топқа бөлініп отырады


1-топ: алтын асықтар- «Ұлпан» 2-топ:күміс асықтар «Есеней»

3-топ: ақ асықтар-«Мүсіреп».





Әр топтағы оқушылар берілген сұраққа жауап беріп, тыңдалым және айтылым дағдысын қалыптастырады


Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



















Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Ғ.Мүсірепов жайлы айтады.

- Шығармалары туралы мәлімет береді.

-«Ана» сөзін топтастырады

Оқулық, сағат суреті, жұмыс дәптерлері

Слайд


Алтын асықтар, күміс асықтар, ақ асықтар

























Сабаққа кіріспе

7 минут


1-тапсырма

«Кім жылдам?» әдісі. Ұжымдық жұмыс

Кестені толтыру. арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



1-тапсырма:

Берілген кесте бойынша кейіпкерлердің әрекетін талдайды, өзара салыстырады


Кім?

Қандай?

Не істеді?

Есеней



Аңшы Мүсіреп



Түрікмен Мүсіреп



Артықбай



Несібелі




Дескриптор:

-мінездеме береді;

-кейіпкерлер әрекетін талдайды.


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.

Слайд,

9-сынып оқулығы, әдеби оқулықтар, кесте, жұмыс дәптерлері


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

20 минут


2 тапсырма:

«Бұрыштар пікірталасы» әдісі.

Топтық жұмыс.

Оқушылар әр топта Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі мен Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» романындағы Шұға бейнесін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру,бүгінгі таңда дәл Ұлпандай әйел бейнесі туралы дәлелдермен айту


Үш топтың оқушылары Ұлпан мен Шұға бейнесін салыстырып, мінезі мен іс-әрекетіне баға береді, өзіндік пікірлерін ортаға салады, пікір алмасады, ойын дәлелдейді

Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

-Кейіпкер бейнесін салыстырады;

-Жаңашылдығына баға береді




Слайд,

9-сынып оқулығы, әдеби оқулықтар








Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

6 мин.



3-тапсырма: «Оңай және қиын» әдісі.

Жеке жұмыс.

1.Есеней Ұлпанға сөз салғанда Ұлпан қандай жауап айтты?

2.Есеней Ұлпанға құда түсіп келгенде,неге «Ұлпан арзанға түспейтін қыз» деді?

3.Ұлпан бейнесі қай шығармадағы әйел бейнесімен сай келеді?

4. Ұлпан бақытты «йел бола алды ма?

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.


Рефлексия:

Хабарлама (SMS)


Оқу тапсырмасы: «Ұлпан –«әулие» тақырыбында эссе жазу

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.























Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады:



Берілген тақырып бойынша эссе жазады, өзіндік ойтолғауын жазады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Сұрақтарға жауап айтады.

-Бір–бірлерін тыңдайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ