400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« 14 ақпан: гүл емес,кітап сыйлайық!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықаралық кітап күні туралы мәлімет,оның шығу тарихы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

« 14 ақпан: гүл емес,кітап сыйлайық!»

14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күні. Көпшілік үшін бұл Ғашықтар мерекесі болса, кітапсүйер қауым үшін – рухани жылулық сыйлайтын ерекше күн. 2012 жылдан бастау алған дәстүр алғашында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында пайда болған. Бүгінде бұл күн әлемнің 44-тен астам елінде атап өтіледі. Ал сіз Халықаралық кітап сыйлау күнінің тарихын білесіз бе?



Бұл мерекенің бастамашысы- АҚШ-тық Эмми Бродмур. Үш баланың анасы Эммиге бұл идея кездойсоқ келді. Эммидің ұлдарының бірі анасынан: «Осы туған күніне орай немесе басқа бір себептерге байланысты адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын күн бар ма?» - деп сұрайды. Баласының сұрағына: «Жоқ» деп жауап берген Эммидің ойына: «Расымен де осындай бір күнді неге белгілеп жыл сайын дәстүрге айналдырмасқа?» - деген идея келеді. Бұл ойды жүзеге асыру әрекетіне бірден-ақ кірісіп, ол әлеуметтік желілердегі достарына, таныс блоггерлерге, сайт бойынша әріптестерімен байланысқа шығады. Өз бастамасын таныстырып, кітап сыйлау күнін енгізуге ұсыныс тастайды. Оның ерекше идеясы ақпараттық қолдаудың арқасында тез тарап, нәтижесінде күнтізбеде Халықаралық кітап сыйлау күні пайда болды. Міне, осы жерден медиақауымдастықтың күшін көре аламыз. Кітапсүйер жұрттың қолдауын тапқан мереке аз ғана уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болып келе жатыр. Бұл мереке елімізде де кең таралуда. Ақпан айы басталысымен-ақ, әлеуметтік желіде «14-ақпан бір-бірімізге кітап сыйлап жарысайық»- деген тренд жүріп жатыр. Тіпті, кітап дүкендері осы күнге арнап әртүрлі кітап-жинақтар жасауда. Мұның бәрі халықтың кітапқа деген қызығушылығының артуын, кітап оқу мәдениеті қалыптасып жатқандығын айқын көрсетеді.Абай атамыз «Артық білім кітапта,Ерінбей оқып көруге» - дегендей, кітап оқудан, зерттеуден жалықпайық, достар!

Ең алғашқы кітапхана

Кітап демекші, сіз ең алғашқы кітапхананың қашан пайда болғанын білесіз бе? Пергам кітапханасы- б.з.б ІІІ ғасырда салынған. Қазіргі Түркияның аумағында орналасқан танымдық нысан бір кездері 200 000 шиыршықтан тұратын қазына қорына ие болған. Жазба деректерде бұл тарихи орын гректердің даналық құдайы Афинаға арналған ғибадатхана кешенінде орналасқан делінеді. 4 бөлмеге бөлінген аумақтың үшеуі кітапхананың қажеті үшін, ал біреуі жиын-басқосулар үшін кездесу орны саналған. Пергам кітапханасы өз дәуірінде жұрт арасында аса танымал болған.(24.kz)

Ең алғашқы қазақ кітабы

Қазақ кітаптарының 200 жылдан астам тарихы бар. Кітаптар бастапқыда арабша, аз уақыт латын қарпімен, ал 1939 жылдан бастап кирилл қарпімен шыға бастады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, "Сейпіл Мәлік" — қазақ тілінде тұңғыш басылған кітап. Ол 1807 жылы қазақ тіліне аударылып, Қазанда басылып шыққан. Қазақ кітаптарының дәуірі "Сейпіл Мәліктен" бастау алады. Ал қазіргі таңда қалауыңа қарай кез-келген кітапты табуға болады.

Қазақ әдебиетіндегі жаңа толқын

Біз өткен ғасырда жазылған қазақ әдебиетін әлі де азық етіп келеміз. Осыдан 100 жыл бұрын жазылған Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамалы» әлі күнге дейін сатып алатын кітаптар арасында көш бастап тұр. Бұл қуантарлық жайт,әрине. Дегенмен, қазіргі заманның көрінісі болатын,мәселесін көрсететін замандас жазушылардың туындысы ше? WiK- (Written in Kazakhstan) замандас авторларды қолдау ұйымы. Қазіргі заман әдебиетін қолдап, жас авторлардың еңбегін жариялап, жарнамалауға мүмкіндік беретін ұжым. Жақында олардың ең алғашқы туындысы- «Иесіз көлеңке» жарық көрді. Бұл шығарманың авторы- жазушы, драматург Әлішер Рахат. Кітаптың аты да ерекше. «Иесіз көлеңке»- адамның ішкі бостығы, үрейі мен ешкімге қажетсіз сезімінен туатын бейматерия. «Кез- келген көлеңкенің үнемі иесі бар. Ол- ағаштың көлеңкесі, оның иесі- ағаш. Адамның көлеңкесі,иесі- адам. Ал иесіз көлеңке деген қандай болады? Адамның ойынан шыққан көлеңке, көп үрейді өзімізге өзіміз құрастырып аламыз. Ал шын мәнісінде, ол жерде ешқандай үрей емес, тек алгоритм болуы да мүмкін. Сен ол алгоритмді білмегеннен кейін, сонда тығылған үрейлердің себебі де,егесі де жоқ сияқты көрінеді. Сол үшін кітаптың атын Иесіз көлеңке деп алдық»- дейді хоррор романның авторы. Бұл роман- тек ішкі қорқынышты ғана емес, шынайы өмірді, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, тіпті мектептегі буллинг мәселесін де қамтиды. Мен қазіргі қазақ кітап нарығында жаңа есімдердің көбейіп жатқанына қуанамын. Бұл – ұлттық әдебиеттің заманмен бірге дамып, жаңа оқырманын тауып, жаңа тыныс алып жатқанын аңғартады. Кітап- ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ең құнды рухани қазына. Жай бір кітаптың өзі бір адамның өмірін жақсы жаққа өзгерте алады. Достар, мүмкін осы 14 ақпанда біреуге гүл емес, кітап сыйлау арқылы өміріне жаңа ой сыйлармыз?!

Гүлзат ҚАЙРАТҚЫЗЫ

11 сынып оқушысы

Астана қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 сәуір
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі