Материалдар / « Жастар және ғылым »

« Жастар және ғылым »

Материал туралы қысқаша түсінік
« Жастар және ғылым »
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

« Жастар және ғылым »

«Жастар біздің болашағымыз ғана емес, бүгініміз» — Камал Жаманғозов бекер айтпаған екен. Алайда тек жастар ғана емес Ғылымда бізге және елімізге берер үлесі зор. Ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады.Ал жастарға келер болсақ олар бәсекеге қабілетті тұлға және еліміздің тірегі мен бөлігі болуы керек.Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін естен шығармаған абзал.Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылы айтып кеткендей "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жастардың қолында" деп 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.Ал Әбу Насыр әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген.Қазіргі жастарды жаңа жобалар мен жаңа идеялардың генераторы деуге болады. Жастар біздің болашағымыз ғана емес, бүгініміз. Олардың қоғамда болып жатқан оқиғаларға, еліміздің дамуына қосар үлесі зор. Қазір жастар үшін жол ашық. Тек ізденіп, еңбек етіп, талаптану қажет. Жастар жылы аясында дарынды жас мамандарды ынталандыру, жігерлендіру үшін оларды ел алдында дәріптеуден тайсалмау керек. Әрбір жас «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?» деген қағидамен жүруі абзал деп есептеймін. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Еліміздегі ғылымның дамуы мен болашағын айқындап, туындаған мәселелерді жою мақсатында жастар барыншы тырысуда.Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Қазіргі жаһандану заманында ғылымның дамуы – әрбір мемлекеттің дамуына септігін тигізетін маңызды фактор. Ғылым саласын қаржыландыруды арттырумен қатар, қатаң тәртіп пен талап, сондай-ақ әрбір ғылыми зерттеудің нақты әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және техникалық қайтарымы болуы керек. Жастар мен ғылымның байланысы зор.Себебі отандық ғылымның мәселелерін анықтауға және оларды шешу жолдарын ұсынуға елімізде жұмыс істеп жатқан 200-ден астам жас ғалым бар. Елдің дамуына үлес қосу үшін жастарға мемлекеттің араласып, жас маманның тауын шақпай, жұмыс табуына, тәжірибе жинауына көмектесуі аса қажет.Жарқын болашақтың бейнесі-ғылым мен жастар!







Жастар – еліміздің келешегі. Олардың білімді және бәсекеге қабілетті болып өсуі – болашақтың кепілі.Қазақстанда статистика бойынша шамамен 4 миллион жас бар.Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ғылымсыз қоғамды басқару мүмкін емес. Дамудың қазіргі кезеңінде қоғамның әлеуметтік құрамын тек ғылым өзгерте алады. Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, әр елде ақыл-ой жұмысымен айналысатын мамандар санының өсуі байқалады. Жастардың ғылымға бет бұруы терроризм мен өзге бұрмалаушы қатерлердің артта қалуы немесе оларды шешу жолдарына, мемлекет басшылығының жаңаруына, жастар саясатының өркендеуіне әкелетініне сенгім келеді. Әлемнің жетекші экономикалары адам капиталының жоғары деңгейі есебінен өркендеуге қол жеткізуде, ал бұл жастардың ғылымға тартылуына және елдің ғылыми-технологиялық әлеуетіне тікелей байланысты. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Жастар әлемдік ғылым алдында тұрған міндеттерге, қоғам проблемаларына жауап табуы үшін ғылым жолына келіп, ынтасы мен идеяларымен бөлісуі қажет. Жастарды білім және ғылым жолына салып, болашаққа бағдар беру, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық мықты мемлекеттер жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ