2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / « Шатыра – ата-бабалар ойыны»

« Шатыра – ата-бабалар ойыны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Конференциялық жұмыс
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақстан Республикаксы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесінен

«Өскеменнің Жоғарғы политехникалық колледжіне»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Менің туған өлкем» атты облыстық тарихи-өлкетану фестиваліне баяндама



« Шатыра – ата-бабалар ойыны»




Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығы


1ВТК-тобының студенті: Шәкерім Алихан Әлібекұлы

2ВТК-тобының студенті: Галиев Нұрали Талғатұлы


Ғылыми жетекшісі дене тәрбиесі оқытушысы: Қожанов Серік Ахметханұлы





«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесінен

«Өскеменнің Жоғарғы политехникалық колледжіне»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Менің туған өлкем» атты облыстық тарихи-өлкетану

фестиваліне

Өтініш

Мекеменің атауы

Қатысушының аты-жөні

Ғылыми жетекші

Жoбаның атауы

Жұмыстың тақырыбы

Баянда-машы тілі

Гумани-тарлы-экономикалық колледж

Шәкерім Әлихан Әлібекұлы

Галиев Нұрали Талғатұлы

Қожанов Серік Ахметханұлы

Шатыра – ата-бабалар ойыны

ШҚО археология және өлкетану

қазақша









Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Ертіс өзенінен бастап, Аян тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері - Мұзтау (Белуха) шыңы. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері. Мұнда самырсын, балқарағай және майқарағай да өседі.

Алтайда жауын-шашын мол болғандықтан, өзендер, көлдер көп. Таудың ортасында,1449 метр биіктікте ерекше көзге түсетін Марқакөл көлі бар. Көлдің тереңдігі - 27 метр. Оған жиырма жеті кішігірім өзен келіп құйып, жалғыз Қалжыр өзені ағып шығады. Осындай сұлу табиғатты қорғау мақсатымен 1980 жылдары Марқакөл қорығы ашылған.Тағы бір тамаша орындардың бірі - Рахман бұлағы. Онда әр түрлі тері ауруларын емдейтін демалу-сауықтыруорталығы жұмыс істейді. Бұдан екі жүз жыл–екі ғасыр бұрын Рахманов деген кісі аң аулап жүріп оқ тиген аңдардың көл суы арқылы жазылып кететінін байқаған. Зерттейкеле, бұлақсуыныңемдікқасиеті бар екендігіанықталды.

Алтай тауықазбабайлықтарымен де бағаланады. Тіптіолардыңбіздіңзаманымызғадейінпайдаланылғаныдәлелденген.





Тарихи деректерге сүйенсек, тоғызқұмалақ туралы ең көне жазбалар Шығыс Қазақстан облысынан табылғаны белгілі. Ал қасиетті Алтай тауларын мекендеген орыстардың Алтай Республикасы, қырғыз және қазақ ұлттары ежелден аралас –құралас тегі бір туысқан-Түріктердің алтын бесігі. Алтай тауларының сілемінде мекендеген түркі тектес қандастарымыздан ұрпақтан –ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тақталы ойындары:тоғызқұмалақ пен шатыра. Қырғыз елі мен Алтай Республикасы тоғызқұмалақты «тогуз коргоол» деп біркелкі атай келіп, көне ата-бабаларымыдың ұлттық ойындары ретінде дәріптеп, ресми жарыстар жүргізіп келеді. Ал шатырасы-Алтай шахматы дейді.


.



Шатыра –Алтай шахматының ойнау тақталарында, екі қарсылыаста да 24 тастан.Нақты әрбір ойыншыда да ортада 14 жай тастан, артында қосымша тоғыз-тоғыздан қосалқы күштер және бір-бір биден болады.

Алтайдың «Шатрасы» да, ата-бабаларымыздан қалған тақталы ойын. Сондықтан да ойын ережесімен танысу артық болмас. Ойын тақтасы мен тастардың орналасуы шахмат ойыны сияқты болады. Әр ойыншыда 14 шатрадан болады. Ауыз-шүмекте хан-би бір-бірден және соңғы 3х3 шаршыларда тоғыз- тоғыздан қосал тастарорналасқан.

Шатыра ережесі

Ойын тақтасы. Ойнауға арналған тақта, келесі екі суреттегідей бейнеленген.Барлығы 62 шаршыдан тұратын, дойбы-шахмат тақтасы сияқты жартысы 31ақ және 31 қара түсті болады. Ортадағы 6 х7 =42 негізгі– топ тастары шатыралар орналасқан-ойнау алаңы. Әрбір ойыншының арт жақта 3 х3 =9 қосалқы тобы-қосымша күштері орналасқан болады. Ол тастар шатыраға айналу үшін негізгі алаңның өздері орналасқан үш жолақта қосымша күштер болып жүріс кезегімен қосыла алады. Негізгі алаң мен қосыша күштер орналасқан аралықта, екі ойыншыда да жалғыз шүмектегі шаршыда билері орналасады. Негізгі алты қатарлы алаңдағы, қос ойыншының да жақын орналасқан екі қатарында 14 х2 =28 шатырадан негізгі күштері сапқа тұрады. Қарсыластар негізгі күші-билері, әр ойыншының (№10 және №53) шүмектегі шаршыларда орналасады. Сол сияқты әр бір ойыншының арт жақта 3 х3 =9 қосалқы тобы-қосымша күштері де болады.

Тастар. Ойнауғадойбытастары жарайды, 24 ақ және 24 қара түсті болуы керек. Ортадағы-ойнау алаңы 24- тен негізгі топ тастары –шатыралар орналасады. Әрбір ойыншының арт жақта 3 х3 =9 қосалқы тобы-қосымша күштері орналасқан болады.

Жүрістер жасау. Негізгі алты қатарлы алаңдағы шатыралар кез келген бағытта бір шаршыдан келесі шаршыға жүре алады. Тек артқа жүру жоқ, билерге ұзын бағытта артқа, алдыға көлденең және көлбеу жүруге болады. Қосымша күштер жүріс кезегінде алдымен негізгі алаңның өздеріне жақын үш қатардағы шаршыларға шығуы керек.

Ойынның мақсаты. Қарсыластың биін жеу немесе екі бидің жеке-дара қалуы тең ойын болып есептеледі. Екі ойыншы бірі қарсыластың биін жеу мен аяқталса жеңіс, ал екі бидің жеке-дара қалуы тең ойынға келіседі. Жеңіске бір ұпай, ал тең ойынға жарты-жарты ұпайдан алалды.

Шатыралар жүрістері. Шатыралар кез келген бағытта, алдыға көлденең және көлбеу жүреді. Тек артқа жүру жоқ, бір шаршыдан келесі шаршыға жүре алады. Егер ақ жағы №60, №61 не №62 шаршыларға, ал қара жағы тиісінше №1, №2 не №3 шаршыларғажетсе батыр болады. Тоғыз тастан тұратын қосымша күштер жүріс кезегінде ретімен ( ақ жағы № 9, № 6 № 3 және № 8, № 5, № 2 т.с.с.., ал қара жағы тиісінше № 54, № 57, № 60 т.с.с шаршыларға) алдымен негізгі алаңның өздеріне жақын үш қатардағы шаршыларға шығуы береді. Батырлар мен билерге ұзын бағытта артқа, алдыға көлденең және көлбеу жүруге рұқсат. Батырларды жеуге болады. Жеудіңер ежелері. Жеудің жеудің ережелері дойбыдағы сияқты міндетті. Шатыралар кез келген бағытта бір шаршыдан келесі шаршыға аттап, артқа, алдыға көлденең және көлбеу бағытта жей алады. Батырлар мен билерге ұзын бағытта артқа, алдыға көлденең және көлбеу жеуге де болады. Шатыраның жазуы –нотация . Жазу үлгісіХалықаралық дойбы жазуына ұқсас келеді. Мысалы 1) 39-32 24-31; 2) 44-45 20-27; 3) 38-39 23:37; 4) 43:29 23:36; т.с.с. 41) 38-39 х ақ жағы жеңді;

Алтайлықтар тілінен аударған: Мұрат Оқасов

  1. Мен шахмат ойнамайымын, ал сен ше? Г.И. Хацкеевич. Минск 1993ж.

  2. «Шатыра ойнының ережесі мен кодексі» Н.А. Ядыгаев. Горно-Алтайск қаласы.2010 жыл

  3. Шатыра cергітетін ойын «Ертіс өңірі» газетінің №6 10.02.2010 жыл.





Ұстаз...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын... алғырда аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен әзгәләк көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек. Әл-Фараби.











03 Сәуір 2025
73
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі