« Биле - биле » би сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Биле - биле » би сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Б и л е - б и л е » би сайысы

Сайыстың барысы:

Жүргізуші:

Құрметті ұзтаздар мен оқушылар, бүгінгі қосымша білім беру педагогы үйірме жетекшісі Бейсенбаева Камшат апайдың ұйымдастыруы бойынша өткізгелі отырған

« Б и л е – б и л е » атты би сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бүгінгі сайысты ашып беру үшін мектебіміздің директорының тәрбие ісі -

жөніндегі орынбасары Бейсебаева Жанар апайға сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Олай болса әділ бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар. Мектебіміздің директорының тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Бейсебаева

Жанар апай. Мектебіміздің мақтаныштары талай жылдан бері жұмыс атқарған қазіргі таңда зейнеттік жасқа жеткен аналарымыз Иманбердиева Шара апай және Джумадиллаева Гаухар апай. Мектебіміздің кітапханашысы және технология пән мұғалімі Телбаева Айгүл апай.

Жүргізуші:

Бабамыздың мұңысың сен домбыра

Анамыздың сырысың сен домбыра

Қазағымның жүрегінде жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра.

Жүргізуші:

Домбырыдай шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын, армандарын халқымның,

Аманат қып ұрпағына жолдаған.


«Жас домбырашылар» үйірмесінің орындауында халық күйі «Тепен көк» Халық күйі «Келіншек» Нұрғиса Тілендиевтың күйі «Аңсау» Ә. Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым»

Жүргізуші:

4 – сынып оқушысы Дания Аружанның орындауында халық әні «Дедім ай ау»

қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

Олай болса бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

Тұрғанова Әмина апайдың 5 «Ә» сынып оқушылары «Наз» тобы

Тағаева Ұлбосын апайдың 5 «А» сынып оқушылары «Жалынды жастар» тобы

Зүлпиева Ботагөз апайдың 6 сынып оқушылары «»

Махамбетова Жайсан апайдың 7 «А» сынып оқушылары «Өнерлі жастар» тобы

Қолдасова Айсапар апайдың 7 «Ә» сынып оқушылары «Талантты жастар» тобы

Тастанбекова Бақтыгүл апайдың 8 «А» сынып оқушылары «Чакдумдум» тобы

Биболов Қанат ағайдың 8 «Ә» сынып оқушылары «Кәусар бишілер» тобы

Наурызбаева Ұлсерік апайдың 9 сынып оқушылары «Жұлдыздар» тобы



Жүргізуші:

Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады. Жеребе алу үшін әр сыныптан бір адамнан ортаға келулеріңізді сұраймын. Әділқазы алқаларының алдына барып алады(Әр сыныптың реттік саны анықталады)

Жүргізуші:

Бишілерімізді өз өнерлерін көрсетуге дайындалу үшін сахна төрінен босатамыз.

Жүргізуші:

Би-музыкалық ырғаққа сай қимылымен көрсететін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесінде іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көрністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл-бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкүндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Сонымен келесі кезекте өнер көрсететін «Кәусар бишілер» тобының орындауында Қазақ биі қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.

Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы біздің еліміздің табиғат, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете алар көрелік.

Келесі кезекте өнер көрсететін « Наз» тобының орындауында Өзбек биімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін «Өнерлі жастар» тобының орындауында Орыс биі қарсы алыңыздар

Жүргізуші:

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Мың бұралған бишілердің өнері.

Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін « » тобының орындауында Испан биі қарсы алыңыздар

Жүргізуші:

Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден-бір кепілі ғой. Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.

Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін «Жұлдыздар» тобының орындауында Вальс биі қарсы алыңыздар



Жүргізуші:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің бишелер

Көрінген көштің басынан.

Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін «Жалынды жастар» тобының орындауында Цыган биі қарсы алыңыздар


Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін «Чакдумдум» тобының орындауында Үнді биі қарсы алыңыздар

Жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялмен қарыштайды.

Бишілер шын жүректен тербетіліп,

Өнерлерін сайыстарда тек шыңдайды!

Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін «Талантты жастар» тобының орындауында Чунга - чанга биі қарсы алыңыздар

Жүргізуші:

Айгөлек – ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп

Жүргізуші:

Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті десек те болды. Бүгінгі сайысымызды қортындылауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.04.2018
5176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі