Материалдар / : "Оқыту мен оқу үдерісінде табыс критерийі арқылы бағалауды үйрету"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

: "Оқыту мен оқу үдерісінде табыс критерийі арқылы бағалауды үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
: "Оқыту мен оқу үдерісінде табыс критерийі арқылы бағалауды үйрету"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2018
852
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Екінші коучинг сабақтың есебіТақырыпты негіздеуЕкінші коучинг тақырыбы: "Оқыту мен оқу үдерісінде табыс критерийі арқылы бағалауды үйрету"Бұл тақырыпты таңдаған себебім мектептегі іс-тәжірбие кезінде әріптестеріме оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалау туралы семинар тренинг өткіздім.Тақырыптық презентация арқылы формативтік бағалау туралы мәліметтер беріп өттім. Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулімен таныстыруға түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы айтып өттім. Критерий сөзіне түсінік беріп,"табыс" сөзіне синоним сөздер айтуды сұрағанымда олар" жетістік", " жақсылық ","молшылық " деп жауап берді. Осы тренингтен кейін әріптестерім осы тақырыпта коучинг өткізуімді сұрады.оларға осы тақырып ұнағандарын ,тереңірек түсініп өз сабақтарында қолданғысы келетіндіктерін айтты. Коучингке бірінші коучинг сабағына қатысқан мұғалімдер Д.Т,Ә.Д,М.А,Т.С,Қ.М-лар қатысты және тренингке қатысқан мұғалімдерден М.Д мен М.Л болды.Жеті модульдің бірі-оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бұл модуль мұғалімдерге:-бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге-бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге-бағалаудың формальды және формальды емес жүйелерін анықтауға-әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатыны немесе жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі (МАН 104 бет)Коучинг сабағымды әріптестерімді сергіту сәтінен бастадым."Өзімді бейнелеймін" деген тақырыпта әріптестеріме ақ параққа өздерін неге теңейтіндіктерін бейнелеуді сұрадым. Олардың өздерін қалай бағалайтындарын білгім келді.3 минут уақыттан кейін бәріміз шеңбер құрып ортаға жиналдық. Әріптестерім салған суреттері бойынша өз ойларын айтып өтті.Әңгімелерінің астарына көз жүгіртіп қарасам шынымен салған суреттері олардың өмір сүру дағдыларынан хабар береді екен.Өздерін күнге,шыңға теңеген мұғалімдер болды.Себебін айтқан кезде олар өздерін балаға шуақ шашып тұрған күнмін десе,екінші әріптесім үнемі ізденіп жүремін,деңгейлік курсқа барып өзімді биіктерден көрсетемін, білімнің шыңына шығамын деп жауап берді.Осы сәтте олар оқушыларға ұқсас боп көрінді маған,бәрі бала сияқты бір-бірінің айтқан пайымдарына таң қалып жатты. Әріптестерімнің арасында ынтымақтастық атмосферасы орнағанын байқадым.Осыдан кейін үш түрлі стикер таңдату арқылы әріптестерімді үш топқа бөлдім. Коучинг сабақты бастамас бұрын әр топ өз ережесін құрды. Жұмыс жасауға мұғалімдер қызыға кірісті.Топтар ережелерін жазып қорғап шықты.Содан соң үш топ бірігіп ортақ ереже шығарды. Александердің айтуынша(2001) сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы,оқуы ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігерсияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Осы жерде мен мұғалімдерге қазіргі таңдағы біз бағалаудың қай түрін қолданып жүргендігімізді сұрадым.Олар бес балдық жүйемен яғни жинақтаушы бағалау екендігін айтты. Топтағы әріптестеріме өз пәндері бойынша сабақта оқушыларды қалай бағалап жүргендері туралы постер дайындауды тапсырдым.Топ мүшелері тапсырмаға ойланып отырып кірісті.Жұмысқа он минут уақыт бердім.Өзім бақылап тұрғанда мұғалімдердің топта бірлесіп ,пікірлесіп бір-бірінің ойын тыңдап отырғандарын байқадым.Уақыты келген кезде әр топтан бір спикерден шығып қорғады.Ортақ шешім қабылдаған кезде мұғалімдер баланы айтқан сабағына қарай,шығарған есебіне ,жаттаған жаттауларына қарай бағалайтындарын қорытындылады. Осы жерде мен әріптестеріме " тарих пәнінен тақырыпты толық айтқан балаға неше қоясыздар"-деп сұрақ қойдым."бес"-деп жауап берді."Тақырыпты толық айтып тұр және кестемен жұмыс жасап.жылдарды оқиғаларымен айтып тұрған балаға неше қоясыздар?-деп сұрадым."Әрине,бес"-деп жауап берді."Келесі оқушы тақырыпты толық айтып , картамен жұмыс жасайтын қосымша сұрақтар дайындап әкелген,бұл балаға неше қоямыз"-деп сұрағанымда "Бес,одан артық баға жоқ,әйтпесе соны қояр едік"-деп жауап берді.Бұл сұрақтарды неге сұрағанымды мұғалімдер түсінді,өз ойларын айтып дәстүрлі сабақтағы жинақтаушы бағалаудың кемшін тұстары туралы пікірлесті.Бағалау-оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым.Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді:оқуды бағалау және қалыптастырушы бағалау ."Жиынтық" бағалау -оқушылардың тиісті кезеңдегі білімі мен түсінігін бағалау үшін оқу бағдарламасының белгілі кезеңдерінде жүзеге асырылады.Оқушының алдын-ала әзірленген критерийлерге сәйкес анықталған,болмаса қалған оқушылардың білімімен салыстыру нәтижесінде анықталған(нормативке негізделген бағалау) білімін жинақтайды(МАН 104 бет)Топтағы бірлескен жұмысты жинақтау мақсатында :1.Оқушыларды тағы қалай бағалар едіңіздер?2.Бағалаудың басқа қандай түрлерін білесіздер?3.Оқуды бағалау дегеніміз не?4.Оқыту үшін бағалау дегенді қалай түсінесіздер?-деген сұрақтарды қойыпәріптестеріммен пікірлестім.Табыс критерийлерін құру арқылы бағалаудың артықшылығын көрсету үшін критерийлер құрылған ертегі жазуға тапсырма бердім. "Жарық пен қараңғы" деген тақырыпқа байланысты критерий құрып алуларын ұсындым.Әр топ өздерінің критерийлерін ұсынды,солардың арасынан үш критерийді таңдап алдық.1.Ертегі қазіргі өмірмен байланысты болу керек.2.Кейіпкерлердің саны жетеу болу керек.3.Он сөйлемнен кем болмау керек.Әріптестеріме ертегі жазуға он минут уақыт берілді.Ертегіні жазып болған соң бір-бірінің жұмысын оқытып ,бағалаттым.Соңына пікір жазу керектігін ескерттім.Мұғалімдерден критерий бойынша бағалаудың артықшылығы туралы сұрағанымда ,олар бұл бағалау оңай болғанын,себебі не үшін бағалайтындарын біліп отырғандарын -айтты. Тақырыпқа жасалған критерийдің мақсат пен нәтижеге бағытталғандығын түсінді.Өзара әңгімелерін тыңдаған кезімде енді сабақта баладан не сұрап тұрғанымызды түсіндіруіміз керек екен, оқушылар өздерінен не талап етіп тұрғанымызды білуі керек екен деп айтып жатты. Коучинг соңында кері байланыс ретінде мен әріптестеріме сауалнама тараттым.Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны тоғыз адам.1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?деген сұраққа барлығы да" Иә" деп жауап берген.2.Бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?-деген сұраққа" қажет екенін мойындаймын" деп 7 адам жауап берген.3.Коучинг сабағында сізге не қызық болды деген сұраққа -"Сабаққа критерий қою қызық болды" деп жауап берген көпшілігі.Осы сауалнаманы оқи отырып әріптестерімнің коучингке қызыққанын негізгі айтқым келген ойымды түсінгендерін түсіндім."Коучинг сабағынан жаңа нәрсе үйрендіңіз бе?-деген сұраққа " бағалаудың қалыптастырушы түрінің бар екендігін білдім, соны үйрендім"- деп жауап бергендер бар.Коучинг сабағы өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірбиеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме?- деген сұраққа "Жүрексініп тұрмын ,бірақ тәжірбиемде қолдануға тырысамын" деп жауап берген мұғалім бар.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мамырова Лия апай бұл сабақ неге қысқа болды ,бар болғаны осы ма? деп сұрақ қойды.Мен ол апайға коучинг сабағының осындай қысқа мерзімде мақсатқа қол жеткізуге бағытталғандығын,кәсіби мәсәлелерді шешуге бағытталғандығын және мұғалімнің бойында бір дағды қалыптастыру үшін өткізілетіндігін түсіндірдім.Әріптестерімнің өткізетін кейінгі коучинг сабақтарына қатысуына кеңес бердім,ол кісі міндетті түрде қатысатындығын айтты. Мектептегі барлық әріптестерім өз пәндері бойынша табыс критерийін құрып оқушыларды сол арқылы бағалайтын болса мұғалім оқушының, оқушы өзінің оқу деңгейі қай жерде тұрғанын біліп бағалаудың анықтылығы әділдігі жүзеге асар еді. Білімнің сапасы көтеріліп жақсы нәтижеге қол жеткізер едік.Коучинг сабағымның сәтті шыққандығын әріптестерімнің өз жұмыстарын критерий арқылы бағалап ,бағалаудың басқа тәсілдерінің тиімді екендігін түсінгендігін көргенімде түсіндім.Алдағы уақытта коучинг сабақтарын жақсарту үшін сұрақтарды нақтылап ойластыру қажеттігін түсіндім.Бұл сабақта мұғалімдерді бағалаудың түрлерімен таныстырып және табыс критерийін құруды үйреттім.Өзімді коуч ретінде қолдау көрсетуші және ынталандырушы дағдылары жағынан жақсы көрсеттім, өз бойымда әлі де жақсы сұрақ қоюшы дағдысын жетілдіруім керек деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:1.2.3.4.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!