: Мен, елімнің патриотымын!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Мен, елімнің патриотымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қажет : Мен, елімнің патриотымын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

Биология пән мұғалімі Балабекова Клара Тилабековна

Тақырыбы: Мен, елімнің патриотымын!

Мақсаты:

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бейне фильм, слаид

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Топқа бөлу ер балаларды бір топ қыз балаларды екі топ

ІІ. Миға шабуыл 2 минут слаид

Н. Ә. Назарбаев «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.» дегендей бүгінгі сабағымызды осы сөздермен бастағым келіп отыр. Өз елінің патриоты болу - өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет етуің керек. Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз қандай тақырып бойынша өтпек.

ІІІ. Видео фильм «Мен елімнің патриотымын» 6 минут

ІV. Мағынаны ашу . Әр топқа сұрақтар беріледі мағынасын ашу 15 минут

1 топ

Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?

2 топ «Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз елің несімен ыстық?

Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің?

3 топ Сен өз еліңді қалай сүйесің? Нағыз азамат – деп кімді атар едің?

V. «Өз ойын жеткізу»

Мұғалім: Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?

Назарларыңызға «Патриот деген ол ….» шағын түрде өз ойын айтады

Мыс: Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге деген ыстық сезім;

Ата- баба өсиетіне адал болу;

Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

Ана тіліне деген құрмет;

Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

Елдің тарихын құрметтеу;

Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Заңға бағыну;

Үкіметті сыйлау;

Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру


VІ. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)


Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.


Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.






























1 топ

Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?


2 топ «Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз елің несімен ыстық?

Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің?



3 топ Сен өз еліңді қалай сүйесің? Нағыз азамат – деп кімді атар едің?






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2018
423
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі