: Ашық сабақ «Біржан сал Абай ауылында» (Біржан мен Абай жақындастығы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Ашық сабақ «Біржан сал Абай ауылында» (Біржан мен Абай жақындастығы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып- үйретудің әдіс- тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Біржан сал Абай ауылында»

(Біржан мен Абай жақындастығы)


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып- үйретудің әдіс- тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу.

  2. Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу.

  3. Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрін білуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, топтық жұмыс.


Сабақтың түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру


Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, қазақ тілі


Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтық суреттер, тірек сызбалар, кестелер.


Сабақтың барысы:


І. Психологиялық дайындық: « Жүректен жүрекке»

Сабақтың эпиграфы

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!.

Абай


Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу.


Үй тапсырмасын сұрау: « Рөлге бөлу» стратегиясы. М. Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында»

І топ. «Мұхтар» ауылы

ІІ топ. «Абай» ауылы

ІІІ топ. «Біржан» ауылы

Рөлдегі оқушылар:

  1. Реттеуші (топ мүшелерін реттейді)

  2. Баяндаушы ( тақырыптың мазмұнын баяндайды)

  3. Зерттеуші (тақырыпқа байланысты қосымша мәлімет ізденеді)

  4. Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды)

  5. Із қуушы (кейіпкердің ізін қуалайды) « кейіпкерлер әлемі»

  6. Кейіпкерлерді сипаттаушы (кейіпкердің түр-түсін, мінезін суреттейді)

  7. Сөз тапқыш (мәтіннен түсініксіз сөздер мен көркемдегіш сөздерді табады)

  8. Бейнелеуші-суретші (сурет салады)


Із қуушы «Кейіпкерлер әлемі»

DrawObject1

Кейіпкерлер Бұлар кімдер?

Абай Ұлы ақын

Әйгерім Шын есімі Шүкіман. 1856-1919 Абайдың сүйікті жары. Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген

Жиренше Абайдың жас күніндегі сыйлас ағасы

Ербол Ербол Көмекбайұлы- Абайдың жақын досы. Сөзге жүйрік, өнерлі, кісі жұғымды болған

Керімбала, Үмітей, Балбала Өнерге ынтық жастар

Базаралы Базаралы Қауменұлы Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып өткен адам. Руы- Тобықты ішінде Жігітек


Кейіпкерлерді сипаттаушы

DrawObject2 DrawObject3

Өнер иесі Портреті Мінезі


Біржан Қызғылт жүзді, Өткір тура мінезді

кең ақ маңдайлы

  1. «Топтастыру» стратегиясы (топтық жұмыс)

«Мұхтар Әуезов туралы мен не білдім?»


Мұхтар

DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4







«Абай туралы мен не білдім?»


Абай

DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8

DrawObject11




«Біржан сал туралы мен не білдім?»


Біржан сал

DrawObject14 DrawObject15 DrawObject12 DrawObject13






  1. Өткен сабақпен тақырыптық байланыс


«Ой қозғау» стратегиясы: «Нені білеміз?»

1)Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)

2)Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады? (Әмірді)

3)«Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)

4)«Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)

5)«Кісісін бір болыстың біреу сабап,

Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»-деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді?(Біржан «Жанбота»)


6)Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлық, бата беру)

7)Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан)

8)Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән? («Жиырма бес)



  1. «Не білеміз?» (Іздендіру)

Біржан мен Абай жақындастығы

DrawObject16 «Ішіне-Сыртына» әдісі бойынша екі ұлы өнер иелерінің өзіне тән ерекшелігін ажырату.


Ішіне Сыртына

DrawObject17

1904, ақын, күйші, ойшыл, 1897, сатирик, сал, аудармашы,

1834, 1845, «Жанбота»,



айтыскер, «Жиырма бес», «Көзімнің «Желсіз түнде жарық ай»,

қарасы» сазгер



«Бес жолды өлең»


  1. Зат есім (тақырып) Абай

  2. Сын есім (сипаттау) көреген, парасатты

  3. Етістік (іс-әрекеті) өлең оқиды

  4. Сөз тіркесі немесе сөйлем Әйгерімге ән айтуға рұқсат етеді

  5. Түйінді ой өнер құдіретін түсінеді




«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

DrawObject18


Қатты әсер еткен үзінді Бұл жайлы менің пікірім

DrawObject19

Абай Біржан сал ән айтқанда Әннің құдіретін түсінуі,

ерекше толқыныспен тыңдап, бағалауы

қиялға берілуі




Сахналық көрініс. Синтез(жинақтау)


І топ. Біржан әнінен кейінгі Абайдың әсерлі сөзі

ІІ топ. Аналардың Біржанға сый-сияпаты

ІІІ топ. Абайдың толқыған көңілден шыққан өлеңін Біржанға оқып беруі


Сабақты бекіту:

Не білеміз?

Не білдік?


  • Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе?

  • Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз?

  • Абай мен Біржан өнері бүгінгі күнге қалай жетті? Оны жеткізген кімдер?

  • Мектебімізде өнер насихаттала ма? (Өнер үйірмелері туралы әңгімелеу)

  • Бізге, мына сендерге, өнерлі болуға мүмкіндік бар ма?



Қорытынды:

  • Өнерліге өріс кең

  • Өмірде кең бол, өнерде өр бол

  • Өнерде қызығу орынды, қызғану -күнә

  • Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді

Ендеше, екі ұлы- Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақта өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек. Екі ұлы адамға ортақ қасиет өнерге құрмет.


Үйге тапсырма: «Автор орындығы» стратегиясы

І топ. Абай болып ұрпаққа хат жазу

ІІ топ. Біржан ағаға хат

ІІІ топ. Абай атаға хат

Үлгі: Абай аға, сіздің «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіңіз бен ақиқат үшін шырылдаған, елді бірлікке шақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер етті, тебірентті, толғантты. Сіз армандағандай өнер құдіреті қазір де шарықтауда...


Ортақ тапсырма: «Абай мен Біржанды жақындастырған құдірет» тақырыбына шығарма жазу.


Бағалау: Әр топ басшысы «бағалау парағына» әр оқушының жетондарын есептеп баға шығарады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі