Материалдар / 9-сынып ТЖБ 3- тоқсан қазақ әдебиеті

9-сынып ТЖБ 3- тоқсан қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып ТЖБ 3- тоқсан қазақ әдебиеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2024
472
11 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-нұсқа

1-БӨЛІМ

1.«Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттеледі ?

А.Әлімқұлдың

В.Бөжейдің

С.Сағынайдың

Д.Күреңбайдың

Е.Шорманның

[1]

2.Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.

А.Әбдірахманның өлімі.

В.Екі жастың бақытты өмір сүруі.

С.Шұғаның өлімі

Д.Шұғаның қатты құса боп ауруға шалдығуы.

Е.Шұғаның аурудан айығуы [1]


3.Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі жолдарынан асты сызылған тіркестердің қандай көркемдік тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз.

Сағыныш деген молшылық қазына, бола да берер артық-кем,

Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.

Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,

Қаланып қалса тәртіппен.

А.Теңеу

В.Кейіптеу

С.Метафора

Д.Метонимия

Е.Эпитет [1]


4.«Қыз баланы қор қылатын өзіміз ғой...» Берілген сөз қай кейіпкердікі?

А.Артықбай

В.Есеней

С.Мүсіреп

Д.Торсан

Е.Ұлпан

[1]

5. Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің қай жолдарында бақытты сәттерді өлеңмен байланыстырып суреттейді?


А.Жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.


В.Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.


С.Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,

алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.


Д.Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,

қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.


Е.Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.


2-БӨЛІМ

6.Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,

Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.

Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,

Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, - деген өлең жолдардағы ақынның бейнесін талдап жазыңыз. [3]

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. 7.Тапсырма. Поэмадағы ақынның ауыр жан күйзелісін, терең тебіренісін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем). [3]

Құлагер, қолда өсірген құлыным – ай!

Ішінде омыртқамның жұлыным – ай!

Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр,

Қанды қол қастықпенен ұруын – ай!

Осылай Ақан зарлап жылап жатты,

Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,

Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті.

Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар,

Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар.

Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не

Таудағы «Ой, бауырым»дар неге сулар?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


8. «Шұғаның белгісі» повесінде жазушы қандай әлеуметтік мәселені көтерген? Ойыңызды талдап жазыңыз. [3]

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

9.Өлеңдегі ақын сезімін қара сөзбен сипаттап жазыңдар.

Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]

10. Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы Ұлпанның «арзанға түспейтін қыз» екенінде қандай мән жатыр? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.(5-6 сөйлем)

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

. [3]


3-БӨЛІМ

11.Тақырыптардың бірін таңдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына өз пікіріңізбен баға беріңіз.

1. «Сағыныштан жаралған ақын» Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі бойынша.


2."Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесін қазіргі кездегі басшылық қызметтегі әйелдер бейнесімен салыстырып талдап жазыңыз.


3.І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.


. [10]


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Балл қою кестесі

1-нұсқа

Тапсырма

Жауап

Балл

1

А

1

2

В

1

3

Е

1

4

А

1

5

Д

1

6

өлеңдегі ақынның сағыныш сезімін, автордың бейнесін талдап жазады;

3

7

ақынның ауыр жан күйзелісін, терең тебіренісін талдап жазыңыз

3

8

повестегі жазушының көтерген әлеуметтік мәселесін талдап жазады;

3

9

өлеңдегі ақын сезімін қара сөзбен сипаттап жазады.

3

10

-Кейіпкер бейнесін талдауда дәлелді мысалдар келтіреді;

3

11

өз ойы мен көзқарасын нақты жеткізе алады;

тарихи-көркемдік құндылығына өзіндік баға береді;

орынды пікір, дәлелдер келтіреді;

өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады;

стильге сай жазады;

құрылымын сақтайды.

2



2

2

2



1

1

Барлығы – 30 балл







3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

ІІ нұсқа


1-БӨЛІМ

1. «Құлагер» поэмасында Ақан сері Құлагерінен айрылған бөлім қалай аталады?

А.«Бай-бай, Құлагерім!»

В.«Ат шаңы»

С.«Жалғыздық»

Д.«Жалғыз қазық»

Е.«Көмбе»

[1]

2. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі кейіпкерлерді белгілеңіз.

А.Әбдірахман, Есімбек.

В.Әжібек, Бекен.

С.Кәрім, Қауқымбай.

Д.Раушан, Амантай.

Е.Абылай, Адақ. [1]

3. Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңінен алынған үзіндідегі бос орындарды өз қалауыңызша толтырыңыз.

Сағыныш деген молшылық қазына, ... ... ...

Ал нағыз асқақ сағыныштарда ... ... ...

Мен мынау ыстық жүрегімменен ... ... ...

Қаланып қалса тәртіппен.

[1]


4. Берілген сипаттама қай кейіпкерге тән.

«Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес, діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын».

А.Артықбай

В.Есеней

С.Ұлпан

Д.Мүсіреп

Е.Торсан [1]


250 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ