Материалдар / : «Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамытамыз» ойын тренингі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

: «Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамытамыз» ойын тренингі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсақ моториканы дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамытамыз» ойын тренингі.

Мақсаты:Ұсақ моториканы дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, үй жағдайында баламен шұғылдана білуге үйрету, ата-аналардың балабақшаға деген оң қарым-қатынас қалыптастыру, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнату,

Қажетті жабдықтар: мультимедиялық интерактивті тақта,презентация ,музыкалық сүйемелдеу, бауырсақ (көз, мұрын, жымиған ауыз бейнеленген доп), алма шаблоны,

Қатысушылар: ата-аналар,педагогтар.

Түрі: саусақ ойын тренингі

Тренинг барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Ата-аналарды бүгінгі тренинг тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, шеңберге тұрғызу.

Ата-аналар бауырсақты (сары допқа көз, жымиған күлкімен бейнеленген бауырсақ бейнесі) бірі-біріне беру арқылы амандасып, есімін айтып, бүгінгі күнге жақсы тілектер айту ұсынылады.

«Ағаш күту» әдісі. Ата-аналарға алма шаблонын бере отырып, бүгінгі тренингтен не күтетінін жазу ұсынылады. Алманың шаблоны ағашқа жабыстырылады.

Психолог:

-Құрметті бүгінгі тенингке қатысушы ата-аналар! Бүгінгі тренингімізде біз бен сіз болып, бала тілін дамытуда саусақ ойындарын қалай ұйымдастырамыз сол жөнінде тренинг барысында саусақ ойын жаттығуларын оындаймыз. Барлығыңызға іске сәт!

Психолог презентацияны көрсете отырып, ата-аналармен бірге ұсақ моториканы дамытушы ойын жаттығуларын орындайды

Слайд1. Саусақ ұсақ моториканың даму туралы түсінік беріледі.

-Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен байланыста болады. Сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.

Соңғы 5-10жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады. Неге?Себебі, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады.Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста, себебі, олар қарайды және тыңдайды. (теле-аудио-видео). Олар өз қолдарымен өз бетінше жасайды.

Саусақ ойындары және жаттығулары-ұсақ моториканы, сөйлеу тілін дамытуда зор рөл атқарады. Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқан. Ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.

Саусақ ойын және жаттығулар арқылы балаларды сурет салуға дайындайды, болашақ мектепке баратын баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейін, есте сақтауды жақсартады. Шыдамдылыққа үйртеді, баланың қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Слайд-2Жаттығуды ата-аналармен бірге орындайды.

-шапалақтау

-алақанды жаймен жұму және ашу

«Жасыру»

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз,

-Қандай тамаша, бәріміз бүгін жиналғанымыз...-шапалақтаймыз.

-Ата-аналар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Слайд-3 Ата-аналармен бірге орындайды.

«Пианино»

Үстелде жатқан қарындашты әр саусақтың ұшымен қысамыз.Қаттырақ қысамыз!

Ата-аналар қимылға сәкес орындайды.

Слайд-4. Массажға арналған доппен алақанға және саусаққа арналған массаж.

Ата-аналармен орындалады.

  1. Доп баланың алақан арасында, саусақтар бір-біріне бүгулі. Допты алға-артқа айналдыра отырып, массаж қимылын жасау.

  2. Доп баланың алақанында,саусақтар бір-біріне бүгулі. Допты алақан ортасына тербелтіп домалақтау қимылын жасау.

  3. Допты сұқ саусағымен ұстай отырып, алға қарай айналдыру. (қақпақты бұрағандай қимыл жасау)

4.Екі қолмен допты 20-30смге дейін лақтыру және ұтып алу.

Релаксациялық жаттығу:

«Гүл бағында»

Көздеріңзді жұмып менің даусымды тыңдаңыздар. Жеңіл және терең дем алыңыз.

Сіздер жаздың жайма шуақ күнінде әдемі гүл бағына бардыңыз, көз алдыңызға елестетіңіз! Көз алдыңызда сондайә әдемі гүлдер. Гүлдерге жақындаған сайын гүлдің хош иісін сезініңіз. Айналадағы қоршаған әдемі гүлдердің бейнесі сізді рахатқа бөлейді... тағы да хош иісті ауамен терең дем алып.... көзіңізді ашыңыз. Алған әсеріңзбен бөлісіңіз.

Слайд-5. Әр т үрлі жармамен ойын.

Жаттығуды ата-аналармен бірге орындалады.

«Құрғақ бассейн»

Қорапшаның жартсын құрғақ бұршақпен толтыру. Қандай ма кішкене ойыншықты бұршақпен жауып қою керек. Бала құрғақ бассейнге қолын салып жасырынған затты табады. Жазда бұл жаттығуды жылы, құрғақ құмда таза ауада ойнауға болады. Кішкене затпен ойыннан басқа алақаннан алақанға құмды себу бала үшін пайдалы.

«Үрме бұршақ отырғызу»

Балалар құмда шұңқыр жасайды да, оған тұқымды отырғызады.

Слайд-6. Әр түрлі жармамен ойын.

«Кім келді?»

-ашық түсті подноста себілеген құмға (манкада)әр түрлі көлемде сурет, іздер салу (дөңгелектер, сопақша, жол (үлкен саусақпен, сұқ саусақпен)

-құмда үлкен және кіші заттар салу (доп,кірпіш, текше).

Слайд-7 Ермексазды мүсіндейміз.

Ермексазды қолда шамамен илейміз. Балаға ермексаздан доп, банан, цилиндр жасуға көмектесеміз.

Ойын әдісі: «Дәруменді завод», «Мысықтың добы»,

«Дәруменді заводы»

Ермексаздан «дәрумен» мүсіндейміз және оны қорапшаға саламыз.

Слайд-8 Таяқшалармен және сіріңкемен жаттығу

Ата-аналармен бірге орындау.

«Қоршау тұрғызамыз» (үй, баспалдақ..) жұп таяқшалармен (көлем және түс туралы білімдерін бекіту).

«Кірпі және кірпі баласы»

Ермексаздан жасалған үлкен, кіші төмпешікке сіріңкелерді қадаймыз.

«Күн шуағын шашады»

Сары дөңгелек айналасына сіріңкеден күн шапағын қыстырамыз.

Слайд-9 Мақтамен жаттығу.Ата-аналармен бірге орындаймыз.

Мақпал қағаздан салынған шырша трафаретіне мақта кесектерін орналастыру.

«Құстарға көмектесеміз»

Ұсақ мақта жұлымдарын «ұя» ішіне салу.

Қорытындылау.

Психолог:

-Құрметті ата-аналар! Сіздер ойын-тренинг басталмас бұрын мына алманың ішке бетіне бүгінгі тренингтен не күтесіздер сол жөнінде жазған болатынсыздар, ал, сіздің тілегіңіз бүгінгі тренингтен орындалды ма. Алманың сыртқы бетіне бүгінгі ойын тренингтен не үйрендіңіздер, алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазыңыздар.

-Барлығыңызға бүгінгі ойын-тренингкке қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Істеріңізге сәттілік!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!