2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / 9 сынып ҚМЖ 3 тоқсан

9 сынып ҚМЖ 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Оқушының аты-жөні:--------------------------------------------------------------9 « » сыныбы


«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым

Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды.

XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.

XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда

А. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген ___________________________ адам санының өсімін тұрақтандырды.

В. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық ________________________ жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын арттырды.

С. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан _____________________________, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады.

Қажетті сөздер: көмектер, құбылыс, ахуал, жетістіктер, қызмет көрсету, отбасын құру

2. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Сөз немесе сөз тіркесі


Анықтамасы

1. өсім

А. халық санының тез өсуі

2. шоғырланған

В. халық санының артуы

3. демографиялық жарылыс

С. өндірістің қарқынды дамуы

4. өнеркәсіптік революция

Д. қоныстанған


1

2

3

4






3. Сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіңіз. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда бастапқы ойдың сақталуын ескеріңіз.


Cөйлемдер


Перифраздалған сөйлемдер

XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды.

Медицина мен жаратылыс...

XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды

«Демографиялық жарылыстың»...

Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады.

Білім деңгейінің төмендігіне...

Кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды.

Халықаралық гуманитарлық...


4. Диаграммамен танысыңыз.

Жағдаят: Сіз география пәні бойынша 1997-2013 жылдар аралығындағы Қазақстанның иммиграциясы мен эмиграциясын зерттеп жүрсіз. Зерттеуіңіздің шағын таныстырылымын







29 Наурыз 2023
893
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі