400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

" Робот техникасының қолданылу салалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Күні: 06-10.10.17 ж

Сыныбы: 7 «ә», «б», «в», «г»

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы:  LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу: 1 бөлім.


Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: LEGO® Digital Designer атты 3D модельдеу бағдарламасымен танысу. EV3-дің негізгі үлгідегі роботын жобалау.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа    тәрбиелеу                   

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:     

3D (3 dimensions — үшөлшемді) графика — компьютерлік графика бөлімі, көлемді обьектілерді бейнелеу үшін қолданылатын (бағдарламалық, аппараттық) тәсілдер мен құралдар жиынтығы.

3D-модельдеу — бұл үшөлшемді обьекті құру процесі. Үшөлшемді графика көмегімен заттың нағыз көшірмесін жасауға болады, және дүниеде мүлдем болмаған заттың моделін жасап шығаруға болады.


LEGO® Digital Designer – бұл виртиуалды LEGO® бөлшектерімен жұмыс істеу арқасында объектілердің 3D үлгісін жасап шығаруға мүмкіндік беретеін арнайы бағдарлама.

Бұл бағдарламадағы бөлшектер нағыз LEGO® конструкторларының дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Бағдарламаның соңғы нұсқасында бөлшектердің 760 түрі бар. Жұмыс жасап жатқанда бөлшектерді үлкейтіп кішірейтуге, бір орыннан екінші орынға орналастыруға, айналдыруға болады.


Бағдарламаның жұмыс жасау принциптері оңай құрастырылған. Онымен жұмыс істеуді тех және оңай үйреніп алуға болады.


Бөлшектер жылжымалы мәзірден таңдалады. Барлық бөлшектер көлемі және т.б. қасиеттері бойынша санаттарға бөлінген.  

Бөлшектердің саны шексіз.

Проектіңізді аяқтағаннан кейін, сіз оны компьютеріңізде сақтауға немесе онлайн-галереяға еңгізіп қоюыңызға болады.


LEGO® Digital Designer бағдарламасын Windows негізіндегі компьютерге орнату нұсқаулығы

LEGO® Digital Designer 4.3 бағдарламасын ЖҮКТЕУ үшін келесі сілтемені ашыңыз: http://ldd.lego.com/en-us/download

Windows негізіндегі компьютерге минималды талаптар:

Операциялық жүйе:

Windows XP, Windows Vista, Windows 7, Windows 8 немесе Windows 10

Процессор:

1 GHz немесе жоғары

Видеокарта:

128 MB (OpenGL 1.1 немесе жоғары)

ОЗУ:

512 MB

Қатқыл дисктің сыйымдылығы:

1 GB


Бағдарламаны ашу.

Бағдарлама толық ашылғанша күтуіңіз қажет. Ол кезде бағдарлама интернеттен жаңарту мүмкіндіктерін іздейді (ол интернеттің қосылып тұрғанын қажет етеді).

Интернет желісі қосылмаған жағдайда No (Жоқ) батырмасын басыңыз.



Бағдарламада үш түрлі режим бар:

  1. DIGITAL DESIGNER.

  2. MINDSTORMS.

  3. DIGITAL DESIGNER EXTENDED.


DIGITAL DESIGNER – режимі, LEGO жиынтығындағы бөлшектерді қолдануға мүмкіндік береді.


DIGITAL DESIGNER EXTENDED – бұл режимде қосымша бөлшектер бар.


MINDSTORMS – бұл режимде LEGO® MINDSTORMS® жиынтығындағы барлық бөлшектер бар. Біз білім беру роботын құрастыру үшін осы режимде жұмыс жасаймыз. Жұмыс жасауды бастау үшін mindstorms бөлімін таңдаңыз.

Бұл режимде роботтардың дайын үлгілерін ашып көруіңізге болады.


Алғашқы роботты модельдеу


Роботты құрастыру үшін Жаңа проект (Free Build) батырмасын басыңыз






Білім беру роботын модельдеу

Robot Educator



Жаңа сабақты бекіту:

  1. 3D графика дегеніміз не?

  2. 3D-модельдеу дегеніміз не?

  3. LEGO® Digital Designer қандай программа?


Үйге тапсырма:    келесі сабаққа дайындықпен келу

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,  бағалау.






































«Бекітемін»

Күні: 13-17.11.17 ж

Сынып: 7 «ә», «б», «в», «г».

Пән аты: Робототехника


Сабақтың тақырыбы:  LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу: 2 бөлім.






Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: 3D модельдеу, роботтың прототип үлгісін құрастыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа    тәрбиелеу                   

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:     

Инструкция


Тізімнен бөлшекті таңдаңыз

5-ші топты ашыңыз.




Бөлшектерді байланыстырыңыз.





















Білім беру роботы дайын!


Жаңа сабақты бекіту:

Робот жасаудан не үйрендік?

Үйге тапсырма:    келесі саббаққа дайындықпен келу

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,  бағалау.











































«Бекітемін»

Күні: 21-24.10.17 ж

Сыныбы: 5 «ә», «б», «в», «г», «д».

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы: EV3 – ге алғашқы бағдарламаны жасау. Үлкен маторлардың қозғалысы: Бульдік. Басқару блогы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға EV3 – ге алғашқы бағдарламаны жасау. Үлкен маторлардың қозғалысы: Бульдік. Басқару блогы туралы мағұлмат беру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: практикалық

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу және ағылшын тілі

Көрнекіліктер: плакаттар, EV3 программасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

(Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Үй тапсырмасы

Өткенге шолу, сұрақ – жауап

ІІІ. Жаңа түсінік

EShape2

Ол үшін осы блоктың үстінен бір рет басу керек

V3-ге арналған алғашқы бағдарлама. Старт блогы – бағдарламаның басы болып табылады.

Shape3

«Іс-әрекет (Action)» бөлімінен «Рульдік Басқару (Move Steering)» блогын таңдаңыз.

Бұл блок бір уақытта екі үлкен мотордың қозғалуы үшін қолданылады.







Shape5 Shape4

Сұр көлеңкені басыңыз. Сол кезде сіздің блогыныз Старт блогына автоматты түрде қосылады.



Тінтуірдің меңзерін ақ алаңға тасымалдаңыз. Сол кезде алаңда сұр көлеңке пайда болады. Сіз блогынызды осы көлеңкеге қоюыңыз керек





Shape7 Shape6

1. Суретте көрсетілген «Қасиеттері» батырмасын басыңыз.

2. Моторды қосу және өшіру мәзірі пайда болады.

Көрсетілген мәзір моторды келесідей параметрлер бойынша орналастыруға мүмкіндік береді:

А. Мотор өшірулі - OFF

Б. Мотор қосулы - ON

В. Мотор берілген Секунд уақытына байланысты қосылып тұрca – ON for Second

Г. Мотор берілген Градустың мөлшеріне байланысты қосылып тұрca – On for Degress

Д. Мотор берілген Айналымның санына байланысты қосылып тұрca – On for Rotations

IV. Практикалық бөлім

Енді біздер алдымен роботқа қатысты алғашқы бағдарламаңызды жүктейік. Бірақ, алдымен сендер:

  1. EV3-дің компьютерге қосылғанына көз жеткізіміз керек.

  2. Сіздің роботыңыздағы екі мотор қай порттарға қосылғанын тексеріңіз. Ол үшін «Порттың Көрінісі» (Port View) бөлімін ашыңдар және де порттарды дұрыс таңдағанымызды тексеруіміз керек. (В,С порттарын тізімдерін қарап шығу). Осылай біздің бағдарламамыз дайын болады.

  3. Дайын болған бағдарламманы сақтау үшін, ең алдымен Файл (File) → Save Project немесе (Ctrl+S пернесі арқылы) жәнеде файлдың атауын, сақталатын орнын көрсетіп барып, ОК батырмасын басыңдар. Сонымен қатар сақталған жұмыстың қаншалықты орын алып тұрғанын көре аласыңдар.

  4. Жобаның атын өзгерту үшін Program сөзін екі рет шертсек шеткілікті. Өзгерісті сақтау үшін Ctrl+S пернесін бірге басуымыз қажет.

  5. Дайын болған жобаны роботқа жүктеуімізге болады. Ол үшін Enter Download батырмасын басып, EV3 бағдарламмасынан дауысын ести аламыз. Дауысын есту үшін UZB кабелі керек

  6. «Файл менеджері (File Navigation)» бетіне өту үшін, EV3-дегі «Оңға» батырмасын басыңыз.

  7. «Dvijenie» атты жобаңызды таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

  8. Өз бағдарламаңызды таңдау үшін Төмен батырмасын бір рет басыңыз.

  9. Бағдарламаңызды іске қосу үшін ОК басыңыз.

  10. Құттықтаймыз, сіз бағдарламаны іске қостыңыз!

  11. Жобаны сақтау, бағдарламмадан шығу


V. Сабақты қорытындылау

  • Бағдарламманың басты блогы қалай аталады?

  • Қасиеттер батырмасын атап беріңдер?

  • EV3 бағдарламмасының қызметі қандай?

  • Жобаны сақтау жолдарын атап беріңдер?

VІ. Үйге тапсырма

«Бекітемін»

Күні: 28-30.11.17 ж

Сыныбы: 5 «ә», «б», «в», «г», «д».

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы: «Биші Робот» жобасына практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға EV3 – бағдарламмасында маторлардың қозғалысы туралы толық мағұлмат беру. «Биші Робот» жобасын құруда білімдерін қалыптастыру

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың типі: практикум әдісі

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу, сызғыш, шетел тілі және

Көрнекіліктер: EV3 бағдарламмасы және дидактикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

(Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Үй тапсырмасы

Өткенге шолу, сұрақ – жауап

ІІІ. Практикалық бөлім

1 тәжірибелік тапсырма

Роботты алға 2 айналым жасау жолын көрсету



2 тәжірибелік тапсырма

Робот 35 көлемдегі қуатпен артқа 3 айналым жасау керек.




3 тәжірибелік тапсырма

Робот алға 1 айналым жасайды, сосын артқа 1 айналым, сосын 2 айналым алға – 1 айналым артқа, сосын 2 айналым алға және 3 рет артқа айналып жұмысын аяқтайды.





Сабақты ақпараттық диктант тапсырмасы арқылы қорытындылау


Үйге тапсырма

EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау. Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы оқып келу






























«Бекітемін»

Күні: 05-08.12.17 ж

Сыныбы: 5 «ә», «б», «в», «г», «д».

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы: Роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға EV3 – ге роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы.туралы толық мағұлмат беру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: практикалық

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу және ағылшын тілі

Көрнекіліктер: плакаттар, EV3 программасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

(Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Үй тапсырмасы

Өткенге шолу, сұрақ – жауап

ІІІ. Жаңа түсінік

Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда орташа мотордың көмегімен роботтың қолын жоғары және төмен қозғалтуды үйренеміз

Төмендегі суреттерде көріп тұрғандарыңыздай біздер құрған роботтардың қолдарын өзгерте алады екенбіз

Біздің мақсатымыз:

Қазір орташа мотордың көмегімен роботтың қолын жоғары және төмен қозғалтамыз.


Тәжірибелік тапсырмалар

Өткен сабақта құрған жобамызды ашып, «Srednii_Motor» атты бағдарламма құрумыз қажет. Жаңа бағдарламаны құру үшін төмендегі тапсырмаларды орындаймыз:

  1. «+» батырмасын басыңыз. Ол проектке Бағдарламаны қосу (Add Program/Experiment) дегенді білдіреді. Жаңа бағдарламада СТАРТ блогы бар.

2. «Program» сөзіне екі рет басыңыз.

3. «Srednii_Motor» деген жаңа атау жазып, Enter пернесін басыңыз.


4. Қолды түсіру үшін бізге Орташа мотор блогы керек.

  • Бағдарламалау палитрасынан Орташа моторды таңдаңыз.

  • Оны СТАРТ блогына қосыңыз.

5. Орташа матордың А портына жалғанғандына көз жеткіземіз

6. «Айналым саны» 0.20, ал қуаты 41 деп қойыңыз.

7. бағдарламманы роботқа жүктеңіздер

8. тағы бір орташа блогты бағдарламмаға қосыңыз

9. Оған «Айналым санын» 0.20, қуатын 20 деп өзгертіп, бағдарламманы роботқа жүктеңіздер

10. Бағдарлама «-» символын және сандарды ғана қабылдайды. Мысалды көрсетілгендей басқа символдарды (%) қабылдамайды, және қате терезесін көрсетіп тұрады.

Жобаны сақтаймыз

2 тапсырма

« Ақ нұсқар» дөңгелектің айналым санын немесе айналым градусын көзбен қарап анықтау үшін қолданады.

Айналым саны нешеге тең екенін көрейік:

0.25 дөңгелек айналымы 90 градусқа тең.

0.5 дөңгелек айналымы 180 градусқа тең.

1 дөңгелек айналымы 360 градусқа тең.

1.25 дөңгелек айналымы 450 градусқа тең.

2 дөңгелек айналымы 720 градусқа тең.

4.1 дөңгелек айналымы 1476 градусқа тең.


Төмендегі дөңгелектердің 90, 270 және 360 градусқа айналғандағы бейнелері

Сабақты қорытындылау


  1. Робот дөңгелегі 480 градусқа айналу үшін қанша рет айналым жасау керек?

  2. Робот дөңгелегі 53 градусқа айналу үшін қанша рет айналым жасау керек?

  3. Робот дөңгелегі 8.7 айналым жасау үшін қанша градусқа айналу керек?

  4. Робот дөңгелегі 2.6 айналым жасау үшін қанша градусқа айналу керек?



«Бекітемін»

Күні: 05-08.12.17 ж

Сыныбы: 7 «ә», «б», «в», «г».

Пән аты: Робот техникасы

Сабақтың тақырыбы:  «Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке,нақтылыққа,ынтымақтылыққа    тәрбиелеу                   

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  « Қоқыс тазалағыш робот» конструкторлары, топтамалар, тапсырмалар т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:



Тапсырма 3.1


№1. Бастапқыда роботтың қолы көтерілген күйде болады. Содан соң робот Рульдік басқару блогын қолданып алдыға 2 айналым жасасын. Соңында робот қолын 0,73 айналымға түсіру керек.



Тапсырма 3.2


№2. Бастапқы жағдайда роботтың қолы төменге бағытталған. Робот қолын 0,50 айналымға көтерсін, содан соң Рульдік басқарма блогын қолданып алға қарай 1 айналым жасасын.



Проект-2 (Қоқыс жинайтын робот)


Бастапқы жағдайда роботтың қолы жоғары қарай қаратылған. Робот алға қарай 2 айналым жасасын, содан соң қолын төменгі шекке бағыттап, жүкті алып (іліп алады), содан соң жүкпен бірге артқа шегініп базаға (бастапқы орынға) оралады.






Бұл жүк



Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға бүгінгі өткен практикалық жұмыстан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма:   «Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, практикалық жұмыстарын қарап  бағалау.






























«Бекітемін»

Күні: 23-26.01.18 ж

Сыныбы: 5 «ә», «б», «в», «г», «д».

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы: «Сигналдар» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Берілген тапсырмаларды орындау үшін оқушылардың топтасып жұмыс жасауы.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа  тәрбиелеу                   

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:


Тапсырма-6.1


Робот алға қарай жүрсін. Оның алдында кедергі болады. Роботпен кедергінің арасындағы арақашықтық 23 см тең болғанда робот тоқтайды, сосын 180 градусқа бұрылады. Сосын алға қарай 2 айналым жасайды.



Тапсырма-6.2


Бастапқыда робот бір орында қозғалмай тұрады. Кедергі роботқа қарай қозғалады. Роботпен кедергінің арасы 8 см, болғанда робот арқа қарай 2 айналым жасайды.

Проект-5.1 (Дабылдар)


Бастапқыда роботпен кедергінің арасы 8 см тең. Роботтың ультрадыбысты датчигі кедергіге қарап тұр. Робот артқа қарай қозғала бастайды. Кедергіден 30 см арақашықтыққа өткен кезде робот Өшірілу (Power down) дыбысын ойнайды да тоқтайды.

Проект-5.2 (Дабылдар)


Бұл тапсырманы орындау үшін Дыбыс блогын және Дыбысты ойнау (Play Note) режимін қолданады.

Робот кедергіге қарай қозғалады.

Кедергіге келесі қашықтықтар қалғанда:

  • 40см, Е4 нотасын ойнайды;

  • 35см, G#4 нотасын ойнайды;

  • 30см, B4 нотасын ойнайды;

  • 25см, F5 нотасын ойнайды;

  • 20см, A6 нотасын ойнайды;

  • 15см, D#6 нотасын ойнайды;

  • 10см, D#4 нотасын ойнайды;

  • 5см, B5 нотасын ойнайды;







Үйге тапсырма:     қайталау

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,  бағалау.


«Бекітемін»

Күні: 26-02.02-03.18 ж

Сыныбы: 7 «ә», «б», «в», «г».

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы: Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау.

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципімен танысу. Бұрыштық ауытқуды анықтайтын бағдарламаны жазу.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу                   

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Гироскопиялық датчик (Gyro Sensor)

Негізгі қызметтері:

– иілу бұрыштарын өлшейді; 
– градус, секунд бойынша айналу жылдамдығын өлшейді.


Гироскопиялық датчик: Орнату

Задача: Роботты көрсетілген бұрышқа қарай бұрыңыз. Ол үшін сізге Гироскопиялық датчик қажет болады.

  1. Гироскопиялық датчикті роботқа орнатыңыз.





Гироскопиялық датчик: Айналу бұрышын есептеу

  1. СТАРТ блогына Рульдік басқару блогын жалғаңыз.

  2. Қосу (On) режимін таңдаңыз.

  3. Робот солға бұрылу үшін бағытты -100 деп өзгертіңіз.


  1. Рульдік басқару блогына Күту блогын жалғаңыз.

  2. Датчиктен мәліметтерді алу үшін оның режимін ауыстырыңыз:

Гироскопиялық датчик (Gyro Sensor) ->

Өзгерту (Change) ->

Бұрыш (Angle).







Гироскопиялық датчиктен ақпарат алуда Күту блогының екі параметрі айқындалған:

А. Бағыт

Б. Градустар саны – бағдарламаны іске қосқаннан бастап градустардың санын өлшейді.

Бағыт параметірінің үш түрлі күйі бар:

А. Үлкею (Increase).

Б. Кішірею (Decrease).

В. Әр түрлі (Any).

  1. Бағыты 2 және мөлшері 110 тең болсын.

  2. Күту блогына тағы бір Рульдік басқару блогын қосыңыз.

  3. Өшіру (Off) режимін орнатыңыз. Нәтижесінде робот 110 градусқа айналған соң бұл оны тоқтатады.


Бағдарламаны роботқа жүктеңіз.

Сіз барлығын дұрыс жасасаңыз, роботтың нақты 110 градусқа бұрылмағанын байқайсыз. Ондай жағдайдың орын алуының себебтері:

  • бұл датчик +/- 3 градусөа тең ауытқуға ие. Егер 110 санын орнатсаңыз, датчик 107 мен 113 градустары арасында болады.

  • гироскопиялық датчикпен EV3 арасындағы байланыс жылдамдығына байланысты.

  • моторға СТОП бұйрығы жіберілгеннен кейін робот бірден тоқтай алмай, артық жүріп қояды.

Дәлдікті арттыру үшін мөлшерді 98 градусқа, ал қуатты 40 тең етіп қойыңыз.


Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Сұрактар: Гироскопиялық датчик дегеніміз не?







Гироскопиялық датчик қандай қызмет атқарады?

Үйге тапсырма:     Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,  бағалау.


«Бекітемін»

Күні: 6-7.03.18 ж

Сыныбы: 5 «ә», «б», «в», «г», «д».

Пән аты: Робот техникасы


Сабақтың тақырыбы: «Маневр» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Берілген тапсырмаларды орындау үшін оқушылардың топтасып жұмыс жасауы.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу                   

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:


Тапсырма-7.1

Робот оңға қарай 78 градусқа бұрылсын.



Тапсырма-7.2


Робот алға қарай 2 айналым жасасын және оңға қарай 230 градусқа бұрылсын.



Проект-6 (Маневр)

Робот алға қарай 2 айналым жасасын және оңға қарай 90 градусқа бұрылып Оңға (Right) деген дыбыста ойнасын. Одан кейін алға қарай тағы да 2 айналым жасап оңға қарай 90 градусқа бұрылып Оңға (Right) дыбысын ойнасын.

Енді робот алға тағы 2 айналым жасап солға қарай 90 градусқа бұрылып Солға (Left) деген дыбыста ойнасын. Содан соң тағы 2 айналым алға жасап солға қарай 90 градусқа бұрылып Солға (Left) дыбысын ойнасын.



Үйге тапсырма:     Қайталау

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,  бағалау.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
1043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі