" Ұлттық болмысты сақтау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Ұлттық болмысты сақтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық болмысты сақтау .Рухани жаңғырудың ең басты шарты

2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласында Қазақстанның болашақ дамуына байланысты бірқатар басым бағыттарды атады. Соның ішіндегі басым бір бағыт – «ұлттық болмысты сақтау» мәселесі. Ол аса маңызды бағыттардың бірі екендігі анық.

Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, қалыптасу жолдары, материалдық және рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттық ерекшелік: тілі, салт-дәстүрі, діні және ұлттық құндылықтарына байланысты өзге елдерден бөлек ажыратылатыны айтпаса да түсінікті. Ана тілі – ол ұлтымыздың басты ерекшелігі. Кезінде батыр Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә», - деп жазған еді.

Қазақ елі көне замандардан бері өзінің ұлттық салт-дәстүрлерін, ырым жоралғыларын сақтап келе жатқан халық. Оның барлығы дұрыс. Ол ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын тауып отыруы керек. Сонда ғана ұлттық жаңғыру болады. Егер, халқымыз өзінің салт-санасынан айырылатын болса, онда үлкен қауіп төнеді. Өйткені, ұлт ретінде сақталу үшін ұлттық мүдде бірінші орында тұруы шарт.

Елбасымыздың да айтқысы келгені осы. Қазақтарды рухани жаңғырту арқылы ұлттық болмысты сақтау. Рухани жаңғыру аясында Қазақстанда біршама іс-шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, біз кезіндегі Ахмет Байтұрсынов қалдырып кеткен латын қарпіне көшкелі жатырмыз. Әрі жер-жердежыр мүшәйралар мен айтыстар өткізілуде. Бұнымен қоса қазақ даласында көкпар, бәйге, асық ату сияқты ойындар қайта жаңғыруда. Бұның барлығы 2017 жылы 12 сәуірде шыққан «Рухани жаңғыру» жолдауының жемісі.

Қорыта келе, «жүз адам бар жерде жүз түрлі пікір бар» демекші өз ойымды айтайын. Егер қазақ жерінде ұлттық болмысымызды жаңғыртатын жобалар көбейсе, орыстанып бара жатқан қазақтар қайта қазаққа айналар еді. Және сол жобаға қатысамын деген қазақтарда кішкене болсын патриотизм болуы керек.





Оразбек Нұргүл Қанатбекқызы

Жамбыл облысы Талас ауданы Қызылауіт ауылы

Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп

11 «А» сынып оқушысы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі