Материалдар / « Ормандағы жабайы жануарлар »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Ормандағы жабайы жануарлар »

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: « Ормандағы жабайы жануарлар » Мақсаттары: а) Білімділігі: Балалардың жабайы жануарлар туралы түсініктерін бекіту. ә) Коррекциялығы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға үйрету. Тыныспен жұмыс жасау. б) Тәрбиелігі: Балаларды жабайы жануарларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд. Әдіс тәсілі: Қызығушылықты ояту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап. Билингвалдық компонент: түлкі -лиса, қасқыр- волк, аю- медведь, тиін -белка.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
363
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өткізу күні: 12.02.2020 ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі :Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:  « Ормандағы жабайы жануарлар »

Мақсаттары:

а) Білімділігі: Балалардың жабайы жануарлар туралы түсініктерін бекіту.

ә) Коррекциялығы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға үйрету. Тыныспен жұмыс жасау.

б) Тәрбиелігі: Балаларды жабайы жануарларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Әдіс тәсіліҚызығушылықты ояту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.

Билингвалдық компонент: түлкі -лиса, қасқыр- волк, аю- медведь, тиін -белка.

Мотивациялық – қозғаушы

Қане балалар бізге келген қонақтармен амандасайықшы.

Сәлеметсіз бе . Здраствуйте . Hello .

Балалар көңіл-күйлерің қалай? - Жақсы

Олай болса балалар орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасайықшы .

Алақанды ашайық ,

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты,

Бір-бірімізге шашайық.

Жарайсыңдар балалар.

Қане балалар орындыққа отыра қойыңдаршы.Балалар кәзір жылдың қай мезгілі.

-Қыс.

- Дұрыс айтасыңдар.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-3 ай бар

-Қане атап беріңдерші?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қыста қандай өзгерістер болады және не жауады?

-Қар жауады, күн суық болады, адамдар жылы киінеді.

-Жарайсыңдар балалар !


Ұйымдастыру – іздену


-Балалар, бізге бір қонақ келді. Ал ол кім екенін білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Мұқиат тыңдаңдар.

Бұтақтарға секіріп

Әр-жерден қылт етеді

Кейде жаңғақ кеміріп

Жоғары өрлеп кетеді.

Бұл не екен балалар ? (тиін)

Дұрыс айтасыңдар балалар бұл тиін.

Ол өзімен бірге хат алып келіпті, хатында не айтылғанын тыңдайықшы.

-Сәлеметсіздерме балалар?

Ормандағы аңдарды зұлым сиқыршы сыйқырлап тастапты. Аңдар немен қоректенетіндерін және қайда тұратындарын ұмытып қалыпты. Аңдарға дереу көмек керек.

-Балалар айтыңдаршы ?

-Орманда тіршілік ететін аңдар қалай аталады?

-Жабайы аңдар деп аталады.

-Олар қандай аңдар?

-Аю, қасқыр, түлкі, қоян, тиін, т.б.

Жарайсыңдар!

-Олар өз азығын өздері тауып жейді екен және балаларынада өздері қамқор болады екен.

-Балалар орманда ағаштар көп екен, бірақ бірде бірі көрінбейді. Мен сендерге «Сипатына қарай тап» деген ойын ұсынамын.

Зұлым сиқыршы, сыйқырланған аңдарды сипатына қарай табу үшін тиін не айтады екен, тыңдайық ендеше.

Сұрғұлт түсті түсі бар,

Ақсиған өткір тісі бар. (қасқыр)


Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлықтай қулығы. (түлкі)

Орманда кезеді,

Тәтті көрсе баладай,

Бас салып қорбандап жүреді. (аю)


Қыли көзді , Қасқыр өзі.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

-Міне балалар тиін зұлым сыйқыршы сыйқырлаған аңдарды атап берді.

-Енді аңдардың балаларының есімін атап берейікші.

Тиін - тиін, қасқыр – бөлтірік, аю – қонжық, қоян-көжек,ал түлкінің баласы – мыршай, деп атаймыз.

Балалар естеріңде болса тиіннің хатында жабайы аңдар немен қоректенетіндерін және қайда тұратындарын ұмытып қалған еді.

-Қане балалар көмектесіп жіберейікші?

-Осы жабайы аңдар немен қоректенеді және қайда тұрады есімізге түсірейікші.

Тиін - белка. Ін-ін-ін жаңғақ жейді. Тиін жабайы аң. Оның үлпілдеген құйрығы бар. Ол ағаш қуысында мекен етеді. Жаз бойы ағаш қуысында жаңғақ пен саңырауқұлақты жинайды. Баласын тиін дейді.

Түлкі – лиса. Кі-кі-кі айлакер қу түлкі. Түлкі жабайы аң. Ол азығын жортып жүріп аулайды, сезімтал, тістері өткір, жүрген ізін әдемі құйрығымен сүртіп жүреді. Құстармен, қояндармен қоректенеді.Олар інде мекендейді. Оның баласы – мыршай.

Қасқыр-волк. Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр . Қасқыр жыртқыш аң. Оның үлкен тістері бар. Өте сезімтал,жемтігін алыстан сезеді. Ол бұғы, жабайы шошқа, тіпті қаз, үйректермен қоректенеді. Ол үңгірде мекендейді, баласы- бөлтірік.

Аю-медвед. Ю-ю-ю қорбаңдайды аю. Аю жабайы аң. Аюлар денесіне май жинайды. Қыс бойы апанда алақандарын сорып, ұйықтап жатады екен. Жазда жеміс-жидектермен көректенеді .

-Қане балалар енді сергіту сәтін жасасақ.

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп аламыз, қалтамызға саламыз.

-Ал енді балалар, бәріміз бірігіп ұжымдық жұмыс жасайықшы.

«Анасын тап» , «Жануарларды құрастыру» .

-Жарайсыңдар балалар, жұмысты жақсы орындадыңдар . Балалар зұлым сиқыршының сиқыры жойылды. Тиін сендерге Рахметін айтып жатыр. Қане орнымыздан тұрайық, орман аңдары туралы бәріміз бірігіп тақпақ айтып берейікші.

Ұзын құлақ сұр қоян,естіп қалып сыбдырды,

Ойпы – қырлы жерлерден ытқып – ытқып секірді.

Қарап еді артына, қыйығын салып көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап, көжегі екен өзінің.

Рефлекциялық түзету

-Ал енді балалар бізге қонаққа кім келді?

-Тиінмен біз қандай тапсырмалар орындадық?

- Біз аңдарды құрастырдық .

-Ормандағы аңдардың балаларын атадық.

-Балалар, рахмет. Тиіннің барлық тапсырмаларын орындап шықтыңдар.Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды.Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін , мен сендерге осындай смайликтер бергім келіп тұр.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!