Материалдар / 9-сынып Құқық негіздері ҚМЖ 2-тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9-сынып Құқық негіздері ҚМЖ 2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып Құқық негіздері ҚМЖ 2-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
100
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

9 сынып

ІІ оқу тоқсаны

Аптасына 1 сағаттық Құқық негіздері


Қазақстан Республикасы

Оқу- ағарту министрінің

2022 жылғы 27 тамыздағы

382 бұйрығына сәйкес

ҚМЖ ҮЛГІСІ

Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. «Педагогмәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын өз еркімен таңдайды.

Бөлім:


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: саны:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Сабақтың мақсаты


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар








Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

9.2 Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мемлекеттік органдардың қызметі қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.2.1 Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтерін анықтап, салыстыру

Сабақтың мақсаты

Парламент пен Үкіметтің, Жоғарғы Сот қай билік тармағына жататындығын анықтау және құқықтық мәртебесін талдау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Ой шақыру.

Тақырыпты шешу үшін оқушыларға әртүрлі мемлекеттік органдар бейнеленген суреттер көрсету.

1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.Тақырыпты болжап көріңіз....

Болжамдарын негіздейді

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.




Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



мадақтау

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zankz

Жаңа білім




Мәтінмен жұмыс

"Борт журналы"  тәсілі арқылы мәтінмен жұмыс жасайды.

Зерттеу сұрақтары:

  1. Президентінің қызметі.

  2. Парламентінің құқықтық мәртебесі және қызметі.

  3. ҚР Үкіметінің қызметі.

  4. Сот билігі.

Тірек-сызбаларды толтыру. «Өкілеттіктерін көрсет» семантикалық картасын толтыру.

Схема 2






Кестені толтыру. Оқушылар ҚР саяси жүйесіндегі атқарушы, заң шығарушы, сот билігі арасындағы өкілеттілігінің бөлінуін анықтаңыздайды.

.

Міндеттер

През-т

Атқарушы билік

Заң шығарушы билік

Сот билігі

1

Судьялыққа тағайын-ы.





2

Жоғарғы сот судьяларын сайлайды





3

Заңның бұзылған/бұ-зылмағанын анықтайды





4

Жаңа заң жобасын ұсынады





5

Қабылд-н заңдарға қол қояды





6

Салықты енгізеді





7

Бюджетті ұсынады





8

Президентті қызметтен босатады





9

Тұрмыстық мәселелер бойынша түскен арыздарды қарастырады





10

Бюджетті қабылдайды





11

Басқа елге соғыс жариялайды





12

През-тік сайлау күнін белгілейді





«Серпілген сауалдар»

Мемлекетік органдар жүйесіндегi ҚР Президентінің орнын аныктандар.

Мемлекет басшысынын ерекше рөлі немен байланысты?

Қазакстан Республикасы Yкiметiн кандай өкiлетіктерi бар?

Ойлан!

Казакстан Республикасы Парламентн кызметiн аныктандар. Казакстан Респуб--

ликасынын; Парламент не себептен екi Палатага - Сенат пен Мажiлске бөлінетінін

туралы ойланындар.

Пікірталас

Соттар кандай кызмет аткарады? Казакстан Республикасынын, сот жүйесi кандай?

Сотсыз мемлекет бола ма?

1-денгейлi тапсырма, Қазакстан Республикасынын Конституциясын пайдалана

отырып, келес кестені толтырындар

Мемлекеттік билік органдары

ҚР-сы бойынша атқаратын қызметі








Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды

Дескриптор: «Өкілеттіктерін көрсет» семантикалық картасын толтырады.

Дескрипторлар:

Жергілікті әкімдердің өкілеттіліктілік қызметін анықтайды;

Дескриптор: ҚР саяси жүйесіндегі атқарушы, заң шығарушы, сот билігі арасындағы өкілеттілігінің бөлінуін анықтайды





Дескриптор:


Мемлекеттік билік органдарының қызметтірін ажыратады;


Дескриптор: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтайды


Оқушылар Сот жүйесі туралы пікірталас жүргізеді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады











«Ең үздік жауап»









«Алақан-жұдырық»





«Жұлдызшалар»




Ақпараттық мәтін






ҚР Конституциясы


Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zankz










Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/









Нұрпейсов Е. Котов А. Қазақстан Республикасы: хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін. – Алматы, 1995













Бекіту






Сабақты қорытындылау

Неліктен билік тармақтары тепе-теңдік және тежемелік жүйеде жұмыс істейді? Жалпы сыныптық талқылау ұйымдастыру.


Үйге тапсырма

Жергiлікті әкiм кандай өкiлеттілікті жузеге асырады? «Егер мен Премьер-министр

(әкiм, министр) болсам...» такырыбына эссе жазындар.



Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка






Кері байланыс

Қиын болды…

Бүгін мен білдім…

Қызықты болды…

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект




Бөлім:

9.2 Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: саны:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлі қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.2 мемлекеттік органдардың құрылуындағы сайлаудың маңызы мен ролін анықтау

Сабақтың мақсаты

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың роліне және сайлау жүйесіне сипаттама беру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтемін.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

  2. Ой шақыру. Тақырыпты шешу үшін оқушыларға сайлау туралы бейнероликті көрсету.

  3. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру.

  4. Мәтінмен жұптық жұмыс.




Сабақтың ортасы

Зерттеу сұрақтары:

Сайлау- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі басталған сәттен халық билігін жүзіге асыратын маңызды институт. Жалпы тең, тура, тікелей негізінде жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығын іске асырады.

Сайлау құқығы- 18-жасынан әрбір ҚР азаматы өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан сайлану және сайлау құқығы.

Қазақстан Республикасындағы сайлауда мажориталық және пропорционалдық сайлау жүйесі қолданылады.

Мажоритарлық жүйе- сайлаушылырдың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. (Мысалы осы жүйе Президентті сайлау кезінде қолданылады:

дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50-% дан артық дауысын жинағанда;

қайта дауыс беру кезінде басқа қандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде қолданылады. Мысалы ҚР азаматтары саяси партияларға дауыс береді. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік – партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттың мандаттар саны болып табылады.

Елдегі сайлау өткізуді ұйымдастырушы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау органдары:

  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы

  • аумақтық сайлау комиссиясы

  • округтік сайлау комиссиясы

  • учаскелік сайлау комиссиясы

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сайлау ұғымын түсіндіре алады.Сұрақтар:

*Сайлау дегеніміз не?

* Сайлау құқығы дегеніміз не?

* Қазақстан Республикасында қандай сайлау жүйелері қолданылады?

Топтық жұмыс.

Төмендегі көрсетілген тақырыптық терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіре алады.

Терминдер

Дұрыс жауабы

Анықтамалары

Сайлау жүйесі


А. Дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесі

Пропорцио-налдық жүйе


В. Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы

Мажоритар-лы жүйе


С. Өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою

Саяси партиялар


D. Үкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Оппозиция


Е. Сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі

ВЕНН диаграммасы

Сайлау жүйесінің екі түрін: пропорционалдық жүйе мен мажоритарлық жүйені Венн диаграммасы негізінде бір –бірімен салыстырып, әрқайсысының кемінде екі айырмашылығы мен екеуіне ортақ ұқсастығын тауып жаза алады.

ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

ЕБҚ оқушыны өзін сыныптан шеттетілгендей сезінбеуі үшін мұғалімнің үстеліне жақын, мінез-құлқы жайлы балалардың тобына орналастыру.
















Төмендегі көрсетілген тақырыптық терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіре алады




Сайлау жүйесінің екі түрін: пропорционалдық жүйе мен мажоритарлық жүйені Венн диаграммасы негізінде бір –бірімен салыстырып, әрқайсысының кемінде екі айырмашылығы мен екеуіне ортақ ұқсастығын тауып жаза алады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады











«Ең үздік жауап»









«Алақан-жұдырық»





«Жұлдызшалар»




Ақпараттық мәтін






ҚР Конституциясы


Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zankz










Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/









Нұрпейсов Е. Котов А. Қазақстан Республикасы: хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін. – Алматы, 1995













Сабақтың соңы

Мұғалімнің қолдауымен жеке бағалау жүзеге асады.

«Ресторан әдісі»



Сабақтың дәмді тұсы

Қызық тұсы

Сабақтың дәмсіз тұсы.

қызық емес тұсы

Даяшыға тапсырыс

(мұғалімге ұсыныс)






Бөлім:

9.2Меншік құқығы


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: саны:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қалай меншік иесі бола аламыз?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.2.1меншік түрлерін анықтау;

9.3.2.2меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау

Сабақтың мақсаты

Меншік түрімен танысады және оның маңыздылығын анықтайды;

Негізгі ұғымдар мен түсініктер қалыптасады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін сәйкестендіру.

Ауызша сырттай бағалау.

"Болжау" стратегиясы.


-Бүгінгі сабақ қандай тақырып маңайында өрбиді?

-Қандай негізгі мәселелер көтеріледі деп ойлайсыздар?

Оқушыларды «меншік» ұғымымен таныстыру. Оқушыларға осы ұғымға қатысты сөздерді тізіп жазуға тапсырма беру.

Жаңа тақырыпқа, сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өту.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

БСуреттермен жұмыс. Оқушылар меншік нысандарын ажырата білу қажет (қосымша1).

Мысалы:

І-топ: Жеке меншікке қатысты (үй, саяжай, машина т.б. );

ІІ-топ: Мемлекеттік меншікке қатысты (су, өсімдік, жануарлар, табиғи қорлар т.б.).

Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй, көлік, киім-кешек сияқты заттарды қоса алғанда 10 затты тізіп жазу.

Келесі сұрақтарға жауап береді:

Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?

Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету).

ҚРК 6- бабын пайдалана отырып, меншік құқығына баға беру.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (6- бап)

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі.

әр оқушы меншікке байланысты жағдаяттармен жұмыс (қосымша).

Критерийлері:

Топтар азаматтардың меншікті иелену немесе меншік құқығын тоқтату барысында жіберілген қателіктерін анықтайды.

Мәселенің шешу жолдарын ұсынады.

Өзін - өзі бағалау жүзеге асырылады.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайд

Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

Жеке меншікке қатысты меншікті біледі;

Мемлекеттік меншікке жататын нысандарды ажырата алады.








Дескриптор:

ҚР конституциясымен танысады;

ҚР конституциясымен меншік қорғалатының түсінеді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Ең үздік жауап»



















ҚБ «Мен саған, сен маған»







ҚБ «Өзін-өзі бағалау»




















Адам.Қоғам.Құқық. Алматы "Мектеп" 2014
















Сабақтың соңы

Кері байланыс:

«Плюс, минус, қызықты»

  • «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

  • «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

  • «Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білді, соны жазады.

Үйге тапсырма:«Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?» тақырыбына 100 сөзден кем емес хабарлама жазу.

Эссенің құрылымы:

    1. Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.

    2. Негізгі бөлім. Тақырып бойынша қысқаша шолу. Аргумент. Дәлел. Факт. Контраргумент. Дәлел. Факт.

Қорытынды. Тұжырым. Оқушы қандай шешімге келді.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект




Бөлім:

9.2Еңбек жағдайлары

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: саны:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.4.2.1 ҚР еңбек кодексінің баптарының негізінде еңбек жағдайларын анықтау;

9.4.2.2құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Еңбек және демалыс уақытын және еңбекке ақы төлеу шарттарын анықтау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында жаңа тақырыпқа қатысты «learning apps» бағдарламасы негізінде жаңа сөздерді табады. Сабақтың орта кезеңінде оқушылар тапқан сөздері бойынша ақпаратпен танысады.

Жауаптары: еңбек, жалақы, тынығу уақыты, демалыс уақыты, еңбек даулары, еңбек құқығы, қосалқы еңбек, еңбек шарты

Мұғалім, сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы




«Learningapps»

бағдарламасы





Слайд (1 б.)

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс. Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге ҚР Еңбек кодексінің баптарынан үзінді мен жағдаяттарды шешуге тапсырма беріңіз.

1-тапсырма.

Оқушыларды үш топқа бөледі және берілген жағдаяттарды стикер бойынша алып, шешімдерін ұсынады.

ЕБҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.


2-тапсырма

Жұмыс уақытын ақпарат бойынша төменде берілген кестеге толтырыңыз:

Жасы/сағаты

14-16 жас

16-18 жас

18-ден жоғары

Аптасына





Күніне





Сабақты қорытындылау үдерісінде оқушыларға сұрақтар қояды:

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының құқықтық реттелуін қалай жүзеге асады?

Кәмелет жасқа толмағандарға байланысты Еңбек Кодексінде қандай мәселелер айтылды?

ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Дескриптор:

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Ең үздік жауап»













ҚБ «Мен саған, сен маған»







ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Слайд (10 б.)



С.Баққұлов. Құқық негіздері. Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -248 б.


http://adilet.zan.kz

Слайд (11 б.)

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Кері байланыс

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект




Бөлім:

9.2 Некені қию және тоқтату жолдары

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: саны:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.5.2.1некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға жаңа бейнебаян көрсетеді. Осылайша, мұғалім оқушылардың болжам сұрақтарын тыңдап, жаңа сабақ тақырыбына көшеді. (1.23 мин)


Берілген бейнебаянның негізгі мазмұны қандай?

Қандай қорытындыға келдіңіз?

Мұғалім, сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы



https://www.youtube.com/watch?v=61ELOQQbHdk

Неке және отбасы туралы бейнебаян

Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Төменде берілген ұғымдарға Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі бойынша түсініктемені жазыңыз:

Некенің бұзылуы-

Некенің тоқтатылуы-

Некенің жарамсыздығы-

ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;


2-тапсырма. Ақпаратты қолдана отырып, берілген кестені толтырыңыз:

Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептері:

1.


2.


3.


Салдары:


ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

3-тапсырма. Оқушыларды төрт топқа бөліп, берілген тақырып шеңберінде таңдалым бойынша біреуін таңдап, жағдаят құрастырады:

1-топ: Некенің қиылуы

2-топ: Некенің жарамсыздығы

3-топ: Некені сот арқылы бұзу

4-топ: Ерлі-зайыптылардың біреуі сот шешімімен өлді деп жариялау немесе хабар ошарсыз кетті деп санау.

ЕБҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп, қолдау жасау

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайд

Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Ең үздік жауап»












ҚБ «Мен саған, сен маған»







ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;

Слайд (10-бет)




Слайд (11-бет)








Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект





Бөлім:

9.2 Қылмыс ұғымы

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: саны:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қандай әрекет қылмыс деп танылады? БЖБ-2

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату

Сабақтың мақсаты

Қылмыс құрамына байланысты жағдаяттарды талдау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Кадрлап бөлу. «Бұл салқын әрі қараңғы кеш болатын» атты тақырыптағы әңгімені жеке-жеке оқушыларды шақырып, кадрлап бөліп оқытылады. Әр бөлінген кадрда қойылған сұрақтарға ауызша жауап беріп отырады.

Бұл салқын әрі қараңғы кеш болатын

  1. Ванесса қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?/досына/

  2. Қалай ойлайсыз, ол нені қағып кетті? /итті/

  3. Бұл машина неге қалмай келеді деп ойлайсыздар? /иттің қожайыны деп ойлайды/

  4. Ванесса не істеді? /машинасын тез жүргізді/

  5. Ванесса қандай күйде болды деп ойлайсыздар? /қатты қорықты/

  6. Мартен қайда деп ойлайсыздар?/ас үйде/

  7. Бұл жігіт кім деп ойлайсыздар? /кездейсоқ жолаушы/

  8. Қылмыскер Ванессаның машинасына қалай мінген?/итті қағып кеткенде/


Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Мұғалімнің кері байланысы

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Зерттеу және талдау сұрақтары

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

1-топ: Қылмыстың жіктелуі

2-топ: Қылмыс жасау сатылары

3-топ: Қылмыс құрамы

4-топ: Қылмысқа қатысушылардың түрлері

Топтық жұмыс. Бейнематериалды қарап, қылмыстың белгілерін келесі критерийлер бойынша табуға тапсырма беріледі:

1. Қоғам үшін әсері;

2. Әлеуметтік норма аясы;

3. Әрекетке немесе әрекетсіздікке қатысы;

4. Қоғамның қылмысқа жауабы бойынша.

Топтық жұмыс. Оқиғаны зерттеп, қылмыс құрамын анықтауға тапсырма беріледі.

  1. Қылмыс субъектісі

  2. Қылмыс объектісі

  3. Қылмыстың түрі

  4. Қылмыстың субъективтік жағы

  5. Көліктің жылдамдығы

Болжау әдісі. Жұпта қылмыстың анықтамасын жазып, қылмыстың белгілерін жұппен талқылап, мысал келтіреді.

Қылмыс -

1 белгі

2 белгі

3 белгі

4 белгі

Мысалы,

1-2 топтың жауаптарын тыңдатып, тақтада қылмыстың анықтамасы мен белгілері көрсетіледі

ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.

Қылмыстың анықтамасы және белгілері бойынша қысқаша шолу жасап, мысал келтіреді.

Қылмыс- ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1

2

3

4

Қоғамға қауіптілігі

Заңға қайшылығы

Айыптылығы

Жазаланатындығы

2-тапсырма. Оқушылар жағдаяттың не біреуін не екеуіне де жауап беруге болады. /жасырын дифференциация/ Жағдаятты

оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.

1-жағдаят:

Достар бірігіп табиғатқа дем алуға шығады. А деген азамат өзімен бірге тапанша алып шығады. Ойын кезінде В деген азамат тапаншаны алып, С деген азаматқа кезейді. Бірақ А деген азамат оның қолын бұрып қалғанда оқ Д деген азаматқа тиеді.

Қылмыс субъектісі

Қылмыстың субъективті жағы

Қылмыс объектісі

Қылмыстың объективті жағы

2-жағдаят:

Ауылында қысқы демалыс кезінде 9-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жығып, жазым қылды. Ауылда өтіп жатқан «Көңілді тапқыштар клубы» сайысына кеткен 9-сынып оқушысы Медет Жасымбай сол күні үйіне қайтып оралмады. Отбасына суық хабарды жасөспірімнің сыныптастары жеткізген. Әзіл кешінен кейін Медетті үш құрдасымен бірге 11-сыныпта оқитын топ оқушы мектеп маңындағы ескі ғимаратқа шақырып алып, «ақша әкелмедіңдер» деп соққыға жыққан. Куәгерлердің айтуынша, Медет сол жерде-ақ жан тапсырыпты.

Медеттің өліміне себепші болған балаларды қандай жаза күтіп тұр?

Қатаң режимдегі түрмені қалай түсінуге болады?

Егер бір оқушы марқұм Медет секілді жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсе, шағымын қайда барып айтқаны дұрыс?

Жалпы әлімжеттіктен қалай құтылуға болады?

ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

.Дескриптор:

Қылмыстың белгілерін ажыратады.










Дескриптор:

Қылмыстың түрлерін ажыратады, қылмыс құрамын біледі.

Қылмыстық оқиғаны талдап біледі.

Оқушылардың міндеті: өз тақырыптары бойынша таратпа материалдардан ақпаратты жинақтап, басқа топтарға түсіндіру.

Әр топқа бағалау парағы үлестіріледі (өзара бағалау).

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайд

Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Ең үздік жауап»



















ҚБ «Мен саған, сен маған»







ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226

ҚР Қылмыстық кодексі




Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!